Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет48/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53

2011 жыл

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

ҰЛТЫНЫҢ РУХЫН ҰЛЫҚТАП ӨТКЕН...

...Осыдан он жыл бұрын дүниеден өткен Алма апай өлімге қи мас-



тай аяулы жан еді. Тіл мен əдебиет саласына маманданушы əр бір 

шəкіртін өзіне ғана тəн мейірбан мінезімен баурап, телегей те ңіз дей 

терең білімімен тəнті еткен ұлағатты ұстаз, ойшыл ғалым А.Қы рау-

бае ва ның өмірдерегіне ден қоя отырып, оның шыққан тегі, өскен 

ортасы да ерекше ғибратты екенін аңғарасыз. 

Ғалымның əкесі Мүтəліп Қыраубайұлы бойына ақындық пен пал уан-

дық  қатар  біткен  дарынды  адам  екен.  Кез  келген  қисса-жырларды  бір 

рет оқып шығып домбыраға салып қайталағаннан кейін кітапты жауып 

қо йып  жатқа  айта  беретін  оның  есте  сақтау  қабілетінің  кереметтігіне 

жұрт таңдай қаға тамсанатын болған. Ол сондай-ақ өз жанынан да тер-

ме, жыр, өлең шығарған. Жыр тыңдау, тарихтан сыр тартып, тағылымды 

əң гі ме қозғау дəстүрге айналған осындай өнегелі отбасында өсіп-жетіл-

ген А.Мүтəліпқызының əдебиетке құмарлығы бала күнінен басталған. 

Кішкентай күнінде қолдан қуыршақ жасап, оны бесікке жат қы зып, тер-

бе тіп ойнап отыратын бүлдіршін қыздан əкесі «бұлар кімдер» деп сұ ра-

са, ол: «Бұлар менің інілерім: біреуі – Асылбек, екіншісі – Жа қып бек», – 

дейтін көрінеді. Сөйтіп, Алманың айтқаны айнымай келіп, бес жылдан 

кейін – Асылбек, тоғыз жылдан соң Жақыпбек атты інілері дү ние ге кел-

ді. Осы жайтты елжірей есіне алған інісі Асылбек: «Алманың бойына 

біткен ерекше қасиетінің бастамасы, бəлкім, осы шығар», – дейді. «Өс-

кен де кім боласың?» деген үлкендердің сұрағына Алма сол кездің өзін-

де-ақ: «Ғалым боламын! Алматыға барамын», – деп айтып жүреді екен. 

Қа шан  інілері  туылғанша: «Ер-азаматпын!  Əкемнің  көмекшісімін!» – 

деп, шөп орса, шөп орысып, мал жайғаса, мал жайғасып жанынан қал-



479

май ды. Жұмыстан қолы қалт етсе, етбетінен жатып алып, бас кө тер мей 

кітап оқитын болған. Онда да тек əдеби шығармаларға ғана емес, əр түр-

лі тақырыптағы кітаптарға үлкен зейін қойған, барлық пəн са бақ та ры-

на тыңғылықты дайындалып отырған. Үздік оқушы ретінде сол кездің 

балалары үшін үлкен арман болған «Артекке» барған. Ізденімпаздығы, 

ал ғыр лы ғы арқасында мектепті алтын медальмен бітіріп, бірден қазіргі 

Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факуль-

тетіне түсті. Кейіннен өзі оқып шыққан осы білім ордасына қызметке 

қа был дан ды. Алма Қыраубайқызының одан кейінгі өмірі, ұстаздық, ға-

лым дық  бітім-болмысы  сыйлас  дос-жаранның,  əріптес  аға-іні,  құрбы-

құр дас та ры ның көз алдында өтті. 

Тумысынан еңбекқор, принципшіл, дарынды ғалым бірнеше ба ғыт-

та  аянбай  жұмыс  істеді.  Біріншіден,  орта  ғасыр  əдебиетін,  шы ғыс тық 

қисса-дастандарды  зерттеп,  ұстазы  Бейсембай  Кенжебаевтың  жолын 

жалғастырды. Екіншіден, түркология бағытында зерттеу жүргізіп, үш-

төрт кітабын шығарды. Үшіншіден, өмірінің соңғы жылдарында, негізі-

нен, педогогикалық жұмысқа көбірек ден қойды. Жастарды тəр бие леу, 

ұлттық сезім, бала тəрбиесі жөнінде жазды. «Сенім» атты бағ дар ла ма 

жасап, «Жаным садаға» деген кітап шығарды. 1993 жылы Алматы об-

лы сын да ғы Жандосов ауылында ұлттық мектеп ашты. Қас-қағым сəттік 

ғұ мы рын да  өз  ұлтына,  халқына  шексіз  қызмет  еткен  А.Мүтəліпқызы, 

інісі  Асылбектің  сөзімен  айтсақ: «Қазақтың  сөзін  сөйлейтін 100 бала 

оқыт сам, олар ұлтжанды 100 азамат болып өспей ме?! Шіркін-ай, 100 

балама10-сыныпты бітіртіп, институтқа түсірсем! Солардың ең болма-

са 10-ы ғылым жолына түссе, 10-ы министрлікте қызмет істесе, мынау 

жан-жақтан жебір болып жалмағандарға тоқтау болар еді ғой! 10 бала 

тарихымызды зерттесе, 10-ы соны халыққа таратса, 100-дің ішінен тым 

құр ған да 20 бала  өзіне  шəкірт  тəрбиелесе,  сөйте-сөйте  халқымыздың 

ерек ше лі гін сақтап қалар едік...» деп армандаған екен. Өкінішке қарай, 

қар жы лық қиындықтардың салдарынан мектептің ғұмыры ұзаққа барма-

ды. «Үл кен арманын – ұлттық болмысымызды сақтап қалуға өз үлесімді 

қо сып үлгерсем...» деп өткен Алма апай өзінше үлгерді, бірақ балалары 

10-сынып бітіре алмады... Қалай болғанда да, А.Қыраубайқызының ұлт-

тық са на ға сілкініс туғызуға жанын салғаны анық. Қазақтың əде биет та-

ну ғылымына, педагогика саласына айтарлықтай үлес қосқан сол Алма 

апай өзінің аналық борышын да адал атқарып кетті. Жамбыл Жа баев тың 

Сатыш  атты  баласының  ұрпағына  тұрмысқа  шыққан  ол  Ұлар,  Бұ лан, 

Бағлан есімді алтын асықтай үш ұлды өмірге əкеліп, білім-тəрбие бер-

ді, аман-есен өсіріп жеткізді. Өзі айтпақшы, қайда жүрсе де, ана сы ның 

рухы жүрек тұсында тұратын Бұланның: «Менің ең ба қыт ты сəт те рім – 

сендерге базардан киім əперу» дейтін еді жарықтық. Соған қа  ра  ған  да, 

жаңа киім алғанда біз қатты қуанатын болуымыз керек. Біздің қуа ныш-

ты жүзіміз ол  кісіні шаттыққа бөлейтін», – деп еске алғаны бар. «Кез 



480

келген қайғы, қиындық түк емес, бəрін көтерермін, тек баланың қай ғы-

сы нан сақтасын», – деп тілеген абзал ана, аяулы ұстаз, парасатты ға лым, 

шынымен де, өзінің өмір жолында кездескен бүкіл қиын шы лық ты жеңе 

білді.  Ғылымның  ізденіске  толы  бұралаң  жолынан  өтті,  тұр мыс тың, 

өмірлік  жардың  сергелдеңге  салған  ауыртпалығын  кө те ріп,  қа йыс пай, 

сынбай,  еңсесін  қайта  тіктеді.  Соншалықты  күш-жі ге рі не,  қай ра ты на 

қарап, «Ер-азаматпын!» деген сөзді кішкентай күнінде періште аузына 

салды ма деп те ойлайсың. Тағдырдың ісіне не шара?! Тек ажалға ғана 

қарсы тұра алған жоқ. Небəрі 54 жасында мəңгілік са ғы ныш қа айналып 

кете барды. Қалай дегенмен де, үлкен жүректі ұстаздың өзіне ғана тəн 

жан жылуы, өмірге ғашық, жақсылыққа іңкəр риясыз көңілі өзін көр ген, 

білген жандардың жадынан ешқашан өшпек емес... 

«Алаш айнасы», 2011 жыл, 26 мамыр

Жарасқан ƏБДІРАШ 

АЛМА ҚЫРАУБАЕВА

Бүгінде салып жүрген достар алға,

бес белес биігінен асқан Алма – 

танылған қаршадайдан талантымен,

өмірі – өлең Алма, дастан Алма!

Елеңдеп ертеңінен үміт күткен.

азғантай Ауыл түгіл, Астанаң да!

Демеген жылы сөзбен қолтығынан,

бұл жақта Əбділда ақын, Асқар – онда!

Бұл Алма – Сыр бойында өскен Алма,

Сыр суын жалаңаяқ кешкен Алма!..

Берілмей қызығына балалықтың

бітірген мектепті де «беспен» Алма!

ҚазМУ-дың босағасын еркін аттап,

Көктемнің самалындай ескен Алма.

Зейінін Зекең мақтап, Тұрсекеңдер

«Түбінде ғалым болар!» дескен Алма.

Жастықтың жəрмеңкесін бастағанда,

Жасаулы керуендей көшкен Алма!

Қылжақбас перілердің жынын қағып,

көкейін серілердің тескен Алма!

Бірге оқып Сағатпенен, Нұрланменен,

Жатақтың қара нанын жескен Алма,

Жырларын Жарасқанның ұйып тыңдап,

Айырылған ақын көрсе естен Алма!

Бұл Алма күннің нұрын ішкен Алма!



481

Алматы апортындай піскен Алма!

Кəделі Жамбыл ата Шаңырағына.

Əдемі келін болып түскен Алма.

Қазақтың талай көне шежіресін.

Адамдай тоқып туған іштен Алма!



Құлпытас немесе екі дүние: фəниден бақиға дейін... 

Эпитафиялар, өлеңдер, поэмалар, эпиграммалар. 

Алматы: Атамұра, 2001. 360 бет.

Қайрат ƏЛІМБЕК

Аймаңдайдан мазасыз ғасыр өпкен,

Лебізімен шəкіртін ғашық еткен.

Мына бізге өзі де үлгі емес пе,

Алма сынды албыр өң асыл əпкем.

Абадандық танытып Ана аты алдан,

Пəлсапасын ұқтырды алақаннан. 

Адал ұстаз тең жарым ғасырында,

Йогтардай иілмей дара атанған.

Ғұмырына кез келген сүйсінерлік,

Алда тағы шуағын құйсын Ерлік. 

14.05.1997

Кəдірбек ОҢАЙБАЙ

АЛМА АПАЙ НЕГЕ МЕНІҢ ТҮСІМЕ ЕНДІ?

Алма апай неге менің түсіме енді,

Жайма шуақ, жайдары пішіндегі.

Тірлігінде біле алмай кетсе егер,

Бəлкім, барып бақида түсінген-ді.

Жебейтұғын, желейтін күрсінгенді,

Аққа оранған аруақ түрсің бе енді?

Атың өлмей артыңда, хатың өлмей,

Ардақталып халқыңа тұрсың ба енді?

Тауып өткен өмірден жарасымын,

Алма апайдай болған-ды бір асылым.

Көне дəуір тылсымын бір көтеріп,

Бəйге керін ғылымның таң асырдың.


482

Бағзы заман күйлері күмбірлеуі,

Көне мұра зерттеліп бұл күндері.

Бағдарына мектептің еніп жатыр,

Тəлімге алып ел-жұртың үлгіңді енді.

Алпысыңда өзіңді еске аламыз,

Қалатұғын тұлғалар есте нағыз.

Күні кеше өзіңмен тілдескендей,

Алматы мен тұр жайнап Астанаңыз.

Көше беріп, тастұғыр орнатамыз,

Шекпенді бүгінгі қолдасаңыз.

Алма қыздың атында дəрісхана,

Атап жатсақ, құба-құп онда нағыз.

Ат берілсін мектепке, лицейге,

Министрлер бұл іске кіріскей де.

Өшкендерді тірілткен Алма апайға,

Деп ойланам осылай тиіс кейде.

ДОКТОРЛЫҒЫН ҚОРҒАУЫНДАҒЫ ТОЛҒАНЫС

(Алма Мүтəліпқызының рухына)

Құдай берген ғұндарды, сақтарымды,

Күн нұрынан жаралып атқа мінді.

Арғы тегім жəне бір үйсін, қаңлы,

Зерттейтұғын зерделеп, мақтап үлгі.

Мейлі римдік атасын кентавр деп,

Пырақ мініп, бабалар жер шолып ед.

Ығай-сығай кілең бір, көрік мүсін,

Бөрі байрақ астында ер толық ед.

Тарих солай біздерге қол бұлғайды,

Ақтар дейді оқыған сол бір жайды.

Өмір өтер белгісі бөздей болып,

Өткен үлгі өзгеріп солғындайды.

Түркі болып түледік, ту ұстадық,

Еуразия жерін ап туыс халық.

Аттың жалын тартатын ер ұлдары,

Өмір көшін өткеріп тұрмыста нық.


483

Шаңырағым шайқалып қайта тұрды,

Тарих солай тарланбыз айта отырды.

Ұлан-ғайыр көш керуен сүрлеулерді,

Ғұламалар хат жасап қайта оқиды.

Фарабидің айналдым аруағынан,

Отырарда туылған ардағымнан.

Ғұламалар керуені көшбасшысы,

Тоғыстырған ғылымды арда бұлан.

Шүкір, қазақ атандық тарихта біз,

Қазақ солай оқысаң, тарих нағыз.

Қозысын да тудырған Баяның да,

Біле-білсек біздер бір терең ағыс.

Батырларын, басқасын, балпаңдарын,

Шежірелеп, зерделеп айтар бəрін.

Дастандарын, қиссасын қалдырыпты,

Өнеге қып өмірге əр таңдарын.

«Қисса Жүсіп», «Жұмжұма», Шырын жайлы,

Ғалым апай біздерге сырын жайды.

Көне дəуір күйлерін күмбірлетіп,

Қорқыттан да арыдан сыр ұрлайды.

Өткендердің ақтарып еңбектерін,

Ғұлама өмір қарашы зерлеткенін.

Ұстазымның ұстазы айтып жатыр,

«Алма қыз жүрмепті, – деп, – терлеп тегін».

Көпшілік жоқ деген соң еңбекте мін,

Тілекшілер түрленіп келбеттендің.

Өзім сəби, көңілім көл секілді,

Ұғынуда жан шуақ тербеткенін.

Ғалым ана аялап құндақтады,

Елес беріп Иранбақ ұжмақтары.

Хордың қызын құшқандай əсердемін,

Перілер күлік ізін құрғатпады.

Осылай көне дəуір жұмбақтары,

Қалайша құпиялап сыр сақтады?


484

Ашпаса ғалым кілтін сол сандықтың,

Өмірдің тыңдалар ма ырғақтары?

Гүлзада ҚҰБАШЕВА

СҮЙЕКТЕН ӨТКЕН СӨЗ

Университет есігін мен ашқанда,

Көңілімнің есігін сен ашып ең.

Үңілдіріп биязылық мінезің, 

Нұрлы көзбен асыл сөзін шашып ең.

Таңғалдырып курстағы қыздарды, 

Мені артық көрдің білем, өзгеден.

Ерсі, ерке қылықтарым жасырған,

Болмысымды өзге жандар сезбеген.

Жанұямда болған аздап келеңге,

Отыр едім көңілім бір құлазып.

«Сабақтан соң маған жолық» дедің де,

Жанға бердің таусылмайтын мол азық.

«Құдайлығын» айтар болсам анықтап,

Үш сөзіңмен өмірімді құрадың.

Соңғы сөзің алыстаған арманның,

Ертіп келді қысып ұстап құлағын.

Үш сөзіңнің алғашқысы, апайым,

Шаңырақтың шырқын бұзбай сақтады.

«Өмір жолдас жақсы болса болғаны»

Деген сөзің өз сенімін ақтады.

Күйбең-күйбең өтіп жатты тіршілік,

Бірде тартып, бірде беріп кеңшілік.

Тіршілікпен таласқандай тағдырым,

Құдіретті күнін берді «емшілік».

Иə,


Иə.

Он жыл өтіп арадан,

Көкбазарда жолықтым мен өзіңмен,

«Құдіретті таластырып қайтесің»

Деген сөзің жарысып еді көзіңнен.


485

Дедің тағы:

«Тым ерекше сезімталсың, абайла,

Ескілік те оңай емес тегінде»,

Жасырмапты айтқандарың, апай-ау,

Сөз дегеннің асылын да, ебін де.

Түсті есіме пайғамбардың хадисі,

«Өздігіңді жоғалтып тым берілме».

Содан бері «солдат» болып келемін,

Қайраттанып осы хадис шебінде. 



Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ

АСЫЛ АРМАНЫНАН АЙНЫМАҒАН АРДАҚТЫ АНА

немесе

биыл (2007), осы жадыраған мамыр айында мерейлі 60 жасқа 

толған ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым ҚЫРАУБАЕВА АЛМА 

МҮТƏЛІПҚЫЗЫ туралы мөлтек сыр

Адамгершіліктің айнасы

Болатын жұлдызды жанары.

Еліне мол тиген пайдасы

Жан еді кіршіксіз таза ары.

Таппадық дертіне бір амал,

Өкініш кетпеді көңілден.

Əттең-ай, қатыгез сұм ажал

Əкетті-ау тым ерте өмірден.

Жазылмай қойды ғой құлашы,

Жетпеді-ау көздеген межеге.

Əйтсе де қалдырған мұрасы –

Кейінгі ұрпаққа өнеге.

Шын ұлттық тəрбие мектебін

Ашқаны ерлікпен тең еді.

Қолдамай игі ісін өктем үн,

Мұныңыз ақыл-ақ демеді.

Осылай көрсоқыр басшылар

Арманын гүлдетпей солдырды.

Ойласам, көзімнен жас шығар,

Мұң бұлтын кеудеме қондырды.


486

Болмасын бұл ойым күпірлік,

Кетті анық, сеземін, арманда...

Десем де, құдайға шүкірлік

Етемін оңаша қалғанда.

Өйткені иманды тірлігі

Көктемдей құлпырып жаңғырған.

Тең келмес əпкеме қыр гүлі

Жігітке əдемі əн салдырған.

Көркейтті əдебиет ғылымын,

Тың оймен байытып мазмұнын.

Алғандай көзінің шырымын,

Сағынып елі жүр назды үнін.

Жүрегі мейірін төккендей

Ұлтының иесі – балаға.

Бүгінде елі үшін əпкемдей

Дейтін аз: «Жанымды садаға!..»

«Қазақ тілі мен əдебиеті», №5, 2007

Марат ҚҰРМАНҚҰЛҰЛЫ

ҰСТАЗЫМ АЛМА АПАЙҒА АРНАУ

Көз адасып қалғанмен көңіл көрер,

Көз ғайыпкер дегенге кімің сенер,

Көзден етіп қалғанмен көңілде ғой,

Көз көргенге білген жан сөзін берер,

Жақсы жанға жағымды сөзім ерер.

Білген жанға биік еді, дара еді,

Білгір ұстаз, ғажап ғалым, дана еді.

Шəкірттерін биіктерге бастаған, 

Ардақты жан, мейірімді ана еді.

Көп білгенін, көп көргенін бөлісіп,

Шəкірттермен сағынысып, көрісіп,

Шəкірттермен сырласындай сыр бөліп, 

Жүруші еді асыл ұстаз келісіп.

Көпшіл еді, көп қадірін білетін,

Жақсылыққа бастап бізді жүретін.



487

Шəкірттері шалыс кетсе кей-кейде

Кешіре сап сəл жымиып күлетін.

Білім жолын, өнер жолын таңдаған,

Шəкіртіне үйретуден талмаған.

Титтей ғана іс тындырса шəкірті,

Таудай етіп биіктетіп қолдаған.

Əніменен алушы еді тербетіп,

Əңгіме айтса, қалушы едік ер жетіп.

Өзіңізден біз адасып қалғанмен

Ісіңізді келеміз біз үлгі етіп.

Сөз өнерін бағалаймыз, жақынбыз,

Тағдыр ісі қатал, бірақ мақұлмыз.

Өзіңізді еске алып Алма апай,

Шəкірттерің жиылып біз отырмыз.

2007 жыл

Эльмира ЕРІКҚЫЗЫ

МЕН ҚҰРСАҚТА ЖАТҚАНДА

(Деректі əңгіме)

«Сүмбіледе сұмырай қатын ұйықтайды» дегенді білетін Гүлекең қан-

ша сұмырай болғысы келмегенімен, ұйқы қысқанда шарасыз болып шы-

ға ды  да, «сүмбіле-пүмбілең»  ысырылып  қала  береді.  Күздің  бастапқы 

айын осылай атайтын ескілер «манаурап, ұйқысырамай тірлігіңді қам да, 

қыс қа дайындал» деген ниетте айтқан болуы керек. Бірақ бұл сөз бас қа-

сы-басқа, Гүлекеңе түк қатысы болмай шықты.

Ойпырмай  десеңші.  Ұйқының  осындай  да  түрі  болады  екен-ау.  Ол 

ұй қы ға кеткенде жарық дүние құлаққа ұрған танадай тырп етпейді һəм 

еті нен  ет  кесіп  ал,  əсте  сезбейді.  Түс  көру,  шошып  ояну,  бастырылып 

қалу – бұған  жат  нəрсе.  Көзі  жұмылып,  ұйқыға  кетті  ме  болды,  арғы 

жағы Аллаға, бергі жағы аядай бөлменің төрт қабырғасына аян. Өйткені 

тұ рақ ты тыныс алу мен қамыстың сыбдырындай дауысты да қалт жібер-

мей аңдып, бағушы төрт қабырға. Кеңістіктен керіліп кіретін оттегі мен 

сүмірейіп шығатын көмір қышқылы қарбалыстары – пыс-пыс еткен пұ-

шық мұрынның ақысыз қызметкерлері. Бұның ұйқысы бірде Алпамыс 

батырды  елестетсе,  енді  бірде  қыс  мезгілінде  алаңсыз  ұйқыға  кеткен 

маңғаз аюды елестетеді.

Таңертең тұр-тұрлап оята алмаған күйеуі дымы құрып, шайын ішер-

іш пес  жұмысына  кетті. «Бүгін  жұмыс  та  өнбеді,  уақыттың  да  өтпей 


488

қой ға нын  қарашы.  Сегіз  сағаттық  еңбек  күні  сексен  сағатқа  созылып 

кеткендей ме, тəйірі!» деп ерін ұшынан күбірлеген Ерекең желкесін қа-

сы ды. Тапжылмай тұрар уақыт кайда? Жұмысынан шығып, аялдамада 

едə уір аялдап қалды. «Əншейінде бірінен кейін бірі тізіліп кеп тұратын 

кө лік тер ге не болған-ей! Шаршағанда өстеді ғой бəрі! Закон подлости 

деп осыны айт!» деп өз ойын орысша аяқтап, кіжініп тұрғанда анадай-

дан көптен бері көрмеген мектептес досын кездестіре қалғаны. 

– О, Жанбота, қал қалай? 

– О-о-о, Ереке, сенбісің, ей? 

– Көзің алдамаса дəл өзі. 

– Өзің қалай? Өзгеріп кетіпсің... 

– Жаман емес.

Емірене  көріскен  екеуі  сыраханаға  кіріп  сыра  ішеді,  біраз  əңгіме 

барысын  уақытқа  арқау  етіп,  сағат 9-дан  аса  еріксіз  қоштасады.  Күзгі 

күн бір тұтам. Тура түн ортасы болғандай сезінген ол үйіне жеткенше 

асық  ты. Ентелеп жеткен Ерекең сыртқы қақпадан аттаған бойда аң-таң 

болды. Үйдің жарығы жағылмапты. Таңырқаған адымдары ауланы екі 

аттап,  табалдырыққа  бір-ақ  жетті.  Есік  ашық. «Ой,  тоба,  есікті  ашық 

тастап, қайда кетті екен? Көрші- қолаңмен түнде тұрмақ, күндіз сөй лес-

пеу ші еді, əлде жалғыз өзі қорқып көрші бір үйде отыр ма екен?» Сан-

сыз  сұ рақ тар ды  санасы  минөт  аралықта  саралап  тастады.  Ауыз  үйдің 

жа  ры  ғын жақты. Аяқкиімдері орнында сияқты, тіпті таңертең өзі шешіп 

кеткен тəпішкесі де қалай қойса, сол қалпында. Ішкі бөлмедегі үстел үс-

тін де де бір өзгеріс жоқ. Таңертең асығыс ішкендегі қалған жарты кесе 

шайы да, тіпті үстел үстіне тастай салған бет орамалы да – бəрі-бəрі сол 

қал пын да. «Менің соңымнан іле-шала шыққан екен ғой. Шай да ішпей 

кеткен-ау»  деп  ойлай  бергені  сол  еді,  түннің 10 болғаны  есіне  түсіп, 

өз-өзі нен  шошығандай  болды. «Осы  уақытқа  дейін  қайда  жүр  екен?» 

деген сұраулы ойы Ерекеңді одан бетер абыржытып, азын-аулақ ішкен 

сы ра ның да буы тарқай бастады. Қалбалақтай жүріп, төргі бөлмеге кір-

ді. «Өй, үйде екен ғой, мені күтіп алмай неге ерте жатып алған?» дей 

бергенде ойына əйелінің ұйқышылдығы оралды. Ауыз үйдегі, одан ішкі 

бөл ме лер де гі мұрты бұзылмаған заттар есіне түскенде Ерекең «сонда... 

қа лай, сонда» деп күмілжи берді. Бұл кезде керіліп оянған сұлуының кө-

те рің кі көңілі мен жайдары өңі «ұйқым əбден қаныпты-ау» дегенді айт-

қыз бай-ақ аңғартып тұр еді. Өзінің жүзі жадырап, жайнап кетіпті. Бет 

əл пе ті не қарап аңырап қалған күйеуі не дерін білмей, абдыраған күйі əлі 

тұр. Əл ден соң аузына сөз түсіп, жай ғана:

– Сен бүгінгі күннің қаншасы екенін білесің бе? – деп сұрады.

– 23-і.

– Жоқ, шырағым, олай емес, сен айтқаныңдай бүгін 23-і емес, 24-і.



489

– Екі қолын екі жаққа кере созып, діріл кеудесінің демімен кербезде-

не ыңылдамақ болған Гүлекеңнің қалдық ұйқысы есінегін шығара ал-

май тоқтап қалды.

– Қой-ей, мүмкін емес!

– Мүмкін еместі мүмкін еткен мына сенің өзің, айналайын!

– Қой?! – деді тағы да меңіреу қалыпта.

Бағанадан бері күйеуінің бір таңданып, бір томырайып тұрғанына қа-

рап, «не көрінді сонша, 3-ақ сағат ұйықтаппын ғой» дегендегі ойы қаң-

бақ тай желге ұшты. Бір сасқалақтап, бір таңданды.

«Əйелің қораң болса, ұрды Құдай, малың қораң болса, берді Құ дай». 

Ал əйелің ұйқышыл болса ше? Ойпырмай-ə! Осындай да болады екен-

ау, ə! «Ұйқым келіп тұр» деп кеше 7 болмай жатып қалған. Бұнысы несі 

екен-ə? 27 сағат! Бұл неғылған аю-ұйқы? Осындайды кім көріпті екен-

ей? Егер мен тұрғызбасам, аю-ұйқысы неше сағатқа созылмақ еді?» Ере-

кең нің ойы сансыз сұрақтардан арыла алмай əуре. Гүлекең де өз ойы ның 

жетегіне ілесіп, үнсіз отырып қалыпты. «Сабаққа күнде бір немесе екі 

пар кешігіп барушы едім, бүгін мүлде бармағаным ба сонда? Мəс са ған! 

Масқара  болды-ау.  Кеше  ғана  староста  Жарылқаптың  қылқынғаны  не 

болды?» – «Енді кешікпеймін» деп мына курстастарыңның алдында сөз 

берші, – деп қанша рет қайталаған старостаның өтінішіне:

– Сөз бере алмаймын, өзім де білмеймін, – деуден танбаған Гү ле кең 

дəл бүгін қатты қуанды. Сөз бермегені қандай абырой болған? – Оу, өзің 

Мемлекеттік  университеттің  журналистика  бөлімінде  оқып  жүр ге нің-

ді  білесің  бе?  Адам  баласында  жауапкершілік  болу  керек  қой!  Күнде 

ай та ты ның бір əуен: «ұйықтап қалыппын». Құдай үшін уақытында ке-

луге дағдыланшы, – деп қанша əуреленген Жарылқаптың əрекеті түкке 

тұр ғы сыз қала беретін. Иə, өзінің де Жарылқапты ренжіткісі келмейді. 

Оқы са өзі үшін оқитынын біледі. Жарылқап – ақылды, байсалды жəне 

ба йып пен сөйлейтін жан. Біреуді ұрысып, дауыс көтеру табиғатына жат 

қы лық болғандықтан оның өтініші басым болғаны болған еді. Осы қа-

сие тін ойлаған сайын Гүлекенің жаны жайсызданып, өзінен-өзі қы сы-

лып, жүзін жылымшы тер басатын. Бірақ ұйқы деген алапаттың амалын 

тап пақ  емес,  кеш  қалмаудың  реті  келмек  емес.  Жеме-жемге  келгенде 

ұй қы ның алдында мүсəпір. «Маған не болған? Неге сонша маубас боп 

кеткем?» – деп өз-өзіне сұрақ қойғанымен, тəтті ұйқы тəні мен жанын 

бау ра ған да елсіз ну орманға еніп кете барады. Тіпті бір-екі пар ке ші гіп 

бар ған  сабағынан  қайтқанда  да  жолкөлікте  қалғып-мүлгіп  отыр ға ны. 

Ұйық тап қалып талай рет аялдамадан өтіп барып түсіп жататыны бар. 

Соң  ғы аялдамаға да талай барып кайтты-ау. Бірақ өзінің осын ша лық ты 

ұй қы шыл болып кеткенін ойлап қана қойғаны болмаса, бұл қы лы ғы на 

қарсы қылар амалы да шамалы, жаны əсте күйзелмейді, тіпті ұй қы дан 

ғана жаны жай табатындай. Ұйқышылдығынан көрген келеңсіз жағ дай-


490

ла ры  күн  өтпей  естен  шығып  кетеді.  Тура  бет  пердесі  көнге  айналып 

бара жатқандай. «Ой, тоба, ұйқы деген де бір құдірет екен-ау», – дейді 

өз-өзіне.

Ал  есі  шыға  таңданғанымен,  айтпағы  аз  күйеуі  əлі  ыстығы  ба сыл-

ма ған «айлық» жас келіншегін не деп сөкпек? Күннен-күнге үдеп бара 

жат қан ұйқының бетін қалай қайтармақ? Тіпті дастарқан басында да əп-

əжеп те уір əңгімелесіп отырған келіншегінің аяқ астынан көзі жұмылып, 

ұйқы шырымына жармасатынын қайтерсің?

«Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» демекші, соңғы кезде 

староста Қалыбаев Жарылқап та серілік танытып жүр. Үндемейді. Мүм-

кін  куратор – Алма  Қыраубаева  апайдың: «мейлі,  бір  студентті  еркіне 

қоя тұрайық» дегенін ол да естіген болар. «Куратор апай осы ұйқышылға 

неге сонша қиылады? Көреген көздің де адасатын кезі болар екен-ау. Тіп-

ті бəрімізден бөлек соған ерекше мейіріммен түсіндіріп жатады, көр се 

де көрмегенге, білсе де білмегенге салады, бұнысы несі екен» деп рен-

жігендер де шықты курстастар арасынан.

Дегенмен сол кезде Гүлекенің аяғы ауыр екенін, ырымалды тұңғыш 

перзентіне жерік екенін, иə, ұйқыға жерік болғанын көреген көз куратор 

апайынан өзге ешкім де, тіпті өзі де пайымдай алмаған болатын. Иə, кө-

ре ген жан қашанда көреген!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет