Шеміршектің ағза ретінде
құрылысы.
Шеміршек ағза ретінде
шеміршек тіннен
және
шеміршек қабығынан
тұрады.
Шеміршек қабығы шеміршекті сыртынан жабады (буын беткейлеріндегі шеміршек
тінді санамағанда ) және ол дәнекер тіннен түзіледі. Шеміршек қабығында
2 қабатты ажыратады:сыртқы –
фиброзды, ішкі –
жасушалы немесе
камбиалды. Ішкі қабатында азмамаңдандырылған жас-ры –прехондробласттар
және белсендіемес хондробласттар орналасады. Соңғылары эмбрионалды
және регенерациялық процесс кезінде алдымен хондробласттарға содан кейін
хондроциттерге айналады. Фиброзды қабатта қантамырлардың торы
орналасады. Шеміршек қабығы келесі функцияларды атқарады: трофикалық
(тамырссыз шеміршекті тінді қоректендіреді), қорғаныштық, зақымдалғанннан
кейін шеміршек тіннің регенерациясын қамтамасыз етеді.
. Шеміршек тіннің жас-ры жеке немесе изогенді топтарды құрып орналасады,
пішіні бойынша олар әртүрлі, алайда көбінесе дөнгеленген. Жас-р бір бірінен
жасушааралық заттың көлемді массасымен оқшауланған. Оған қарамастан
олар шеміршек тіршілігінің және өсуінің негізгі факторы болып келеді.
Шеміршектің дамуы процессінде шеміршек өсуінің екі түрі болады:
интерстициалды өсуі – хондроциттер көбеюі және олардың жасушааралық
заты бөлінуі себебінен және оппозиционды өсуі – шеміршек қабығы
хондробласттар әрекетшілігі және шеміршектің перифериясында шеміршек
тіннің жаңа қабаттары түзілуі арқылы.
Достарыңызбен бөлісу: