Басылым: жетінші


ҚР энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің



Pdf көрінісі
бет21/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

ҚР энергетика және минералды ресурстар Министрлігінің негізгі тапсырмалары: 
-энергетика, минералды ресурстар, тау - кен өндірісінде, химиялық, мұнай – химиялық, 
атомдық өндіріс салаларында мемлекеттік саясат жүргізу; 
-ҚР жер қойнауын пайдалануды, оны қорғауды басқару; 
-жер қойнауын пайдаланушылардың заңдарымен белгіленген тәртіптерді орындауын 
қадағалау; 
-атомдық энергияны пайдалануға байланысты мемлекеттік бақылау, ядролық қарудың 
таралмауын қадағалау. 
ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің негізгі тапсырмалары: 
-ҚР азаматтары мен азаматшаларының, тұрғындардың денсаулығын және қоршаған 
ортаны қорғау; 
-мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық бақылау жүргізу; 
-санитарлық-эпидемиялық мониторинг, есептеулер және статистика жүргізу; 
-тексерулер жүргізу (ауыз суға, химиялық заттарға және т.б.) 
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі әр түрлі апаттар, зілзала, су тасқыны, 
өндірістік апаттар болған жағдайда төтенше шешімдер қабылдайды. 
Салааралық компетенция органдарына ҚР Статистика жөніндегі агенттігі, ҚР Қорғаныс 
Министрлігі, ҚР Қаржы Министрлігі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау 
Министрлігі жатады. 
Функциональді компетенция органдарына ҚР көлік және коммуникация Министрлігі, ҚР 
кедендік бақылау агенттігі, ҚР Ішкі істер Министрлігі және т.б.
2.Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және 
арнайы органдар.
Экология саласындағы басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесі екіге 
бөлінеді: жалпы және арнайы. 
жалпы 
органдарға 
– 
Қазақстан 
Республикасының Президенті, 
Қазақстан 
Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Парламенті, т.б. жатады. 
арнайы органдарға – айналадағы табиғи ортаны қорғау министрлігі және т.б. жатады. 
Айналадағы 
табиғи 
ортаны 
қорғау 
саласында 
мемлекеттік 
бақылаудың функцияларының орындалуын және басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан 
Республикасының орталық атқарушылық органы – айналадағы табиғи ортаны қорғау 
Министрлігі болып табылады. Айналадағы табиғи ортаны қорғау саласындағы 
Қазақстан Республикасының орталық атқарушылық органының атқаратын қызметіне 
мыналар жатады: 
Айналадағы табиғи ортаны қорғау саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізеді 
және мемлекеттік экологиялық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. 
Құзіреті шегінде қоршаған орта сапасының нормативтері мен шаруашылық және басқа да 
қызметтердің экологиялық талаптарын бекітеді немесе келіседі. 
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен айналадағы табиғи ортаны 
қорғаудың мемлекеттік қорына басшылық етуді және оныә қызметін бақылауды жүзеге 
асырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет