Өтірік өЛЕҢдер мейірбанның Өтірігі



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі191,43 Kb.
#5467

ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР

МЕЙІРБАННЫҢ ӨТІРІГІ

Мейірбан  —  албан,  қызылбөрік  руынан.  Бұл  күнде  ұрпағы  Алматы  уезінде  Қызылбөрік

болысында.  Өтірік  өлеңдегі  «Бүркіттен»  бастап,  «Кер  бие,  торы  құлын»,  «Торы  тайды»

айтып «Шыбынды» да шығарады.

МЕЙІРБАННЫҢ ӨТІРІГІ

Жағалай Құрөзекті ауылым қонды,

Үй тігіп, жүк жиғанша ымырт болды.

Білге қара асынып аң іздедім,

Үйде нағып отырсың, Мекен сорлы.

Жағалай Құрөзекті шыға салдым,

Таңға жақын бір елік атып алдым.

Бүйрек майын шыжғыртып ішіп алдым,

Таң қыланда мызғымға жатып қалдым.

Нанбаңыз айтқаныма болса жалған,

Сауданың сөзі емес сатып алған.

Күн шығарда оянып дөңге шықсам,

Қияда бір бүркіт тұр ұя салған.

Қайта ойға, қуандым да, түсе қалдым,

Ұзынша бір құрықша кесіп алдым.

Желмей, жортпай қиядан құсты алуға,

Басына балапанның тұзақ салдым.

Балапан да бұлқынды асаудайын,

Тартынғанды тарпаңдап баса алмаймын.


Тас құлатып, тау бұзып торлағанда,

Бақайын баса сүзді бас маңдайым.

Қойымды қоңыр ақсақ айтып сойдым,

Ши қоршап балапанды қойып қойдым.

Шығармай шып-шырғасын түгел асып,

Бүркітке арқа-мойын жемге қойдым.

Сынаттым Байтоғашқа келген күні,

Бар екен əр жерінде белгі жүні.

Бұл менің шұбарыма ұқсайды екен,

Жабысты маған бер деп күні-түні.

Ертеңіне ап шығып аңға салдым,

Салған күні үш қасқыр, бес түлкі алдым.

Келесі күні он қасқыр, он қарсақ ап,

Шаршаған соң, тау асып жатып қалдым.

Түсімде түлкі алғаным есімде бар,

Түлкіме етік алыппын өкшесі бар.

Таң атқан соң жорыттым үлкендерге,

Бір жақсы ат мінесің деді жорушылар.

Əркім-ақ бұл бүркітке қолқа салды,

Он екі ай ұдайы салдым жануарды.

Бір саятта шіркінге көз өтті ме,

Қолға оралмай, тас болып қатып қалды.



КЕР БИЕ, ТОРЫ ҚҰЛЫН

Ауылым тұрған көктеп,

Асы жайлап,

Пендені жүреді екен нəсіп айдап.

Бөктерге жазға салым түсіп қонып,

Қой қоздап ақ шықты ғой, сүтке аймақ.

Ауылым Асы жайлап,

Түрген көктеп,

Жүр едім жауыр кер биеге жем-қом ептеп.

Бір жағын жем-қомымның қылмен көктеп,

Саудагер сарт кеп қалды мата жүктеп.

Қасына саудагердің бардым енді,

Көзімді көлігіне салдым енді.

Қарасам кер биенің əрпі тəуір,

Атыма айырбастап алғым келді.

Қызықтым кер биенің тұлғасына,

Мінетін бедеу екен ұрғашы мал.

Жабыстым «Айырбаста» деп шаужайынан,

Мекеңнің беріп кет деп құласына.

Соңынан сарттың түстім бері беттеп,

Құланды мақтап жүрмін тұлпар еді деп.

Қостырып оны-мұны тағы үстіне,

Ат беріп, айырбастап алдым ептеп.


Атым да кəрі-ақ еді тісі кеткен,

Сырғанап шыға алмайды қия беттен.

Атымды аса мақтап үсті-үстіне,

Мата алдым, бес қалам мен сексен кетпен.

Бір ішім тамыр дəрі, қырық құшала,

Қос уыс сарт санадан қосты жəне

Қызыл бояу, қалампыр, можысымен,

Ине-түйме алыпты қатын бала.

Көп айтсам өтірікті болады өсек,

Ашудасы тостағандай екі кесек.

Нəрселер ондай-мұндай тағы да бар,

Алыпты айна-тарақ келін-кешек.

Құлжадай тірі апиын, тотияйын,

Сартыңнан да асырдым сауда жайын.

Көріктей кер биені кезіне айдап,

Берді ғой деп қуанам бір құдайым.

Сарт кеткен соң сауданы есептеймін,

Тотияйын, ашудас — кесек деймін.

Кəрі атыма жас бие, бұйым алып,

Сауда сайын сартты естіп жесек деймін.

Ойласам, бес қаламды о да бір қой,

Құнына қырық дəрінің жете ме ой.

Айна, тарақ, ине жіп, қалампырды,

Жігіттер, ол не болар есептеп қой.



Жігіттер, жөні бөлек жақсы малдың,

Бір бием, ат та бар деп көп қуандым.

Бар еді бір айғырым озып жүрген,

Қосақтап үйіріне қоса салдым.

Бұл бием маңдам екен соныменен,

Құйрығын алдым күзеп жалыменен.

Маңдамын үш қидырып жіберіп ем,

Солқылдақ қыстан шықты бағымменен.

Мойнына жануардың тақтым тұмар,

Мінбекке құлындатып болдым құмар.

Сол жылы алты ай қыстай жылқы бағып,

Деп жүрмін жануарым қашан туар.

Сол жылы жылқы бақтым жылқышы боп,

Кер бием, ат табар деп көңілім тоқ.

Айғырдың үйіріне жетіп келсем,

Кер бием ұшты-күйді, зым-зия жоқ.

Желіні тор биенің толған екен,

Жылқышы бір ауылға қонған екен.

Күні бұрын арқандап бағып алмай,

Менен де бір қапыстық болған екен.

Желіні кер биенің жеткен екен,

Жылқышы бір ауылға кеткен екен.

Басыма кер биені байлап жатпай,

Менен де бір надандық өткен екен.



Желіні кер биенің жеткен екен,

Жылқышы бір ауылға кеткен екен.

Жүгіртіп торы айғырмен ізін шалсам,

Шелекті баса-көктеп өткен екен.

Бір айғырым құр жүрген салмай тоқым,

Байқаушы едім, сақ жейтін тұяқ отын.

Сол айғырды үйірден ұстап мініп,

Қуып келем биенің шашқан боғын.

Құр жүрген айғыр жазы, күзіменен,

Биенің соғып келем ізіменен.

Күн жауып Кіндіктаста, ізін шайды,

Сонда да келем жортып көзіменен.

Торпақтап торы айғырды шықтым өрден,

Болжаушы едім жас күнімде талай жерден.

Меркіннің ар жағында бір қара тұр,

Көзім де көз емес пе соны көрген.

Бұттап ап жосып кеттім ылди төмен,

Сенбейсің бұл сөзіме айтқанымен.

Көзіме көрінеді алас-бұлас,

Бауырында абажадай қоңыр белең.

Мінгенім дəйім менің қара жал сұр,

Қайырып қаршығама ілдім бір құр.

Жүгіртіп қарайғанға жетіп келсем,

Меркіннің жағасында құлындап тұр.



Дегенім алас-бұлас енесі екен,

Белесім құлынымның денесі екен.

Тұрқы бар тоғыз құлаш жануардың,

Тұлпардың тұлпарының төресі екен.

Құлыны құмай келген торы құлын,

Жануар мен көрмеген шын зор құлын.

Қақпақ бел, қамыс құлақ, бөкен мойын,

Ағы бар алақандай тобығының.

Əндіжанның жалы майда жібегіндей,

Қол еті жолбарыстың жүрегіндей.

Сауыры кебеженің тақтайындай,

Сүбесі Іленің бар түбегіндей.

Шамсытпай жануарды жақын бардым,

Биенің де мойнына білек салдым.

Бием арық, айғырым жүрмеген соң,

Шандырлап торы құлынды мініп алдым.

Шандырлап торы құлын мініп алдым,

Қамшымды жерде жатқан іліп алдым.

Айғырымды бектеріп, бие еңгеріп,

Күн еңкейе Меркіннен үйге салдым.

Биемді іздеймін деп кеше шықтым,

Қасыма ешкімді ертпей жеке шықтым.

Бие өңгеріп айғырды бөктеріп ап,

Меркіннің бер жағына өте шықтым.



Жануар өрге салсам дүрілдейді,

Мұз тауда мұзға салсам сүрінбейді.

Баяғы сарттың қолы құтты екен деп,

Мұртынан Мекең дағы күлімдейді.

Ақжардың ауылым қонған өзегіне,

Сөзімнің қараңдаршы кезегіне.

Бие өңгеріп, айғырды бөктеріп ап,

Асының желіп шықтым кезеңіне.



ТОРЫ ТАЙ

Торы құлын келер жылы шықты тайға,

Оқи бер бата-құран туған айға.

Қуанышым қойныма күнде сыймай,

Құмалақ салдырамын жаңа айда.

Торы тайға бір күн мініп шықтым желіп,

Аттым тастан он бұғы, елу елік.

Шығармай шып-шырғасын артып алып,

Тайымды таң асырдым үйге келіп.

Тайымды байлап қойдым таң асырып,

Тұрмайды қызған неме аласұрып.

Төрт аяқ шабыс тілеп ойнап-билеп,

Тұр екен омыраумен көрмені ұрып.

Ақжарды ауылым қонған жайлайын деп,

Жылқышы бие айдап жүр байлайын деп.

Торы тай ертең-ерте қоя берсе,

Бүк түсіп жата кетті аунайын деп.

Торы тайым аунап кетті жүре желіп,

Он бұғы артып келген елу елік.

Суық көзден сақтай гөр құдайым деп,

Ішімнен бір мал айттым үйге келіп.


ШЫБЫН

Отырмын бір мал айтып, көңілім тасып,

Сол малды айтып сойып, көңіл басып.

Малдың етін таратып, жеп жатқанда,

Балалар түйе баққан келді сасып.

Сорпа ішіп жатыр едік, мал етін жеп,

Қойшылар аттан салды: «жау тиді» деп.

Ауылдан атты-жаяу, барлығымыз,

Төбеге түгел шықтық атой сап кеп.

Торы тай тұлпар туған құлын екен,

Сойған сірке терісі жырым екен.

Түйеші мен қойшының қорыққаны,

Шеріктен асқан үлкен шыбын екен.

Ажалдың өзім көрген асқаны екен,

Тұмсығын тұмсыққа кеп басқан екен.

Тауды, тасты қопарып қонған кезде,

Қой үркітіп, қойшылар да қашқан екен.

Алдырдым бір баладан мылтығымды,

Таяп келдім бетке алып бір тұғырды.

Алыстан қара құстай көрінеді,

Сайладым тағы бірге құрығымды.

Мылтықты алдым дағы тайға міндім,

Қапталдай үлкен сайды бойлай жүрдім.


Он қырқа, отыз құлаш өткеннен соң,

Нысан жерің осы деп тосып тұрдым.

Тайымнан атайын деп түсе қалдым,

Тайыма тарылдыртып шідер салдым.

Бұтағын шідерімнің ұстап тұрып,

Шыбынның үлкеніне қайран қалдым.

Кигенім аяғыма мықшима етік,

Басқаны білінбейді тырс-тырс етіп.

Мылтығымды қолға алып бір тізерлеп,

Бүкектеп қызыл тасқа бардым жетіп.

Мекең де соған барған батыр екен,

Шіркіннің атқанына татыр екен.

Жалтылдап шаңырақтай екі көзі,

Бағжайып, бақырайып жатқан екен.

Атқан оқ дəл бүйректен барып ұрды,

Таңырқап, бұл не деп мойын бұрды.

Шыбынның шыдамдысын содан көрдім,

Жығылмай бір оғыма қарап тұрды.

Мылтығыма оқ салдым маймен сылап,

Құдайға мəніжат қып қолдау сұрап.

Тақыр қолтық осы-ay деп тартқанымда,

Жыраға салдыр-гүлдір кетті құлап.

Кісен бар он салпыншақ сегіз сала,

Жүгірдім қожантымды қолыма ала.



Қарағай қапсай қирап, тас-талқан боп,

Шыбынның түскен жері дала-дала.

Қожантым кескен пышақ, өткір ұшты,

Шыбынға Мекең мықтап міне түсті.

Алла деп күресінен тартқанында,

Отаудай опырылып басы түсті.

Жылқышы жылқысынан шыға шауып,

Мылтықтың жеткен екен даусын танып.

О, тоба, мынау неткен аң еді деп,

Аузынан суы ағып, тұр таңдай қағып.

Жылқышы ел шетіне келді барып,

Мекең шыбын атты деп хабар салып.

Қаруым, қанша айтқанмен, бар күнінде,

Өзім-ақ даярладым бұзып жарып.

Жылқышы ел шетіне барып кепті,

Хабарын рулы елге салып кепті.

Шыбынның етін артып жеткізуге,

Он өгіз, тоғыз түйе алып кепті.

Қоңырбай құндап келді қара нарын,

Қасына ертіп келді алған жарын.

Бақайшықтың ішіне кіріп кетіп,

Түйреп шықты іш майын тоғыз қарын.

Шыбын да мұндай үлкен туады екен,

Шыбынның нақ семірген уағы екен.



Тобығы тоғыз қарыс қазандай бар,

Жілігі бір өгіздей жуан екен.

Бөктердім төрт өгізге бүйрек майын,

Шарбысын тағы да алдым, уа, құдайым,

Қарынның қатпаршағын атанға артып,

Бүйенді тастай салдым, не қылайын.

Ет тізген он бір арқан, жеті желі,

Сонда да қайыспады тайдың белі.

Кіреді жерді басса тізесінен,

Кіреді тасты басса жуан елі.

Терісін тоғыз күндей суға салдық,

Қырық құлаш таспа қып тіліп жардық.

Қарық болып иіріп аулымызбен,

Қайратып тоқсан пышақ жүнін алдық.

Сонда да шет пұшпағы босқа қалды,

Құдай бізге берді ғой мұндай малды.

Керегенің кеткенін көктейміз деп,

Əнекеңнің ауылы жинап алды.

Ауылым Түрген көктеп,

Асы жайлап,

Жүр екен енді ойласам нəсіп ойлап.

Шыбынның жілігінен науа салып,

Сол жылы батып қалдық егін айдап.

Мекең сөйтіп шыбынды атады енді,



Атып келіп аулына жатады енді.

Мекең биыл үлкен аң атыпты деп,

Қырғыз, қазақ айтады даңқын елі.

Қырғыз бенен қазаққа даңқты болды,

Ет аңдитын қонақтың салты болды.

Əлімнің Аққызының дауыменен.

Он үш дулат үйіме баса қонды.

Желкілдеп қатын-бала суға барды,

Қазанға бір жілігін бұзып салды.

Алдына ұсақ турап қойып едім,

Тауыса алмай табақта ет артылып қалды.

Аң қудым ертеңіне Текесті өрлей,

Екпіні торы тайдың соққан желдей.

Отыз бұғы, он марал қуып ұстап,

Аяңдап үйге қайттым бəрін теңдей.

Отыз бұғы, он шақты марал атып,

Бəрін байлап жаныма салаңдатып.

Тайымды таң асырып байлап қойсам,

Қалыпты тайым өліп жамандатып.

Торы тай арыстай боп жатыр сұлап,

Өгіздей боп өкірдім тайға жылап.

Ағайын албан-суан көңіл айтып,

Бата оқып келіп жатыр құда, жегжат.

Осының жалған емес бірде-бірі,



Бұл бір бастан кешкен іс доңыз жылы.

Сенбесеңдер жан үшін құран ұста,

Сондағы Шалқыбай ит əлі тірі.

Айттым да өтірік өлең айла қылдым,

Кесіп ап бегегені найза қылдым.

Шыбынды үш қонаққа сойып беріп,

Жарты етін алып қалып пайда қылдым.

Соғымға баяғыда тышқан шықты,

Жабылып он бес жігіт зорға жықты.

Өзгем өтірік болса да осыным шын,

Басқасы бүйрек майдан бес қап шықты.

Артқаным бір қоянға бес қап тұзды,

Басады қатыр-құтыр жалтыр мұзды.

Екі күн жүрсем дағы ішін тартпай,

Қампиып қардың бетін қарны сызды.

Шыбын сойып елімді қарық еткенмін,

Тұқылын тұмсығының балта еткенмін.

Сойғанда қара шыбын қазан толып,

Соймасқа енді шыбын ант еткенмін.

Міндім де тасбақаға, аяңдадым,

Қудым да құмдауыттан қоян алдым.

Қояны сол араның семіз екен,

Көтеріп тасбақаға қоя алмадым.

Масаның кішкенесі батыр екен,



Көк сона діннен шыққан кəпір екен.

Үйіне сол кəпірдің жетіп барсам,

Ac беріп əкесіне жатыр екен.

Көнектей көбелектің жұмыртқасы,

Құдайым тап осылай жарылқасын.

Бір қызын инеліктің алып қашып,

Бітпей жүр баяғыдан барымтасы.

Міндім де қара тышқан Мекке кеттім,

Жеткізбей қуған елге жеке кеттім.

Тышқаным сөйтіп жүріп жауыр болып,

Екі үзік, бір туырлық жел-қом еттім.

Айдадым бес сауысқан Петерборға,

Жануар өзі жүйрік, өзі жорға.

Өзгем өтірік болса да осыным шын,

Келемін кекілік артып бес жүз нарға.

Жүк артып инелікке ерте көштім,

Шүйкелеп сары майдан арқан естім.

Мұртына шегірткенің ат арқандап,

Дегенше өлдім-талдым əзер шештім.

Қайныма қарға мініп ұрын бардым,

Күйеуден өзім қатар бұрын бардым.

Айғырын тасбақаның ұстап мініп,

Алдынан қайын атамның қырындадым.

Отыным жаздай жаққан мұздан болды,



Салымым сексендегі қыздан болды.

Былтырғы жерошаққа жаққан отын,

Тұтанып биыл ғана қызған болды.

(Құрманəліден)



РАДЛОВ ЖИНАҒЫНАН

Міндім де осырақ қоңыз аяңдаттым,

Болдыртып аяғына қоянды аттым.

Апырым-ай! Сол қоянның семізін-ай,

Көтеріп қоңызыма қоя алмаппын.

Үш жаста мергеншілік кəсіп қылдым,

Ши оқпен мың құланды атып қырдым.

Ауынан өрмекшінің кілем тоқып,

Ұялмай жүз тоқсаннан сатып тұрдым.

Айттым да өтірік өлең, жұртқа жақтым,

Балықтың қабыршағын отқа жақтым.

Бір сонам асыранды қашып кетіп,

Меккеден он жыл іздеп азар таптым.

Ақылдан ер жеткен соң болдым жарым,

Бір суыр мал дегенде қолда барым.

Қатыным ту қоянды жаздай сауып,

Түйреді сары майдан екі қарын.

Міндім де осырақ қоңыз сона қудым,

Үш жұма үш ай жүріп, қона қудым.

Қумасқа белді байлап тұрып едім,

Дегенге жеңгем жерік бола қудым.

Бай болдым төрт түлікке тумай жатып,

Балама қалың бердім барым сатып.


Білімін мал жиюдың ерте біліп,

Сондықтан кедейлікке қалдым батып.

Байлықтан азап шектім ақырында,

Бір түйір мал болмады жақынымда.

Малымның бəрін жинап отқа жағып,

Отырмын кедейліктің тақырында.

Қамыстан жылқы ұстауға құрық қылдым,

Жусаннан үйге тіреу сырық қылдым.

Бір талын сақалымның кесіп алып,

Көшкенде мал айдайтын шыбық қылдым.

Жиынға салтанатқа кидім құрым,

Қытықтап зорға айтқыздым ханның сырын.

Келгенде қалыңдығың сексен төртке,

Қайныма бес жасымда бардым ұрын.

Жүз салған қорғасыннан қара балтам,

Шықпады он матадан сыңар қалта.

Дəулеттің құдай берген арқасында,

Көшемін жүз түлікке жүгімді арта.

Мен көрдім қара шіркей бала қаздай,

Жүк арттым бес қарсаққа ала жаздай.

Түлкісін қырдың қызыл жайлаймын деп,

Қан түсті аяғыма өле жаздай.

Тамырға өтірікті қап-қап бердім,

Найзасын нар қамысқа саптап бердім.



Жүйрігін тасбақаның ұстап мініп,

Түлкіге төмен қашқан тап-тап бердім.

Басына Қап тауының қора қылдым,

Бітер деп бес мың жылқы жора қылдым.

Топан су тау басына дамыл бермей,

Қылмасқа енді қора тоба қылдым.

Баласы қасқа айғырдың бөлтірікті,

Айтпаймын өлтірсең де өтірікті.

Мың кісі бір тышқанға мінгескенде,

Апырым-ай, бəрін тулап өлтіріпті.

Мен өзім кішкенемнен қарға бақтым,

Қашырмай сол қарғаны зорға бақтым.

Біреуі жануардың жүйрік шығып,

Мойнына ақ киізден арқан тақтым.

Мизамның сілемейін желі қылдым,

Шымшықтың жұмыртқасын келі қылдым.

Қамыстан сегіз қанат үй істедім,

Бір қызын кесірткенің келін қылдым.

Шымшықтың шылым шектім бақайынан,

Қоянның атым үрікті топайынан.

Тазымның нағашысы етікші еді,

Көртышқанның етік қылдым шоқайынан.

Басына бəйтеректің тіктім орда,

Көкорай шалғын екен қора-қора.



Қос атпен күні-түні бірдей қуып,

Қашаған бір битімді тұттым зорға.

Мен өзім өтірікпен жалт еткенмін,

Биялай бит терісін қалта еткенмін.

Етіне бір шіркейдің қазан толмай,

Соймасқа қайтып шіркей ант еткенмін.

Мыс егіп көбік қарға, алтын ордым,

Ініне абжыланның қақпан құрдым.

Шегірткем мініп жүрген тулап еді,

Жалғыз тал қыл қамшымен өлгенше ұрдым.

Түгестім саптаяқпен Сырдың суын,

Он нарға артып жүрмін қыздың буын.

Еншіге əкем берген мың қоянның,

Соғымға қырып алдым таңдап туын.

Тілімнің келмейді ебі өтірікке,

Тақсыр-ау, осыным да өтірік пе?

Қырық байтал қалың малға санап алып,

Қыз бердім отау тігіп кекілікке.

Биені қымыз іштім мұзға байлап,

Тышқанды жауыр қылдым үш жыл жайлап.

Қырық тоғыз мүшелімде əкем туып,

Жүгірдім қуанғаннан алақайлап.

Қошқардың қағанақтан күйегі бар.

Шідердің мұздан жонған тиегі бар.



Жұртым-ау, осыған да нанбаймысың,

Қырық арба, бір қаншырдың сүйегі бар.

Шымшықтың шылым шектім қу басынан,

Жалған емес, айтайын турасынан.

Қырық қарға, отыз сона құда болып,

Инелік киіт киді құдасынан.

Серік боп құрылтаймен қылдым сауда,

Айналды серіктіктің арты дауға.

Борсыққа жарап жүрген мініп шауып,

Ұрандап бір бүйірден тидім жауға.

Дариға, тоған бастым ебелектен,

Жаратып қасқыр қудым көбелекпен.

Жығылып тас кенеден мойны үзіліп,

Бір кемпір ə дегенше өле кеткен.

Аспанға алты жерден тіреу қойдым,

Тіреуге құрқылтайды байлап сойдым.

Жүрегін құрқылтайдың төрт бөліп жеп

Нансаңыз өмірімде бір-ақ тойдым.

Сауысқан əлден асты аққуды іліп,

Елімді қызғыш шауып салды бүлік.

Қақайып кеше кешке жеген еттен,

Қолқамда бес жыл тұрды кəрі жілік.



БАУЫРСАҚ ШАЙНАҒАНДА

БАЛАЛАРДЫҢ АЙТАТЫНЫ

Нəйім-нəйім бауырсақ,

Қойға қарай жүгірсек,

Қой ішінде көк ісек,

Жақсы бала малсақ,

Жаман бала үй күшік.

Нəйім-нəйім бауырсақ,

Бауырсақты қуырсақ.

Жақсы бала малсақ,

Жаман бала ауылсақ.



ӨТІРІК ЕРТЕК, ҰСАҚ ƏҢГІМЕЛЕР

ЖҮЗ АУЫЗ ӨТІРІК АЙТҚАН ТАЗША

Баяғыда бір хан болыпты. Ханның сұлу қызы бар екен.

Бір күні хан: «Кімде-кім жүз ауыз өтірік айтса, қызымды беремін!», — деп жариялапты.

Таланттының бəрі де өтірік айтамын деп одан-бұдан құрап айтса, не дəмін келтіре алмай, не

жүзге толтыра алмай, ханға басын алдыра беріпті.

Сонда  бір  сиыр  баққан  тазша  бала:  «Ханға  мен  жүз  ауыз  өтірік  айтамын»,  —  деп

мəлімдепті. Хан: «Айт!» — деп рұқсат қылған соң, Тазша бастап кетіпті: «Болмаған бозбала

күнімде, тумаған атамның ту жылқысын бақтым. Атам арнап ұрғашы ала тайға ен сап берді.

Ала тайым ай жасап, жыл жүріп бала байтал болды.

Байталымды  айғырға  қостым,  бұзау  болды.  Бір  күні  желіні  жетіп  жүрген  ала  бием

бошалап  кетіпті.  Əкемнің  сары  биесіне  шығып  көздесем,  көрінбейді.  Атымның  үстіне

құрығымды  шаншып  шығып  қарасам,  көрінбейді,  құрығыма  қамшымды  шаншып  қарасам,

көрінбейді. Қамшыма пышағымды шаншып қарасам, көрінбейді. Пышағыма бізімді шаншып

қарасам,  көрінбейді.  Бізіме  тебенімді  шаншып  қарасам,  алты  дарияның  ар  жағында,  бес

дарияның  бер  жағында  айға  қарап  құлындап,  күнге  қарап  оттап  тұр  екен.  Құлын  биенің

белінен былай бір аттап, былай аттап түседі екен. Құрығымды қайық қылып, əлгі дариядан ə

дегенше  сырғып  өтіп  қасына  жетіп  бардым.  Енесіне  мініп  құлынды  өңгеріп  едім,  көтере

алмай  омақаса  жығылдым.  Құлынына  мініп,  енесін  еңгеріп  алып,  алты  дарияны  аттап,  бес

дарияның  бер  жағынан  өте  шықтым,  —  дегенде  Хан:  «Ой,  ол  дария  деп  дардай  ғып  айтып

отырғаның шұқанаққа жаңбырдан іркілген шалшық-мал-шық, — депті. Тазша:

— Шалшық-малшық емес екенін содан байқаңыз, бер жағынан ертемен ұшқан тұрымтай

кешке ар жағына азар шығып қонды.

Хан:

- Əй, оның тұрымтай емес, қанаты жетілмеген балапан-салапан ғой.



Тазша:

-  Балапан-салапан  емес  екенін  содан  біліңіз,  тұғырға  байлағанымызда  томағасы  тоғыз

қанатты үйдің шаңырағынан асып тұрды.

Хан:


- Ой, оның үй емес, балалардың ойын күркешігі ғой.

Тазша:


- Күркешік-мүркешік емес екенін сонан байқаңыз, есігінен өкірген өгіздің дауысы төріне

естілмейді.

Хан:

- Ой, оның бір тайынша қашқанның бұзау-мұзауы да.



Тазша:

- Оның бұзау-мұзау емес екенін сонан біліңіз, бір сапарда алпыс кісі мінгесіп жүріп, кісі

басына алпыс алтыдан қоян алдық.

Сонда хан:

- Ой, өгізің құрысын, бағанағы биені өңгеріп құлынмен қайда кеттің? — депті. Тазша:

- Дариядан өтіп келе жатсам, еспеген қоян өре қашты. Тебеніммен тіреп тұрып, инеммен

екі салып, біреуін соғып қалдым. Пісіріп жейін деп, бір етек тезек теріп əкелсем, барлығы да

бөдене екен. Ұйықтап ши түбінде жатқанда, теріп ала беріппін. Əкеліп төгіп салғанда, ұшты

да кетті. Қайта барып шын тезек теріп əкеліп, қоянымды қақтап жеп, майын етігіме жағып,

биемді  бір  қазыққа  байлап  жатсам,  ұйықтап  қалыппын.  Бір  мезетте  жау  шапқандай  тарс-

тұрс  төбелес  шығады.  Шошып  оянып  кетсем,  аяқ  жағыма  тыққан  екі  етігім  қызылшеке

болып  төбелесіп  жатыр.  Бір  етігім  біріне:  «Маған  су  жақты,  саған  май  жақты!»  —  дейді.

Жанжалы осы. Ұрыстың басы былжырамадан шыққанын білдім де, екеуін екі қойып, орны-

орнына  тығып  қойдым.  Тағы  ұйықтап  қалыппын.  Таң  қыланда  тұрсам,  май  жаққан  етігім

жатыр,  су  жаққан  етігім  өкпелеп,  қашып  кетіпті.  Қанша  ұзады  дейсің  деген  оймен  сыңар

аяқтап,  ізімен  кеттім.  Бием  қазыққа  байлаулы  қала  берді.  Желе  жортып  күн  қуыппын.  Ең

аяғында етігімнің ізі шырмаяқ шырдың үлкеніне соғып, адастырды да кетті. Не болса да осы

елден  сұрайын  деп,  жақын  жердегі  бір  ауылға  келсем,  шыбын-шіркейдің  рулы  аулы  екен.

Атақты  бір  адамы  қаза  болып,  қасқа  шыбын  сойып,  ас  беріп  жатыр  екен.  Сұрастырсам,

қашқан  етігім  сол  аста  табақшы  болып,  табақ  тартып  жүр  екен.  Көрінген  жердей  көзімді

алартып  едім,  қорыққаннан  қос  табақ,  сасқаннан  сан  табақ  əкеп  тартты.  Етті  жеп,  етігімді

екі  құлағынан  тартып,  тебіне  киіп,  қайтып  келе  жатсам,  бағанағы  еттің  тұзы  ашты  болып

қатты шөлдеп кеткенім. Күн ми қайнаған ыстық. Су ішейін деп құдыққа барсам, құдықтың

суы  қатып  қалыпты.  Балталасам  ойылмайды,  тескілесем  тесілмейді.  Тепкілесем  болмайды.

Шекеммен  ақырын  ғана  нұқып  қойып  едім,  мұзы  ойылып  кетіп,  мөлдір  суы  көріне  кетті.

Ішіп, жуынып, қанып алып, қайтып ауылға келе жатсам, жолдағылар: «Жаным-ау жарты бас

қашан  болғансың,  шекеңнің  жартысы  қайда?»  —  деп  күліседі.  Бұлар  не  айтады  деп  сипап

көрсем,  шекемнің  жартысы  бағанағы  мұз  ойған  құдықта  қалып  қойған  екен.  Қайта  жүгіріп

келсем,  шекемнің  шарасына  алпыс  үйрек  ұялап,  қырық  қаз  жұмыртқалап  қалған  екен.

Барлығын үркітіп жіберіп, шекемді орнына орнатып, биеме қайтып келе жатсам, алдымнан

алпыс  құмырсқа  шығып:  «Ауылға  жүріп,  түстеніп  кетіңіз!»  —  деп  жік-жапар  болып

болмағаны.  Қабырғаммен  кеңесіп  едім,  үй-түзін  көре  кетелік  дегендей  қылған  соң,

құмырсқаның  аулына  келдім.  Төменгі  үйдің  төрінен,  тоғыз  бөлмелі  үйдің  көрінен  орын

беріп отырғызды. Үй иесі: «Мына кісіге бураның санын бұзып, қазанға сал», — дегеніне, бұл

шіркіндердің  бурасы  қайсы  деп  отырсам,  шегірткенің  сүрлеген  саны  екен.  Алдыма  əкеліп


қойғанда,  қара  көздікпен  жамбасты  қайшылай  турағанымда,  қайқайма  табақ  ет  шықты.

Артылғанын  асатып,  қалғанын  қатын-баласына  беріп,  қайтып  келе  жатсам,  жамбасымнан

жанжал  шықты.  «Бұл  не?»  —  деп,  құлағымды  салсам,  қыным  мен  пышағым  күңкілдесіп

ұрысып  келеді  екен.  Қын  пышаққа:  «Ішіп-  жеп  аласың  да,  ішіме  жатып  аласың»,  —  дейді.

Пышақ:  «Тұмсығымды  тамағалап,  танауымды  пысылдатып,  ішкен-жегенімді  мұрнымнан

шығарып келесің ғой», — дейді. Ұрысы осы, мұртымнан мырс етіп күліп жүре бердім. Бияда

бес  күн  жаяу,  жалғыз  баяғы  бие  байлаған  жерге  келсем,  бие  байлаған  қазығым  шоңкиған

қасқырдың  мойны  екен,  құлынымен  қоса  бір  жапырағын  қалдырмай  жеп  кетіпті.  Осымен

тама  жүз  ауыз  болды,  ханеке,  —  депті  Тазша.  Хан  сонда  Тазшаны  арқаға  қағып,  қызын

қосыпты.


(Талдықорған уезі, Ғали Орман ұлынан жəне басқалардан)

БАЙСАРЫНЫҢ ӨТІРІГІ

Ақжол шабдар атым бар, Ақшамға азан айтып, аллаһу əкбар дегенде, Алматыдан шығып

Ла-й-ла-һа-ил-ла-ла  дегенде  Қарғалыны  қақ  жарып,  Ұзынағашқа  бардым.  Сол  жерден  бір

ауыз тиіп аттанып, бұлаң құйрықпен қазан қайнап жатқанда, Қазан қаласына бардым. Қазан

қаласында бір жомарт адам бар еді. Баяғы қонақ келді деп атымды шаужайынан ұстай алды,

— депті.


(Алматы уезі Байжарас ұлы Рақметқалидан)

ӨТІРІКТІ АЙТҚАН ЖАҚСЬІ,

ҚОСТАУШЫСЫ ТАБЫЛСА

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қоштап, ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн

ілгері  жүріп,  ел  аралап  қонған,  түстенген  жеріне,  жолыққан  адамына  өтірік  айта  бермекші

болыпты.  Екіншісі  бір  күн  кейін  жүріп  жүріп,  сол  жөнмен  алдыңғы  өтірікшінің  айтқанын

растамақшы болыпты.

Өтірік  бастаушы  бір  ауылға  келіп  қоныпты.  Ауыл  адамдары:  «Жақсы-жаманнан  не  тіл

бар?»  —  десе,  өтірікші:  «Ел  аман,  жұрт  тыныш.  Жалғыз-ақ  көкті  көбелей,  аспанды  аралай

көшіп бара жатқан елді көрдім», — депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кешке сол ауылға қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да:

«Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар, кеше бір қонақ, көкті көбелей, аспанды аралай ел

көшіп бара жатыр екен дейді. Онан не білесің?» — дейді. Қостаушы: «Болса-болар, өйткені

аспаннан анда-санда көрегенің сағанағы түсіп бара жатқанын көрдім», — депті. Бұл өтірік

содан кейін лақап алып елге тарап кетіпті.

Келесі күні өтірікті бастаушы енді бір елге келгенде, тағы да естіген-білгенді сұрағанда:

«Бөтен айтарлық сөз жоқ, жалғыз-ақ жолда бір үлкен көл өртеніп жатыр екен», — депті. Ел

нанбапты.

Енді  келесі  кеште  алдыңғы  уəдемен  қостаушы  өтірікші  келіп  қоныпты.  Ауыл  адамдары

тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаман не тіл бар. Кеше бір қонақ келіп, жолда бір көл өртеніп

жатыр  деп  кетті.  Онан  не  білесің?»  —  дейді.  Сонда  қостаушы:  «Жолда  бір  кепкен  көлдің

табанынан  піскен  балық  жеп,  қайран  болған  едім.  Мынауыңыз  сол  жер  болар»,  —  деген

екен.  Бұл  тапқырлыққа  риза  болған  ел:  «Өтірікті  айтқан  жақсы,  қостаушысы  табыл-са»,  —

деп мəтел етіп кетіпті.



ШƏРКЕЙ

Шəутен деген бала бар еді. Оның бір əдемі ақ қозысы бар еді. Шəутен ақ қозысын жақсы

көруші  еді.  Қозысының  енесін  апасына  өзі  саудырушы  еді.  Қозысын  өзі  көгендеп,  өзі

ағытушы еді.

Шəутеннің аяғында шəутиген ғана шəркейі бар еді. Ағытып жатқанда қозысы Шəутеннің

аяғын басып, шəркейінің ұлтанын түсіріп, жыртып-жыртып кетті. Шəутен шəркейіне жылап

жіберді.

Апасы:


- Қой, балам, жылама! Осы қозының өзінің жүнін шəркей ғып берем, онда қайтер екен,

— деді.


Ақ  қозы  үлкен  марқа  болды.  Кішкене  күндегі  əдемі  ақ  бұйра  жүндері  ұзыннан-ұзын

болып  кетті.  Шəутен  де  өсті.  Жамаулы  жаман  шəркейі  кішкенеден-кішкене  болып,  аяғына

симай қалды.

Шəутен:


- Апа, шəркейім аяғыма симай қалды, — деді. Апасы:

-  Ендеше  ақмарқаңды  қырықтырып  əкеле  ғой,  балам,  —  деді.  Шəутен  Сансызбайға

марқасын қырықтырды.

Шəутен апасына:

- Апа, марқаны қырықтырдым, жүнін əкелдім, енді шəркейім болды ма? — деді.

Апасы:


- Жоқ, балам, жүнді сабайын, — деді.

Апасы тұлақ жайды. Ауылдың қатын-қалашын жинап, жүнді сабады.

Шəутен апасына:

- Апа! Шəркейім енді болды ма? — деді. Апасы:

- Жоқ, балам, шиге тартамын, — деді.

Қатындар жүнді шиге шабақтады, аппақ майдасын бетіне тартты.

Шəутен апасына:


- Aпa, шəркейім енді болды ма? — деді. Апасы:

- Жоқ, балам, су құйып, сүйретеміз, — деді.

Су сеуіп, шиге орады, екі кісі тартып, өзгесі тепті. Шəутен апасына:

- Aпa, енді шəркейім болды ма? — деді. Апасы:

- Жоқ, балам, білектейміз, — деді

Апалары білектеді. Бір жазып, бір бүктеп, көп-көп білектеді. Шəутен апасына:

- Aпa! Шəркейім енді болды ма? — деді. Апасы:

- Жоқ, балам, шəркейді енді қарпимыз, — деді. Апалары киізді тікті, қайта-қайта қарпи

берді. Шəутен апасына:

- Aпa, енді шəркейім болды ма? — деді. Апасы:

- Жоқ, балам, кепсін, — деді.

Апасы киізді таза жерге жайып тастады. Шəутен апасына:

- Aпa, шəркейім енді болды ма? — деді. Апасы:

- Жоқ, балам, енді пісіреміз, — деді. Қайтадан қайта-қайта білектеді. Шəутен апасына:

- Aпa, шəркейім енді болды ма? — деді. Апасы:

- Жоқ, балам, тағы да кепсін, — деді. Апасы киізді тағы далаға жайып қойды.

Шəутен апасына:

- Aпa, шəркейім енді болды ма? — деді. Апасы:

- Жоқ, балам, пішемін, — деді.

Апасы  қайшымен  екі  шəркей  пішіп  алды.  Шəркейлердің  желкесі  қыжырайып,  басы

ақмарқаның кішкене күніндегі сықылдана қалды. Шəутен жымың етті. Шəутен апасына:

- Шəркейім енді бітті ме? — деді. Апасы:

- Жоқ, балам, жүн шүйкелеймін, — деді. Апасы шуда шүйкеледі. Шəутен апасына:

- Aпa, шəркейім енді бітті ме? — деді. Апасы:

- Жоқ, балам, жіп иіремін, — деді. Апасы жіп иіреді.


Шəутен апасына:

- Aпa, шəркейім енді болды ма? — деді. Апасы:

- Жоқ, балам, сыримын, — деді.

Апасы жіпті инеге сабақтап алып, көп-көп тігіп, сырыды. Шəутен апасына:

- Aпa, шəркейім енді болды ма? —деді. Апасы:

- Жоқ, балам, ұлтарамын, — деді. Апасы ұлтан салып ұлтарды. Шəутен апасына:

- Aпa, шəркейім енді болды ма? — деді. Апасы:

- Иə, балам ... болды. Кел, аяғыңа ки, — деді.

Шəутен  киіп  алды.  Аяғына  шап-шақ  қана,  əдемі,  ақ  шұбар  шəркей  болыпты.  Шəутен

қуанды. Апасын құшақтап, бетінен сүйді. Шəутен марқасына келіп:

- Міне, бəлем! Менің шəркейім, — деді. Марқасы:

- Ім-ім-ім-ім... — деді.

(1929 жыл. Латын əрпінен түсірілген).


МАЛТА

Құлыншақтай қу шұнақ,

Құйрық-жалсыз, сұр шұнақ.

Балаға берді апасы

Сұрша малта, жұмыршақ.

Алды бала қуанып,

Кетті аузынан су ағып.

Бала:


- Жымың-жымың күлдірген,

Жып-жылмағай малта ғой.

Малта-малта малтақай,

Қайдан шықтың, айта ғой.

Жоғарғы ерні қыбырлап,

Төменгі ерні жыбырлап.

Малта сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

- Жайылып желін толтырған,

Қоңырша қойдың сүті едім,

Қатын қақтап сауған соң,

Шелекте қалып бүркендім.

Қазанға күйді пісірді,

Пісірді де түсірді.

Тостағанын томпайтып,


Ауыздарын қомпайтып,

Көбігімді ұлы алды,

Қаймағымды қызы алды,

Жуындымды —күшігі.

Ұйытқы қойып ұйытқаның,

Ұғындым да ұйықтадым.

Айран беріп балаға,

Құя салды сабаға.

Тентек піспек түскені-ай,

Күлдір-күлдір піскені-ай.

Пісіп-пісіп толқыды,

Бетімде май көлісіді.

Қылшықтады, шайқады,

Тұзын татып байқады.

Бағанағы балалар:

- Aпa, маған да! — деп айтады.

Апасының қарағы

Алақанға салады,

Жылпылдатып жалады,

Жалап-жалап алады.

Тұрды қатын азаннан,

Құрт қайнаған қазаннан,

Құрт ішкенде тойынды,

Шұрқ-шұрқ қайнап қойылды.



Түсірді де, суытты,

Қапқа сүзіп қойыпты.

Серең сирақ сүреге,

Жайып қойды үреге.

Үреде күннің өткені-ай,

Шақылдап шекем кепкені-ай.

Қыстың күні болғанда,

Қыстауға ауыл қонғанда,

Тары көже пісіріп,

Қопарып қазан түсіріп,

Қатын қабын сөккені,

Салдыратып төккені.

Шым-шым суға шомылып,

Құрттың жібіп бөккені.

Қос білегін сыбанып,

Қос уыстап бір алып,

Салдыр-салдыр езді ғой.

Саған апаң берді ғой,

Жей бер, батыр, сөзді қой.

Бала айтқанды тыңдады,

Тыңдап қана тұрмады.

Малта аузына жылп етті,

Екі ерні сылп етті.

(1929 жыл. Араб əрпінен кирилицаға түсірген — Ғазиза Исахан).



Document Outline

  • ӨТІРІК ӨЛЕҢДЕР
  • КЕР БИЕ, ТОРЫ ҚҰЛЫН
  • ТОРЫ ТАЙ
  • ШЫБЫН⤊㸾੥湤潢樊ਸ㔠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛㐹‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽎數琠㠶‰⁒ਯ偡牥湴‸〠〠刊⽐牥瘠㠴‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$ ငᐄᬄḄሀ ᘄ᠄ᴄင鈄⬄ᴄငᴩਾ㸊敮摯扪ਊ㠶‰扪਼㰊⽄敳琠嬵㤠〠删⽘奚‰‷㤲畬汝ਯ乥硴‸㜠〠刊⽐慲敮琠㠰‰⁒ਯ偲敶‸㔠〠刊⽔楴汥
БАУЫРСАҚ ШАЙНАҒАНДА БАЛАЛАРДЫҢ АЙТАТЫНЫ⤊㸾੥湤潢樊ਸ㜠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛㘱‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽎數琠㠸‰⁒ਯ偡牥湴‸〠〠刊⽐牥瘠㠶‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$∄؄ ؄ᨀ ᔄ ∄ᔄᨀⰀ 뀄℄င騀 ???ꈄጄ؄ᰄᔄᬄᔄ
ਾ㸊敮摯扪ਊ㠸‰扪਼㰊⽄敳琠嬶㜠〠删⽘奚‰‷㤲畬汝ਯ乥硴‸㤠〠刊⽐慲敮琠㠰‰⁒ਯ偲敶‸㜠〠刊⽔楴汥
БАЙСАРЫНЫҢ ӨТІРІГІ⤊㸾੥湤潢樊ਸ㤠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛㘹‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽎數琠㤰‰⁒ਯ偡牥湴‸〠〠刊⽐牥瘠㠸‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$⠄??? ᨄᔄᤩਾ㸊敮摯扪ਊ㤰‰扪਼㰊⽄敳琠嬷㔠〠删⽘奚‰‷㤲畬汝ਯ偡牥湴‸〠〠刊⽐牥瘠㠹‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$ᰄငᬄ∄ဩਾ㸊敮摯扪ਊ㤱‰扪਼㰠⽌敮杴栱‸㐷ㄶ 䙩汴敲⁛⽆污瑥䑥捯摥崠⽌敮杴栠㌶㠹㠠⽄䰠㠴㜱㘠㸾ੳ瑲敡洊碜ॼ鍕혿绎綞❋랤榚ꑍ팼妛㙭퍽꜍ⴭ倊鑅沁䫙㝅ਈꊢ꠨誨뢱ꢣ賣舺㌔儬룡㈲踺뢌㪂誻啧廄账ウ鼤ꔔ凧緧ﵿ线???䶿㧷???㻷맏㧧鹳聸堋Ȕ貟ᐨ㊵侽驊ḥ瓎庹䉞絛罎ǀఀ起???不ⶐ柾 ᴁ⃽毾馫뛦앻Ŵᔀ蔹௦캜話Հ瀎???뚀੒䓓᫊???秷芳嚜篰쳦䓊⢝珦???枲쀵ऀ⯝鐿駧⸵???鸋烿⚪⼯㵻金헶羅厾ᯠꩯ霮鮻瓱鋪R蚃‬抏艄綹太Ꙟ稢哘໳頁◆㒂媒頠Ẃ鳰縸眸떪◀ല퀧籌娜櫂抵̟ं蛃憺ﬞꦅ㼝䓩᪰厚⍃렑가ইट螚尿ⴊἒ勨???ࢢ㼞堇滸ᠶ쌓퀁켳Ěㄟ???䐋ꐁ썊ᢃ稰莄燠̗貁噈蕦፡✔슧???ឣ߆쎭煠苡瀝泇釡俠拸⬮蓻ᴘ萬棁凡茰Ś쌏팳ª愋???䥠ꜫ燨િ䌭ⲇཞ茰䲅귒癪ꔕ⛂鋰쌰ᵞ솩㠭鰁ꍡई寡ퟰ᠜옫炿⢅㮡ᑦ섲呣ૺ葋숻ꁂ穃ﭐꂧ謹Ꙗ㽧纱⧼Ԅᇃୈ鍒ꂘ㹋???澣Ջ蔆䢂ቺ嘇;ԟᑉ࿏잝䉒窛犘ഗ섡㰗蟴蛴嗸㰰탻镐伷삝㰍齑歍㡙㠫吗ḇࠚ⌽椝຿⟎㵅齧傇ผ䴭㾉믂ዡ䍪爛ꏰⷺ瀡廈╒凟엡蟀䭯ᢤ㙆쏩瀦ﰖ봘쑩瓯구ᖻ遝⓬ᇞᙽꂂÕ봄㏼ᕞ❹㗡塼赝⣬阮ྟ俽වɺ譵瀗꽑䈭⚠ᅥⳆ牺돳焿뻋泌엚葙쉎楣硵炐깴삺猑韁쏰ኼޟ䄯ꛓ鴁몳๛밖齡⼉꜋펅쵢僜Ⳟ⼾┞鎒ꖧ䊯萎ᇗ礻԰阾ᴰ࿎⍞砓ִ戦딴ಛꦥᤸ༯쁍砓︆㵸_왏ﲎ姘䙶⍻蓽膽쑞ᙬ䊎あ록硁璈澊㾨柶???侄브잇﷡꛰귡럂붊ᐲ䣣膴欱???疰८艟ᇏᾄ១嗒뮃쫧ぼ䔲喤䵩퐣➺》珩윶蔛밓鿅矱〞揀ኘ錾㦬谵돩㬦쐉⹡롰꺰䗸诰붸娪ꋏ﷒䏒垪썪迦蕣럴봓苐싐ⷡ勒䔕楞ઍ뤒ꠧ鵫☩쾁⻺ⲃ閰詸琞燼囒鲝㰂羄ឈ셛퉟ﻹ萤焄蘒蒌ꆆ㺑븗遤ᩈ嬺焮줶Ἧ섫焫絮쇛쓟埰⿸圼裯샲???㚒???镍挝셦뎋???﫼馽웞拯뇯ֽ逬???ⲡ冘⼡氐명ޅ뼉꾊幱렸䨬Ḑ御㜟▍陦䢳ꖫꑟ䮿醞鋾␝雂ꨛ呷꡺吟ꯣ푥햏꣟嚇㕙ꑏ掩烼鰦ۘ☌댞端쟙ૡ祶⏞㾠وᮨݳ怆ṣ뾺悓瘉耸䊹㲌곘௤㍞郾⪦䨟쌁阎徐㶼冘줞柛項쮄櫱㋱ֲ㪫ꦟ뽡ޙ髭ꐚ龑㑦쁩順2Ꟁ韄ラꐍ쓓⛶ໞ쾞旍꓉激鷬ᇘۛ愮陓쁃蝻ԙ???Я쏧烨硯앀弽ꭓ姘䩕ᕉ栯丈ὠ???콨풿讗셛싷ꓻ印ᰆ碟꓾⪖ꁝಉ噸蔬弦???嫻ᇬ꘱텍⏨毘⮔쁔줼탷梄둂렔農亳抹읳歌㙸⯙⩮䞓性椂夑敄缆⾢鎸햛瀳௻葔瞱딬⳼冔㠤듐受遽쫀ቪ塈蜿ೝ䤭Ⲃન쁙㠕䛐镑這㺋穾㟙ꉠ硺碛퐮李쿘芩夯ୱ熳ꐍ촇検븅ꏰ⫘ᶚϻ즯壐荅ꑍ뷒䩩鍴鿴ꃴ룴ꊪ჎ꕑ笋䧱㴸䉞䏆???譏틵稚㶹㑾虓⽆鄏㮓딋轁Φ썒늁㺲???쒃ꤤ짥퓊▰釆퍝︌御ầ쏣贜㎍ඵ㌆丣꤯螻줺床뮩搎摂໱䳂શ芞쟭늳ﮩ佯쎇搹쉊뽲넚䞐쌷簬팓쪠ᕷ酏???闤⥇࠯쀇佣몯鍴⌉汐⦽輌牃ᕬꇰᢚ젛⚑噍⛏㸌뮨᜺窏㹈엱倚ᩉ귝侶걕몋벯鼼䌪䬕侗亣线䦞뀬???㞫椄ӫ供Წ꬝噓嵕契幚剔堐죏쯵﮲밞럋똌歺髅汊㖦ᢒ꓄蓸㢭䚭鉄脡몚㫥湯枷贚闇饔び䁁枷䱅䴧훩阻镪㖃味???髁䣍恿䷔쬵傓霫㞺ᝇ룤ẜ㪡跒垏炵쯝뵊窬鋞꒤ጩ퀍犣旁ࢹᬻ锋㘴皎ꃦ盅융렚슮롸䫆厪???媺்떨⒘릱樗͍≵꨻???ꊱ㯍㖂寰㓎鳓???ꆭ熄헡棏쯭욆???姝秊⫐ꀼꙛ헐굖ḣ⿤漃埉뭲???ꎇ妝ﺄ㦮㤳ꞷ甋㏛盧鋽ᇝ๛蹧ꥱ䍃???腗귂虆쭂饧㝬堯睯鿐㛰ꪃ羷띓᭴⿳㑵湨ꉇ漤⚎餤폓??????᤽勦濂???獝趼ꑳ釜굵햻ᙬ壔䦢䧟퀍ፗ㬞䡏࿮ട苴䙹쏤㚗ꎻ컪檟㤢掗ᄶ䲽㬭⢧鵸┯瞗㸹싘嵉멨∡煠扮U▥哧ꤱᏻ㦋뱇껑ꐐ???沙竒瞪猫惃ꩆ㿭䡷痏↉ⳬ혶瑮큗繿럤톻弃榀꯷䭦䙋吞﷗삓俺喍껇틝繿睎๗ᅵω铺墫埶냛嵋ᅢᾴቯ架圅製ง៰唽䆘䖙Ꮪ≹ᥦ够聠샟???㫹闽넫ꦧ正基濯璑☿ࡼڔ???↑铆Օ???憎쭳⏗음犍餰땍滜퀙飉⟤⋗⯺꽅叝⤍涂镅双⨨坉⦧뚄滑䎿⩅ꧧ㖤镊৊䷝龜冑㢇???᏾諟ꖐ䖻???ㅟ終ﺄ氐ꣃꊗ趙㱵쎆렓긵鄅???ꇉ┷淨???댧뱶陋횻㛬ꕸ♫쏒웎顄篂ﮮ뉶㝭沧靘聕꒭೪瞹঻艸얤ꥭ篵㐓뭢狛̌奃杽אַ㝝毛⮓텕䩙缩쿉㱇㌫틴ޘ䚹擝ᬄ墫ᖕȥ㾻݁
  • РАДЛОВ ЖИНАҒЫНАН
  • БАУЫРСАҚ ШАЙНАҒАНДА БАЛАЛАРДЫҢ АЙТАТЫНЫ⤊㸾੥湤潢樊ਸ㜠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛㘱‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽎數琠㠸‰⁒ਯ偡牥湴‸〠〠刊⽐牥瘠㠶‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$∄؄ ؄ᨀ ᔄ ∄ᔄᨀⰀ 뀄℄င騀 ???ꈄጄ؄ᰄᔄᬄᔄ
ਾ㸊敮摯扪ਊ㠸‰扪਼㰊⽄敳琠嬶㜠〠删⽘奚‰‷㤲畬汝ਯ乥硴‸㤠〠刊⽐慲敮琠㠰‰⁒ਯ偲敶‸㜠〠刊⽔楴汥
БАЙСАРЫНЫҢ ӨТІРІГІ⤊㸾੥湤潢樊ਸ㤠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛㘹‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽎數琠㤰‰⁒ਯ偡牥湴‸〠〠刊⽐牥瘠㠸‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$⠄??? ᨄᔄᤩਾ㸊敮摯扪ਊ㤰‰扪਼㰊⽄敳琠嬷㔠〠删⽘奚‰‷㤲畬汝ਯ偡牥湴‸〠〠刊⽐牥瘠㠹‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$ᰄငᬄ∄ဩਾ㸊敮摯扪ਊ㤱‰扪਼㰠⽌敮杴栱‸㐷ㄶ 䙩汴敲⁛⽆污瑥䑥捯摥崠⽌敮杴栠㌶㠹㠠⽄䰠㠴㜱㘠㸾ੳ瑲敡洊碜ॼ鍕혿绎綞❋랤榚ꑍ팼妛㙭퍽꜍ⴭ倊鑅沁䫙㝅ਈꊢ꠨誨뢱ꢣ賣舺㌔儬룡㈲踺뢌㪂誻啧廄账ウ鼤ꔔ凧緧ﵿ线???䶿㧷???㻷맏㧧鹳聸堋Ȕ貟ᐨ㊵侽驊ḥ瓎庹䉞絛罎ǀఀ起???不ⶐ柾 ᴁ⃽毾馫뛦앻Ŵᔀ蔹௦캜話Հ瀎???뚀੒䓓᫊???秷芳嚜篰쳦䓊⢝珦???枲쀵ऀ⯝鐿駧⸵???鸋烿⚪⼯㵻金헶羅厾ᯠꩯ霮鮻瓱鋪R蚃‬抏艄綹太Ꙟ稢哘໳頁◆㒂媒頠Ẃ鳰縸眸떪◀ല퀧籌娜櫂抵̟ं蛃憺ﬞꦅ㼝䓩᪰厚⍃렑가ইट螚尿ⴊἒ勨???ࢢ㼞堇滸ᠶ쌓퀁켳Ěㄟ???䐋ꐁ썊ᢃ稰莄燠̗貁噈蕦፡✔슧???ឣ߆쎭煠苡瀝泇釡俠拸⬮蓻ᴘ萬棁凡茰Ś쌏팳ª愋???䥠ꜫ燨િ䌭ⲇཞ茰䲅귒癪ꔕ⛂鋰쌰ᵞ솩㠭鰁ꍡई寡ퟰ᠜옫炿⢅㮡ᑦ섲呣ૺ葋숻ꁂ穃ﭐꂧ謹Ꙗ㽧纱⧼Ԅᇃୈ鍒ꂘ㹋???澣Ջ蔆䢂ቺ嘇;ԟᑉ࿏잝䉒窛犘ഗ섡㰗蟴蛴嗸㰰탻镐伷삝㰍齑歍㡙㠫吗ḇࠚ⌽椝຿⟎㵅齧傇ผ䴭㾉믂ዡ䍪爛ꏰⷺ瀡廈╒凟엡蟀䭯ᢤ㙆쏩瀦ﰖ봘쑩瓯구ᖻ遝⓬ᇞᙽꂂÕ봄㏼ᕞ❹㗡塼赝⣬阮ྟ俽වɺ譵瀗꽑䈭⚠ᅥⳆ牺돳焿뻋泌엚葙쉎楣硵炐깴삺猑韁쏰ኼޟ䄯ꛓ鴁몳๛밖齡⼉꜋펅쵢僜Ⳟ⼾┞鎒ꖧ䊯萎ᇗ礻԰阾ᴰ࿎⍞砓ִ戦딴ಛꦥᤸ༯쁍砓︆㵸_왏ﲎ姘䙶⍻蓽膽쑞ᙬ䊎あ록硁璈澊㾨柶???侄브잇﷡꛰귡럂붊ᐲ䣣膴欱???疰८艟ᇏᾄ១嗒뮃쫧ぼ䔲喤䵩퐣➺》珩윶蔛밓鿅矱〞揀ኘ錾㦬谵돩㬦쐉⹡롰꺰䗸诰붸娪ꋏ﷒䏒垪썪迦蕣럴봓苐싐ⷡ勒䔕楞ઍ뤒ꠧ鵫☩쾁⻺ⲃ閰詸琞燼囒鲝㰂羄ឈ셛퉟ﻹ萤焄蘒蒌ꆆ㺑븗遤ᩈ嬺焮줶Ἧ섫焫絮쇛쓟埰⿸圼裯샲???㚒???镍挝셦뎋???﫼馽웞拯뇯ֽ逬???ⲡ冘⼡氐명ޅ뼉꾊幱렸䨬Ḑ御㜟▍陦䢳ꖫꑟ䮿醞鋾␝雂ꨛ呷꡺吟ꯣ푥햏꣟嚇㕙ꑏ掩烼鰦ۘ☌댞端쟙ૡ祶⏞㾠وᮨݳ怆ṣ뾺悓瘉耸䊹㲌곘௤㍞郾⪦䨟쌁阎徐㶼冘줞柛項쮄櫱㋱ֲ㪫ꦟ뽡ޙ髭ꐚ龑㑦쁩順2Ꟁ韄ラꐍ쓓⛶ໞ쾞旍꓉激鷬ᇘۛ愮陓쁃蝻ԙ???Я쏧烨硯앀弽ꭓ姘䩕ᕉ栯丈ὠ???콨풿讗셛싷ꓻ印ᰆ碟꓾⪖ꁝಉ噸蔬弦???嫻ᇬ꘱텍⏨毘⮔쁔줼탷梄둂렔農亳抹읳歌㙸⯙⩮䞓性椂夑敄缆⾢鎸햛瀳௻葔瞱딬⳼冔㠤듐受遽쫀ቪ塈蜿ೝ䤭Ⲃન쁙㠕䛐镑這㺋穾㟙ꉠ硺碛퐮李쿘芩夯ୱ熳ꐍ촇検븅ꏰ⫘ᶚϻ즯壐荅ꑍ뷒䩩鍴鿴ꃴ룴ꊪ჎ꕑ笋䧱㴸䉞䏆???譏틵稚㶹㑾虓⽆鄏㮓딋轁Φ썒늁㺲???쒃ꤤ짥퓊▰釆퍝︌御ầ쏣贜㎍ඵ㌆丣꤯螻줺床뮩搎摂໱䳂શ芞쟭늳ﮩ佯쎇搹쉊뽲넚䞐쌷簬팓쪠ᕷ酏???闤⥇࠯쀇佣몯鍴⌉汐⦽輌牃ᕬꇰᢚ젛⚑噍⛏㸌뮨᜺窏㹈엱倚ᩉ귝侶걕몋벯鼼䌪䬕侗亣线䦞뀬???㞫椄ӫ供Წ꬝噓嵕契幚剔堐죏쯵﮲밞럋똌歺髅汊㖦ᢒ꓄蓸㢭䚭鉄脡몚㫥湯枷贚闇饔び䁁枷䱅䴧훩阻镪㖃味???髁䣍恿䷔쬵傓霫㞺ᝇ룤ẜ㪡跒垏炵쯝뵊窬鋞꒤ጩ퀍犣旁ࢹᬻ锋㘴皎ꃦ盅융렚슮롸䫆厪???媺்떨⒘릱樗͍≵꨻???ꊱ㯍㖂寰㓎鳓???ꆭ熄헡棏쯭욆???姝秊⫐ꀼꙛ헐굖ḣ⿤漃埉뭲???ꎇ妝ﺄ㦮㤳ꞷ甋㏛盧鋽ᇝ๛蹧ꥱ䍃???腗귂虆쭂饧㝬堯睯鿐㛰ꪃ羷띓᭴⿳㑵湨ꉇ漤⚎餤폓??????᤽勦濂???獝趼ꑳ釜굵햻ᙬ壔䦢䧟퀍ፗ㬞䡏࿮ട苴䙹쏤㚗ꎻ컪檟㤢掗ᄶ䲽㬭⢧鵸┯瞗㸹싘嵉멨∡煠扮U▥哧ꤱᏻ㦋뱇껑ꐐ???沙竒瞪猫惃ꩆ㿭䡷痏↉ⳬ혶瑮큗繿럤톻弃榀꯷䭦䙋吞﷗삓俺喍껇틝繿睎๗ᅵω铺墫埶냛嵋ᅢᾴቯ架圅製ง៰唽䆘䖙Ꮪ≹ᥦ够聠샟???㫹闽넫ꦧ正基濯璑☿ࡼڔ???↑铆Օ???憎쭳⏗음犍餰땍滜퀙飉⟤⋗⯺꽅叝⤍涂镅双⨨坉⦧뚄滑䎿⩅ꧧ㖤镊৊䷝龜冑㢇???᏾諟ꖐ䖻???ㅟ終ﺄ氐ꣃꊗ趙㱵쎆렓긵鄅???ꇉ┷淨???댧뱶陋횻㛬ꕸ♫쏒웎顄篂ﮮ뉶㝭沧靘聕꒭೪瞹঻艸얤ꥭ篵㐓뭢狛̌奃杽אַ㝝毛⮓텕䩙
  • ӨТІРІК ЕРТЕК, ҰСАҚ ӘҢГІМЕЛЕР
  • БАЙСАРЫНЫҢ ӨТІРІГІ
  • ШӘРКЕЙ⤊㸾੥湤潢樊ਹ〠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛㜵‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽐慲敮琠㠰‰⁒ਯ偲敶‸㤠〠刊⽔楴汥
МАЛТА⤊㸾੥湤潢樊ਹㄠ〠潢樊㰼 䱥湧瑨ㄠ㠴㜱㘠⽆楬瑥爠嬯䙬慴敄散潤敝 䱥湧瑨″㘸㤸 䑌‸㐷ㄶ‾㸊獴牥慭੸鳬봉粓嗖㽾칽鸧䮷ꑩ骤䷓㱙鬶淓綧ഭⵐઔ䕬腊???䔊ࢢꊨ⢊ꢸ놨ꎌ㨳ᑑⲸ㊎㫪첸谺芊뭕杞쒍⛿玟⒥ᑑ罾뿟ꝍ뼹켹珮刀Ҁ硘ଂᒌ鼔⠲땏붚䨞╴칞륂建꽿丁쀌矞틹札遧︀ꀝĠﵫﺙꯧ鶶笁琕…㤋鳳䆊焅䁰ໝ徶耊剄팚쫟䩹덖鱻쫯ܨ鵳덧닀㔉+???㿳겙㗝₞୰Fꨯ⼽篹૕ན븛澗⺛뭴胥㬀劆茠Ɫ辂䑽륙⪦幺≔???ĥ옴艚銘„芜㡷㢵ꨥ샤넍㋐❼䱚ᱪ쉢딃Ἁʆ썡뫻ẩ蔿ᵄ끓騣䎸ᆬá眉蜉ᾇ髹뷠ਭਟቒꈿṘݮ㛃ᏐǏ㌁ᨱῚ䁄தǃ䨘荺ゃ葱ឌ腖䢅書愧ᓂꟘЗꌇ웃균葱悂ᵬ작⺄ﯩᢄⱨ셑、嫃࿓㌀ꩡ௜豉悧⭱뽃⴬蟵뀏広が薭퉶檥ᔦ슒〝廁ꤸ⶜ƣ愉࡛᳆⭰뼨蔻ꄔ曁㉔挊彩䯂㮠䉺䏻僸駰쮠ꟺ뾦嘿松넩ﰅӡ挑쌋䢓加頾䯠໘ͯꌅ䮅و舒穖܀㬅῵焔䧯똏쿇鵂勸乺魲頍េℼ៷㎇バﮕ偏㟀鷰␼ඟ八䴸夸⭔᜞܈᫰䌣㵩ᴎ뼧츽䖟材蜎ᱍⴿ觯숒櫹Ứ薣並⅞죪???剑???쁋漘ꐶ䛃⛼ᚽᣄ楴氕뮐崤???緢韡諰펠舀햽Ӯꏷ勉ﰕ帧礵粍崨⸏齏ﴍ쀂窋異៬薯兂⴦ꀑ攬왲窳㾾쭬쳅???姂乩捸痸橰邮瓀멳ᆗ쇃밇齁⾦펝ƺ댎寱檼᚟愯ধ௓藍扐??????㸥ẓ銥Ꝃ꾄ฑ흹㬅ゖ㸝』츣廷탧楸ጅ둢⚵㐌鮩ꔙ㠏⿀䵸᏾ۯ옽砀忆俰䯼蹙???瘣箄ﶁ뷄帖求踰䊸嵸䅴衯訿ꡧ䉏蒾ೇ蟽슽訔㉈ꂁ둫㇙鉵뀉溂弑켟萗튻菊籅㋸ŕꑍ槔⌧먰୳仇㚅ᯰڼ᎟앷ṣ쀒颓㸹게㖳ዶ㤻⛄म憸炮끅롚⪢쿽퉃퉗꫃檏掷ᎂ탂탦퀭퉅ᕩ帊趹ከ➝欦⧏脮館莕낊硴ṱﱖ튜鷰<ɿ萗裷⿁寰뛒忾濾⑱Ӻ₄賤⦡蘾醾ថ搚䡛㩱⻉㛲㤟⿁⭱⭽滁???ퟄ???㲈ퟴ什瀶鋞ꢕ䵣ᷴ駁暳诙嗬䇺ﲙ뷆???붐Ⳙ蔬ꅑ頯ⅬႺ蔇薿য詞熸㡊Ⱎၟꄷἥ趖晈뎥ꮤ彋뾑麒︤ᶖ슪᭔瞨穔ᾫ旪囵擵闪篕辨???蜵妤佣꧷???ﳧڜ☆???ಳṺ???瘣???ꀆ䠛ꠇ獠۫ᄞ掿멠鏰黰孶ঀ㡂뤼責???庐︪ꙊῃƖ๟逽뱑飉ṧ???׋葪눺ꮩ龿愇馚᪟鄴曀榘ۿኧ삗쓿鞤හ팦???鹥춤쥯삝??????⺖可䏰㶇笅᧷郞崄⿃濅䁟㶫卙???唕䥨⽎ࠟ惙棔뾋韁寂ﭓ瀜۠湸龤︪隠崌襖碅ⱟ⛜䉚﬑ㇸ⟑䴣???铀哱჉㳐蒴䊸ᒏ닡⑎덢맇獫䰶砫???湇鍠❩əᅥ䑿دꊓ룸埕魰㌋ﮄ哰ࡷ놵Ⱜﱑ铡稸⒴큓힐緊쀒櫩ⱘ䣯ↇ㼌???⴬舊ꣀ夸ᕆ킕冐᤾譺縷???恸穸鯔⻹???꧰љ⼋煱뎤෵勍ݩᲾ֣???騃﯉꽘킃䖤䶽퉊榓璟ꨐ캥养୉㡂幃웙쒋信ᯒᨽ뤴纆匯䚑༻鎵ஏ䄃ꛃ劲脾닛莩Ⓣ쨥낑웓巤䏾౟ꄞꟃڍᰳ跳???簍딳َ⎩⾇믉㩞誻ꥤ๤䈎筌숊뚂黇暲돻ꥏ濃蝤㧂䪿犱ᩇ郴曃㝼ⳓᏊꀕ瞑俞Ε䜈⿀ߠ⛯婏援人꾓琣६倩붏౲䏣숕没髈ᬦ酖䴦켾಻ꠗ㩺輾䣅ᨚ䦭???뚬喺讼꾟㱃⩋ᕏ靎ꍾ뽉黬쾰Ⳝ蘷ꭩЄ鬜겫ᵖ卝啙兞婒员჈쿋擻늼ặ쯩郭馶౫窚앬䨵ꘘ鋵몤쒄굆궒䒁⇤㚺騺潧럨疍᪕쟳꺙吰獀䅧띌䕍⟖㮕櫲褵荔珞ꂚ셈쵠罍퓋㕐鎗⬷뫤䞸鰺ꆍ퉗轰뗋???䩺겒???ꐓ
  • МАЛТА


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет