жұмсалатын уақыты, сағ;
N — бұйымдарды шығарудың жылдық
бағдарламасы, операцияның болжалды ұзақтығын ескерумен
өндірістің алдын ала таңдалған түрін айқындайды.
Егер құрастыру тактісі, құрастыратын операциялардың болжалды
ұзақтығынан біршама асатын болса, онда құрастыруды сериялық
өндіріс принципі бойынга орындаған жөн. Егер құрастыру тактісі
операцияның орташа болжалды ұзақтығына жақын болатын болса,
онда құрастыруды жаппай өндіріс принципі бойынша орындау
керек. Құрастырудың кіші тактісі кезінде үдерісті еңбек
сыйымдылығы
бойынша
кішкентай
операцияларға
бөледі
(дифференциалдайды).
Талдама нәтижесінде құрастырудың ұйымдық формасын таңдауда
бірмәнді еместік пайда болған жағдайларда экономикалық
есептеулерді жүргізеді және құрастырудың өзіндік құны
минималды болатын нұқсаны таңдайды.
Құрастыру дәлдігін қамтамасыз ету әдістерін таңдау.
Технологиялыққа пайдаланылған бұйымның құрастыратын сызбасы
мен техникалық шарттарды талдау кезінде әзірлеушінің қажет
құрастыру параметрлерінің дәлдігі мен өлшемдік тізбектерді
пайдаланумен дәлдікті қамтамасыз етуге қатысатын тұйықтаушы
және құрама буындардың дәлдігін анықтаған. Ол, әр нақты
жағдайда дәлдікті қамтамасыз ету әдісін таңдауды біршама
жайдақтатады. Бұл ретте дәлдікті қамтамасыз ету әдісін таңдау
шарттардың бүтін қатарымен байланысты екендігін есте сақтау
керек:
▪
тұйықтайтын буынның дәлдігі;
▪
өлшемдік тізбектің құрастыратын буындарының дәлдігі;
▪
өлшемдік тізбектің құрастыратын буындарының саны;
▪
құрастыру кезіндегі
пайыздық тәуекел (дәлдік қамтамасыз
етілмеген);
▪
бұйым немесе машинаның құрылымдық ерекшеліктері
және т.б.
3.6 кестесін пайдаланумен құрастыру дәлдігін қамтамасыз ету
әдісін алдын ала анықтауға болады.
Машинажасау өндірісінде ағымды және ағымды емес құрастыруды
ажыратады.
Құрастырудың
ағымды
түріне
тән
белгі,
құрастырылатын бұйымдардың үздіксіз және периодты қозғалысы.
Берілген шарттарды сақтаусыз орындалатын құрастыру ағымдық
емес болып табылады. Құрастырылатын бұйым құрастыру кезінде
бір орында (стационарлық құрастыру) немесе периодты жылжуы
(жылжымалы құрастыру) мүмкін. стационарлық құрастыру кезінде,
барлық үдеріс кезеңінде құрастырылатын нысанның қаттылық
жағдайында базалық бөлшектердің иілгіш деформациясын
құрастыру дәлдігіне әсерді жояды.
Достарыңызбен бөлісу: