Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Купер Уильям (1731-1800), ағылшын ақыны. Сатиралар жинақтарының,  “Тапсырма” (1785), т.б. да поэмалардың авторы



Pdf көрінісі
бет145/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Купер Уильям (1731-1800), ағылшын ақыны. Сатиралар жинақтарының, 
“Тапсырма” (1785), т.б. да поэмалардың авторы. 

Лакан Жак де (1901-1981), структуралық психоанализ iлiмiнiң 
теоретигi. Францияда психоаналитикалық семиотиканың негiзiн 
салушы. “Тiл мен сөйлеудiң психоанализдегi қызметi мен ауқымы” 
(1953) деген бағдарламалық еңбегi белгiлi. 

Лао цзы (шын есiмi – Ли Эр, б.д.д. VI-V ғ.ғ.), ежелгi қытай жерiндегi 
даосизмнiң әйгiлi өкiлi. Негiзгi еңбектерiнiң бiрi – “Тарихи жазбалар”. 

Лацарус Мориц (1824-1904), немiс философы. Г.Штейнтальмен бiрлесiп, 
“Халық психологиясы және тiл бiлiмi” атты журнал шығарған. 

Леви-Строс Клод (1908 жылы туған), француз этнографы, антрополог 
және әлеуметтанушы, структурализм өкiлi. Негiзгi еңбектерi – 
“Мифологикалар”, “Структуралық антропология”, “Маскалар жолы”. 

Лессинг Готхольд Эфраим (1729-1781), немiс ағартушысы, философ, 
публицист, драматург, өнер теоретигi және сыншы. Негiзгi еңбектерiнiң 
қатарында “Данышпан Натан” (1779) атты философиялық драмасы, 
“Адам тегiн тәрбиелеу” (1780), “Лаокоон” (1766), “Гамбург 
драматургиясы” (1767-1769) деген ғылыми шығармалары бар.  

Малерб Франсуа де (шамамен 1555-1628 ж.ж.), француз ақыны, 
классицизм теоретигi. “Ұлы Генрих корольге, Марсельдi алуына орай” 
(1596), “Королеваға, Францияға сәтiмен келуiне орай” (1600), “Король 
Генрихтiң өмiрiне Жаңа көпiрде қастандық жасалуына байланысты”, т.б. 
да одалардың, псалмдардың, сонеттердiң авторы.  

Мейе Антуан (1866-1936), француз тiлтанушысы. Тiл бiлiмi 
тарихындағы социологиялық бағыттың өкiлi; үндi-европа салыстырмалы 
тiл бiлiмiнiң маманы. 24 кiтап, бес жүзге жуық ғылыми мақала жазған. 
Көрнектi еңбектерi – “Үндi-европа тiлдерiн салыстыра зерттеуге 
кiрiспе”, “Герман тобы тiлдерiнiң негiзгi ерекшелiктерi”.  

Мюссе Альфред де (1810-1857), француз жазушысы. “Испан және 
итальян ертегiлерi” (1830), “Креслодағы спектакль”(1832) деген 
поэтикалық жинақтардың; “Ролла” (1833), “Түндер” (1835-1837) 
поэмаларының, “Баспасөз туралы заң” (1835) атты сатиралық өлеңнiң, 
“Ғасыр ұлының мiнәжаты” (1836) романының, “Венеция түнi” (1830), 
“Андреа дель Сарто” (1833), “Фантазио” (1834), “Махаббат – қылжақ 
емес” (1834), “Лорензаччо” (1834) пьесаларының, новеллалардың, әдеби-
сын мақалалардың авторы. 


182 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет