Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет55/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Шоғырланудың мүмкіндік шегінің нормативтері лас заттар үшін әрбір заттар немесе 
химиялық қоспалар (көміртегі, азот, шаң-тозаң, күкірт, қорғасын және т.б.) үшін ауаның 
1куб. метрі бойынша анықталады. Физикалық әсерлердің нормативі олардың 
әрқайсысының түрі бойынша (шуыл, діріл, иондалатын сәулеленулер, радиация
электромагниттік өрістер және т.б.) анықталады. Бұл нормативтер мемлекеттік 
экологиялық басқарудың құзыретті органдарымен бекітіледі. 
Атмосфералық ауаны ластаушы қайнар көздер үшін анықталған экологиялық талаптар
Атмосфераға ластаушы заттарды тастауға құзыретті мемлекеттік органдардың рұқсаты 
негізінде жол беріледі
1

Атмосфералық ауаны қорғау саласында мемлекеттік органдардың алатын орны өте 
маңызды. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы ауаға тасталатын 
зиянды (ластағыш) заттардың шекті мөлшерін және мемлекеттік мониторингті жүзеге 
асырады. Атмосфералық ауаны қорғауда мемлекеттік басқарудың негізгі қағидалары 
келесілер болып табылады: 
-адамның, қазіргі және болашақ ұрпақтардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың 
басымдылығы. КСРО кезіндегі Конституцияға көз жүгіртетін болсақ, онда адам өмірінен, 
денсаулығынан бұрын мемлекет мүддесін жоғары қойған. Ал, 1995 жылғы тәуелсіз 
еліміздің Конституциясында адамның және оның мәртебесіне маңызды рөл берілген. Сол 
себептен осы қағида негізінде адамдардың өмір імен келешек ұрпақтың денсаулығының 
сақталуы басты кепіл болады; 
-атмосфералық ауаны ластаудың қоршаған орта үшін орны толмас зардаптарына жол 
бермеу; өкінішке орай бұл қағида заң жүзінде ғана қалып отыр. Қазіргі таңда өткір 
проблемалар қатарына озон қабатының кейбір жерлерінің жойылып кетуі қатері төніп 
отыр. Онда оның орнын толтыру үшін қандай шараларды жүзеге асырамыз? 
-атмосфералық ауаға зиянды (ластағыш) заттардың шығарылуын және оған зиянды 
физикалық әсер етуді мемлекеттік реттеу.
-атмосфералық ауаның жай-күйі, оның ластануы туралы ақпараттың жариялылығы
толымдылығы және анықтылығы; Республика территориясында төрт жүзден астам 
тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары бар. Солар арқылы әрбір Қазақстан 
Республикасының азаматы өзі демалып отырған ауаның сапасының қандай дәрежеде 
екендігін білуге толықтай құқықтары бар; 
-атмосфералық ауаны қорғауға және жалпы қоршаған ортаны қорғауға көзқарастың 
ғылыми негізділігі, жүйелілігі және кешенділігі қағидаларын сақтау негізінде жүзеге 
асырылады. 
Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды Қазақстан 
Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау 
саласындағы орталық атқарушы органы мен жергілікті өкілді және атқарушы органдар 
жүзеге асырады. Экологиялық кодекстің 16-шы бабы бойынша Қазақстан 
Республикасының Үкіметінің атмосфералық ауаны қорғау саласындағы құзіреті қатарына 
келесілерді жатқызамыз: 
-парниктiк газдарды атмосфераға шығаруды шектеудiң, тоқтата тұрудың немесе 
азайтудың тәртiбiн; 
-озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнiмдерi бар заттарды импорттауға, 
экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргiзуге, 
құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға 
қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртiбiн; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет