Басылым: жетінші



Pdf көрінісі
бет61/174
Дата20.12.2022
өлшемі1,98 Mb.
#58397
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   174
Байланысты:
Басылым жетінші

Л.Н. Гумилева атындағы 
Еуразия ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Ормандарды ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз етудің мемлекеттік 
құқықтық механизмі. Қазақстан Республикасының Орман кодексі және ормандарды 
ұтымды пайдалану және қорғауды қамтамасыз ететін заңдар. 
Орман қоры заматтар мен заңды тұлғаларға орман заңдарында бектіліген тәртіп бойынша 
иеленуге және пайдалануға берілді. 
Орман иелену - орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалану, ерекше қорғалатын 
табиғи аумақтардың жұмыс iстеуi үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлерге Қазақстан 
Республикасының Үкiметi беретiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн иелену мен 
пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушiлерге осы Кодексте белгiленген 
тәртiппен берiлетiн жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. 
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiне орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен 
туындайды. Мемлекеттiк орман қорының учаскелерi орман иелену құқығымен: 
мемлекеттiк орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, 
мемлекеттiк орман қорының кешендi пайдаланылуын ұйымдастыру үшiн орман 
мекемелерiне және уәкiлеттi органның өзге де мемлекеттiк ұйымдарына; 
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметiне байланысты мақсаттар үшiн мемлекеттiк 
ұлттық табиғи саябақтарға, мемлекеттiк табиғи резерваттарға, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи 
саябақтарға, мемлекеттiк ботаникалық бақтарға, мемлекеттiк дендрологиялық саябақтарға 
(бұдан әрi - заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) берiледi. 
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген 
мемлекеттiк заңды тұлғалар мемлекеттiк орман иеленушiлер болып табылады. 
Орман иелену құқығы жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган беретiн 
тұрақты жер пайдалану құқығы актiсiмен куәландырылады. 
Жекеше орман иелену құқығы жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың оларға 
Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне сәйкес жеке меншiгiне немесе ұзақ 
мерзiмдi жер пайдалануға берiлген жерлерiнде туындайды. 
Мемлекеттiк орман иелену құқығы
мемлекеттiк орман қоры учаскелерi орман иеленуiнде болған заңды тұлға таратылған 
және олар басқа мемлекеттiк орман иеленушiге берiлген жағдайда; 
мемлекеттiк орман қорының жерi Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде 
белгiленген тәртiппен мемлекет қажеттiктерi үшiн алып қойылған жағдайда; 
Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады. 
Жекеше орман иелену құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 
тоқтатылады. 
Жекеше және мемлекеттік орман иеленушілердің құқықтары мен міндеттері ҚР Орман 
кодексінің 24-27-баптарында бектілген. 
Орман пайдалану - орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану 
жөнiндегi заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет. 
Мемлекеттiк орман қорында орман пайдаланудың мақсаты бойынша түрлері: 
сүрек дайындау; 
шайыр, ағаш шырындарын дайындау; 
қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбiрлер, тамырлар, жапырақтар
бүршiктер) дайындау; 
жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, 
ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзгеде ауыл 
шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрiлiк шөптер мен техникалық шикiзаттар, жабайы 
өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнiмдер, 
мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау мен жинау); 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет