Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет31/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
А) Табиғат қорғау заңнамасы нормаларының бұзылуы жөнінде туындайтын; 
Б) Құқықты бұзғаны үшін санкцияларды ( қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және 
т.с.с.) қолдануымен байланысты одан әрі жалғасатын құқық қатынастары.
Бұл анықтама құқықтың басқа салалары жауапкершілігінің шараларын қолдана 
отырып, экологиялық құқық нормаларының бұзылуы ретінде экологиялық 
жауапкершіліктің табиғатын ашады.
Б. В. Ерофеев мынаны атап көрсетеді: “ заңдық және экологиялық-құқықтық 
жауапкершілік “болмысын” үш әр алуан, бірақ өзара байланысты мәнде қарастырған жөн: 
1) заңдық және экологиялық құқықтық жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеу және 
заңмен жазылған талаптарды орындау; 2) заңдық және экологиялық құқықтық 
жауапкершілік - құқық қатынасы, ол өзінің органдары атынан мемлекет пен құқық 
бұзушы арасында туындайтын қорғау қатынастары ауқымында іске асады, ол қолайсыз 
әрекеті үшін құқықтық санкцияларға ұшырайды; 3) заңдық және экологиялық құқықтық 
жауапкершілік – мемлекет пен оның органдарының құқық бұзушыға ықпал етудің 
мәжбүрлеу шараларын қолданудың түрлерін, құралдары мен тәртібін баянды ететін 
заңдық нормалардың жиынтығы болып табылады.” 
Осы мәндердің әрқайсысының теориялық, ұйымдық және құрылымдық сипаты 
бар. 
Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік белгілі бір 
мақсаттарды орындауға бағытталған, ол мақсаттардың негізгісі мемлекет белгілеген 
экологиялық тәртіпті қамтамасыз ету. Бұл құқық институты мына негізгі: 
-құқық нормаларын сақтауға, экологиялық құқықтық нұсқамалықтарды орындауға 
ынталандыратын;
-қоршаған ортадағы ысырапты өтеуге өтемдік және адам денсаулығын қалпына 
келтіру; 
-жаңадан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ететін 
ескерту; 
-экологиялық құқық бұзушылықты жасаған адамға жаза қолдануда орын алатын 
жазалау міндеттерін орындайды. 
Сонымен, жоғарыда айтылған сипаттаманы ескере отырып, мынадай анықтаманы 
тұжырымдауға болады: “ Экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік 
институты – кінәлі емес адамдардың заңда баянды етілген экологиялық құқық тәртібін 
сақтау мақсатында оларға мәжбүрлеу ықпалының мемлекеттік шаралары жүйесін 
белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. 
2. Экология заңдарын бұзудың түсінігі, құрамы және белгілері 
Экология заңдарын бұзу дегеніміз - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және 
табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз. 
Экологиялық құқықтық бұзудың 4 белгісі бар: 
тәртіп бұзудың кінәсі - бұл қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Қасақана 
құқық бұзушылыққа көбінесе заңсыз аң аулау, балықтарды заңсыз ұстау, орманды заңсыз 
кесу және т.б жатады. 
Заңға қарсы бағыт-табиғи ортаны қорғау немесе тиімді пайдалану туралы заңды 
қасақана бұзады. 
Қоғамдық қауіптілік - бұл жеке адам мен заңды тұлғалардың айналадағы қоршаған 
табиғи ортаға келтірген зияннан көрінеді. 
Жазаланатындығы - бұл заң бұзушыға заңдық жауаптылық шаралары 
қолданылатындығын білдіреді. 
Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне айналадағы табиғи ортаны қорғау 
және сақтаумен байланысты қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастар өзінің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет