Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Экологиялық азаматтық жауапкершілік Азаматтық құқық жауапкершілік дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз
шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар.
Азаматтық-құқық жауапкершілік өтемелі сипатта болады, себебі ол несие
берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге бағытталған. Ол
құқық бұзушымен келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген.
ҚР-ның Азаматтық Кодексі зиянды өтеудің 2 түрлі тәсілін қарастырған іс-жүзінде
және ақшалай.
Зиянды өтеудің іс-жүзіндегі түрі сирек қолданылады және оған кейде ұзақ уақыт
керек.Мысалы: тал шыбықтарын отырғызы арқылы орманды қалпына келтіру.
Азаматтық-құқықтық
жауапкершілік
экологиялық
құқық
бұзушылықпен
келтірілген материалдық нұқсан өтелген жағдайда қолданылады. Бұл жағдайда табиғатқа
келтірілген нұқсанның материалдық сыйақысы болуға тиіс, мұның өзі табиғаттың,
ауаның, судың, орманның және т.б. ластанумен келтірілген нұқсанды есептеген кезде
барлық ретте мүмкін бола бермейді. Осымен байланысты заңнамамен азамат немесе заңды
тұлға келтірген нұқсанды есептеудің екі ұдай тетігі қолданылады. Бірінші жағдайда,
экологиялық заңды бұзғаны үшін мүліктік жауапкершілік тіркелген ақша төлемдері,
арнаулы нақты түр немесе табиғат кешенінің объектісі үшін арнаулы кесімді баға
нысанында белгіленеді. Бұл кесімді бағалар Қазақстан Республикасында жер бетіндегі
жануарларға, ормандарға, балықтарға қатысты белгіленген. Екінші жағдайда, нұқсан
Азаматтық заңның жалпы негіздері бойынша есептеледі, Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексіне сәйкес есептеледі. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзу
салдарынан келтірілген зиянды өтеу ерікті түрде не соттың немесе төрелік соттың шешімі
бойынша белгіленген тәртіппен нұқсанды есептеудің бекітілген кесімді бағасы мен
әдістемесіне сәйкес, ал олар болмаған жағдайда, келтірілген залалдарды ескере отырып,
қоршаған ортаның бұзылған жай-күйін қалпына келтіруге жұмсалған нақты шығындар
бойынша жүргізіледі.
Экологиялық қылмыстық жауапкершілік Қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі бар аса ауыр экологиялық құқық бұзу деп
экологиялық қылмыс танылады. Экологиялық қылмыс деп Қазақстан Республикасының
заңымен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне, қоғамның экологиялық құқықтық
тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздігіне, қоршаған табиғат ортасына немесе
адамның денсаулығына елеулі нұқсан келтіріп жасалған қол сұғушылықтан көрінетін
зиянкестікті ұғыну керек.
Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану арқылы
сипатталады.Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде Сот
тәртібімен тағайындалады.Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың түрлеріне бас
бостандығынан айыру, айыппұл салу, түзету жұмыстары және т.б. саналады.
Қоршаған ортаны қорғау мен пайдалану барысындағы барлық қылмыстардың құрамын объектісіне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады: А) Табиғатты пайдалануға байланысты әрекет ететін ережелерді бұзу: 1.
ҚР ҚК 277 бап. Шаруашылық және өзге де қойылатын экологиялық
талаптардың бұзылуы.
2.
ҚР ҚК 278 бап. Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және
биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы.
3.
ҚР ҚК 279 бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттерінен
немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіз ережелерінің бұзылуы.
4.
ҚР ҚК 280бап. Ветеринарлық ережелерді және өсімдіктердің аурулары
немесе зиян кестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелерінің бұзылуы.