Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 6.12.2004 жылғы №1278 қаулысында бекітілген.
Орман қатынастары ҚР Орман кодексімен (8.07.2003 ж.); «Мемлекеттік орман кадастры
мен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу ережелерiн бекiту туралы» ҚР
Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы N 188 қаулысымен; «Мемлекеттік орман қоры
учаскелерінде шөп шабу және мал жаю ережесін бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы
министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2005 жылғы 28 ақпандағы
N 46 Бұйрығы.; «Орман қорының мемлекеттiк есебiн жүргiзу ережесiн бекiту туралы» ҚР
Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1182 қаулысымен; «Мемлекеттік орман қоры
учаскелеріндегі орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде
тендерлер өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысымен 13.01.2004 ж. №32; «Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған
сүректi босату ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22
желтоқсандаєы N 1287 қаулысы ; «Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде жануарлар
дүниесін, соның iшiнде аңшылық шаруашылығының қажеттерi үшін пайдалану ережесiн
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1303
қаулысымен; «Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу
ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы
N 45 қаулысы ; «Жеке және Заңды тұлғалардың орман қоры туралы ақпаратты пайдалану
ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қаңтардағы N
92 қаулысы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк орман күзетi туралы ереженi
бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы N 291
қаулысымен реттеледі.
Орманды қорғау мен пайдалану саласында мемлекеттік басқаруды жалпы құзыретті
мемлекеттік органдар (ҚР Үкіметі; ҚР Президенті, жергілікті атқарушы органдар) және
арнайы құзыретті органдар (ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің Орман және аңшылық
шаруашылығы комитеті және оның жергілікті жерлердегі амақтық органдары ) жүзеге
асырады.
ҚР Орман кодексінің 6-бабы бойынша, Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық
орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне
арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын құрайды.
Орман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрады.