169
таңылған әлде бiр мiндеттi атқару үшiн емес, өзiнiң табиғи болмысынан келiп
шығатыны, кемелiне жеткен сезiмталдық зұлымдық пен мейiрiмдiлiктiң
шекарасын өзi-ақ айыра алатындығы, сол себептi сырттан қандай да бiр
моральдық қағидаларды қалыптастырудың қажеттiгi жоқ екендiгi анықталды.
Адамдар бойында сезiмталдықты оятса, адамдар арасындағы және әлеуметтiк
қарым-қатынастардағы кез-келген әдiлетсiздiктi жоюға болатындай көрiндi.
Соған сәйкес, өнер туындысының құндылығы оның адамды қаншалықты
толқытып, жүрегiн жiбiте алатындығымен өлшендi. Осы көзқарастар
негiзiнде сентиментализмнiң көркемдiк жүйесi қалыптасып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: