Әдіскер жаршысы



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата03.03.2017
өлшемі3,75 Mb.
#5470
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23

 
 
 
47 
     
 
лықтар  ашу,  белгiсiздiктi  жою,  күрделi  мiн-
деттердi  шешу  тәрiздi  жаңа  сапалық  көрсет-
кiштерге жетуге мүмкiндiктер туындайды. 
Ал, бұл жағдайдың барлығы сөзсіз, мұ-
ғалімнен терең кәсіптік дайындықты, шебер-
лікті, табандылықты, аса терең қабілеттілікті 
қажет етеді. Сонымен қорыта келе, бастауыш 
мектеп  оқушыларының  танымдық  іс-әрекеті 
негізінде  білімдерін  бағалауда  біріккен-диа-
логты  танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастыра 
отырып,  белсенді  оқыту  әдістерін  мотива-
цияға сүйенген жағдайда ғана оқытуда жоға-
ры нәтижелілікке қол жеткізуге болады. 
ХХІ ғасыр қоғам өмірінің әр түрлі сала-
сында үнемі өзгеріп отырған маңызды ғалам-
дық процестермен сипатталады. Ол білім бе-
ру  саласына  да  әсер  етіп,  мұғалімдердің  ғы-
лыми-шығармашылық  әлеуетін  қалыптасты-
рудың жаңа жолдарын іздестіруді талап ете-
ді.  Осыған  орай,  бүгінгі  ақпараттық  қоғам 
жағдайының  өркениетті,  қарқынды  даму  ба-
ғытына сай, терең білімді, өзгермелі жағдай-
ға тез бейімделгіш, өзін-өзі саналы игеретін, 
бәсекелестік жағдайда өресі биік, азаматтық-
тұлғалық  бет-бейнесі  қалыптасқан,  рухани 
жан дүниесі бай, шығармашыл тұлға тәрбие-
леу  қоғамның  басты  мақсаттарының  біріне 
айналды.  Бұл  мақсат-міндеттердің  жүзеге 
асуы адам бойындағы асыл қасиеттердің кө-
зін ашып, оқыту мен тәрбиені сабақтастықта, 
шығармашылық  мақсат  қоя  отырып,  таным-
дық  белсенділікті  арттыруға  бағытталған 
арнайы  оқыту  процесін  жүргізгенде  мүмкін 
болмақ. 
Әдебиеттер 
1. Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030: Процвета-
ние,  безопасность  улучшение  благосостоя-
ния всех казахстанцев. Послание Президента 
страны  народу  Казахстана.  -  Алматы:  Білім, 
1997. С. 
2. Батурина Г.И. К вопросу о сущности кри-
териев  эффективности  обучения//Новые  ис-
следования в педагогических науках.  - 1973. 
- № 7. - С. 16-11. 
3. Намазбаева Ж.И. Развитие личности умст-
венно  осталых  школьников.  Алматы:  Мек-
теп, 1976. - 51с. 
4. Блонский П.П. Развитие мышления ребен-
ка//избранные  психологические  произведе-
ния. - М.: Просвещение, 1964. —С. 210-347. 
 
 
ҚАЗАҚТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 
САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ  
 
Туржанова М.К., 
Ақтөбе қаласы №56 ЖОББМ тарих пәні мұғалімі  
 
Зерттеу  жұмысының  өзектілігі.  Қа-
зіргі  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  халықара-
лық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісі-
нің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал 
ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі 
құзіреттіліктер  болып  белгіленуі  білім  беру 
жүйесінде  «функционалдық  сауаттылықты» 
қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзек-
тілігін  арттырып  отыр.  Қазақстан  Республи-
касының  «Білім  туралы»,  «Тіл  туралы»  Заң-
дары мен Тіл саясаты тұжырымдамасындағы 
айқындалған мақсаттар мен міндеттердің жү-
зеге асуының басты шарты  болып саналады. 
Тілді  меңгертудің  шешімін  табуы  тиіс  мәсе-
лелерінің қай-қайсысы да оқытудың құзірет-
тілік  бағытын  іске  асырудың,  мемлекеттік 
тілдің  қолданылу  аясын  кеңейтудің  және 
білім беруді бүгінгі таңдағы қоғамның әлеу-
меттік  сұранымымен  үйлестірудің  аса  ма-
ңызды  тетігі  болып  табылатын  функционал-
ды  сауатты  дара  тұлғаны  қалыптастырумен 
тығыз сабақтасып жатыр. 
Фукционалдық  сауаттылықты  қалып-
тастыру  үшін  өзге  тілді  мектептердегі  «Қа-
зақстан  тарих»  пәнін  оқытуды  жетілдірудің 
бағыттарын айқындайтын тұжырымдамалық-
әдіснамалық  негіздерді  қайта  қарастырып, 
білім беру жүйесіне тың өзгерістер енгізу қа-
жеттігі туындап отыр. Олар мемлекеттік нор-
мативтік құжаттарды дайындау кезінде жан-
жақты  ашып  көрсетілді.  Мәселен,  «Қазақ-
стан  Республикасында  білім  беруді  дамыту-
дың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекет-
тік  бағдарламасында»:  «Қазақстандық  білім 
беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңісті-
гінде  лайықты  орын  алуына  мүмкіндік  бер-
мейтін  ескірген  әдіснамалық  базасы  жағда-
йында  дамуын  жалғастыруда.  Білім  беру 

 
48 
     
 
мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр 
және  оқитындарды  қоғам  өміріне  құзіретті, 
жауапты  әрі  шығармашылық  тұрғыдан  қа-
тыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған», 
-  деп  айқындалған.  Бұл  білім  берудегі  жаңа 
мазмұн  мен  дәстүрлі  оқыту  жүйесінің  ара-
сындағы  қайшылық  салдарының  көрінісі. 
Осы  кереғарлықты  жою  үшін  мектеп  пәнде-
рінің  білім  мазмұнын  толықтырып,  саралап, 
оны  меңгертудің  жаңа  жүйесіне  қатысты 
оқу-әдістемелік  базаны  жетілдіру  міндеті 
туындайды. Осы орайда соңғы жылдарда жа-
рық көрген Қазақстан Республикасының «Бі-
лім  туралы»  Заңының  жаңа  нұсқасында. 
Жалпы  білім  беру  жүйесіне  құзіреттілік  ба-
ғытты енгізу мәселесі бойынша көптеген ең-
бектер  жарыққа  шықты  (В.А.Болотов, 
Г.К.Селевко,  В.В.Сериков,  Л.В.Трубайчук, 
А.В.Хуторской, 
М.Ж.Жадрина, 
Ф.Ш.Оразбаева, 
С.Д.Мұқанова, 
Ж.Т.Дәулетбекова,  Б.А.Әрінова  және  т.б.). 
Бірақ орыс тілді мектептердегі қазақ тілі не-
гізінде  құзіреттілік  бағытына  сай  функцио-
налды  сауатты  тілдік  тұлғаны  дамыту  мә-
селесі  жалпы  ғылымда,  соның  ішінде  өзге 
ұлт  өкілдеріне  қазақ  тілін  оқыту  (үйрету) 
әдістемесінде  жеткілікті  деңгейде  қарасты-
рылмауы  бұл  мәселенің  ғылыми-теориялық 
тұрғыдан  да  өзекті  екендігін  айғақтайды. 
Зерттеудің  ғылыми-әдістемелік  түрғыдағы 
көкейкестілігі орыс тілді мектеп оқушылары-
на  қазақ  тілін  үйрету  әдістемесін  дүниежү-
зіндегі  өркениетті  елдердің  екінші  тілдерді 
меңгерту  әдістемесіндегі  озық  үлгілерді  са-
ралап,  мемлекеттік  тілді  меңгерту  әдістеме-
сін функционалдық сауаттылықты қалыптас-
тыруға  негіздей  отырып  жетілдірудің  сара 
жолдарын айқындау қажеттігімен дәйектеле-
ді. Осыған орай орыс тілді мектеп оқушыла-
рына қазақ тілін үйретуде білім берудің түп-
кі  нәтижесін  құзіреттілікке  бағыттау  және 
оны  жүзеге  асырудың  жолы  ретінде  оқушы-
ның  өмірлік  дағдыларын  қалыптастыру  ар-
қылы  пәннің  стратегиялық  бағытын  өзгерту 
мен  түрлі  өмір  жағдаяттарында  қазақ  тілін 
қатысым  құралы  ретінде  қолдана  алатын 
тұлға тәрбиелеудің маңыздылығы айқындала 
түседі. 
Функционалдық сауаттылық – адамның 
сыртқы  ортамен  қарым-қатынасқа  түсе  алу 
қабілеті және сол ортаға барынша тез бейім-
деле алуы мен қарым-қатынас жасай алу дең-
гейінің көрсеткіші. Олай болса, функционал-
дық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени 
ортада  өмір  сүруі  үшін  қажетті  деп  санала-
тын  және  оның  әлеуметтік  қарым-қатынас 
жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағ-
дылардың  жиынтығынан  құралады.  Ал  кең 
мағынасында ол тек білік пен білімділік әле-
міне  барудың  жолы  ғана  емес,  ол  –  ұлттың, 
елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени 
және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай 
сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функ-
ционалдық  сауаттылық  жеке  адамды  дамы-
тудың тетігі ретінде қолданылады. 
Сауаттылық  тұлғаның  тұрақты  қасиеті 
болып  табылатындықтан,  функционалдық 
сауаттылық  сол  тұлға  меңгерген  белгілі  бір 
білім-біліктерден  көрініс  табады.  Өйткені 
функционалдық  сауаттылыққа  адам  нақты 
білім  алу  кезеңдерінен  өткеннен  кейін  қол 
жеткізеді. Бұл орайда білім белгілі бір сауат-
тылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал жә-
не  нақты  іс-әрекеттердің  нәтижесі  ретінде 
қарастырылады.  Ендеше,  мемлекеттік  тілді 
оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп санала-
тын құзіреттіліктердің біртұтас бірлігі ретін-
дегі  функционалдық  сауаттылықтың  мәнін, 
рөлін  айқындаудың,  оны  мектеп  тәжірибе-
сіне  ендірудің  уақыт  талабымен  толық  сай 
келуі  де  зерттеу  тақырыбының  өзектілігін 
дәлелдей түседі. 
Функционалдық  сауаттылық  оқушы-
лардың  сыртқы  ортамен  қарым-қатынас  жа-
сау  қабілеті,  оқушылардың  өзгермелі  өмірге 
бейімделуінің  шарты,  оқушылардың  жеке 
бас  қабілеттерін  дамытудың  тетігі,  оқушы-
лардың  әлеуметтік  дағдыларын  дамытудың 
негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі, 
білім,  білік,  дағдыларының  құзіреттілікке 
ұласу  жолы.  Ол  оқушылардың  қатысымдық, 
ақпараттық,  проблемалардың  шешімін  табу 
құзіреттіліктерінің бірлігінен құралады.  
Зерттеу  жұмысының  нысаны:  оқу 
жүретін  мектептердің  5-6-сыныптарында 
Қазақстан тарихын оқыту үдерісі. 
Зерттеу  пәні:  оқу  жүретін  мектептер-
дің  5-6-сыныптарында  Қазақстан  тарихы 
оқытуда  оқушылардың  функционалдық  са-
уаттылығын қалыптастыру әдістемесі. 
Зерттеудің мақсаты:  оқу қазақ тілінде 
жүретін  мектептердің  5-6-сынып  оқушыла-
рының  функционалдық  сауаттылығын  қа-

 
 
 
49 
     
 
лыптастырудың  ғылыми-теориялық  негізде-
рін анықтау, әдістемелік жолдарын ұсыну. 
Зерттеу міндеттері: 
-  педагогикалық-психологиялық  және  линг-
вистикалық  еңбектердегі  функционалдық 
сауаттылық  мәселесінің  зерттелу  жайын 
талдау арқылы тірек ұғымдарды саралау; 
-  оқушының  тұлғалық  қабілеттерінің  да-
муындағы  функционалдық  сауаттылықтың 
мәнін  және  оны  оқыту  үдерісінде  қалыптас-
тырудың  ғылыми-әдістемелік  негіздерін 
айқындау; 
-  қазақ  тілі  пәнін  оқыту  үдерісінде  оқу-
шылардың  функционалдық  сауаттылығын 
құзіреттілік,  әрекеттік  бағыттармен  бірлікте 
дамытудың әдістемесін ұсыну; 
- 5-6-сынып оқушыларының функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыратын басты ұста-
нымдарды анықтау; 
-  оқушылардың  функционалдық  сауаттылы-
ғын  қалыптастыруға  негізделген  Қазақстан 
тарихын  оқытудың  ұсынылған  әдістемелік 
жүйесінің тиімділігін эксперимент 
нәтижелері арқылы дәйектеу. 
Зерттеу  болжамы.  Егер  оқу  орыс  ті-
лінде  жүретін  мектептердегі  қазақ  тілі  пәні-
нің білім мазмұны құзіреттілік бағытына сай 
тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін, практика-
лық маңызын, қатысымдық қызметін таныта-
тын материалдармен толықтырылса; оқушы-
ның оны өздігінен әрекет ете отырып игеруі-
не  қажетті  оқу  жағдаяттары  мен  өмір  шын-
дығына сай құрылған қатысымға жетелейтін 
жұмыс  түрлері  жүйелі  ұйымдастырылса;  қа-
зақ  тілін  оқытудың  түпкі  нәтижесі  оқушыға 
ақпараттық,  қатысымдық  және  проблеманы 
шешу құзіреттіліктерін меңгертуге бағыттал-
са,  онда  оқушылардың  функционалдық  са-
уаттылығын қалыптастыруға қол жеткізіледі. 
Өйткені  білімнің  оқушының  өмірлік  дағды-
сына  айналуына  бірден-бір  мүмкіндік  бере-
тін  жол  функционалдық  сауаттылық  болып 
табылады. 
Жетекші  идея:  функционалдық сауат-
тылықты  қалыптастыру  –  Қазақстан  тарихы 
сабақтарында  оқушылардың  өмірлік  дағды-
ларын  дамытудың  басты  шарты.  Функцио-
налдық  сауаттылықты  қалыптастыру  –  оқу-
шының  танымдық-қатысымдық  қабілеттерін 
дамытуға деген ішкі мүдделілігімен әлеумет-
тік  сұранымды  үйлестірудің  жолы.  Сондық-
тан оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қа-
зақ  тілін  меңгертуде  білім  мазмұны  аяларға 
бөлініп, қатысымдық, дара тұлғаға бағдарлай 
оқыту  және  сұқбаттық  әдістер  негізінде 
ұйымдастырылатын 
жағдаяттық, 
рөлдік 
ойын, шығармашылық тапсырмалар біртұтас 
әдістемелік  жүйе  түрінде  жүзеге  асырылуы 
тиіс. 
Зерттеудің  әдіснамалық  негіздеріне 
коммуникативтік 
бағыт 
әдіснамасы 
(И.И.Бим, 
Ф.Ш.Оразбаева, 
Е.И.Пассов, 
В.Л.Ляховицкий);  құзіреттілік  бағыт  әдісна-
масы 
(В.А.Болотов, 
И.А.Зимняя, 
А.К.Маркова,  С.Г.Молчанов,  Г.К.Селевко, 
В.В.Сериков, 
В.А.Сластенин, 
А.В.Хуторской, 
М.Ж.Жадрина, 
С.Д.Мұқанова);  әрекеттік  бағыт  әдіснамасы 
(В.В.Давыдов, А.А.Леонтьев, Д.Б.Эльконин); 
өзге  тілді  мектептерде  қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесі 
(Н.Сауранбаев, 
С.Кеңесбаев, 
С.Жиенбаев, 
Т.Ахметов, 
Ғ.Бегалиев, 
А.Айдаров, 
Ж.Д.Адамбаева, 
Б.Б.Құлмағамбетова, 
К.Ы.Сариева, 
М.М.Артықова)  саласындағы  ғылыми-тео-
риялық  қағидалар  мен  ой-тұжырымдар 
алынды. 
Зерттеу  көздері:  білім  беру  саласына 
қатысты заңдары, қаулылары; Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметінің, ҚР Білім және ғылым 
министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Қа-
зақ білім академиясының базалық-норматив-
тік  құжаттары,  отандық  және  алыс-жақын 
шетелдік  философтардың,  психологтардың, 
әдіскер ғалымдардың зерттеулері. 
Зерттеу  әдістері:  зерттеу  проблемала-
рына  қатысты  тірек  ұғымдар  мен  басым  ба-
ғыттарды  айқындау  үшін  ғылыми-теория-
лық, әдістемелік еңбектерді талдау, зерделеу, 
сараптау,  эксперименттік  тәжірибе  нәтиже-
лерін талдап қорыту әдістерімен қатар қазақ 
тілін  оқыту  үдерісінде  функционалдық  са-
уаттылықты қалыптастырудың жайын, оның 
проблемаларын  анықтау  мақсатында  әлеу-
меттік-педагогикалық  әдістер  (сауалнама, 
әңгіме,  сұқбат)  қолданылды.  Қазақ  тілі 
сабақтарына  қатысып,  бақылау  жүргізілді, 
зерттеу 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Зерттеу  нәтижелерін  қорытындылай 
келе мынадай тұжырымдар жасалды: 
1. Жалпы білім беретін орыс тілді мек-
тептерде  мемлекеттік  тілді  оқытудың  түпкі 
нәтижесі  оқушылардың  алған  білімдерін 

 
50 
     
 
өмірде  қолдана  алуына  бағытталуы  білімнің 
білікке  ұласуының  бірден-бір  кепілі  болып 
табылады.  Функционалдық  сауаттылықты 
қалыптастыру  қазіргі  таңда  оқыту  жүйесіне 
қойылып  отырған  әлеуметтік  сұраныс  та-
лаптарымен сай келу үшін орта сыныптардан 
бастап  оқушының  қатысымдық,  ақпараттық 
және проблемалардың шешімін табу құзірет-
тіліктеріне бағытталып жүргізілгенде ғана оң 
нәтижелерге қол жеткізуге болады. 
2. Қазіргі мектептердегі білім беру үде-
рісіне енген оқушыны өз әрекетінің субъекті-
сі  деп  тану  парадигмасы  оқушыларға  тілді 
функционалдық  сауаттылық  тұрғысынан 
меңгерту талаптарымен толық үндеседі. Өйт-
кені  оқушы  өздігінен  машықтанып  игерген 
білімді ғана өмірдің кез келген жағдаятында 
қолдана  алады.  Сол  себепті  жетекші  әрекеті 
қарым-қатынас  болып  саналатын  5-6-сынып 
оқушысына функционалдық сауаттылықтық-
ты меңгертудің мүмкіндіктері мол. Бұл өз ке-
зегінде  оқытудың  тұлғалық-әрекеттік  бағда-
рын  күшейтуді  тілді  меңгертудің  басым  ба-
ғыты 
ретінде 
белгілеудің 
қажеттігін 
көрсетеді. 
3.  Функционалдық  сауаттылықты  қа-
лыптастыруды  білім  сапасын  арттырудың 
бір  шарты  ретінде  жүзеге  асыру,  оқушының 
тілдік  және  қатысымдық  қабілеттерін  дамы-
тудың  тетігі  ретінде  қолдану,  алдымен,  оны 
меңгертудің  арнайы  ұстанымдарын  айқын-
дап  алуды  қажет  етеді.  Осы  ұстанымдарға 
негізделіп  жаңаша  жүйеленген  білім  мен  бі-
ліктер  ғана  баланың  оқуға  саналы  қатына-
сын,  сол  арқылы  тілді  игеруге  деген  оқу 
және  әлеуметтік  мотивтерін  дамытуға  негіз 
қалайды. Бұл орайа қазақ тілін оқыту әрекет-
тік  бағыт,  оқушылардың  коммуникативтік 
құзіреттерінің  қалыптастыру,  аутентикалық 
тұрғыдан  оқыту,  интерактивтік  оқыту  ұста-
нымдарына  негіздеу  оқушының  тілді  өз  қа-
жеттіліктеріне  сай  қолдану  мүмкіндіктерін 
арттырады. 
4.  Оқушылардың  қазақ  тілінен  сапалы 
білім  алуы  мен  қатысымдық  дағдыларының 
жетілуі үшін оларға берілетін білімнің лекси-
калық  тапсырмалар  аясында  қамтылатын  ті-
рек  сөздер  мен  сол  тақырыпты  игеруге  қа-
жетті  грамматикалық  минимумдарды  белгі-
леу  маңызды.  Сол  минимумдарды  анықтау-
дың  талаптары  ретінде  сөздердің  шынайы 
қарым-қатынастық  жағдаятта  қолданылу 
мүмкіндігі;  стильдік тәуелсіздігі;  сөздің бас-
қа сөздермен үйлесу қасиеті; сөз құрау мүм-
кіндігі;  мағыналық  (семантикалық)  құнды-
лығы,  коммуникация  үдерісіндегі  мәнділігі; 
әр  сыныптағы  лексикалық  тақырыптарға 
сәйкес сөздердің мағынасының кеңеюі;  ком-
муникативтік  қажеттілік;  грамматикалық 
форма  мен  құрылымның  тақырыптық-жағ-
даятқа  сәйкестігі;  оқу-әдістемелік  мақсатқа 
сәйкестігі алынуы ұтымды. 
5. Оқушының функционалдық сауатты-
лығын  қалыптастыру  біртұтас  әдістемелік 
жүйенің  жасалуын  талап  етеді.  Ол  білім  бе-
рудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нә-
тижесіне  дейінгі  аралықтағы  компоненттер-
дің бірлігі арқылы жүзеге асады. Сондықтан 
мақсатқа  қол  жеткізудің  басты  құралы  сана-
латын  білім  мазмұны  оқушының  функцио-
налдық сауаттылығына негізделіп, сынып са-
йын күрделендіріліп отыратын  «Әлеуметтік-
тұрмыстық»,  «Әлеуметтік-мәдени»,  «Оқу-
еңбек» аялары бойынша құру тиімді болмақ. 
6. 5-6-сынып оқушыларының функцио-
налдық сауаттылығын қалыптастыруда қаты-
сымдық,  рөлдік  ойын,  дара  тұлғаға  бағдар-
ланған  оқыту  және  сұрақ-жауап  әдістері  ар-
қылы  жүзеге  асатын  жағдаяттық  тапсырма-
лар,  рөлдік  ойындар,  сұқбаттық  тапсырма-
лар,  құзіреттіліктерді  қалыптастыратын  тап-
сырмалар  арқылы  кешенді  жүргізудің 
тиімділігі жоғары болады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1 Словарь русского языка. М.: Русский язык. 
1998 г. – 46 с.  
2  Қазақ  тілінің  сөздігі.  –  Алматы:  Ғылым, 
1986. 10 том, – 17 б. 
3  Дополнительное  образование  детей:  Учеб-
ное  пособие  для  студентов  вузов/  Под  ред. 
О.Е.Лебедева. – М.: ВЛАДОС, 2000. – 256 с. 
4  Выготский  Л.С.  Психология  развития 
человека. – М.: Смысл, 2006. –48 с. 
5 М.Жұмабаев, Педагогика, – Алматы, 1992. 
– 52 б. 
6  Выготский  Л.С.  Педагогическая  психоло-
гия. – М., 1991. – 52 с. 
7 Оразбаева Ф.Ш., Тілдік қатынас: теориясы 
және  әдістемесі.  –  Алматы,  Ы.Алтынсари 
атындағы  Қазақтың  білім  академиясының 
баспа кабинеті, 2000. 
 

 
 
 
51 
     
 
 
 
 
 
ПРОФЕССОР Қ.Б.СЕЙТАЛИЕВТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАЛАРЫНДАҒЫ 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ИДЕЯЛАРЫ 
 
Базарғалиев Ғ., 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қауымдастырылған 
профессоры, п.ғ.к. 
 
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетімізде оқу-
шы-жастарды  бүгінгі  күн  талабына  сай  ұлт-
тық  тәлім-тәрбие  беруде  халқымыздың  бай 
мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірл-
ерін,  жинақталған  ұлттық  құндылықтарды 
зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәр-
бие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Осы 
тұрғыдан алғанда, бәсекеге қабілетті жастар-
ды тәрбиелеу ұлт тұрмыс-тіршілігін өркенде-
туші  сапалы  да  салауатты,  ұлтжанды,  мәде-
ни-ғылыми ой-өрістері кең ұрпақ өсіру қоғам 
алдында  тұрған  басты  міндет  болып  табы-
лады. Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы 
зиялы  қайраткерлердің  талаптарына  сай  же-
тілдіріп пайдаланып отырған. 
Бұрынғы кезеңдердегі тәлім-тәрбие мә-
селелерін зерттеу жұмысына қазіргі ТМД ай-
мағындағы  елдерде  ерекше  үлес  қосқан  ға-
лымдар 
көптеп 
саналады. 
Айталық, 
Э.Д.Днепров, 
Е.Н.Медынский, 
А.Б.Петровский,  Н.К.Гончаров  т.б.  еңбекте-
рінде  педагогика  мен  психология  ғылымда-
ры  тарихы,  оның  іргелі  де  басым  бағыттағы 
теориялық  мәселелері,  әдіснамалық  арнала-
ры жайлы құнды пікірлер айтылады.  
Ұлттық  тәлім-тәрбие  саласының  сан-
алуан мәселелері біздің еліміз жағдайында да 
біршама уақыттан бері зерттеу нысанына ай-
налып  келеді.  Бұл  тақырыптарда  тек  соңғы 
жылдардың  өзінде  ғана  ондаған  диссерта-
циялар қорғалып, бірқатар төлтума еңбектер 
жарыққа  шықты.  Мәселен,  осы  ретте 
Қ.Сейталиевтің,  А.Көбесовтің,  С.Қалиевтің, 
К.Құнантаеваның т.б. ғалымдардың еңбекте-
рін атауға болады.  
Профессор  Қ.Сейталиевтің  ғылыми  із-
деніс бағыттарының негізі ретінде ағартушы-
лықты, тәрбие мен оқу-ағарту ісін, білім бе-
руді,  оның  ішінде  психологиялық  ілімді 
зерттеуді  өзінің  биік  межесі  етіп  ұстаған. 
Ғалым  жаңа  рухта  жас  ұрпақ  тәрбиелеу, 
адамгершілік,  жақсы  мінез-құлық  қалыптас-
тыру қажеттіліктерін тек қана тәжірибеде іс-
ке  асырып  қоймай,  бұл  мәселелерді  теория-
лық тұрғыдан да терең зерттеген. Ғалым күні 
бүгінге дейін түрлі деңгейде орта білім бере-
тін  мектептердегі  шәкірттердің  психология 
негіздерінен  мағлұматы  мардымсыз  екені 
хақ  дейді.  Өйткені,  бұл  ғылым  саласы  жеке 
пән  ретінде  оқытылмай  келді.  Осының  сал-
дарынан  шәкірттеріміз  ойлау,  сөйлеу  мәде-
ниетіне шорқақ, мінез-құлық, жігер, сезім са-
ласынан сауаттары төмен болғанын жасыру-
ға  болмайды.  Аталмыш  ғылым  негіздерінен 
жастарымыздың  біршама  сусындауы  оларда 
имандылық  пен  адамгершілік  ұстанымдары-
ның  жай-жапсарына  түсті,  жалпылама,  үс-
тірт ұқпай, осы саладағы ғылыми деректерді 
ұғына білуге жағдай туғызады. Өйткені, пси-
хология  ғылымының  негізгі  мәселелері  де 
жиі  өзгеріске  түсе  қоймайды.  Төл  тілімізде 
ғалымның құрастырып отырған «Тәрбие тео-
риясы», «Психология» «Педагогика тарихы» 
еңбегінің бір ерекшелігі мұнда халқымыздың 
сан ғасыр бойына ұлттық тәлім-тәрбие сала-
сында тірнектеп жинаған небір асыл түйінде-
рінің молынан берілуі. 
Халқымыз «Тәлім сөз – тәрбие құралы» 
деп  бекер  айтпаған.  Ғалым  сондықтан  да 
«Педагогика  тарихы»  орта  оқу  орындары 
оқушыларының жәй ақылшысы, қолдан түс-
пес кітабы болып қана қоймай, ретті жерінде 
қамқоршы  тәлімгердің  игі  міндетін  атқарар 
ойдамын 
дейді. 
Сондықтан 
педагог 
Қ.Сейталиев өзінің еңбектерінде оқушыларға 
халықтық  тәрбие  беруді  мақсат  еткен.  Жас 
ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуда 
тәрбиені  ықпалды  күш  ретінде  алуы  бүгінгі 
педагогика тұрғысынан алғанда оның құнды-
лығын, 
маңыздылығын 
анықтайды. 
Қ.Сейталиевтің  өмірі,  қызметі,  педагогика, 
психология саласындағы ғылыми мұраларын 
                                                                                                
 
МЕКТЕПТЕГІ ТӘРБИЕ
 

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет