www.OralOnIrI.Kz
Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған
oral_oniri@inbox.ru
Орал өңірі
Бейсенбі,
18 тамыз 2016 жыл
№102 (20354)
+ 37
0
С
+ 25
0
С
ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ ГАЗЕТ
8
ШАңЫРАҚ
ЕЛ-ЖҰРТ
АҚПАРАТ
ЖЕР РЕФОРМАСЫ
БОйЫНША КОМИССИяНЫң
ШЕШіМДЕРі ЖАРИяЛАНДЫ
2
«ТАЗА ЖАғАЛАуғА»
ШЫғАйЫҚ!
«КЕЛіНДЕРіМіЗ
КӨңіЛіМіЗГЕ ҚАРАП,
НЕМЕРЕЛЕРіМіЗ
«АТА-ӘЖЕЛЕП» ТҰРАДЫ...
Сүгір жыраудың
ҚұлПыТАсы ТАБылды
«Қазгидромет» РМК Батыс Қазақ-
стан гидрометеорология орталығы-
ның мәліметіне қарағанда, 16 тамыз-
дан бастап облыс аумағында өрт қау-
пінің күшеюі байқалады.
Зеленов, Тасқала, Бөкей ордасы аудан-
дарында орташа ІІІ дәрежелі, Сырым ау-
данында жоғары ІV дәрежелі, ал Орал
қаласы, Ақжайық, Жәнібек, Қазталов, Жа-
ңақала, Теректі, Шыңғырлау, Бөрлі, Қара-
төбе аудандарында жоғары V деңгейлі өрт
қаупі күтіледі. Облыс аумағында жауын-
шашынсыз ауа райы сақталып, ауа темпе-
ратурасының көтерілуіне байланысты өрт
қаупі деңгейінің жоғарылау қаупі бар.
Тұрғындар арасында төтенше жағдай-
ларға жол бермеу іс-шаралары жүргізіл-
сін. Ұжым басшылары, әсіресе, қалыпты
тіршілікті қамтамасыз ететін коммунал-
дық мекемелердің жетекшілері электр
және байланыс желілерінің барынша тұ-
рақты жұмыс жасауын қамтамасыз етуі
шарт.
Төтенше жағдайды жоюға қарсы күш-
тер мен құралдар дайындыққа келтіріл-
сін, басшылық құрамның тәуліктік кезек-
шілігі ұйымдастырылсын. Жағдай күрделі
сипат алып, ТЖ қаупі төнген кезде БҚО
ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне
төмендегі нөмірлер арқылы хабарлансын
54-52-25, 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.
Өрт қаупі күшейіп тұр
6
5
Қайролла Айтқалиұлы мен Қырмызы
Әйіпқызы өздерінің үш ұл, екі егіз қызымен
қоса, үш ұлдан көрінген немерелерін де өз
қолдарына алып, қара шаңырақта өсіріпті.
«Бір-біріне жатбауыр болмай, бірге өссін,
аралассын, туыс екендіктерін сезінсін»
деген мақсатта өсірген немерелерінің алды
ата-әже үмітін ақтап, бірі қызметте, енді бірі
әскери борышын өтеп жүр.
Астанада ҚР Премьер-министрінің орын-
басары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметовтің төрағалығымен өткен
Жер реформасы бойынша комиссияның
кезекті отырысында осы бағыттағы
бұған дейін атқарылған жұмыстардың
қорытындылары тұжырымдалды.
2
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
АҚПАРАТ
Қиындықтарды бірлесіп еңсермек
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Прези-
денті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында
мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең
ауқымды мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірлік және
халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде
пікір алмасты.
Е
лбасы тапсырмасына сәй-
кес, комиссия мүшеле-
рінің Астанадағы 4 оты-
рысы мен Ақмола, Алматы, Қызыл-
орда және Атырау облыстарында
жергілікті тұрғындармен өткізіл-
ген кездесулердің нәтижесі мен
ұсыныстар ескеріліп, сондай-ақ
жер реформасы бойынша баста-
машыл азаматтармен талқылау
жүргізуде сұрақтар мен ұсыныс-
тардың қайталануы назарға алы-
нып, төмендегідей шешімдер қа-
былданды.
Біріншіден, ауыл шаруашылығы
жерлерін Қазақстан Республика-
сы жеке және заңды тұлғаларға,
яғни қазақстандықтарға 49 жылға
дейінгі мерзімге жалға беру инсти-
тутын сақтау ұсынылды. Бұл ретте
заңнамалық нормалар арқылы:
– тұрақты мониторинг (жалға
алудың алғашқы 5 жылында - жыл
сайын, одан кейінгі кезеңдерде
суармалы егістіктерде әр 3 жыл
сайын, тәлімі жерлерде әр 5 жыл
сайын) жүргізу арқылы жер пай-
даланушылардың жерді ұтымды
пайдалануына және өзіне беріл-
Жер реформасы бойынша
комиссияның шешімдеРі жАРиялАнды
Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары –
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің
төрағалығымен өткен Жер реформасы бойынша ко-
миссияның кезекті отырысында осы бағыттағы бұған
дейін атқарылған жұмыстардың қорытындылары тұжы-
рымдалды.
ген міндеттемелерді орындауына
бақылауды күшейту;
– Жер кодексінде ауыл шаруа-
шылығы жерлерін берудің жеке
және егжей-тегжейлі регламент-
тейтін тәртібін белгілеу;
– ауыл шаруашылығы жерлерін
беру жөніндегі конкурстардың
ашықтығын қамтамасыз ету үшін
конкурс комиссиясының құрамы-
на қоғамдық кеңестер мен бір-
лестіктердің өкілдерін қосу;
– әкімдіктердің ауыл шаруа-
шылығы жерлерін беру жөніндегі
нақты іс-қимылдары тәртібін бел-
гілейтін конкурс өткізу қағида-
ларын әзірлеу;
– жалға беру мерзімін бизнес-
жоспарға сәйкес инвестициялар
көлеміне қарай айқындау. Жалдау
мерзімін ұзарту туралы шешім-
ді қоғамдық кеңестер мен бір-
лестіктердің қатысуымен, жерді
пайдалану мониторингінің және
жалдау шартының талаптарын
тиісінше орындалуының нәтиже-
лері бойынша қабылдау қажетті-
лігін айқындау;
– жер пайдаланушылардың мін-
деттері мен жауапкершілігін нақ-
тылай және күшейте отырып, ауыл
шаруашылығы жерлерін жалға бе-
рудің үлгілік шартын әзірлеп бекі-
ту;
– ауыл шаруашылығы жерлерін
тиімді пайдаланудың талаптарын
күшейту.
Екіншіден, қазақстандықтарға
жалға берілетін ауыл шаруашылы-
ғы жерлерінің шекті (ең жоғары)
мөлшерлерін белгілеу ұсынылды.
Үшіншіден, шекара маңы ау-
мақтарындағы ауыл шаруашылы-
ғы жерлерінің мемлекеттік шека-
радан радиусын айқындай оты-
рып, жергілікті жағдайларға және
өңірдің ерекшеліктеріне байла-
нысты оларды беру жөніндегі та-
лаптарын анықтап, бекіту ұсы-
нылды.
Төртіншіден, халықтың қосал-
қы шаруашылықтар мұқтаждық-
тарын қанағаттандыру үшін елді
мекендердің айналасындағы жа-
йылымдар мен шабындықтардың
алаңдары айқындалып, ол жеке-
лерді Қазақстан Республикасы же-
ке және заңды тұлғаларына беру-
ге тыйым салу ұсынылды. Яғни
жергілікті тұрғындарды жайылым-
дар және шабындықпен қамтама-
сыз ету мақсатында, осындай ал-
қаптар мемлекеттік мұқтаждық-
тарға алуға жатқызу керек.
Бесіншіден, жер реформасы
шеңберінде кеңінен талқыланып
отырған жерді жеке тұрғын үй құ-
рылысы үшін берудің проблема-
лық мәселелерін ескере отырып,
әкімдіктерге ЖТҚ-ға арналған жер
учаскелерін мемлекет мұқтаждық-
тарына сатып алу мүмкіндігін бе-
ру үшін ЖТҚ берілетін жерлер
мемлекеттік мұқтаждықтарға жат-
қызу ұсынылды. Яғни 10 сотық
алуға кезекте тұрған азаматтар
санының миллионнан асқаны өз
алдына, облыс орталықтары мен
ірі қалаларда инфрақұрылым-
мен қамтамасыз етілген бос жер-
лердің жоқтығы мәселенің өткір
тұрғанын көрсетеді. Соңғы ширек-
те Call-орталықтары мен jerturaly.
kz сайтына келіп түскен ұсыныс-
тар мен өтініштердің басым бөлі-
гінің де осы мәселенің айнала-
сында өрбитіні осы бағытта жұ-
мыстануды талап етеді.
Алтыншыдан, комиссия мүше-
лерімен қабылданған ауыл шаруа-
шылығы мақсатындағы жерлерді
жалға беру институтын жетілдіру
бойынша ұсыныстары Қазақстан
Республикасы Парламентіне енгі-
зу ұсынылды.
Жетіншіден, Ауыл шаруашылы-
ғы министрлігі жарғылық капита-
лында шетелдіктердің үлесі бар
бірлескен кәсіпорындарға ауыл
шаруашылығы жерлерін жалға
беру нормаларын да жариялан-
ған мораторийге қосу жұмыста-
рын атқару ұсынылды.
Сегізіншіден, Ауыл шаруашы-
лығы министрлігі комиссия қабыл-
даған шешімдерді заң талапта-
рына сәйкес рәсімдеп, Қазақстан
Республикасы Парламентіне енгі-
зу жұмыстарын ұйымдастыру жә-
не жер заңнамасын жетілдіру жұ-
мысын жалғастыру ұсынылды.
Тоғызыншыдан, Жер кодексін-
де мораторий жарияланған сұрақ-
тар бойынша негізделген нақты
шешімдер қабылдау үшін ауыл
шаруашылығы жерлерінің пай-
даланылуы туралы дәйекті мәлі-
меттерді толықтыру, оларға ег-
жей-тегжейлі түгендеу жұмыста-
рын жүргізу қажеттілігін ескере
отырып, Қазақстан Республикасы
Президентіне қолданыстағы мо-
раторийдің мерзімін 5 жылға, яғ-
ни 2021 жылдың 31 желтоқсаны-
на дейін ұзарту ұсынылды.
Оныншыдан, беріліп отырған
ұсыныстарды Қазақстан Респуб-
ликасы Президенті қабылдаған
жағдайда комиссия жұмысын тоқ-
тату ұсынылды. Яғни комиссия
мүшелеріне жер заңнамасын бұ-
дан әрі жетілдіруге байланысты
жұмысқа қызығушылығы болатын
болса, онда Ауыл шаруашылығы
министрлігімен бірге бұл жұмысқа
қатыса алатындығы ескертілді.
www.tengrinews.kz
Нұрсұлтан Назарбаев пен Вла-
димир Путин G20, ТМД мемлекет-
тері басшыларының кеңесі және
Қазақстан-Ресей өңіраралық ын-
тымақтастық форумы аясында өте-
тін алдағы кездесулерге дайын-
дық барысын қарастырды.
Мемлекет басшысы Сочи қала-
сына шақырғаны үшін В. Путинге
алғыс айтып, оның Ресей өңірле-
рін дамыту жолындағы қажырлы
еңбегін атап өтті. Нұрсұлтан
Назарбаев екіжақты ынтымақтас-
тықтың қарқынына ризашылығын
білдіріп, оны Қазақстанның іл-
герілете түсуге ниетті екенін айт-
ты.
– Біздің қарым-қатынасымыз
саяси тұрғыдан да, экономикалық
тұрғыдан да үлгі етуге лайық деп
санаймын. Осы жылдары Қазақ-
стан мен Ресейдің 6 мың бірлес-
кен кәсіпорны құрылып, интегра-
циямыздың өмірде нақты іске
асқанын көрсетті. Алдағы Қазақ-
стан-Ресей өңіраралық ынтымақ-
тастық форумына үлкен үміт арта-
мын. Оның экономикалық тұрғы-
дан маңызды кездесу екенін біле-
мін, осыған орай көптеген жоба-
лар әзірленуде. Қазіргі мәселе-
лер біздің үкіметтеріміз арқылы
шешімін табуда. Елдеріміздің мін-
деті – осындай қиын жағдайда
әрдайым бірге болу және бір-бі-
рімізге көмектесу. Достық, ынты-
мақтастық пен өзара көмек туралы
шартқа және ХХІ ғасырдағы тату
көршілік пен одақтастық туралы
шартқа негізделген Қазақстан-Ре-
сей қарым-қатынасы тұрақты бо-
лып қала береді. Қазақстан мен
Ресей сенімді көрші әрі әріптес
болып саналады және барлық
мәселелерді өркениетті елдерде-
гі үлгі бойынша шешеді. Ресейдің
Түркиямен қарым-қатынасы жақ-
сарып келе жатқанына қуаныш-
тымын, – деді Қазақстан Прези-
денті.
В. Путин Қазақстан Президен-
тінің Ресей-Түркия қарым-қатына-
сын қалыпқа келтіру жолындағы
қайрат-жігері үшін алғыс айтып,
жағдайды реттеудегі бітімгерлік
миссиясын атап өтті.
– Көріп отырғанымыздай, бұл
қадам жемісті болды. Біз көптеген
жыл бойы бірегей ынтымақтас-
тық қарым-қатынасымыз бен өзара
іс-қимылымыз орныққан достас
Түркиямен толық форматтағы қа-
рым-қатынасты қалыпқа келтіру-
ге риясыз ұмтылыс жасап отыр-
мыз. Түркия Президенті Р. Ердо-
ғанның Ресейге соңғы сапары екі-
жақты байланыстарды қалыпқа
келтіру ғана емес, оны дамыту жө-
нінде де біздің толыққанды жұмыс
жүргізуге ниетті екенімізді дә-
лелдеп берді. Сол үшін Сізге көп
рақмет, – деді Ресей Президенті.
Бұдан бөлек В. Путин Қазақстан
мен Ресей арасындағы страте-
гиялық серіктестіктің барлық
бағыт бойынша табысты дамып
келе жатқанына назар аударды.
– Әрине, біз экономикада қиын-
дықтарға да кезігіп тұрамыз, әсі-
ресе, әлемдік шикізат нарығында-
ғы тұрақсыздық пен валюталық
ауытқу жағдайында төмендеу бай-
қалуда. Бұл ретте нақты көлемі
жөнінен ол соншалықты көп емес
– небәрі 7%. Қазіргі ынтымақтас-
тық тетіктері бізге оны еңсеруге
мүмкіндік береді. Ал бізде мұн-
дай тетіктер тиімді жұмыс істеуде,
– деді Ресей Президенті.
www.akorda.kz
3
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
ҚоғАм
Осы мерзімде жыл бойы жұ-
мыс жасайтын негізгі және қосал-
қы қондырғыларда алдын алу
және жөндеу жұмыстары жүргі-
зіледі, жылу желілері коллек-
торлары, бу және су құбырлары
гидравликалық сынақтан өтеді.
Бұл жұмыстар тұрғындардың
игілігі үшін жылу желілерінің
жұмысын жақсарту мақсатында
жүзеге асырылуда. Уақытша қо-
лайсыздықтар үшін кешірім сұ-
рай отырып, тұрғындардың бұл
жұмысқа түсіністікпен қарауын
сұраймыз.
Қосымша ақпаратты мына
телефоннан алуға болады:
23-95-07, 23-79-57, 23-95-37
тұрғындар
назарына!
Жылыту маусымына
дайындыққа байланыс-
ты «KEGOC» АҚ-ның келі-
сімімен 22-25 тамыз ара-
лығында «Жайықжылу-
қуат» АҚ-ның «Орал жы-
луқуат» орталығының
қуат беру жабдықта-
рын толықтай тоқтату
көзделген.
Қазақстан Республикасында жер-
гілікті өзін-өзі басқарудың қалып-
тасуы – мемлекет пен азаматтық
қоғам институттарының дамуымен
байланысты көп кезеңдік құбылыс.
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев
Қазақстан халқына Жолдауын-
да «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілік-
ті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың
қатысуын кеңейтудің маңызы зор» деп атап өтті. Сондай-ақ
ҚР Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-
өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы жергілікті өзін-өзі
басқаруды дамытудың негізгі бағыттарын, ұстанымы мен
тәсілдерін айқындап берді.
Сұйытылған газ
бағасы өзгерді
Жергілікті өзін-өзі басқару
ТеТікТеРі жеТілдіРілуде
Табиғи монополияларды рет-
теу және бәсекелестікті қорғау
комитеті БҚО бойынша депар-
таменті басшысының орынбаса-
ры Клара Әлиеваның айтуынша,
босату бағасының көтерілуіне
байланысты «Тәуекел» және
«Алау» ЖШС сұйытылған газ ба-
ғасын 57,7 пайызға өсіруге өті-
нім берген еді. «Тәуекел» ЖШС
өтінімі бойынша қосымша құн
салығынан (ҚҚС) алғанда 1 литр
үшін моторлы отын есебінде-
гі сұйытылған газ бағасы 53,95
теңге көлемінде бекітілді. Яғни
газ бағасы 38,3 пайызға артты.
Ал «Алау» ЖШС бойынша сұ-
йытылған газ бағасы 1 литр үшін
54,13 теңге болды. Өсім – 38,8
пайыз.
Сұйытылған газ бағасы тек
осы қос кәсіпорын бойынша рет-
теледі, қалғандары бәсекелес-
тік ортаға жіберілген.
Айта кетейік, бұдан бұрын
1 литр үшін отын бағасы 39 тең-
ге болатын.
Облыстағы автогаз құю
стансаларында сұйытыл-
ған газ бағасы 40 пайызға
жуық өсті.
Базарда мал азығынан бас-
тап, бау-бақша дақылдары және
балық, ет, сүт өнімдерін тұрғын-
дар арзан бағамен сатып алды.
Биылғы жылы шөптің бір бу-
масының бағасы 2000-2500 тең-
ге, тоқтылардың құны 12000-
15000 теңге шамасында болды.
Жәрмеңке әр аптаның сенбі күні
ұйымдастырылып тұрады.
Жәрмеңке
жалғасуда
Өткен аптада Қазталов
ауданының орталығында
ауыл шаруашылығы өнім-
дерінің жәрмеңкесі ұйым-
дастырылды.
Т
ұжырымдаманы жүзеге
асырудың бірінші кезе-
ңінде (2013-2014 жылдар)
жергілікті өзін-өзі басқару орган-
дарының өкілеттіктерін айқын-
дайтын нормалар заң жүзінде
бекітілді. Жергілікті маңызы бар
мәселелерді шешу үшін қаржы-
лық дербестікті кеңейту мақсатын-
да аудандық маңызы бар қала,
ауыл, кент, ауылдық округ әкімде-
ріне жергілікті өзін-өзі басқару-
дың кіріс көздерін қалыптасты-
ру, жергілікті өзін-өзі басқарудың
функцияларын іске асыруға бағыт-
талған кірістер мен шығыстар
көрсетілетін арнаулы шоттар ашу
құқығы беріледі.
Қазіргі таңда аумақтық қазына-
шылық органдарында 151 жергі-
лікті өзін-өзі басқарудың арнайы
шоты ашылып, жұмыс жасап жа-
тыр. Бұл шоттарға түсетін кірістер
мемлекеттік мүлікті жалға беру-
ден, жеке және заңды тұлғалардың
ерікті жарналары, сыртқы жарна-
ма орналастыру үшін төлем, атал-
ған шоттарға тікелей түсетін әкімші-
лік құқықбұзушылықтар үшін айып-
пұлдар, сонымен қатар аудан (об-
лыстық маңызы бар қала) бюд-
жетінен жергілікті өзін-өзі басқа-
ру органдарына берілетін транс-
ферттер есебінен қалыптасады.
2015-2020 жылдарды қамтитын
екінші кезеңге сәйкес жергілік-
ті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін
жергілікті өзін-өзі басқару органда-
рына алты салық түрі, соның ішін-
де жеке тұлғалардың мүлкіне салы-
натын, жеке және заңды тұлғалар-
дан көлік құралдары үшін алынатын
салықтар қолданыстағы бюджеттік
заңнамаға сәйкес аудандық (қала-
лық) бюджетке түседі, содан соң ау-
дандық және Орал қаласының қар-
жы бөлімі арқылы трансферттер тү-
рінде жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының қолма-қол ақшаны
бақылау шотына аударылады.
2016 жылдың 1 шілдесіне түсім-
дер 474,8 млн. теңгені құрады. Тү-
сімдердің басым бөлігі – 272,0 млн.
теңге – Бөрлі ауданының жергілік-
ті өзін-өзі басқарудың қолма-қол
ақшаны бақылау шотында қалыптас-
ты. Ақсай қаласының әкімдігінен
ға беруден 2,7% (12,9 млн. теңге),
басқа салық түрлерінен 1,1%
(5 млн. теңге) кіріс түсті.
Ал жыл басынан 83,9 млн. тең-
ге шығын есептелді. Бұл қаражат-
ты негізінен жергілікті қоғамдас-
тық келісімімен ауыл, кент, аудан-
дық маңызы бар қала әкімдері
әр түрлі әлеуметтік маңызы бар
мәселелерді шешуге жұмсады.
Мысалы, аудандардағы елді ме-
кендер мен Ақсай қаласының кө-
шелерін жарықпен қамтамасыз
ету қолға алынды, абаттандыру
және санитарлық жұмыстар жүр-
гізілді.
Бірінші жартыжылдық бойын-
ша жергілікті өзін-өзі басқару-
дың қолма-қол ақшаны бақылау
шотындағы қаражат қалдығы
465,8 млн. теңгені құрады. 2015
жылдың 2 қарашасында мемле-
кет басшысы «Қазақстан Респуб-
ликасының кейбір заңнамалық
актілеріне Қазақстан Республика-
сындағы жергілікті өзін-өзі бас-
қаруды дамыту мәселелері бо-
йынша өзгерістер мен толық-
тырулар енгізу туралы» заңына
қол қойды. Яғни «100 нақты қа-
дам» Ұлт жоспарының 97-қада-
мына сәйкес әкім кандидатура-
сын тағайындау немесе босату-
ды, жергілікті маңызы бар өзге
мәселелерді шешуді жергілікті
қоғамдастық жиындарында тал-
қылауға беру кезең-кезеңімен
жүзеге аспақ. Ал 98-қадам шең-
берінде мемлекеттік бюджеттің
дербес деңгейі түрінде жергілік-
ті өзін-өзі басқару бюджетін ен-
гізу де қарастырылған. Ұлт жос-
пары бойынша бірінші кезеңде
(2016-2017 жылдары) жергілікті
өзін-өзі басқарудың салықтық
әлеуеті күшейтілмек. Екінші ке-
зеңге сәйкес 2018 жылдан бас-
тап тұрғындар саны 2 мыңнан аса-
тын әкімшілік-аумақтық бірлік-
те, 2020 жылы барлық ауылдық
округте жергілікті өзін-өзі басқа-
рудың дербес бюджеті болады.
Бұдан басқа облыс орталықта-
рында жергілікті бюджет жоба-
ларын талқылауға азаматтарды
қатыстыру жоспарлануда.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспа-
рында жергілікті өзін-өзі басқа-
рудың қаржылық және экономи-
калық дербестігін кеңейту көз-
делген. Яғни басты мақсаттар-
дың бірі – халық пен мемлекеттік
билікпен өзара іс-қимыл жүйе-
сін қалыптастыру, тұрғындардың
жергілікті маңызы бар мәселе-
лерді шешуге белсене қатысу-
ларына негіз жасау.
Болат АЙБЕРСтИЕВ,
облыстық қаржы
басқармасының
бөлім басшысы
218,4 млн. теңге, сонымен қатар
Зеленов ауданының ауылдық ок-
руг әкімшіліктерінен 38,1 млн.
теңге, Теректі ауданының әкімді-
гінен 31,7 млн. теңге, Ақжайық
ауданының әкімдігінен 30 млн.
теңге қаражат құйылды. Жергі-
лікті өзін-өзі басқару органдары-
ның қолма-қол ақшаны бақылау
шотындағы түсімдердің ең ба-
сым үлес салмағын, яғни 96,2 па-
йызын жергілікті өзін-өзі басқа-
ру органдарына аудандық (қа-
лалық) бюджеттерден берілетін
трансферттер (456,9 млн. теңге)
құрады. Мемлекеттік мүлікті жал-