ҒАЗАЛКЕНТ - бүрын Қазақстанға қараған Бостандық
ауданының орталығы. Қазір Өзбекстанға қарайды. Өзбек топо-
нимиясын зерттеуші, проф. X. Хасанов Ташкент маңы таула-
рында Бүғустан, Газалкент, Сусок (ақ киік) сияқты атаулар көп
екенін көрсеткен. Бірақ ол ғазал сөзі қай тілден екенін айтпайды
(X. Хасанов. Урта Осие жой номлари тарихидан. Ташкент, 1965,
17-беті).
99
Бұл атау,біздіңше, арабтың ғазал (киік) деген сөзі мен
иранның кент (қала) сөзінің қосылуынан жасалған (М. Фасмер.
Этимологический словарь русского языка. I, М , 1964, стр. 382;
В. В. Бартольд. История культурной жизни Туркестана, Л., 1927,
стр. 38). Қазалы атауы да осы араб сөзімен түбірлес.
ДА ҒА Н ДЫ - Семей облысы Шұбартау ауданындағы өзен
аты. Бақанасқа қүяды. Біздің ойымызша бул монғолдың дааға(н)
- «жабағы» деген сөзінен қойылған. В. Дальдің сөздігінде даған
қалмақша «екі жастагы құлын» деген түсінік берілген (т. II,
стр. 414). М. Фасмердің де этимологиялық сөздігінде осы де-
рек келтірілген (т. 1, стр. 481). «Бурят-монғол-орыс сөздігінде»
даага(н) «екі жастағы қүлын» деп түсіндірілген (К. М. Че
ремисов. Бурят-монгольско-русский словарь. М., 1951, стр.
194). Қазақ тіліндегі «тай» сөзі де осы сөзбен түбірлес болуы
ықтимал: дааға>тай.
Сонымен бүл атау былай жасалган дааган (қүлын деген
монгол сөзі)+ды зат есімнен сын есім тудыратын қазақ тіліндегі
жүрнақ). Мағынасы - «қүлынды» (Алтай өлкесіндегі Қүлынды
даласымен салыстырыңыз).
ДЕГЕРЕС - Алматы облысы Шу-Іле тауларының солтүстік-
батыс жағындағытау, ТалдықорғаноблысындағыМатайтау ының
батыс бөлегі, Алматы облысындағы Жалаңаш селосының
жанындагы тау, Нарынқол ауданындағы тау, Оңтүстік Қазақстан
облысындагы Қаратау жотасының бірі де осылай аталады. Ғ.
Қоңқашпаевтың пікірі бойынша, бүл монғолдың дзэр герес не-
месе дзэрлиг герес (жабайы ешкі, тау ешкі) деген сөздерінен
жасалган (Г. Конкашпаев. Географические названия монголь
ского происхождения... Известия АН КазССР. Серия филологии
и искусствоведения. Вып. 1(11), 1959, 90-беті). Осы пікірі дұрыс
болуы мүмкін, өйткені осы таулардагы жартастарда тау ешкінің
суреті өте жиі кездеседі. Ал атаудың өзгеріске түсуі туралы
мынаны айтуга болады. Дзергерес тіркесіндегі дз, рг дыбыс
100
тіркестерінің қатар түруы қазақ тіліне тэн болмағандықтан, бүл
сөздер Дегерес формасына ауысқан болу керек.
«Монголша-қазақша сөздікте» гөрөөс - бөкен, бор гөрөөс-
таутеке деп берілген (С. Хабшай, Ә. Мініс Монғолша-казақша
сөздік. Уланбатор, 1954,64-беті).
Достарыңызбен бөлісу: |