Күлтегін жыры



Pdf көрінісі
Дата20.12.2022
өлшемі0,85 Mb.
#58466
түріСабақ
Байланысты:
Күлтегін жыры



Автор: Шаметова Рита badamsha1.35 Кубайдуллиновна
Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті
Сынып: 9-сынып
Бөлім: Қазақ жазуының даму жолы
Тақырып: Күлтегін жыры
Сабаққа негізделген
оқу мақсаты
9.1.4.1 орта көлемді прозалық, поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, көтерілген (тұрмыстық,
әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, өз пікірін білдіру; 9.2.1.1 берілген тақырыпқа сай сөздерді
орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрау
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: прозалық мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, көтерілген мәселені анықтап, пікірін
білдіреді, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрайды Оқушылардың басым бөлігі:
тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мұғалімнің көмегімен сұрақтар арқылы өз пікірін
дәлелдеп бере алады Кейбір оқушылар: қоғамдық мәселені анықтап, өз пікірін ауызша білдіре
алады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері,
табыс критерийлері,
күтілетін нәтиже)
Тыңдалған мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды Мақсатты аудиторияға арнап 4-5 сөйлемнен
тұратын өз пікірін білдіретін ауызша мәтін құрайды
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Басталуы
(7 мин)
1.Психологиялық ахуал «Жүректен -жүрекке» Сенен жылу аламын
Жүрегіме саламын Досыма сыйлаймын
Жұптастыру
Берілген мақал-мәтелдерді бөліктерге бөліп, «Мозайка» жинау арқылы
топтастыру (4жұп) Ерлік - /білекте / емес,/ жүректе Өзге/ елде /сұлтан
/болма
2.Суреттер арқылы сабақтың тақырыбы анықтаңдар Оқушылар, бүгінгі
сабақты бастамас бұрын өткен сабақтарға «Білемін, білдім, білгім келеді»
кестесі арқылы шолу жасап өтейік


Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Ортасы
(28 мин)
Тыңдалымалды
Тапсырма
Сөздікпен жұмыс
Берілген сөздерді балама сөздермен сәйкестендіріңіз.3-4сөзбен сөзтіркесін
және сөйлем құрастырыңыз (сөздерді сәйкестендіреді, сөзтіркестері мен
сөйлем құрастырады, өзара тексереді)
Ерекшелігі жылайды Атақты көне Шебер өсуі Ежелгі белгілі Дамуы маман
Қайғырады өзгешелігі
Дескриптор Сөздерді сәйкестендіреді. Таңдалған сөздермен сөзтіркестерін
құрай алады. Сөйлемдер құрастыра алады.
Тыңдалым кезі. 1-тапсырма: прозалық мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап
беріңдер (мәтінді мұқият тыңдайды, берілген сұрақтарды жұпта, топта
талқылайды, үздігі топта таңдалып, оқиды) -Түркі халықтарының мәдени
мұраларына не жатады? -Күлтегін кім? -«Күлтегін» жырының басты идеясы
қандай? Мәтін тыңдалады.
Күлтегін жыры
Әр халықтың қалыптасу, даму жолында ерекшеліктері бар. Түркі
халықтарының мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Ол Орхон-
Енисей жазуына жатады. Бізге Түркі тарихы осы Орхон-Енисей жазба
ескерткіштері арқылы келген. Күлтегін 684 жылы өмірге келген. Көне түркі
мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы, белгілі қоғамдық қайраткері.
Күлтегін бүкіл түркі әскерін басқарады. Көптеген соғыстарда жеңіске жеті,
өзі батыл қолбасшысы ретінде танылады. Күлтегін батырға сегізінші
ғасырда тасқа жазылған ескерткіш орнатылған. Күлтегін жырының басты
идеясы – түркі халқының бірлігін сақтау, сыртқы жаудан елді қорғау,
ежелгі ата-баба жолы мен салт – дәстүрді берік ұстау. Жыр соңында
Күлтегін батыр қайтыс болғанда бүкіл түркі халқы қатты қайғырады,
жерлеу салтанатына әлемнің төрт бұрышынан көптеген атақты адамдар –
елшілер, батырлар, тас қашайтын шеберлер, т.б. келгені айтылады.
«Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең,
көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. Екі мың бірінші жылы он
сегізінші мамырда Астана қаласында Еуразия ұлттық университетіне
Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды. Дескриптор Мәтін
бойынша сұрақтарға жауап береді Мәтіндегі өзекті мәселені анықтайды.
Пікірін білдіреді.
2-тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Күлтегіннің атынан халықты
бірлікке шақыратын ауызша мәтін құрастырыңдар (ауызша мәтін құрайды,
жүпта, топта оқиды, дескриптормен тексеріп, топтағы ең үздігін сыныпта
тыңдалады) Дескриптор Мәтіннің құрылымын сақтайды: басы, ортасы,
соңы. Күлтегін атынан сөйлей біледі. 4-5 сөйлемді ауызша құрай алады.
Сабақты қорытындылау Сұрақтар - Бүгін сабақ не туралы болды? - Күлтегін
кім? - Күлтегін ескерткіші қайда орнатылған?
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D
0%9A%D2%AF%D0%BB%D1%8
2%D0%B5%D0%B3%D1%96%D
0%BD_%D0%B6%D0%B0%D0%
B7%D1%83%D1%8B
Аяқталуы
(3 мин)
Күлтегін жыры туралы білгілері кетелін ақпаратқа қосымша материал
табу, ақпаратты 4-5 сөйлеммен ауызша дайындап келу


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет