19
А. Е. Ферсман (1930) метеориттердің қҧрамын зерттеу нәтижелеріне және жердің ішкі қҧрылысы
туралыгеофизикалық деректерге сҥйене отырып, Жердін. жалпы химиялық қҧрамын есептеп шығарған.
Кейінірек американың геохимигі Б. Мейсон (1978) Айдан әкелінген тау жыныстарын зерттеу нәтижелерін
пайдалана отырып, жердің жалпы химиялық қҧрамын ӛзінше анықтайды ( 2-кесте). Оның және А. Е. Ферсман
кҧрастырған кестелердегі айырмашылық шамалы ғана.
Жердің химиялық құрамы (процент есебімен, %)
3 - кесте
Химиялық элементтер
Ферсман бойынша (1930)
Мейсон бойынша (1978)
Оттегі
27,71
29,50
Темір
39,76
34,60
Кремний
14,53
15,20
Магний
8,69
12,70
Кҥкірт
0,64
1,93
Никель
3,46
2,39
Кальций
2,32
1,13
Алюминий
1,79
1,09
Басқалары
1,10
1,49
Жердің жалпы қҧрамын жер қыртысының қҧрамымен салыстырғанда, ауыр элементтердің, әсіресе темір мен
никельдің мӛлшері Жердің жалпы қҧрамында кӛп екендігін байқаура болады. Яғни бҧл жердің ядро қабатында
ауыр элементтердің кӛп болатындығын кӛрсетеді.
3. Жер қыртысының минералдық қҧрамы.
Минерал дегеніміз, табиғи жағдайда жер қыртысында немесе жер бетінде ӛтіп жатқан әр тҥрлі физикалық-
химиялық әрекеттердің нәтижесінде пайда болатын, ӛзіндік физикалық-химиялық қасиеттерінің
ерекшеліктерімен ажыратылатын, ал қҧрамы жағынан алғанда, кӛпшілік жағдайда кемінде екі элементтен
қҧралған табиғи қосындылар. Ал кейбір минералдар кейде жеке элементтер тҥрінде де кездеседі.
Минерал деген термин латын тілінде ―минера‖— кен деген мағынада қолданылады. Жер қыртысында
кездесетін минералдардың жалпы саны ~2500-ден астам. Олардың ішінде жетпіске жуығы тау жыныстарының
қҧрамына кіреді. Сондықтан оларды тау жыныстарын қҧрайтын минералдар деп атайды.
Минералдардың кӛпшілігі кристалданған қатты заттар тҥрінде жиі кездеседі. Тек санаулы минералдар ғана
сҧйық (су, сынап) және газ кҥйінде (кӛмір қышқыл газы) болады.
Қатты заттар жоғарыда айтылғандай кӛпшілік жағдайда кристалдық минералдар тҥрінде болумен қатар, кейде
аморфтық (грекше ―аморфос‖ — пішінсіз деген мағынада) заттар (мысалы, опал) тҥрінде де кездеседі.
Кристалдық заттар (аморфтық заттармен салыстырғанда) ӛзіндік ерекшеліктерімен ажыратылады. Оларды
қҧрайтын бӛлшектер (иондар, атомдар) белгілі бір заңдылық бойынша және белгілі бір ретпен орналасып,
ӛзіндік геометриялық жеке пішіндерге бірігеді
Ал аморфты заттарды қҧрайтын бӛлшектер ретсіз орналасқан. Сондықтан олардың ӛзіндік пішіні болмайды.
Мҧндай заттардың қай бағытын алсаңызда, барлық жақтарында олардың физикалық қасиеттері бірдей болады.
Осындай заттар
изотропты (біркелкі қасиетті) заттар (шыны, қатайған желім, кейбір қорытпалар) деп аталады.
Әрбір жеке бағытта физикалық қасиеттері әр тҥрлі болып келетін заттарды
анизотроптық заттар деп атайды.
Мҧндай қасиет барлық кристалдарға тән ортақ қасиет болып саналады. Кристалдардың анизотропты қасиеті әр
тҥрлі оптикалық, техникалық қҧралдар жасауда пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: