Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет49/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Дәріс №9 
Тақырыбы: Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау 
Сабақтың мақсаты: Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаумен танысу. 
Негізгі түсініктер: тропосфера, озон, атмосфералық ауаға зиянды заттардың шекті рұқсат 
етілген шығарындыларының нормативтері. 
Жоспар: 
1. 
Атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы. 
2. 
Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы
3. 
сипаттамасы 
4. 
Атмосфералық ауаны қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік құқықтық механизмі 
5. 
Aтмосфералық ауаны қорға туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
6. 
Атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы. 
Жер миллиондаған ұсақ бөлшектерден құралған атмосферамен қоршалған. Ол Күннен 
Жерге келетін жарық тасқынын миллиондаған ұсақ сәулелерге ажыратады. Атмосфера 
парниктегі шыны сияқты роль атқарып, күн сәулесін жылдам өткізеді, жер бетіндегі 
жылуды сақтап қалады. Егер Жердің ауа қабаты болмаса, Күннің көз қарықтыратын 
ыстық жарығы жердің бетін күйдіріп, құрғақ, жарылып кеткен тақырға айналдырып 
жіберер еді. Онда жауын да жаумас еді, жел де соқпас еді. Атмосфера – Жердің 
температурасының ауытқып тұруына да ықпал етеді. 
Жердің алғашқы атмосферасы қандай газдардан тұрады? 


Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Жердің алғашқы атмосферасы сутегінен, метаннан, аммиактан, су буларынан және гелий, 
неон сияқты инертті газдардан құралған. Жерде тіршіліктің пайда болуымен байланысты 
бұрынғы газдар жер қойнауынан және өсімдіктерден бөлінген күкіртті сутегі мен көмір 
қышқыл газдарымен толықты. Сөйтіп, екінші атмосфера пайда болды. Алғашқы 
микроорганизмдер бірте–бірте сутегін, метанды, аммиякты, күкіртті сутегін азайта түсті. 
Атмосфераның қазіргі газ құрамы биосфераның көп жылғы эволюциясының (дамуының) 
нәтижесі. Организм қазір оған бейімделіп алды, енді газ құрамының кез келген өзгерісі 
олардың өмір сүру жағдайына әсер етпей қоймайды. 
Адам ауасыз өмір сүре алмайды. Ол таза болсын, лас болсын ауамен дем алуы қажет. 
Адам тамақ ішпей 5 апта, су ішпей 5 күн өмір сүре алады, ал ауасыз 5 минут та тұра 
алмайды. Бір тәулік ішінде бір адам 25 кг, немесе 10-11 мың литр ауаны өкпесі арқылы 
өткізеді. Ауа жануарлар мен өсімдіктер үшін қажет екендігі бәрімізге мәлім. Мұндай ауа 
құрамы атмосфераның төменгі қабатында. Ал 1000 км-ден жоғары жағында тек қана 
гелийден (He), ал 2000 км-ден жоғары тек сутегінен (H) тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет