Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет51/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Ал, Р.Х. Габитовтың айтуы бойынша: «Атмосфералық ауа физика-химиялық мағынаға 
сәйкес келеді, яғни ауа газдардан, олардың сандық және сапалық қарым-қатынастары 
тұрақты және қоғаммен реттелмейді».
М.М. Бринчуктың көзқарасына келсек, 
атмосфералық ауа басқа табиғат объектілерінің арақатынасын біріктіретін материалдық 
субстанция ретінде қарастырылған және екі элемент негізге алынған. Олар: 1) жер 
айналысындағы кеңістік; 2) газ қосындылары, шаң, су буы және тағы басқа осы кеңістікті 
толтыратын заттар. Кейінгі кездегі ғылыми-құқықтық әдебиеттерде «ауа кеңістігі» және 
«космос кеңістігі» арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтары көптен-көп 
зерттелінуде.
Б.В. Ерофеевтің зерттеулері бойынша «атмосфералық кеңістіктің» де болуын жоққа 
шығармайды. Бірақ, автор бұл түсінікке толық түсіндірме бермейді. Себебі атмосферада 
әрқашан газдардың қозғалысы болып отырады. Осыған орай ауа кеңістігіндегі 
атмосфералық ауаның обьектісі ретінде озон қабаты танылады. Озон қабатының пайда 
болуы жердегі тіршіліктің қалыптасуына, пайда болуына және сақталуына бастама болды.
Озон қабатының басты қызметі ретінде жерді ультракүлгін сәулелерінен қорғау болып 
табылады. Егерде CO
2
газдардың көлемі осы қалыпта ауаға тасталып отыратын болса
ғалымдардың есептеуі бойынша 20 жылдың ішінде-ақ озон қабатында тесіктер болуы 
мүмкін. Егер осындай жағдайға жетсек, онда тесіктерді қалай жамаймыз? Оған қазірден 
бастап, шаралар қолдану керек. Озон қабатын қорғауда алғашқы қадамдар ретінде 1977 
жылы Вашингтонда БҰҰ бағдарламасы шеңберінде «озон қабатын қорғау жөнінде» 
біріккен отырыс өткен. Оның қорытындысы ретінде «озон қабатының бүкіл әлемдік 
маңыздылығы және оның сақталуын қамтамасыз ету туралы» ғылыми-зерттеушілік 
бағдарламасын қарастырған болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет