17
налымын жақсартып, буын сұйықтығын көбейтіп, қоршап тұрған
сіңір шеміршекке қоретік заттарды таратады. Соның арқасында
буындағы жіліктің бастары да майланып, жақсы қозғалатын бо-
лады.
Массаж тек жарақаттанғанда ғана емес, көптеген буын аурула-
рында кеңінен қолданады. Мәселен, артрит (буынның қабынуы)
ауруларын асқындырмау үшін массаждың ысқылау түрін пай-
даланады. Ол тіпті емдік әдістің ең тиімдісі болып есептеледі.
Өйткені ысқылау, сипау арқылы кейбір қажетті дәрілік майларды
буынға өткізеді. Сонда массаж және дәрі бірін-бірі толықты рып,
буындағы сіңір, сұйықтық қапшығына тікелей әсер етіп, оның
созылып-бүгілуін жеңілдетеді.
Барлық спортшылар сайысқа шығар алдында буындарына
массаж жасатады. Әсіресе, бұрын буыны зақымданғандар, сіңірі
созылғандар массажды міндетті түрде қабылдайды.
Күн суық кезде массаж денені жылыту үшін де жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: