Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет290/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   316
Байланысты:
mm

391
 


Кесу бөлігінің таңдалған материалын жонудың негізгі 
параметрлері: фрезаның сыртқы диаметрі D, 1-жұмыс бөлігінің 
ұзындығы, тістер саны z және радиусы г. 
Бөлшек конфигурациясының ашық жазық аймақтарын 
өңдеуде фреза диаметрін таңдауға шек қойылмайды. Фреза 
диаметрінің артуымен өңдеу өнімділігі өседі. Фреза беріктігі оның 
радиусының өсуімен көбейетіндіктен, үлкен диаметрлі құралды 
таңдау тек өнімділікті ғана емес, үнемді өңдеуді де қамтамасыз 
етеді.
Жиектерді бүйірлік өңдеуде фреза диаметрін D = (5 – 10) Ь + 2г 
шартын лайықты қолдану қажет, мұндағы b — қабырғасының 
түпкілікті қалыңдығы; г — құрал бүйіріндегі дөңгелену радиусы. 
Контурларды, сондай-ақ жартылай ашық, жабық және аралас 
аймақтарды өңдеуде фрезаның максималды диаметрі контурдағы 
ойыс тәрізді ең кіші радиуспен шектеледі.
Радиусы контур радиусына тең болатын контурда құралмен 
түйіндестірудің ішкі радиустарын таза өңдеуде, фрезерлеу тереңдігі 
әдіптеуге тең келетін 81 (Dmax фреза диаметрінің оныншы немесе 
жүзінші үлестері), Dmax салыстырғанда tmax (5.20-сурет) мәніне 
дейін өз мәнінен секірмелі түрде өседі. Сонымен бірге, кесу 
күшінің тең әрекеттілігі шама бойынша жылдам өседі және беруге 
қарсы бағытта фрезерлеуде контурды кесуге әкелетіндей, беру мен 
оны «қағып алу» бағытында фрезерлеу кезінде құралды сығып, өз 
бағытын өзгертеді. Мұны болдырмас үшін фрезаның бір уақытта 
жұмыс жасайтын тістерінің саны тұрақты болуына ұмтылу қажет. 
Сондықтан контурды таза өңдеу кезінде контурда ойыс тудыратын 
кішкентай радиусқа қарағанда радиусы аз болатындай құрал таңдау 
қажет. 
5.20-сурет. Фреза диаметрін таңдау 
сұлбасы 
392


түйіндестірудің ішкі радиустарын қаралтым өңдеу үшін 
құрал диаметрін қолдану кезінде контурдың ішкі бұрыштарында 
қалдырылатын әдіп (0,15... 0,25) Д аспағаны дұрыс, мұндағы D — 
таза өтпеде қолданылатын құрал диаметрі. 
Құрал қаттылығын қамтамасыз ету үшін оның диаметрі у Н
2,5D шартын қанағаттандырғаны дұрыс, мұндағы 
Н — өңделетін 
бөлшек қабырғасының максималды биіктігі. Егер бұл шарт 
орындалмаса, үлкен типтік диаметрге жақын фреза таңдалады. 
Әйтпесе өңдеу бірнеше өтпе арқылы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет