Государственного педагогического



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата03.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#5472
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

 
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
ИНСТИТУТЫНЫҢ  
ХАБАРШЫСЫ 
 
ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  
ЖУРНАЛ 
 
 
 
 
ВЕСТНИК  
ТАРАЗСКОГО 
ГОСУДАРСТВЕННОГО 
ПЕДАГОГИЧЕСКОГО 
ИНСТИТУТА 
 
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ 
ЖУРНАЛ 
 
№6 
2011 
 

 

 
         Тараз                                                                                               
ВЕСТНИК 
    мемлекеттік                                                                                              Таразского 
   педагогиклық                                                                                    государственного 
   институтының                                                                                       педгогического    
 ХАБАРШЫСЫ
                                                                             института                                                                                                                   
2011
 
№6 
 
 
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ 
 
А.Б.Абдуалы,                         тарих ғылымдарының докторы, профессор  (бас 
редактор) 
С.Ж.Тәжібаева,                      филология ғылымдарының докторы, профессор 
Р.С.Амандосова,                    педагогика ғылымдарының докторы, доцент 
А.Ә.Байтелиев,                      филология ғылымдарының докторы, профессор 
С.А.Байтілен,                         тарих ғылымдарының докторы, профессор 
Б.Бәкірбаев,                            физика-математика ғылымдарының докторы, 
профессор 
С.Қ.Бердібаева,                      психология ғылымдарының докторы, профессор 
Қ.Б.Бӛлеев,                             педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Т.Қ.Бӛлеев,                             педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
К.Ж.Бҧзаубақова,                   педагогика ғылымдарының докторы, доцент 
Т.К.Кенжебаев,                      педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Ю.П.Киселев,                         тарих ғылымдарының докторы, профессор 
И.О.Мҥлдеков,                       техника ғылымдарының докторы, профессор 
О.С.Сәлімбаев,                       педагогика ғылымдарының докторы, профессор 
Қ.Т.Тоқжігітов,                      физика-математика ғылымдарының докторы, 
профессор 
Ж.С.Тӛлеубаев,                      ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, 
профессор 
М.Мҧратбеков,                      физика-математика ғылымдарының докторы,   
профессор 
Қ.Т.Ыбыраимжанов,             педагогика ғылымдарының докторы, ТарМПИ 
профессоры 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ, АҚПАРАТ ЖӘНЕ СПОРТ 
МИНИСТРЛІГІ 
Ақпарат және мҧрағат комитеті 
Бҧқаралық ақпарат қҧралын есепке қою туралы 
КУӘЛІК 
№5763-Ж 
Астана қаласы                                                                           «23» 02  2005 ж. 

 

 
 
 
Б.Б.Базылбеков  
 
Н.ТӚРЕҚҦЛОВТЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІ 
 ӘОЖ 930.1/.2 
 
Қазақ елінің, қазақ жҧртының тағдыры сынға тҥскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда, 
әсіресе  қазақ  оқығандары,  ҧлт  зиялылары  жанқиярлық  еңбек  кӛрсетті.  Ҧлт  болашағын  ойлап  қам 
жеген,  халқы  ҥшін  от  пен  суға  тҥскен,  азап  шеккен,  керек  болса  осы  мақсатта  басын  бәйгеге  тігіп, 
жан  қиған  да  осы  Алаш  арыстары  болды.  Әсіресе,  ҧлттық  теуелсіздік  ҥшін  кҥресте  олардың  бір 
жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта 
ҧмытуға болмайды [1,152]. 
Алайда,  1937  жылдың  қырғынында  осынау  қазақтың  қаймағы  болған  арыстарымыз  барлығы 
дерлік қуғын-сҥргінге ҧшырап, басым кӛпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан аман қалғандарының 
ӛзі ҧзақ жылдар бойында ескерусіз қалдырылды. 
Осылайша,  қазақ  ҧлтының  бҥгінгі  жарқын  болашағын  жақындатуға,  оның  іргетасын  қаласуға 
сонау  ӛткен  XX  ғасырдың  алғашқы  жылдарында  аянбай  еңбек  еткен,  қыруар  жҧмыс  жасаған 
А.Байтҧрсынов,  Ә.Бӛкейханов,  М.Дулатов,  Ж.Аймауытов,  М.Шоқай,  С.Садуақасов,  Т.Рысқҧлов  т.б. 
кӛрнекті  мемлекет  және  қоғам  қайраткерлерінің  бел  ортасында  Нәзір  Тӛреқҧловтың  да  есімі 
жарқырап  кӛрінеді.  Алаш  идеясы  бастарын  біріктірген  осынау  саңлақтарымыздың  қоғамдық  және 
саяси  ӛміріміздің  әр  саласында  енбек  етіп,  сол  арқылы  әркайсысының  тҥптің  тҥбінде  ҧлттық 
тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз. 
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Тӛреқҧлов та осы идея ҥшін кҥресті, азабы мен абыройы 
қатар тҥсіп жатқан, қатал да қатыгез тағдыр кешті. Оның ӛмір жолына қарап отырсақ, қоғамдық және 
саяси  қызметінің  барлық  белестерінде  алдымен  ҧлтына,  туған  халқына  аянбай  кӛмек  беруге 
ҧмтылғанын  кӛреміз.  Керек  болса,  осы  мақсатта  қолына  қалам  алып  ғылыммен,  әдебиетпен  және 
журналистік  қызметпен  де  айналысты.  Соның  арқасында  қазақ  әдебиеті  мен  ӛнері  ҥшін,  қазақ  тіл 
ғылымы мен баспасӛзі ҥшін, бір сӛзбен айтқанда, жалпы қазақ тарихы мен руханияты ҥшін қаншама 
қҧнды дҥниелер жазып тастап кетті. 
Осы орайда қалам қайраткерінің осынау баға жетпес қҧнды мҧралары жайында алғашқы іргелі 
ой-пікірлерді айтқан, сҥбелі-сҥбелі мақалалар жазған бір ғалым ағамыздың ерең еңбегін атап ӛтпеу 
қиянат.  Ол  ӛмірден  ӛтіп  кеткен,  кҥллі  қазақ  журналистерінің  ҧстазы,  қажырлы,  қайсар  ағамыз, 
кӛрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожекеев 
еді. Ғалым сонау 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында-ақ осынау тақырыпты терең 
қазып зерттеді. 
Ал енді Н.Тӛреқҧловтың қазақтан шыққан тҧңғыш кәсіби, білікті дипломат, елші болғандығын 
және  оның  есімі  сол  кезде,  кӛзі  тірісінде-ақ  халықаралық  деңгейде  танылғандығын,  жоғары 
бағаланғандығын  бҥгін  ҥлкен  мақтанышпен  айтуға  тиістіміз.  Бҧл  биік  дәрежеге  Н.Тӛреқҧлов  ҥлкен 
белестерден ӛтіп келді. 
Нәзір  Тӛреқҧлов  ӛмірінің,  қоғамдық-саяси  қызметінің  осы  кезеңі  белгілі  қоғам  қайраткері, 
саясаттанушы ғалым Тайыр Мансҧровтың соңғы жылдары жарық кӛрген бірнеше еңбектерінде нақты 
деректік  қҧжаттар  негізінде  терең  ашылады.  Оның  тӛмендегі  кітаптарын:  "Нәзір  Тӛреқҧлов  -  Сауд 
Арабиясы корольдігіндегі КСРО-ның ӛкілетті ӛкілі". /Хаттар, кҥнделіктер, есептер/ (1928-1935 жж), 
М.:  Русский  раритет,  2000.;  "Елші  Нәзір  Тӛреқҧловтың  Арабия  дастаны",  4  тілде  (орыс,  қазақ, 
ағылшын,  араб),  М.:  Реал-Пресс,  2001.;  "Елші  Нәзір  Тӛреқҧлов.  Дипломат,  Саясаткер,  Азамат",  М.: 
Реал-Пресс,  2003.;  "Елші  Нәзір  Тӛреқҧлов.  Дипломат,  Саясаткер,  Азамат"  (ағылшын  тілінде)  М.: 
Реал-Пресс,  2003.;  "Елші  Нәзір  Тӛреқҧлов"  (Жизнь  замечательных  людей:  ӛмірбаян  сериясы.)  М.: 
Молодая  гвардия,  2004.;  "Елші  Нәзір  Тӛреқҧлов.  Дипломат,  Саясаткер,  Азамат"  (араб  тілінде),  Эр-
Риад: АБЕКАН, 2006, т.б.[2,89] 
Қазақтың  біртуар,  аяулы  перзенті  жҥріп  ӛткен  қызмет  белестері,  Н.Тӛреқҧловтың  ӛзі  қалың 
ортасында жҥрген, болған тарихи оқиғалар ауқымы немесе елшінің ӛз кӛзімен кӛрген елді мекендер, 
ірі-ірі  саяси  тҧлғалармен,  мемлекет  басшыларымен  жасаған  қарым-қатынасы  сынды  азаматтың 

 

ӛміріндегі маңызды сәттердің барлығы тиянақты тҥрде зерттеліп, Н.Тӛреқҧлов тҧлғасын терең ашуда 
айрықша қызмет еткен. Әсіресе, елші Н.Тӛреқҧлов жайындағы Ресей Сыртқы істер министрлігіндегі, 
Ресей  қауіпсіздік  қызметінің  Федералдық  бюросындағы,  солардың  кіруге  рҧқсат  етілмейтін 
мҧрағаттары  мен  мҧражайларындағы,  кҧпия  бӛлімдеріндегі  "аса  маңызды  мемлекеттік  грифтегі" 
қҧжаттары  мен  олардың  фотокӛшірмелерін  қолға  тҥсіруде  автор-зерттеуші  айрықша  табандылық 
танытты. 
"Нәзір Тӛреқҧловтың" араб тілінде басып шығарылуы, сӛз жоқ, біздер  - қазақстандықтар ҥшін, 
әсіресе ӛткен ғасырдың 20-30-шы жылдарында Сауд мемлекетінің қалыптасып, дамуының барынша 
қиын-қыстау  кезеңінде  онда  кеңес  дипломатиялық  қызметін  біздің  аты  аңызға  айналған 
отандасымыздың басқарғаны зор мақтаныш. Бҧл кітап КСРО мен Сауд Арабиясы арасында 55 жыл 
бойы  қарым-қатынастар  ҥзілгендіктен,  ақпаратымыз  болмауына  байланысты  арабиялықгар  ӛкілетті 
елші Нәзір Тӛреқҧловтың даңқты істері туралы білмеген олқылықтың орнын толтырып отыр. 
Кеңес-Сауд  қарым-қатынастарының,  "алтын  ғасыры"  тҥбегейлі  зерттелген.  Кәсіби 
арабшылардың айғақтауынша, бҧл зерттеу ӛз мақсатына жеткен. Осы істе "Нәзір Тӛреқҧловты" Араб 
дҥниесіндегі барынша ардақты Каирдың "Айн-шамс" университетінде аударуға ден қойған Сауд әл-
Фейсалдың рӛлі айқын аңғарылады. Кітаптың жай мазмҧнын ғана емес, Тӛреқҧловтың сыртқы істер 
халық  комиссариатының  басшылығымен  жазысқан  хаттарындағы  астарлы  ой  оралымдары  мен  аса 
бай тіл ӛрнектерінің бәрі де араб тіліне шебер аударылған. 
Ерекше айтарлық бір жайт, сол кездегі Кеңес Одағының басшыларының Н.Тӛреқҧловты Сауд 
Арабиясына елші етіп тағайындау арқылы қандасымыздың әлемдік тҧлғаға айналуына жол ашқанын 
ӛздері  де  аңғармай  қалды.  Н.Тӛрекҧловтың  сол  кезеңде  әлемдегі  ең  бір  беделді,  абыройлы 
дипломатия басшыларымен, елшілік қызметінің кӛрнекті қайраткерлерімен тіл табысып, қоян-қолтық 
араласып  кетуі,  сонымен  бірге  солардың  қҧрметіне  ие  болуы,  керек  болса  сол  елде  қоныс  тепкен 
шетелдік  елшіліктер  корпусының  жетекшісі,  жолбасшысы  (дипкорпус  дуайені)  биігіне  кӛтерілуі, 
әрине,  кеңестік  большевиктік  ҥкіметтің  толық  қолдауына  ие  болуынсыз  екіталай  еді.  Қазақ 
перзентінің  халықаралық  деңгейдегі  ірі,  кӛрнекті  саяси  қайраткерге  айнала  бастауы,  әрине,  Кеңес 
Одағының,  қызыл  империяның  шовинистік  пиғылдағы  кӛсемдері  басқарған  1930  жылдардағы 
репрессиялық  аппаратына  ҧнаған  жоқ.  Н.Тӛреқҧловтың  Кеңес  Одағы  ҥшін,  ішінара,  әрине,  одақтас 
республикалар ретіндегі тҥркі халықтары ҥшін жасап жатқан жемісті елшілік қызметін шҧғыл арада 
ҥздіртіп, Кеңес Одағына қайта шақыртып алу саясатында да осындай астар бар еді. 
Сталиннің  және  оның  тӛңірегіндегі  жандайшаптарының,  асыра  сілтеушілерінің  тікелей 
ҧйымдастыруымен,  тікелей  жала  жабу  арқылы  кӛп  ҧзатпай  Н.Тӛреқҧловты  ірі  қайраткер  ретінде 
саяси сахнадан алыстату мақсатында ашық, арсыз саясат жҥргізілді. Тҥркі жҧртына жаны ашығаны 
ҥшін, кӛмек бергені ҥшін "пантюркизм" кӛсемдерінің бірі деді. Диверсиялық-террорлық пантҥркілік 
ҧйымның белсенді мҥшесі ретінде Тҧрар Рысқҧловпен бірігіп Кеңес Одағын қҧлатуға әрекет жасады 
деген айып тағылды. Оның аяғы арысымыздың нақақтан-нақақ ату жазасына кесіліп, 1937 жылдың 3 
қарашасында "халық жауы" деген айыппен мерт болуына алып келді. Н.Тӛреқҧлов осының барлығын 
сезді,  білді.  Біле  тҧра,  зиялы,  аса  сабырлы,  аса  мәдениетті  жан  ретінде  ең  соңғы  сағатына  дейін 
партияға сенді, әділдік жеңер деп ойлады. Ӛзімен тҧстас жаппай репрессияға ҧшырап жатқан Алаш 
кӛсемдері  Ахмет  Байтҧрсынов,  Әлихан  Бӛкейханов,  Міржақып  Дулатов  ағаларымнан  жаным  артық 
емес менің деп, іштен тынып, соңғы деміне дейін жақсылықтан ҥмітін ҥзген жоқ. [3,101] 
Осындай  қҧнды  деректердің  барлығы  жоғарыда  аталған  еңбектерде  нақты  мысалдар  арқылы 
дәлелденеді.  Ату  жазасын  анықтаған  қҧжаттардың  фотокӛшірмелері  беріледі.  КСРО-ның  Жоғарғы 
соты  Әскери  кеңесінің  ҥштігімен  кесілген  жаза  шешімінің  фотокӛшірмесі  жан  тҥршіктіреді.  Ешкім 
білмейтін,  ешкім  танымайтын,  бригадалық  әскери  заңгер  деген  атақтары  бар  Матулевич, 
Стельмахович, Зарянов деген қатардағы ҥш офицердің жабық сот мәжілісін ӛткізіп, жҥрдім-бардым 
тергеп,  жол-жӛнекей  қоя  салған  қанды  қолдарының  айбақ-шайбақ  кӛшірмелері  талай 
боздақтарымыздың  осылайша  тҥбіне  жеткенін  ойлағанда,  тҥршігесің.  Сталин  сияқты  жеке  адамға 
табынған қоғамның тҧтас бір ҧлттың ҥкілеген ҥмітіндей, алақанға салған аяулыларын шыбын қҧрлы 
кӛрмей,  қалайша  аяққа  таптағандығын  кӛріп,  зығырданың  қайнайды.  Кӛпе-кӛрнеу  жасалып  жатқан 
қиянатқа не істерлерін білмей, шарасыз кҥй кешкен, намыс пен ыза кернеген жҥректері қан жылап, 
еш болмаса кегін ала алмай арманда кеткен қайран арыстарымыз-ай! 
Кітаптың тартымды тілмен, анық, айқын стильде, кҥллі репрессиялык, жазалаудың зардаптарын 
сол  кҥйінде  оқырманға  жеткізуі  Нәзіртану  ғылымындағы  беймәлім  беттерді  ашады.  Сонымен  бірге 
Н.Тӛреқҧловтың  ӛмір  деректері  де,  елшілікке  дейінгі  қоғамдық-саяси  кызметтерінің  маңызды 
белестері де қысқа да нақты баяндалып, назардан тыс қалмағандығы кітаптардың қҧнын арттырған. 
Бҧл  зерттеу  әдісі  Н.Тӛреқҧловтың  тарихи  тҧлғасын  толық  сомдап  шығуға  мҥмкіндік  берген. 

 

Қайраткердің  елшілік  қызметіне  дейінгі  азаматтық,  адамдық  келбеті  де  қалай  калыптасқандығы 
тартымды ӛмір деректері арқылы ашыла тҥседі. 
Ең алдымен, Нәзір Тӛреқҧловтың ӛскен ҧясы әулетті, ҧлағатты, алған білімі қҧнарлы, тиянақты 
еді. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіпкердің отбасында дҥниеге келді, ӛз заманына сәйкес білім алды. 
Мәскеу  қаласында,  сол  заманның  ең  беделді  жоғары  оқу  орындарының  бірі  –  Мәскеу  сауда 
институтының экономика факультетінде оқыды. Бірнеше тілдерді қатар меңгерді. Соның арқасында 
тҧстастарынан оқ бойы озық тҧрған нағыз зиялы жан болды. Алайда, ӛз мемлекетінің мҥддесін шет 
елде биік деңгейде қорғау ҥшін бҧл қасиеттер де адамға аздық етеді. Біліктілігі жағынан аса жоғары 
деңгейдегі  елші  болу  ҥшін  алдымен,  ӛмір  ағымына  жетік  болу  керек,  ерік-кҥші  қажет,  сын  сағатта 
тығырықтан  жол  таба  білген  жан  ғана  қапы  қалмайды.  Тӛнірегіндегілерді  тҥсіне  білу,  әсіресе  ӛзін 
елші  болып  келіп  отырған  мемлекетіңнің басшылығым  терезең  тең келісім  сӛз  жҥргізу,  кӛрегендік, 
шешендік ӛнер, осының барлығы (бойыңнан табылып тҧрмаса, опық жеуің оп-оңай) Нәзір Тӛреқҧлов 
бойынан табылды. 
Қалай  дегенде  де,  Нәзір  Тӛреқҧловтың  қызмет  еткен,  тағдыр  кешкен  жылдарын,  сонан  соң 
азамат  соғысы  кезеңінде  жинаған  іс-тәжірибесі  зая  кетпеді.  Кейінірек  ҥлкен-ҥлкен  жауапты 
қызметтерге сайланды.  Тҥркістан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің жауапты  хатшысы,  Тҥркістан 
Атқару Комитетінің тӛрағасы, Шығыс халықтары институты директорының орынбасары және КСРО 
Орталық Атқару Комитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының тӛрағасы, тҥрік халықтарының 
жазуын  латын  әліппесіне  кӛшіру  жӛніндегі  Орталық  Комитеті  тӛрағасы  сынды  басшылық 
қызметтерді атқарды. Осының барлығы Нәзір Тӛреқҧловтың қайраткерлік тҧлғасын қалыптастырды, 
мемлекет ісін терең меңгеруге жол ашты. 
Н.Тӛреқҧлов  елшілік  кызметтің  ең  бір  негізгі  бағыттарын,  бейнелей  айтсақ,  ҥш
 
тағанын  -  ӛз 
мемлекетінің  беделін  лайықты  дәрежеде  ҧстап  тҧру,  оның  саяси,  сауда-экономикалық,  басқа  да 
мақсаттарын  табанды  тҥрде  қорғау  және  аса  қажетті  ақпараттарды  дер  кезінде  електен  ӛткізе  білу 
сияқты салаларды терең меңгеріп, осыларды мҥлтіксіз орындап отырды. Ол сол кезеңде ӛзі тӛтенше 
және ӛкілетті елшісі болып отырған Кеңес Одағының беделін кӛтеруге кҥш салды, осы мақсатты әр 
деңгейдегі  келіссӛздерді  шебер  біліктілікпен  жҥзеге  асырып  отырды.  Әсіресе  кеңестік  сауда 
жҥйесінің  ӛміршеңдігін  дәлелдеп,  оған  жасалған  шетелдік  қысымға  шектеу  салды,  сол  арқылы 
елшіліктің  сараптау  жҧмысының арнасын  жаңа жолға қойды.  Мҧны  біз сол  кезеңнің  ӛзіндегі  асқан 
шеберліктің ҥлгісі ретінде қабылдауымыз қажет.
 
Жалпы,  Н.Тӛреқҧловты  Сауд  Арабиясы  сияқты  мҥлдем  беймәлім  мемлекетке  елші  ретінде 
таңдаудың,  тағайындаудың  кҥрделілігі  шын  мәнінде  тереңірек,  салыстырмалы  тҥрде,  керек  болса 
тарихи қҧжаттарға табан тірей отырып, ой толғауды қажет етеді. Сахара корольдігінің кӛп елге қҧпия 
жатқан  ішкі  сыры,  мемлекеттік,  саяси  ерекшелігі,  қоғамдық-әлеуметтік  ӛзгешелігі  т.б.,  барлығы 
жиылып келгенде кімді болса да аса қиын жҧмыстың кҥтіп тҧрғандығы айдан анық еді. 
Оның ҥстіне бҧл  елде, яғни ислам елінде еркін жҥріп-тҧру, ӛз еліңнің саясатын тыңдата білу, 
діні жағынан мҥлдем басқа бағыттағы мемлекеттің сӛзін сӛйлеп, сойылын соғу "жҥрек жҧтқандықпен 
тең"  еді.  Айталық,  бір-ақ  мысал,  Мекке  мен  Медине  сияқты  ислам  әлемінің  қасиетті,  қастерлі 
қалаларына аяқ басу тек шынайы мҧсылман жанға рҧқсат етіледі. Оның ҥстіне атеизмнің қызыл туы 
желбіреп тҧрған, дінді жоққа шығарып отырған мемлекеттің ӛкіліне, мҧсылман болсаң да араб елінде 
емін-еркін  жҥріп  тҧрудың  реті  келе  бермейтіні  анық.  Осының  барлығын  есептеп  келгенде,  Кеңес 
ӛкіметінің,  Коммунистік  партияның  Н.Тӛреқҧловтың  арқасына  жҥктеген,  мойнына  ілген  жҥктің 
қаншалықты ауыр болғандығын тҥсіндіріп жатудың ӛзі артық. 
Солай бола тҧра Н.Тӛреқҧлов Араб жерінде қҧрметпен қарсы алынып, тӛрт кҥннен кейін, 3-ші 
қарашада, Меккеде корольдің ҧлы, тақ мҧрагері Фейсалға сенім грамоталарын тапсырды. Корольдің 
ӛзі  Әбдел  Әзиз  Әл-Сауд  Н.Тӛреқҧловтың  тағайындалуы  туралы  М.Калининнің  1928  жылғы  9 
маусымдағы жолдауына Кеңестік миссияның жаңа басшысы Сауд ҥкіметі мен корольдің жеке ӛзінің 
тарапынан  "екі  елдің  арасындағы  достық  байланыстарды  нығайту  ҥшін"  қҧрметке,  барынша  жақсы 
қатынасқа бӛленеді деп жауап береді. Бҧл лебіз жай ғана хаттамалық сыпайылық емес еді. Хиджазда 
болған сегіз жыл бойы Н.Тӛреқҧлов король мен оның тӛңірегіндегілердің шын ілтипаты мен қҧрметін 
кӛрді.  Бҧған  кӛп  жағынан  жәрдемдескен  тарихи  оқиғалар  ағымы  —  саяси  ахуал  ғана  емес  еді. 
Н.Тӛреқҧловтың адам, азамат ретіндегі жеке басы, кісілігі, адамгершілік қасиеті, терең білімпаздығы 
мен оқымыстылығы биік парасаты мен ақылы, барлығы оны қоршаған ортасына, әріптестеріне, керек 
болса  жаулары  мен  дҧшпандарына  да  оның  беделін  мойындатты.  Бойға  біткен  ақсҥйектік,  қанмен 
келген тектілік Нәзір Тӛреқҧловты дара феномендік тҧлғалық деңгейге кӛтерді. 
Жас мемлекет — Сауд режімі сол кездегі аса кҧрметті Лондонның айла-шарғыларынан тіксініп, 
оқтын-оқтын  оған  қарсы  Мәскеу  беделін  кӛлденең  тартуға  мәжбҥр  болды.  Әл  Сауд  ҥшін  КСРО 

 

рӛлінің  айрықша  қҧндылығының  тағы  бір  себебі  —  нақ  Кеңес  ҥкіметі  бірінші  болып  оны  жаңадан 
жарияланған мемлекеттің басшысы деп таныған-ды. 
Нәзір  Тӛреқҧлов  жаңа  қызметін  тез  арада  меңгеріп,  жергілікті  саяси  қайраткерлермен,  ірі 
саудагерлермен  ӛзара  сенімді қатынастар  орната алды. Бҧл  орайда  мына бір  фактіні  келтіре  кеткен 
орынды. Бҧрын араб тілін арнайы оқымаған Нәзір тез арада оны жақсылап ҥйреніп алғаны соншалық, 
аудармашы  қызметінен  мҥлдем  бас  тартты.  "Ӛйтпесем,  бірдеңе  айтсам,  басқаша  аударылады  да, 
әңгіменің мәні айдалада қалады", деп жазады ол. Бҧл оның алдымен елшілік қызметінің ӛте жауапты 
әрі ӛте абайлап, сақтық ҧстап атқаратын еңбек екендігін терең тҥсінгендігінің белгісі. 
Оның  араб  тілін  жетік  меңгергені  соншалық,  ғҧламалармен  дін  тақырыбында  еркін  сӛз 
жарыстырып,  салтанатгы  жиында  король  мен  оның  тӛңірегіндегілермен  дипломатиялық  корпус 
атынан  сол  тілде  кӛсіле  сӛйлей  алатын  дәрежеге  жетті.  Араб  тілін  жетік  білуі  оны  еуропалық 
дипломаттардан жоғары қойды, араб сҧхбаттастарының қҧрметіне бӛледі. Ал еуропалық дипломаттар 
бҧл тілді білмейтін. Мысалы, британ миссиясының басшысы тек қана ағылшын тілінде сӛйлейтін. 
КСРО-ның  Сыртқы  істер  халық  комиссариатына  жазған  алғашқы  хаттарының  бірінде 
Н.Тӛреқҧлов  Шығыстану  институтының  студенттерін  Хиджазға  бір  жылға  тәжірибе  жинақтауға 
жіберуді  ҧсынып,  олардың  тек  араб  әдеби  тілін  білуінің  жҧмысқа  жеткіліксіз  екенін  дәлелдейді. 
"Қҧран  тілінде  бҧл  арада  бір  қорап  кҥкірт  те  сатып  ала  алмайсың.  Ал  біздің  оқу  орындарында, 
бейнелеп  айтқанда,  арабистерді  емес,  аруақтармен  және  періштелермен  ғана  сӛйлесе  алатын 
қҧранистерді даярлайды", — деп істің мәнін нақты тҥсіндіреді. 
Пайдалы  таныстықтардың  кең  ауқымы,  олармен  жиі-жиі  араласып  тҧруы  елдің  ішкі  және 
сыртқы  проблемаларын  жылдам  игеріп  кетуге  жәрдемдесті.  Ағымдағы  жағдайды  және  Сауд 
режімінің  КСРО-мен  қатынасының  болашағын  дҧрыс  бағалауға  оның  сыртқы  істер  министрінің 
міндетін атқарушы Фуад Хамзамен жҥйелі сҧхбаттасып тҧруы мҥмкіндік берді. 
Ал  король  мен  оның  ҧлдары  ханзадалар  Сауд  пен  Фейсалға  келсек,  олармен  араласып-
қҧраласып  тҧру  қиындау  болды  Ӛйткені,  корольдің  ордалары  Риад  пен  Меккеде,  ал  дипкорпус 
Жиддала  еді.  Соған  қарамастан,  Н.Тӛреқҧлов  қажет  болса,  Меккеге  аттанатын,  екі  король  мен 
мҧрагерлердің  Жиддаға  келуін  пайдаланатын.  Аса  лауазымды  адамдар,  соның  ішінде  министрлер, 
әскер  басшылары,  тіпті  қҧпия  полиция  бастығы  Нәзір  ҥйінде  жиі  қонақ  болып,  оларды  емін-еркін 
әңгімеге тартатын. 
1930  жылы-ақ,  сауда  шарты  жасалмаған  кездің  ӛзінде,  Н.Тӛреқҧлов  Сауд  режіміне  кеңестік 
мҧнай ӛнімдерін сату жӛнінде қым-қуыт келіссӛз жҥргізді. Әңгіме 50 мың "жәшік" бензин, керосин 
сату  туралы.  Бҧл  ӛнім  елдің  бір  жылғы  қажетін  ӛтейтін  еді.  Келіссӛз  сәтімен  аяқталды.  Бірақ,  бҧл 
ҥшін  Нәзірдің  голландиялық  "Шелл"  және  америкалық  "Стандарт  ойл  оф  Калифорния" 
компанияларының  ӛршеленген  қарсылығын  еңсеруіне  тура  келді.  Сауд  жағы  мҧнай  ӛнімдерінен 
басқа, КСРО-дан ағаш, ҧн, кҥкірт, қант және мата сатып алуға тілек білдірді. 
"Бензин жӛніндегі  мәміленің"  мықты  саяси астары  бар  еді.  1931  жылға  қарай  корольге ықпал 
ету жолындағы әртҥрлі топтардың тайталасы кҥшейе тҥскен болатын және бҧл тайталас Сауд-Британ 
қатынастарының  нашарлай  тҥсуі  жағдайында  жҥріп  жатты.  Бҧған  себеп  Англияның  Иорданияда 
Недж шекарасын бойлап бекіністер сала бастауы, ағылшын фирмаларының ӛздерін Хиджаз-Неджде 
сауда  жасау  қҧқығы  нақ  ӛздерінікі  ғана  екеніндей  ҧстау,  Лондонның  Араб  Федерациясын  қҧру 
жобасы еді. 
Бҧл  кезде  Хиджаз-Недж,  Иеменді  есептемегенде,  бірден-бір  тәуелсіз  араб  мемлекеті  болатын. 
Аталған федерацияда осы тәуелсіздікті іс жҥзінде ауыздықтау жоспары болатын. Осыған байланысты 
ағылшын сӛзін сӛйлейтін "сириялықтар" (Ф.Хамза - А.Филби)   мен Недж қайраткерлері арасындағы 
егес кҥшейе тҥскенді. Сайып келгенде, недждіктер мерейі ҥстем болып, 1931 жылы 2 тамызда Нәзір 
мен ханзада Фейсалдың қатысуымен 150 мың доллардың бензині мен керосинін несиеге сату туралы 
шартқа  қол  қойылды.  Бҧл  ағылшын  ықпалына  қарсы  әрекет  еді.  Бҧл  шарттың  жасалуындағы 
Н.Тӛреқҧловтың  еңбегін  КСРО  Сыртқы  істер  халық  комиссарының        орынбасары  Л.Қарахан  оған 
жазған кӛптеген хаттарында аса жоғары бағалап отырған.[3,111] 
Сонымен  бірге,  Н.Тӛреқҧлов  қажылыққа  келген  әртҥрлі  қайраткерлерден,  соның  ішінде  жат 
жерде  жҥрген  отандастарынан  да  бойын  аулақ,  салған  жоқ.  Мысалы,  Сібірден  шығып,  Тҥркияда 
қоныс тепкен белгілі панисламист, король қабылдамай қойған Абдурашид Ибрагимовпен кездеседі. 
Ҥндістан  арқылы  Хиджазға  ӛткен,  тҧрмыстық  жағынан  қатты  қиналып  жҥрген  Ӛзбекстан 
азаматтарына кӛмектескен. Л.Қараханға жазған арнайы хатында оларды отанына қайтару мәселесін 
шешуді,  осындай  істердегі  ағылшын  және  итальян  ӛкіметтерінің  тәжірибесін  негізге  ала  отырып, 
оның нақты жолын, жобасын ҧсынады. Ол тіпті Жиддаға қоныс аударған Мҧса Бигиев, Миян Кудрат 

 

секілді  тҥркі  тектес  отандастарының  Ӛзбекстанда  қалған  туыстарының  тағдырына  байланысты 
мәселелерді реттеуді Кеңес ӛкіметінің алдына қоюдан да қаймықпаған. 
Нәзірдің  ӛзі  талай  ҥлкен  және  кіші  қажылық  жасады,  исламның  талаптары  мен  дәстҥрлерін 
бҧлжытпай  сақтады. 
"Идальфитр"  (ораза 
айт) 
мейрамын  біз 
жеке  "мҧсылмандық" 
байланыстарымызды  кеңейтуге  пайдаландық.  "100-ден  астам  адаммен  сәлемдесіп,  сҧхбаттастық. 
Қҧттықтай келген адамдарға арнайы қабылдау жасадық", — деп жазады ол бір хатында. 
1932  жылы  5  мамырда  Н.Тӛреқҧлов  демалыстан  оралғанда  Жидда  портында  оны  дипкорпус 
мҥшелерінен тыс сыртқы істер вице-министрі А.Таха, Жидданың вице-губернаторы А.Амри, қаржы 
министрлігінің сенімді ӛкілі С.Хашем, қҧпия полиция бастығы М.Тайиб қарсы алды. Осының ӛзі де 
Нәзірдің беделінің ӛте биік, елші ретінде ӛте сыйлы, абыройлы болғандығын дәлелдей тҥседі. 
Н.Тӛреқҧлов  Сауд  ҥкіметімен  келіссӛзде,  әрине,  Кеңес  ҥкіметінің  кӛзқарасын,  саяси 
тҧғырнамасын берік қорғап отырған. Соның нәтижесінде Сауд ҥкіметі бҧрынғы бірқатар талаптарын 
қайтып  алды,  саудадағы  бҧлжымай  келген  шектеулер  толық  алып  тасталынды.  Бҧл  туралы  ханзада 
Фейсал кеңес елшісіне: "Ақыр соңында, бес жылғы даудан кейін Саудиядағы кеңес саудасы бағынуға 
межбҥр  болған,  ылғи  да  Сауд-Кеңес  қатынастарына  қысым  жасап,  олардың  қалыпқа  тҥсуіне  бӛгет 
болып келген ерекше тәртіп ауыртпалығы ескерілді", — деп хабарлады. 
Ал корольдің ӛзі Меккедегі ордасындағы кездесуде, Нәзірге ӛз саясатын былай тҧжырымдайды: 
"Мен  кеңес  ӛкіметінің  кӛмегіне  зәрумін.  Мен  әскери-саяси  мәселелерде  КСРО-ның  қолдауына  ие 
болғым  келеді.  Кеңестер маған басшылық  жасап  отырсын.  Мен  артымдағы  барлық  кҥш-қуатыммен 
Кеңестерге еремін. КСРО мен арабтардың мҥддесі ҥшін кеңестер мені қалауынша пайдалана алады". 
Демек,  осының  бәрінен  шығатын  қорытынды:  Н.Тӛреқҧловтың  елшілік  қызметінің  тиімділігі  мен 
кәсіби деңгейінің биіктігі ешқашан дау тудырмаған. Біз баяндап ӛткен аса кҥрделі, шытырман, әрі ӛте 
шетін,  аса  сақтықты  қажет  ететін  елшілік  еңбектің  барлық  қыр-сырын  Нәзір  Тӛреқҧлов  жете 
меңгергендігі анық. 
Сонау  ӛткен  ғасырдың  30-шы  жылдарында  Нәзір  Тӛреқҧловтай  отандасымыздың,  қазақ 
азаматының  әлемдік  деңгейде  терезесін  тең  ҧстап,  сол  алпауыттардың  ӛз  тілінде,  ӛз  дәрежесінде 
Кеңес Одағы сияқты алып мемлекеттің елшісі ретінде абыроймен қызмет атқаруы, сҥйте жҥріп, тҥркі 
тектес халықтардың да мҧң-мҧқтажын шешіп, осы жолда қам жасап ӛтуін де ерлікке пара-пар еңбек 
десек,  артық  емес.  Осындай  тағылымды  тағдыр  кешкен  перзентіміздің  тәуелсіздікке  қол  жеткен 
заманымызда  арамызға  қайта  жарқырап  оралатын  кезеңі  де  келді.  Ендігі  жылдары  оның  атаулы 
даталарына сәйкес ҥлкен-ҥлкен білім ордаларының, дипломатия мектептерінің атаулары, мемлекеттік 
деңгейдегі сыйлықтарымыз Н.Тӛреқҧловтың есіміне ие болып жатса қанеки. 
Нәзір Тӛреқҧлов — тарихи тҧлға. Оның асыл бейнесін, ел алдындағы ересен еңбегін әрдайым 
есте сақтаған жӛн. 
Отандық  дипломатияның,  бҧл  кҥндері  жиі  айтылып  жҥрген  дала  дипломатиясының  тамыры 
тереңде  жатыр,  яғни  дала  дипломатиясының  тарихы  мемлекетіміздің  қалыптасу  тарихымен  тығыз 
байланысты. Осыдан бес ғасыр бҧрын қҧрылған Қазақ Ордасына кең байтақ жерімізді, әскери кҥшін, 
сауда-саттық  қатынасын  сақтап-қорғау  оңайға  тҥскен  жоқ.  Халқымыз  осы  жолда  талай  қанды 
қырғынды,  жойқын  соғысты  басынан  кешірді.  Бҧл  ретте  ел  тыныштығын  сақтаудың  кепілі 
мемлекетімізге кӛршілерімен  бейбіт  қарым-қатынас  жасау  екені  белгілі.  Сондықтан  Қазақ  Ордасын 
қҧрып,  кӛш  бастаған  Қасым  хан,  Тәуекел  хан,  Есім  хан,  Абылай  хан  мен  Әбілқайыр  хан,  Тӛле  би, 
Қазыбек би, Әйтеке би қашанда сыртқы саясатты тиімді жҥргізуге мән берген. Елдестірмек елшіден 
деп  ой  тҥйген  кӛсемдеріміздің  Ресей  мен  Қытайға  елшілер жіберіп,  дипломатиялық  қарым-қатынас 
жасағанын дәлелдейтін қҧжаттар аталмыш мемлекеттердің мҧрағаттарында сақтаулы. Небір кҥрделі 
кезеңді  басынан  кешірген  халқымыз  бҥгінде  егемендігін  алып,  дербес  сыртқы  саясатын  жҥргізіп 
отыр.  Осы  аралықта  ҧлтымыз  арасынан  талай  тарихи  тҧлғалар,  ақыл-ой  алыптары  ӛсіп  шықты. 
Олардың  ҥлкен  шоғыры  кешегі  кеңестік  дәуірде  ғҧмыр  кешті.  Солардың  бірі  -  кӛрнекті  мемлекет 
қайраткері, дипломат, һәм ағартушы ғалым Нәзір Тӛреқҧлов. 
Нәзір  Тӛреқҧловтың  мемлекеттік  биік  лауазымды  қызметімен  қатар,  дипломатиялық  мҧрасын 
ғылыми тҧрғыдан зерттеу аса маңызды мәселе. 
1928  жылы  ол  Хиджаз,  Недж  әрі  қосылған  аймақтардағы  КСРО-ның  ӛкілетті  уәкілі  болып 
тағайындалды. Мҧншалықты жоғары дәрежелі һәм жауапты қызметке небәрі 36 жастағы маманның 
тағайындалуы  дипломатиялық  тәжірибеде  сирек  кездесетін  жәйт.  Араға  екі  жыл  салып,  Нәзір 
Тӛреқҧлов КСРО дағы тҧңғыш қазақ елшісі атанды. 
Елшілік жҧмысының аз уақыт ішінде мҥлдем жаңа сатыға кӛтерілуі ең алдымен елшінің жеке 
басына қатысты еді. Бір ғана дерек, Н.Тӛреқҧловтан соң елу жыл бойына екі елдің қарым-қатынасы 
шорт  ҥзіліп  қалды.  Кеңестік  репрессияның  жазықсыз  қҧрбаны  Нәзір  Тӛреқҧловты  орынды  қҧрмет 

 

тҧтамыз. Н.Тӛреқҧлов Сауд Арабиясына келген тҧста тәй басқан жас мемлекеттің кҥш-қуаты мықты 
Ҧлыбританиямен қарым-қатынасы тым кҥрделі еді. Бҧған себеп, 1925 жылы саудтықтар, ағылшындар 
қолдаған  һашимидтерден  билікті  кҥштеп  тартып  алған.  Оның  ҥстіне  һижаздағы  Мекке,  Мәдина 
секілді  ҥлкен  қалалар  жҧрт  мол  шоғырланған,  анағҧрлым  жақсы  игерілген  аймақ  еді.  Жаңа  елшіге 
осы  себепті  тым  кҥрделі  міндет  жҥктелді.  Міндет  КСРО-ның  Саудияға  ықпалын  кҥшейтуде,  тығыз 
байланыс  орнатуда  болатын.  Нәзір  Тӛреқҧлов  қысқа  мерзімде  жаңа  корольдіктің  негізін  қалаушы 
Әбді  әл-Әзиз  әл-Сауди,  оның  ҧлы  Әмір  Фейсал,  басқа  да  беделді  саясаткерлермен  тығыз,  әрі  берік 
байланыс орнатты. 
Оның  Жиддада  тіркелген  басқа  елшілерден  гӛрі  нағыз  мҧсылмандығы,  араб  тілінде  жетік 
сӛйлеуі  секілді  артықшылықтары  болған.  Бірнеше  тілде  емін-еркін  сӛйлесетін  Н.Тӛреқҧлов  тҥрік 
тілінде  де  жатық  сӛйлейтін.  Мҧнысы  Саудиядағы  тҥрік  диаспорасында  ҥлкен  ықпал  иеленуіне 
мҥмкіндік  әперді.  Жергілікті  билік  орындарының  КСРО-мен  сауда-саттықтағы  позициясының  оңға 
шҧғыл бет бҧруы елшінің ірі табысы саналатын. Н.Тӛреқҧловтың қажырлы еңбегінің арқасында Сауд 
Арабиясына  әкелінетін  кеңес  заттарына  мемлекеттік  шектеу  толығымен  жойылды.  Сондай-ақ 
денсаулық  сақтау  саласында  жергілікті  халыққа  айтулы  жәрдем  ҧйымдастырылды.  Осы  елдегі 
тҧңғыш АТС байланысы жҥзеге асты. Н.Тӛреқҧлов еңбегінің тиімділігі сол, Таяу Шығыстағы Кеңес 
ҥкіметі  мәртебесінің  халықаралық  дипломатиялық  дәрежеге  дейін  кӛтерілуіне  дәнекер  болды. 
Айталық,  ол  дипломатиялық  корпустың  дуайені  атанды.  Мҧның  елшілермен,  саясаткерлермен  ғана 
емес,  қажылыққа  осында  келіп  қайтатын  мҧсылман  елдерінің  жоғары  лауазымды  қайраткерлерімен 
байланысты жандандыруға септігі бар болатын. 
Сонымен  қатар,  Нәзір  Тӛреқҧлов  Қазан  революциясынан  кейін  осында  қоныс  аударған  ӛз 
жерлестеріне  қайырымдылық  қолын  созып  отырды.  Ол  қоныс  аударушылардың  зәрулігін  реттеу 
мақсатында  Кеңес  ҥкіметіне  әлденеше  рет  ӛтініш  жасаған.  Мҧның  сол  сҧрапыл  замандағы  кӛзсіз 
батылдық, екендігі айтпаса да тҥсінікті. КСРО-ның Сауд Арабиясындағы мҥддесін Нәзір Тӛреқҧлов 8 
жыл  бойына  қызғыштай  қорыды.  Әріптестері  оны  әмбебап  білімділігі,  шешендігі,  кӛрегендігі  ҥшін 
жоғары білікті маман ретінде айрықша бағалаған. 
Н.Тӛреқҧлов  дайындаған  қҧжаттардан  талдаулар,  анықтамалар  және  есептерден  Сауд 
мемлекетінің хал жағдайы мен әлеуметтік дамуы айқын кӛрініс береді. Әсіресе, араб тайпаларының 
ӛз  арасындағы  ахуалы  мен  Таяу  Шығыста  ықпал  жҥргізу  жолындағы  ірі  мемлекеттердің 
бәсекелестігіне аса мән береді. Елшінің Орталықка дайындаған хат-хабарларынан, саяси талдауынан 
жоғары  кәсіби  шеберлігі  мен  сҧңғыла  терендігі  аңғарылады.  Сауд  Арабиясының  саяси  элитасы  ӛз 
елін  КСРО-ға  танытудағы,  ынтымақтастық  орнатудағы  Нәзір  Тӛреқҧловтың  еңбегін  ӛліге  дейін 
ҧмытқан  емес,  әрі  қҧрмет  тҧтады.  Бҥгінде  Сауд  Арабиясы  Таяу  Шығыстағы  экономикасы  жоғары 
дамыған қуатты елдің қатарына жатады. Корольдік әлемдегі ірі мҧнай ресурстарын иеленумен қатар 
Мекке  мен  Мәдинаның  сақшысы  болып  табылады.  Сондықтан  бҥгінгі  Қазақстан  ҥкіметі  Сауд 
Арабиясымен  жан-жақты  ынтымақтастық  орнатуға  зор  кӛңіл  бӛлуде.  Елбасымыз  Нҧрсҧлтан 
Назарбаев 1994 жылы ресми сапармен Сауд Арабиясында болып қайтты. Сол жолы екі ел басшысы 
аймақтың  саяси  проблемаларын  шешуде  тығыз  байланыстар  орнатуды  қолдады.  Сапар  барысында, 
техника және мәдениет салаларында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. 
Биыл  Нәзір  Тӛреқҧловтың  110  жылдығы  қарсаңында  Сауд  Арабиясының  елшісі 
қабылдауымызда болды. Қабылдауда әйгілі отандасымыздың ӛмір жолы, дипломатиялық және саяси 
қызметі туралы мағлҧматтар, жарық кӛрген кітаптар таныстырылды. 
Ресей  Федерациясындағы  бҧрынғы  елшіміз  Тайыр  Мансҧров  Нәзір  Тӛреқҧловтың 
дипломатиялық  мҧрасынан  2  кӛлемді  кітап  бастырды.  Онда  елшінің  қолжазбалары,  кҥнделігі, 
Орталыққа жіберген талдаулары, ойлары кеңінен қамтылған. Арада 40 жылдан астам уақыт ӛткеніне 
қарамастан Н.Тӛреқҧлов жазбалары біздің жас дипломаттарымызға аса қастерлі мҧра. 
Бҧл  ретте  Нәзіртанудың  ҧйытқысы  -  Н.Тӛреқҧлов  атындағы  қордың  ересен  жҧмысын  атамақ 
ләзім. Алайда, Тҥркістан республикасының басшысы, Кеңес мемлекетінің елшісі, тарихи тҧлға Нәзір 
Тӛреқҧловтың есімін насихаттауда әлі де қыруар іс атқарыла бермек. 
1.  Н.Тӛреқҧловтың  әдеби-ғылыми  бай  мҧрасын  айналымға  неғҧрлым  кең  тартып, 
диссертациялық жҧмыстар арналғаны абзал. 
2.  Н.Тӛреқҧловтың ӛмірі мен мҧрасын оқып-ҥйренуді мектептер мен жоғары оқу орындарының 
бағдарламасына  ендіру  қажет.  Бҥгінгі  конференция  бҧл  жӛнінде  шешім  қабылдап,  Білім 
министрлігіне нақты ҧсынысын жолдағаны жӛн. 
3.  Халықаралық  катынастар  институтының  ең  ҥздік  студенттеріне  Нәзір  Тӛреқҧлов  атындағы 
стипендия тағайындалсын. Мҧны осы жҧмысымызға кӛп кӛмегін тигізген ЕҦУ бастап қолға алғанын 
жӛн санаймыз. 

 

Қорыта  айтқанда,  тҥрлі  себептермен  ҧзақ  жылдар  кӛмескі  тартқан  Нәзір  Тӛреқҧловтың  есімі 
мен ғылыми-әдеби мҧрасы кештеу болса да зерттеле басталғаны тарихи әділеттілік. Оның талантты 
туындылары  халқымыздың  рухани  мҧрасы  -  Қазақстан  дипломатиясының  алтын  қорына  қосылуға 
әбден лайық. 
Қазақ халқынан шыққан алғашқы ӛкілетті ӛкіл Нәзір Тӛреқҧловтың тҧлғасы, оның сол кездегі 
исламдық Шығыс Арабиядағы қиын-қыстау саяси жағдайда жҥріп атқарған дипломатиялық қызметі 
туралы  және  Сауд  Арабиясы  Корольдігі  мен  оған  таяу  орналасқан  аймақтардағы  кеңестік 
дипломатиялық  ӛкілдіктердің  жҧмысы  туралы  саясаттану  ғылымдарының  докторы,  Қазақстан 
Республикасының  Ресейдегі  Тӛтенше  және  ӛкілетті  Елшісі  Таир  Мансҧровтың  "Елші  Нәзір 
Тӛреқҧловтың Арабия дастаны" атты кітабында толықтай қамтылып жазылған.[2,56] 
Сондықтан,  мен  бҥгін  Н.Тӛреқҧловтың  ӛмір жолына  тоқталып  жатпай,  оның  қиын  тағдырына 
себеп болған жәйтті жаңа бір қырынан талдағалы тҧрмын. 
Халқымыздан  шыққан  тҧңғыш  дипломат,  қоғам  қайраткері,  ағартушы  -  Н.Тӛреқҧлов  Кеңес 
ҥкіметінің  исламға  және  ел  ішіндегі,  сондай-ақ  шет  елдердегі  мҧсылмандар  ӛкілдеріне  қарсы 
жҥргізген солақай саясатының қҧрбаны болды дер едім. Ӛйткені, Нәзір Тӛреқҧлов - ресейлік-кеңестік 
Орталық  Азиядан,  нақтылап  айтсақ,  Тҥркістан  қаласынан  шыққан  перзент.  1917  жылға  дейін  бҧл 
қаланың  отырықшы  тҧрғыны  ең  алдымен  ӛзін  мҧсылманмын  деп,  содан  кейін  ғана  белгілі  бір 
қаланың немесе аймақтың тҧрғынымын деп сезінген. Себебі, сол кездегі тҥсінік бойынша олар ҥшін 
этникалық  ҧғымның  ешқандай  маңызы  болмаған.  Зиялы  қауым  ӛкілдерінде,  ҧлттық 
консерваторларда-панисламистік, модернистерде - пантҥркілік сана басым болды. 
Кеңестік  қҧрылыстың  алғашқы  10  жылында  Ресейдегі  барлық  мҧсылмандардың  біртҧтастығы 
немесе жікке бӛлінуі ең ҥлкен пікірталастар туғызған еді. Теориялық тҧрғыдан оларды мынандай ҥш 
топка  бӛлді:  кеңестік  мҧсылмандар  -  бҧл  біртҧтас  мемлекет  қҧратын,  не  болмаса  бірнеше 
мемлекеттердің қҧрамына кіретін ҧлт немесе бҧл бірнеше ҧлттық мемлекеттер деп ҧйғарылды. 
Ленин  мен  Сталиинің  нҧсқауы  бойынша  большевиктер  кеңестік  мҧсылмандарды  бірнеше 
мемлекеттерге бӛлінген біртҧтас ҧлт деп санады. Сондықтан да алғашқы 6 жылда "мҧсылман" деген 
термин лексикада тек қана осы ҧлтты білдіру ҥшін емес, сондай-ақ оның қарулы кҥштерін, мысалға, 
мҧсылмандық  Қызыл  Армия,  орталық  әкімшілік  органын,  яғни,  ҧлт  істері  жӛніндегі  Комиссариат 
жанындағы  Мҧсылман  Комитеті,  тіптен  біраз  уақыт  мҧсылмандық  социал-коммунистік 
(большевиктік)  партияны  білдіру  ҥшін  де  қолданылды.  1924  жылға  дейін  жаңа  кеңестік  қҧрылыс 
Орталық  Азияда  патшалық  империядан  мҧраға  қалған  әкімшілік  бірліктерді  сақтады.  Бҧл  бӛліну 
географиялық және тарихи тҧрғыдан болды да, жергілікті халықтың тілдік, этникалық ерекшеліктері 
ескерілмеді.  Шамамен  алғанда  қазіргі  Казақстанның  шекарасына  сәйкес  келетін  бҧрынғы  Далалық 
генерал-губернаторлық  енді  Қырғыз  Автономиялық  Республикасы  деп  аталды,  ол  кейіннен  Қазақ 
Автономиялық  Республикасы  болып  ӛзгерді.  Тҥркістан  генерал-губернаторлығы  ӛзінің  бҧрынғы 
шекарасымен Тҥркістан Автономиялық Республикасы болды. Орыс патшасының қол астындағы екі 
кіші  мемлекет  -  Бҧқар  эмираты  мен  Хиуа  хандығы  -  Бҧқар  және  Хорезм  Халық  Республикалары 
болды.[2,89] 
1924 жылы ислам туралы мәселе оны бӛлу арқылы толықтай шешілді. Мәскеу Орталық Азияны 
ҧлттық мемлекеттерге бӛліп, шекара жігін белгілеуге кірісті. Оны Қазақстан, Қырғызстан, Ӛзбекстан, 
Тҥркіменстан,  Тәжікстан  және  Қарақалпақстанға  бӛлу  1923  жылы  Сталин  жасаған  мынадай  тӛрт 
белгіге  негізделді:  олардың  территорияларының,  тілдерінің,  экономикасы  мен  мәдениетінің 
ортақтығы. 
Кеңестік  басшылардың  мақсаты  -  ҧлт  ішіндегі  ағайыншылыққа,  рушылдыққа  бӛлінуді  және 
ҧлттық  мҥддеден  де  жоғары  діни,  этникалық,  территориялық  сананы  бір  мезгілде  жойып,  оларды 
Мәскеу  ӛз  бетінше  жасаған,  не  тарихи  шындыққа,  не  жергілікті  зиялылардың  мҥддесіне  сәйкес 
келмейтін жаңа кеңестік мҧсылмандық ҧлттық шеңберінде шектелген тар ҧлттық санамен алмастыру 
болды. 
Тҥркістан  коммунистерінің  барлық  басшылары  шекара  жігін  белгілеу  мен  жаңа  әдеби  тілдің 
пайда  болуына  ӛздерінің  қарсы  пікірлерін  ашық  тҥрде  білдіріп  отырды.  Кеңестік  мҧсылмандарға 
қатысты  мҧндай  саясат  ең  алдымен  1918  жылдан  бастап,  10  жылдан  астам  уақыттан  бері  Кеңестер 
елінде  орын  алған  және  ӛзінің  алдына  мҧсылмандар  ҥшін  коммунистік  идеяны  мҧсылман 
халықтарының  ҧлттық  ерекшеліктерін  ескере  отырып  енгізуді  мақсат  етіп  қойған  мҧсылмандық 
ҧлттық коммунизмді тҥп тамырымен жою ҥшін қолданылды. 
Мҧсылмандық  ҧлттық  коммунизмнің  жетекшілері  мен  идеологтары  Қазақстандағы  Тҧрар 
Рысқҧлов,  Әлихан  Бӛкейханов,  Ахмет  Байтҧрсынов,  Татарстандағы  Мир  Сайд  Сҧлтанғалиевтер 

 
10 
таптық  бӛлінуге  негізделмеген,  ҧлттық  бостандықты  және  ӛздерінің  жеке  ҧлттық  мемлекеттерін 
қҧруды мақсат еткен коммунистік ҥлгілерін жасады. 
Азамат  соғысы  жылдарында  ақ  гвардияшылардың  қарсылығына  тӛтеп  беру  ҥшін  Мәскеу 
ҥкіметіне мҧсылмандармен одақтас болу ауадай қажет еді. Ақтарды қуып, оларды жеңгеннен кейін ел 
ішіндегі  мҧсылман  ҧлттарының  біртҧтастығын  ыдырату  және  оларды  шеттегі  мҧсылман  әлемінен 
мҥлдем  бӛліп  тастауды  кӛздеген  батыл  шаралар  қолданыла  бастағаны  айдан  анық  байқалды.  Осы 
мақсатта, 1928 жылдан бастап КСРО-ның мҧсылмандар мекендейтін территориясын дҥниенің қалған 
ислам  әлемінен  бӛліп  тастайтын  мықты  темір  перде  қҧрылды.  Нәзір  Тӛреқҧловтың  Хиджаз 
Корольдігіндегі ӛкілетті ӛкілдік 8 жылғы жҧмысы (1928-1936 жж.) осындай Кеңес ҥкіметі тарапынан 
исламға  бел  шеше  шабуыл  жасаған  қиын  тҧсқа  тап  келді.  Н.Тӛреқҧловқа  ислам  елінде 
дипломатиялық қызмет жҥргізу кҥннен кҥнге қиынға тҥсе бастады. Бҧл жәйтті Нәзір Тӛреқҧловтың 
Орталыққа  жіберген  саяси  хаттарындағы  деректер  растай  тҥседі.  Мысалға,  1930  жылғы  18  қазанда 
Сыртқы  істер  жӛніндегі  Халық  Комиссариатының  орынбасары  Қараханның  атына  жолдаған 
материалында  КСРО-дағы  мҧсылмандық  діни-сенімді  қуғынға  ҧшыратып,  елде  25  мың  молданы 
қҧртуына орай Кеңес ҥкіметіне қарсы Геджастағы жергілікті халықтың бас кӛтерулері айтылған. 
Сталин  коммунистік  партияның  пролетариат  емес  таптан  шыққан  революциялық 
элементтермен  бірігу  альянсін  қорғай  отырып,  бҧл  альянс  тек  уақытша  сипатта  болуы  керек  деп 
ойлады. Ол орыс ҧлтынан емес басқа ҧлттың буржуазия кадрлары одақтас болғанның ӛзінде сенуге 
болмайды,  ӛйткені  олардың  ҧлттық  сепаратистік  жолға  бет  бҧрып  кетулері  оп-оңай  деп  есептеді. 
Сондықтан  да  ол  тек  орыс  ҧлтынан  шыққан  кадрларға  сенді,  оларды  ғана  шын  мәніндегі 
пролетариаттар  деп  санап,  әзірше  мҧсылмандар  арасынан  адал  кадрлар  қалыптаспай  отырғанда 
олардың басқа ҧлттарға ҥстемдігін қолдады. 
Сталиннің  осындай  принципті  тҥрде  қойған  нҧсқауының  шеңберінде  ірі  жер  иеленуші 
отбасынан  шыққан  Нәзір  Тӛреқҧловтың  тағдыры  алдын-ала  шешіліп  қойылған  еді,  ал  оның 
мҧсылмандық ҧлттық қозғалыстың кӛрнекті қайраткерлері Абдурашид Ибрагамов пен Мҧса Бегиевті 
арашалап, жақтағаны ӛкілетті ӛкілдің жағдайын бҧрынғыдан да қиындата тҥсті. Бҧл жәйт Тҥркістан 
ҧлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Мҧстафа Шоқайдың да назарынан тыс қалмады. Жерлесі Нәзір 
Тӛреқҧловтың  осы  әрекеті  дипломатия  саласында  ірі  жетістіктерге  қол  жеткізіп  ҥлгерген 
Тҥркістаннан шыққан талантты ҧлдардың бірінің кӛзін жоюға деген Сталиннің шешімін бҧрынғыдан 
да нығайта тҥскендігін сезген ол елшіге тӛнген қауіптен сақтандыруға тырысады. 
Мҧстафа  Шоқай  "Жас  Тҥркістан"  журналының  1936  жылғы  84-санындағы  "Ҧлт 
жолбасшыларының назарына" атты мақаласында большевиктердің қуғындауынан ӛз Отаның тастап 
шықкан тҥркістандықтың хатын келтіреді. Әзім Әшім деген бҧл азамат ӛз хатында бірнеше мыңдаған 
тҥркістандықтар  Ауғанстанға  барып  баспана  тапқандарын  айтады.  Ел  ҥкіметі  мен  басшылары 
мҧсылман  босқыңдарына  рақымшылықпен  қараған.  Сондай-ақ  50  мыңдай  тҥркістандық  босқындар 
Ҥндістанды паналаған. 
Сол  кездегі  Ҥндістандық  бір  газеттің  мәліметі  бойынша  Хиджазда  большевиктердің  қуғын-
сҥргінінен  қашқан  қажылардың  саны  23  мың  535  болған  екен.  Сабыр  Қары,  Ғабдолла  Мосы, 
Жҥсіпхан  сияқты  және  басқа  да  кӛптеген  мҧсылман  босқындары  ӛз  елдерінің  елшіліктеріне  баруға 
мәжбҥр  болған.  Кеңестер  Одағының  елшіліктері  эмигранттарға  тҥскі  ас  беріп  отырған.  Алайда, 
олардың  кейбірі  кеңестер  елшілігіне  бару  ҧлттық  және  діни  сенімдеріне  нҧқсан  келтіріп,  олардың 
намысына  тиетінін,  бҧл  қҧдайсыздардың  тамағының  ӛзі  арам  дегенді  де  айтқан.  Осы  жәйттерді 
баяндаған  листовкалар  Мекке  және  Мәдине  қалаларында  эмигранттар  арасында  таратылып, 
қабырғаларға  жапсырылып  қойылған.  Араб  және  Африка  елдерінде  босқын  боп  жҥрген  мыңдаған 
тҥркістандықтардың  жағдайлары  аянышты,  халдері  мҥшкіл  еді.  Әзім  Әшім  хатының  соңында 
тҥркістандық  эмигранттардың  осы  аянышты  халін  әлемдік  қауымдастықтың  назарына  жеткізе 
отырып,  халықтардың  діні  мен  ҧлттық  намыстарын  қҧрметтейтіндерді  оларға  қамқорлық  кӛрсетіп, 
ізгілік кӛмек беруге шақырады. 
Мҧстафа  Шоқай  кӛмек  сҧраған  аталған  хатты  талдай  отырып,  татар  халқының  қазысы 
Әбдірашит Ибрагимов туралы мына жағдайды жазады. Кеңестер Одағының елшісі, қҧдайсыздардың 
басшысы  Нәзір  Тӛреқҧловтың  араб  елдерінің  басшыларымен  таныстығы  Әбдірашит  Ибрагимовтың 
арқасында болған деген деректі келтіреді. Мҧстафа Шоқай оқырмандардың назарын "Жас Тҥркістан" 
журналының  1935  жылғы  68-санында  жарияланған  Нәзір  Тӛреқҧловтың  Әбдірашит  Ибрагимовпен 
бірге  тҥскен  фотосуретіне  аударады.  Мҧстафа  Шоқай  мҧсылмандардың  сенімін  асыра  пайдаланып, 
кӛмек  сҧрап  қҧдайсызбен  (бҧл  жерде  Н.Тӛреқҧловты  айтып  отыр)  қатысты  деп  А.Ибрагимовты 
кінәлайды.  М.Шоқайдың  пікірінше,  мәселе  эмигранттардың  елшілікте  тамақтануында  емес,  мәселе 
мҧсылмандар Н.Тӛреқҧлов сияқты адамнан ӛздерін мҥлдем алшақ ҧстауы керек. 

 
11 
Алайда,  мҧның  ӛзі  де  Сталиннің  саясатына  тосқауыл  қоя  алмады.  Мҧстафа  Шоқайдың 
осылайша  Н.Тӛреқҧловты  қҧдайсыз  деп  кӛрсетуге  жорта  тырысқанына  қарамастан,  еліміз 
тарихындағы зобалаң жылдарда сталиндік қуғын-сҥргінге ҧшырап, жапа шеккен қазақ халқының кӛзі 
ашық зиялы ҧлдарының қатарында жазықсыз қҧрбан болып Нәзір Тӛреқҧлов та кете берді. 
_____________________ 
1. Жҧмат Ж. Ғибратты ғҧмыр – Шымкент. 1995. 
2. Мансҧров Т. Елші Нәзір Тӛреқҧловтың Арабия дастаны – Мәскеу. 2001 ж. 
3. Бердібай Р. Нәзірдің жҧлдызы. //Дипломат Нәзір Тӛреқҧлов. Шығармалар жинағы. 
4. Тҧрсын Х. Тҥркістан (Қоқан) автономиясы: қалыптасуы мен кҥйреуі. т.ғ.к. дисс. Авторефераты.  - 
Алматы, 2001. 
5. Қҧдайбердіҧлы Ш. Тҥрік, қырғыз-қасақ һәм хандар шежіресі. – Алматы. «Қазақстан», 1991. 
6. Тынышбаев М. История казахского народа. – Алматы. «Қазақ университеті». 1993. 
7.  Дипломат  Нәзір  Тӛреқҧлов.  Шығармалар.  (Қҧрастырған  «нәзір  қорының»  шығармашылық 
тобының мҥшелері Ы.Ысмайылҧлы...) – Алматы. Қазақстан, 1997.  
8.  Тоқаев  Қ.  Нәзір  Тӛреқҧлов  һәм  отандық  дипломатия.  Шығармаларының  кӛп  томдық  жинағы.  – 
Алматы: «Ел шежіре» 2007. 1-том. 
9.  Рҥстемов  Н.  Нәзір  Тӛреқҧлов:  арабия  жылнамасының  бір  қыры.  Шығармаларының  кӛп  томдық 
жинағы. – Алматы: «Ел шежіре» 2007. 1-том. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет