Басылым: жетінші


Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді



Pdf көрінісі
бет11/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді: 
1. кешенді 
2. ресурстық 
3. әлеуметтік - экологиялық 
Экология құқықтарының әлеуметтік–экологиялық қайнар көздеріне не жатады? 
Экология құқықтарының әлеуметтік–экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір 
сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған 
«Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы 
ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады. 
1) Экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының 
Конституциясы жатады.
2) Экология құқықтарының қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Экологиялық 
кодексі жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы 
табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге 
және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына 
бағытталған. 
. Қазақстан Республикасы Конституциясы – экология құқықтарының негізгі қайнар 
көзі болып табылады, себебі табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану 
туралы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттің құқықтық негізін қалайды. Басқа 


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
барлық заңдар мен заңдық актілер Конституцияның нормаларының ішінде экологиялық 
құқыққа қатысты нормаларды бөліп қарауға болады: 
1. ұйымдық – басқарушылық. 
2. экономикалық. 
3. әлеуметтік. 
1.Ұйымдық басқарушылық нормаларға айналадағы табиғи ортаны қорғау жағдайында 
мемлекеттің және лауазымды адамдардың мақсаттары туралы нормалар кіреді. 
Конституциялық нормалардың осы тобына Президенттің, Парламенттің, үкіметтің 
жергілікті өкімет органдарының міндеттерін реттейтін нормалар айналадағы табиғи 
ортаны қорғауды құқықтық реттеудің керек екендігін көрсетеді. Мысалы: Қазақстан 
Республикасы Конституциясының 31 бабында «мемлекет адамдардың өмір сүруі мен 
денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» делінген. 61 
бапта- Парламенттің «айналадағы ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды 
реттейтін» заңдар шығаруға хақылы екендігі көрсетілген. 
2. Экономикалық нормаларға Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарға меншік 
құқықтармен реттейтін нормаларды жатқызуға болады. ҚР Конституциясының 6 бабының 
3 тармағында : «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, 
басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер,сондай-ақ заңда белгіленген 
негіздерде, шарттарда жеке меншікте де болуы мүмкін. Сонымен бірге Конституцияда 
«меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік берілетін» нормалардан да 
тұрады. (26 баптың 2 тармағы) 
3. Әлеуметтік нормаларға Қазақстан Республикасының Конституциясының 38 бабында 
көрсетілген «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат 
байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» делінген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет