Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Орман қорына:
-мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05
гектардан
кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта
өсiмдiктер;
-қала ормандары мен орманды саябақтарды қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегiндегi
жасыл желектер;
-үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар
кiрмейдi.
Сонымен, орман қорына кіретін ормандар және орман қорына кірмейтін ағаш-бұталар
әртүрлі құқықтық тәртіппен реттеледі.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне
жатады және республикалық меншiкте болады. Жекеше орман қоры учаскелерiн
иеленудi, пайдалану мен оған билiк етудi, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының
өзге де заң актiлерiне сәйкес, жекеше орман иеленушiлер жүзеге асырады.
Орман қорының жерлерi мемлекеттiк және жекеше орман қоры жерлерiне бөлiнедi.
Ормандардың атқаратын функцияларының басымдықтарына
қарай мемлекеттiк орман
қоры:
1) ерекше қорғалатын орман аумақтары,
оның iшiнде:
-мемлекеттiк табиғи қорықтар ормандары;
-мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар ормандары;
-мемлекеттiк табиғи резерваттар ормандары;
-мемлекеттiк өңiрлiк табиғи саябақтар ормандары;
-мемлекеттiк қорық аймақтары ормандары;
-табиғаттың мемлекеттiк орман ескерткiштерi;
-орманның гендiк резерваттарын қоса, ғылыми маңызы бар орман учаскелерi;
-аса құнды орман алаптары;
-жаңғақ кәсiпшiлiгi аймақтары;
-орман-жемiс екпелерi;
аса биiк тау ормандары;
2) мемлекеттiк қорғаныштық орман белдеулерi;
-қала ормандары мен орманды саябақтар;
-елдi мекендердiң және емдеу-сауықтыру мекемелерiнiң жасыл аймақтары;
-эрозияға қарсы ормандар;
-өзендер, көлдер, су қоймалары мен басқа да су объектiлерi жағалауларындағы тыйым
салынған орман белдеулерi;
-халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен
автомобиль жолдары, каналдар, магистральдық құбырлар
мен басқа да желiлiк
құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер;
-халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен
автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулер;
-егiс-топырақ қорғаныштық ормандар санаттарына бөлiнедi.
Халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен
автомобиль жолдары бойындағы қорғаныштық орманды белдеулерге жұмыс iстеп тұрған
және салынып жатқан темiр жолдарға бөлiнген белдеулерге iргелес жатқан,
темiр жол
төсемiнен екi жаққа қарай бес жүз метр шегiндегi орман және халықаралық және
республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына бөлiнген
белдеулерге iргелес жатқан, жолдың ортасынан екi жаққа қарай екi жүз елу метр шегiндегi
орман жатады.