анықтайтын сөздің соңынан келуі - ертедегі сөйлем ішіндегі сөз
тәртібін көрсетеді деп түйеді автор103.
Қ. Жүбановтың осы айтқандарынан жоғарыдағы атаудың
қүрүқчай (құрғақсай) болмай,
Чайқүрүқ (Сайқүрғақ) түрінде,
яғни көне формасында сөз тәртібі жағынан да сақталғанын
қорытындылауға болады.
Бүл
атаудың
мысалынан
Чайқүрүқ
топонимінің
морфологиялық та, синтаксистік те көне форманы сақтап
қалғанын аңғаруға болады. «Су аяғы - қүрдым» дегендегі
«қүрдым» сөзінің де түбірі - «қүр». Оның үстіне осы жер-
де кішкене сай болғанын, оның суы қүрып кеткенін экспе
диция материалдары да дәлелдеп отыр. Сонымен
Чай (огуз
формасы)+қүрүқ (көне түркі формасы)>Ш айқүрық этимо-
логиясын лингвистикалық та, географиялық та, тарихи да (бір
кезде бүл жерде огуз тайпалары болғанын ескерсек) деректер
дәлелдеп беріп отыр.
Басқа мысалдарға жүгінбей-ақ, осы келтірілген дәлелдер-
дің өзі де кейбір топонимдердің этимологиясын зерттегенде,
жер-су аттарына ғана тэн ерекшеліктерді мүқият ескеруді та-
лап етеді. Ендеше біз оны Б. А. Серебренниковтың жоғарыда
айтқан пікірлерін ескере отырып, топонимдердің (география-
лык атаулардың) этимологиясын ашудағы
топонимикалық ме
тод деп атауды үсынамыз.
Көптеген топонимдердің этимологиясын ашудағы ендігі
бір тиімді жол -
комплексті методты қолдану. Бұл методтың
багалылыгын А.А. Белецкий, А.П. Дульзон, А.Ы. Ысқақов,
Э.М. Мурзаев,А.К.Матвеев,В.А.Никонов,А.И.Попов.Б.А. Се
ребренников, Э. В. Севортян т.б. зерттеушілер баса көрсеткен
болатын-ды. Бүл метод лингвистикалық, географиялық және
тарихи т. б. деректердің басын қүрауды талап етеді. Өз зерт-
теулерімізден мысалдар келтірейік.
Достарыңызбен бөлісу: