Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет126/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   316
Байланысты:
mm

1 6 9
 


- центрлі саңылауларды ұңғылау. 120° сақтандырғыш жүзі бар және 
жүзі жоқ центрлі тесіктердің конструкциясы 2.11-суреттің б 
нұсқасында көрсетілген. Бір позициядан екінші позицияға 
дайындаманың орнын ауыстыру атанақты 120° бұрумен жүзеге 
асырылады.
Шетжақтарын жеке жону мен центрлі тесіктерді бұрғылауды 
кеңінен қолданады. Бұл операцияларды 73С1 мод. және 
басқаларының бір және екі жақты центрлі білдектерінде және жону 
білдектерінде жүргізеді. Жеке-дара және ұсақ сериялы өндірісте 
шетжақтарын өңдеу мен центрлі тесіктерді бұрғылауды екі рет 
жонғыш-бұрама кескіш білдектерде жүзеге асырады. 
Автоматты желілерде шетжақтарды жону үшін А981 мод. 
білдектерді және центрлеу үшін А982 мод. білдектерін қолданады. 
Жонғыш-центрлеуші 
білдектердің 
басты 
артықшылығы 
шетжақтарды дәлдеп өңдеу мен бір рет өткенде қайта тесіктерді 
өңдеу мен минималды қатесі бар технологиялық базаларды құру 
болып табылады. Осы білдектерде призмалы пішініндегі өзі 
центрленетін еріншесі іскенжелерді қолданғанда (2.11-суреттің, а 
іскенжелерді орнату МемСТ 3.1107-81 «Бірыңғай технологиялық 
құжаттама жүйесі. Тіреулер, қысқыштар және орнатушы 
құрылғылар. Графикалық атаулары» бойынша көрсетілген) 
бұрғылау айналдырғы осінің дайындама диаметріне байланысты 
дайындама центрінің күйін орнығуы қамтамасыз етілген. 2.12-
суретте жону-центрлеуші білдектерде және центрлеуші білдектерде 
қолданылатын призмалы пішіндегі еріншелері бар өзіцентрлеуші 
іскенжелер көрсетілген. 2.12.-суреттің а көрсетілген іскенжелер 
ұшынды бүрлі бағытталған бұрандысы бар бұрамамен 1 
жабрақталған. Іскенженің бұрамасы (электр қозғалтқышымен 
немесе қолмен) айналғанда 2 және 3 бірігеді де, дайындаманы 
бекітеді немесе ашылады. 2.12-суреттің б көрсетілген іскенженің 
жетегі пневматикалық. Цилиндрдің оң жақ қуысына 4 қысылған ауа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет