Л.Н. Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: жетінші ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
қадағалау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
58-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақ ұғымы және оның негiзгi қызметi 1. Мемлекеттiк ботаникалық бақ
-
өсiмдiктер дүниесiн, соның
iшiнде өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн қорғау,
молықтыру және пайдалану жөнiнде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткiзуге
арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи
аумақ.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтардың негiзгi қызметiне Қазақстанның өсiмдiктер
дүниесiн сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, Қазақстанның дүниежүзiлiк маңызы
бар флора ресурстарын игерудiң ғылыми негiздерiн әзiрлеу жатады.
59-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарды аймақтарға бөлу және оларды қорғаудың ерекшелiктерi 1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар:
1) экспозициялық - өсiмдiктердi өсiру және келушiлердiң көруi үшін;
2) ғылыми - өсiмдiктердiң тектiк қорының коллекцияларына ғылыми зерттеулер
жүргiзу және оларды сақтау үшiн;
3) қоғамдық - келушiлерге қызмет көрсету үшiн;
4) әкiмшiлiк және өндiрiстiк-шаруашылық аймақтарға бөлiнедi.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда олардың алдына қойылған мiндеттерiн
орындауға байланысты емес және оларда өсiрiлетiн өсiмдiктердiң жойылып кетуiне әкеп
соғатын кез келген iс-әрекеттерге тыйым салынады.
60-бап. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда өсiмдiктер өсiру 1. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар табиғи, мәдени, отандық және
дүниежүзiлiк флора өсiмдiктерiнiң коллекцияларын қалыптастырады және олардың
сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Мемлекеттiк ботаникалық бақтар Қазақстан
Республикасының
заңнамасында
белгiленген талаптарды сақтай отырып, өсiмдiктермен
жасалатын импорттық және экспорттық операцияларды, оларды ботаникалық бейiндегi
басқа ұйымдармен айырбастауды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттiк ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттiк учаскелер,
гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады.