Iii халықаралық ғылыми-практикалық конференция 10 желтоқсан 2015 ж



Pdf көрінісі
бет17/44
Дата03.03.2017
өлшемі1,92 Mb.
#5712
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44

they
They 
laughed
S/he
S/he laughed Ze and 
mer
Ze laughed
She She laughed Co
Co laughed Sie and 
hir
Sie laughed
Ze and 
hir
Ze laughed
It
It laughed
Spivak 
(new)
Ey laughed
xe
Xe laughed
Tey
Tey laughed
One One laughed Spivak (old) E laughed
ve
Ve laughed
Zie
Zie laughed
This set is called the Spivak pronouns used by Michael Spivak in the book «The joy of 
the new Spivak pronouns are Text» formed from the pronoun «they» by dropping the initial 
«th», «e», «ey». 
Drawbacks of Spivak Pronouns
All attempts at avoiding gender in English face barriers to widespread adoption. Spivak 
pronouns are similar to existing English words, so they do not require users to learn new 
vocabulary that may seem forced. However, that similarity can also be problematic; at first 
glance they may be mistaken for the typographical or grammatical errors. When spoken, 
these gender – free pronouns could give the listener the impression that the speaker has an 
accent. If a company wishes to take more aggressive steps to combat gender – bias English, 
the Spivak pronouns may be a valuable (viable – capable of living) option. 
–  Spivak pronouns are easy to learn in writing, in speech they seem unnatural or forced. 
–  Consider  restricting  them  to  internal  communication  only  until  the  workforce  gains 
fluency with the new pronouns. 
–  If the work plays decides to use Spivak pronouns unilaterally, make sure the rest of the 
world knows about it. Use the company news letter or a press release to get promote the 
decision.
Conclusion: In the Paper we give review of scientific achievements worldwide in the 
study of the Impact of Gender Policy on functioning of present-day English, on language 
structure  conditioned  by  the  feminist  language  planning  defined  the  renewed  role  of 
pronouns; we also hope the discussion presented in the Paper will be a topic of further 

Секция 2. Моделирование профконцепта в контексте теории 
компетентностного образования
Секция 2. Құзыретті білім беру теориясының 
мәнмәтіндегі кәсіби концептісін үлгілеу
– 118 –
search and valuable asset in establishing equal opportunities for every individual of human 
race.
References
1. Biber, D. Stig. – Longman Grammar of Spoken and written. – Longman, 1999. – Р.20-22.
2. Corbett, Grerille. Gender. – Cambridge, 1991. – Р. 1347-1355.
3. Jacobson C. Some notes on Gender-neutral language. – Pensylvania; University of Pensilvania, 
1995. – Р. 26-30.
4. Greenberg I.H. How does a language acquire gender markers / In: Greenterg et al. Universals 
of Human Language, 1991. – Р. 47-82. 
Аннотация: Объектом данного лингвистического исследования является проблема влия-
ния гендерной политики на функционирование современного английского языка. Последнее 
время мы наблюдаем всемирный интерес к гендерно-нейтральному языку вообще, английско-
му языку – в частности. В статье рассмотриваются пути избежания дискриминирующих си-
туаций в английском языке и даются практические рекомендации по гендерно-нейтральным 
альтернативам.
УДК 378
Раев Д.С.
филос.ғ.д., проф.,
Тоқмұрзаева А.Ж. 
халықаралық қатынастар магистрі, аға оқытушы
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, 
Алматы, Қазақстан
Raev_53@mail.ru, aqbota_zh@mail.ru 
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯ ЕЛІМІЗДЕ 
«ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ» 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Түйін:  Мақалада  біздің  елдегі  «интеллектуалды  ұлтты»  қалыптастырудың  про-
блемалары  мен  факторлары  қарастырылады.  Автор  білім  берудегі  инновация  сияқты 
өте  маңызды  факторды  талдау  объектісіне  айналдырады.  Осы  позиция  тұрғысынан: 
интериоризация,экстериоризация,  білім  беру  стратегиясы,  рефликсия  және  т.б.  сияқты 
мәселелер  қарастырылады.  «Интеллектуалды  ұлт»  мемлекеттік  стратегиясындағы  базалық 
категориялардың  иерархиясы  мен  субординациясының  маңыздылығына  автор  арекше  мән 
береді.
Тірек сөздер: «интеллектуалды ұлт», білім берудегі инновация,білім стратегиясы
Білім  берудег  инновациялық  технологияны  қарқынды  дамыту  процесі  мемле-
кет  деңгейінде  күн  тәртібінде  тұрған  өзекті  мәселенің  бірі.  Бұған  негіз  болатын 
факторларды ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Ішкі фактордың біріне –жалпы 
адамзат тіршілігінің ішкі қозғалу логикасын алуға болады. Адамзат дамуының бүкіл 
тарихы – ол инновацияны тәжірибеге енгізудің үздіксіз процесі. Тарихтағы алғашқы 
инновация алғашқы қауымдық құрылыс адамының тасты қолына алып, оны еңбек 

Секция 2. Моделирование профконцепта в контексте теории 
компетентностного образования
Секция 2. Құзыретті білім беру теориясының 
мәнмәтіндегі кәсіби концептісін үлгілеу
– 119 –
құралына айналдырудан басталды деуге болады. Адамзат дамып отырды – инновация 
күрделенді. Демек, жаңа биіктерге сатылап көтеріліп отыру адамзатының табиғатына 
тән құбылыс. Сөйтіп бірте-бірте, өзінің дамуының үшінші мың жылдығында адамзат 
әлеуметтік  желіні,  жасанды  интеллекті,  нано  және  айти-технологияны  қолдануға 
дейін жетті.
Ендігі  бір  ішкі  факторға  «білім  беру»  деген  сөздің  өзінің  түп  мағынасынан 
туындайтын логикалық мәселені жатқызуға болады, себебі бұ сөз тіркесінің түп мәні 
«құру»,  «жасап  шығару»,  «жаңа  сапаны  қалыптастыру»  дегенді  білдіреді.  Демек, 
ғылымының білімге деген көзқарасы өзгерді, оның тәжірибеге тартылысы артты леуге 
болады.Сонымен  бірге,  бүгінгі  білім  беру  кеңістігіндегі  Болон  процесінің  ағымы 
білім беру парадигмасын өзгеріске әкелді. Оны ішік құрылымдық және мазмұндық 
контенті  тұрғысынан  унификациялану  тенденциясын  қалыптастыруда.  Білім 
саласында әлемдік стандарт жүйесі орнығуда. Осының өзі оқу процесін ең алдымен 
инновациялық даму жолына қоюды көздейді. Ежелгі гректерден келе жатқан білім 
өндіру (эпистема) мен оның іске асырылуы арасындағы қарама-қарсылық жойылу 
үстінде. Білім алу үдерісіндегі технологиялық сигмент әрі инновациялық іс-әрекет 
өзектендірілуде.  Жалпы  алғанда  білім  өндірудің  классикалық  (білм-ғылымның 
міндетін  объективті  әлемді  субъект  санасында  бейнелеу  деп  есептейтін)  түрінен 
бейклассикалық  (білім  өндіру  барысында  таным  құралдарының  рөлін  ескеретін), 
ал  одан  –  постклассикалық  моделіне  ауысу  байқалады.  Соңғысында  білім  өндіру 
үдерісіндегі  екі  компонент:  субъект  пен  білімнің  практикалық  бағыты,  оның 
пайдалылығы  ескеріледі.  Осыдан  білім  өндірісіндегі  стратегиялық  дамудың  баса 
ерекшелігіне:  интериоризация,  экстериоризация,  проблематизация  және  рефлекси-
яны жатқызуға болады.
Интериоризация стратегиясы білім өндірісіндегі мәденидигмальды (культуроди-
мальный)  сипатпен  байланысты  болмақ.  Бұл  көзқарас  білім  өндіру  үдерісінде  тек 
оның ішкі механизиміне ғана негізделіп қоймай, сонымен бірге, мәдени, әлеуметтік, 
субъективтік  және  т.б.  контексттергенегізделуді  мойындайды.Мәденидигмальды 
контекст әлеуметтік тапсырыстардың құндылық эталондар түрінде; әртүрлі позици-
ялар  мен  көзқарастардың  бірін-бірі  өзара  толықтырулар  ретінде  қатар  өмір  сүруі 
арқылы; ғылымдардың бір-біріне жақындасуы мен араласуы, пәнаралық байланыстың 
өзектенуі  және  кросмәдени  ізденістер  формасындабілім  өндірісіне  органикалық 
кіріктірілуі арқылы іске асырылады. Экстериоризация стратегиясы ғылыми білімді 
өндірістік тәжірибеге дейін жеткізуді көздейді. Бұл концепция білім беру үдерісінің 
инновациялық  бағдар  алуына  баса  назар  аударып,  білім  берудегі  инновациялық 
циклдың  айқындаушы  позицияда  болуын  қолдайды.  Өзектендіру  стратегиясы 
негізінен  инновациялық  жүйе  шеңберінде  білім  саласындағы  ғылыми  зерттеу 
полифониясының объект пен пәндік тұрғыдан ұлғаюына көңіл бөледі. Ол «ғылыми 
ізденіс  –  жаңалық  құрастыру  –  жаңалықты  іске  асыру  –  жаңалық  тұрғысындағы 
ғылыми  рефлексия»  циклы  бойынша  жүрмек.  Рефлексия  стратегия  сығылыми 
танымдағы  идеалдар  жүйесіне  назар  аударады.  Ондағы  жаратылыстанулық, 
гуманитарлық, технологиялық идеалдарды жіктеп көрсетеді.
Ал  сыртқы  факторларға  келетін  болсақ,  еліміздің  инновациялық  білім  беруге 
қадам  басуға  ынталылығы  әлемдік  деңгейдегі  инновациялық  процесстермен 
анықталмақ. Ең алдымен,қазіргі жаһандану үрдісіне байланысты әлемде ақпараттық-
коммуникациялық технология негізінде: технологиялық, қаржылық, экономикалық, 
әлеуметтік-саяси және мәдени интеграциялық үдерістің дамуы білім беру саласының 

Секция 2. Моделирование профконцепта в контексте теории 
компетентностного образования
Секция 2. Құзыретті білім беру теориясының 
мәнмәтіндегі кәсіби концептісін үлгілеу
– 120 –
дамуында  жаңа  инновациялық  көзқарастың  қалыптасуына  ерекше  мән  беруде. 
Алайда мұның екінші қыры болуы мүмкін, яғни жаһандану ұлттық рухани құндылық 
пен мәдениетке қауіп төндіретін сигметтерді де өз бойында жасырып жатуы мүмкін 
дейтін де ой туады. Сондықтан білім өндірісі бір жағынан, елді әлемдік интеграцияға 
үйлестіруші факторға айналса, екінші жағынан, білім беру жүйесі мәдениетіміздің 
ұлттық болмысы мен ерекшелігін жоғалтып алмаудың темір қазығы және интеллек-
туальды ұлтты қалыптастырудың негізгі алаңы болуы тиіс.
Бұл  мәселенің  айқындаушы  факторының  бірі  –  елдің  білім  беру  саласындағы 
инновациялық  үдеріс  Қазақтан  Республикасының  әлеуметтік-экономикалық 
дамуының басым міндеттерінің қатарында болуы. Демек, білім қоғамның әлеуметтік-
экономикалық  прогресінің  әрі  әлеуметтік  жүйенің  тұрақты  дамуын  қамтамасыз 
етудің  басты  факторы  ретінде  қарастырылады.  Қоғамның  ілгері  қарай  дамуы  мен 
жетілуі әлеуметтік-экономикалық әрі саяси өзгерістерге тәуелді болуы анық. Осыған 
байланысты Ел Басы 2014 жылы 11 қарашада халыққа арналған кезекті Жолдауында: 
«Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның 
«Нұрлы  Жол»  Жаңа  Экономикалық  Саясаты  туралы  жариялаймын»  [1,  4  б.],– 
деп  айта  келе,  бұл  «...әлемнің  ең  дамыған  отыз  елінің  қатарына  бару  жолындағы 
біздің  ауқымды  қадамымыз»»  [1,  11  б.]  және  ол  «...біздің  экономикамыздың  таяу 
жылдардағы драйвері болады» [1, 11 б.], -деген стратегиялық мақсат көзделсе, енді 
бірде, «Біздің білім беруді ...дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді» [1, 11 б.], 
-деп ой қорытады. Сондықтан білім беру саласының басым міндеттерінің қатарына: 
азаматтың бойында тұрақты ішкі патриоттық гуманистік позийияны, еліме қажетпін, 
өз  елімнің  иесімін,  өз  тағырыма  өзім  жауаптымын,  өз  күш-жігерімді  іске  асыруға 
мүмкіндігім  бар  дейтін  өзіндік  сананықалыптастыруды  жатқызуға  болады.Оны 
жемісті іске асыру басым жағдайда білікті мамандармен қамтамасыз етумен тікелей 
байланысты,  өйткені  ел  экономикасының  бәсеке-қабілет  әлеуетін  тиімді  жолмен 
көтерудің негізгі жолы–интеллектуалдық ресурсты жетілдіру. Білім беру ел экономи-
касын дамытудың қуатты фаторы ретінде мойындалып, мемлекетіміздің сапалы жаңа 
инновациялық технологиялық белеске көтерілуіне мүмкіндік туғызады. 
Бүгінгі  жаһандық  қауіп-қатерлерге  жауап  беруде  және  нақты  мекемеден  бастап 
мемлекеттік  деңгейге  дейін  инновациялық  үдерістерді  басқаруды  жетілдіруде 
маманның жоғары білікті әрі қабілетті болуы талап етіледі. Сондықтан оқытудағы 
инновация  өмір  сүріп  отырған  білім  беру  мәдениетін  сапалы  түрде  өзгертіп,  тек 
таным ғана емес, әрекет ете алатын адам тұлғасын қалыптастыру мақсатын көздейді. 
Қзіргі  рухани-мәдени  жағдайда  білім  абсолютті,  өзіндік  жетістік  құндылығы 
болудан  көрі  оның  тәжірибелік  тиімділігі  құндылық  дәрежесіне  көтерілуде. 
Үстіміздегі дәуір адам мен қоғам арасындағы өзара ықпалдастық мәселесі, адамның 
құндылықтық бағдар мәселесінің заманы. Демек, инновациялық білім – тек білімді 
беруге немесе оны игеруге ғана бағытталған процесс емес, ең бастысы мамандық 
компетенциясын  игеретін  білім.Ол  ел  экономикасын  жандандыруға  өз  ұлесін 
қосатын білікті маманды дайындау стратегиясын білдірмек. Бұл адам-атқарушыны 
емес, жігерлі, өз бетімен шешім қабылдай алатын, ерекше жеке даралықпен көріне 
алатын  адам-шығармашылды  дайындау  деген  сөз.  Міне,  осы  тұста  сондаймаман-
дарды  дайындау  міндеті  республикамыздың  жоғары  оқу  орындарына  жүктеледі. 
Жоғары оқу орындарындағы айтылған модельдегі мамандарды дайындау үшін білім 
беру  процесіне  инновациялық  амалдарды  қолдану  міндеті  қойылады.  Кез-келген 
инновацияның басты ұстанымы – ол әрекеттің жаңа түріне үйрету, дамудың жаңа 

Секция 2. Моделирование профконцепта в контексте теории 
компетентностного образования
Секция 2. Құзыретті білім беру теориясының 
мәнмәтіндегі кәсіби концептісін үлгілеу
– 121 –
деңгейіне көтерілу, ал ол білім берудің сапасымен анықталады. Осының өзі қоғамның 
біліктілік әлеуетін шыңдау қажеттілігін туғызды.
Сайып келгенде елімізде «интеллектуалды ұлт»мемлекеттік концепциясы дүниеге 
келді. Жаһандық даму және мемлекет қуаттылығы оның инновациялық негізі болып 
табылатын  ұлттың  интеллектуалдық  әлеуетімен  анықталады.  Жаһандану  үдерісі 
біздің  қоғамды  өте  маңызды  әрі  күрделі  дилеммамен  бетпе-бет  келтіруде,  яғни 
қоғамға  соны  идеялар  мен  жетістіктерді  әкеле  алатын  ұлттық  интеллигенцияны 
қалыптастыру.  Қазақстан  халқының  интеллектуалдық  әлеуеті  жеткілікті  дәрежеде 
жоғары,алайда  оны  қолдану  дәрежесі  жеткіліксіз.  Мемлекеттің,  бизнестің,  ғылым 
мен  білімнің  өзара  ықпалдастығы  елдің  жедел  модернизациялануын  қамтамасыз 
ету үшін, қоғамның инновациялық дамуы үшін толыққанды сипатқа ие бола алмай 
отыр  және  сол  жақтардың  өзара  мүдделілігін  толық  көрсете  алмай  отыр.  Бұл 
концепцияның базалық дефинициялар тізбегі: «интеллектуалды әлеует» – «қоғамның 
интеллектуалдыәлеуеті» – «мемлекеттің интеллектуалды әлеуеті» – «ұлттың интел-
лектуалды әлеуеті» – «интеллектуалды қоғам» – «интеллектуалды халық» – «интел-
лектуалды  ұлт»  –  «интеллектуалд  маман»  –  «интеллектуалды  тұлға»,  -сияқты 
феномендерді құрайды. «Интеллект – ақыл-парасат, сана, ес, түсінік, қабылдау, ойлау, 
таным  қызметінің  ең  жоғарғы  акмэтипі.  Жалпы  алғандаителлектуалды  әлеует  – 
адамның  ішкі  интенциялық  барлық  зияткерлі  күш-қуатынкөрсететін  синкретті 
психофизиологиялықуниверсум  ұғым.  Осы  арқылы  қоғамның  интеллектуалдық 
ресурсы қалыптасады. Бұл процесс үздіксіз білім беру жүйесінде – мектепке дейінгі 
тәрбие мен оқыту, бастауыш білім, негізгі орта білім, жалпы орта білім, техникалық 
және кәсіби білім, арнайы білім, жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім – 
аралығында қалыптасады. Интеллектуалдық– адамның табиғатына бітетін ақыл-ой, 
парасат  қарымын,  біліп-тану  қабілеттерінбілім  алу,  тәжірибе  жинақтау  арқылы 
жетілдіруі, оны әлеуметтік тұлға өзін және қоғамды дамыту үшін жаңа жағдайларға 
сай икемді қолдана алу акмэқабілеті. 
Интеллектуалды  ұлт–  зияткерлік  тұрғыдан  бүкіл  мәдени-аксиологиялық 
қасиеттерді  меңгерген,  өзінің  ғылыми-мәдени  білімі  мен  білігін,  барлық  біліктілі 
әлеуетін еркін тарату қуатына ие, бәсекеге қабілетті акмэұлт. Ұлттың интеллекту-
алды  әлеуетін  дамыту  мен  қалыптастыру  мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық 
өркендеуінің және саяси дамуының тиімді факторы болып табылады. Интеллекту-
алды Қазақстанды қалыптастыру жастардың өз болашағына өздері жол сала білуі 
деген  сөз.  Интеллектуалды  ұлтты  қалыптастыруда  біздің  міндетіміз  интеллекту-
алды  тұлғаны  қалыптастыру.  Қазіргі  негізгі  әлемдік  орталықтармен  саясаттағы, 
экономикадағы, әскери күш, мәдени-ақпараттық ықпал тұрғысындағы бәсекелестік 
те  ең  алдымен,  адами  ресурстың  интеллектуалдық  әлеуетін  үдемелі  жетілдіруді 
талап етеді. Интеллектуалды тұлға – өмірдің кез келген ағымында пікірлесе алатын, 
жаңашыл-шығармашылық  тұрғыда  өзіндік  білім  алуға  дайын,  интеллектуалды 
қабілеті дамыған акмэтұлға. Қазіргі әлемде дамыған мемлекет – ол өз адамдарының 
интеллектуалдық  мүмкіндіктері  мен  шығармашылық  қабілетінің  ісек  асырылуына 
жағдай жасайтын және оны қоғамға қызмет еттіре білетін ел.. Интеллектуалды ұлт – 
білімді жастар. Жаңа бастамалар, жаңа идеялар, жаңа жобаларға қабілетті жас ұрпақ. 
«Интеллектуалды ұлтты» қалыптастыру – білім беру жүйесіндегі ұлттық жоба деп 
түсінуге негіз бар.
Сондықтан  білімдегі  мұндай  бағдар  қазіргі  таңда  білім  берудің  Мемлекеттік 
кәсіптік  стандарттары  мен  үкіметтің  стратегиялық  концепцияларының  өзекті 

Секция 2. Моделирование профконцепта в контексте теории 
компетентностного образования
Секция 2. Құзыретті білім беру теориясының 
мәнмәтіндегі кәсіби концептісін үлгілеу
– 122 –
мәселелерінің  қатарына  еніп,  арнайы  мемлекеттік  бағдарламалар  жасалуда. 
Мәселен,2010  жылдың  бірінші  ақпанында  Қазақстанда  "Интеллектуалды  ұлт  – 
2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның негізгі мақсатын Ел 
Басы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" стипендиат иегерлеріне арналған форум-
да  мәлімдеген  болатын.Концепцияны  сипаттай  келіп,  Н.Ә.Назарбаев:  «Оның 
басты  мақсаты  –  қазақстандықтарды  жаңа  формацияға  тәрбиелеу,  Қазақстанды 
бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру»[2], -деп көрсетеді.
Демек  бұл  елді  озық  біліммен  қаруланған  мамандармен  қамтамасыз  ету,  әлемнің 
ғылыми жетістіктерін ел экономикасы саласында қолдану, сайп келгенде еліміздің 
адами  құндылығын  қалыптастыру  дегенді  білдіреді.  Бұл  мемлекеттік  бағдарлама 
үш басым бағыттары: – білім беру жүйесінің инновациялық дамуында алғы шепті 
жетістіктерге  қол  жеткізу;ғылым  саласын  дамыту  және  елдің  ғылыми  әлеуетін 
арттыру; инновация жүйесін жетілдіре отырып, жаңашыл ұрпақты қалыптастыру – 
негізінде жүзеге асырылу қажеттілігі анықталған.
«Интеллектуалды ұлт» концепциясы өз жалғасынұлттық модернизация үдерісінен 
таба отырып, бәсекеге қабілетті ұлт пен интеллектуалды ұлтты қалыптастырудыңнақты 
іске  асырылу  көрінісін  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 
1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығынан тапты. Сондай-ақ, Елбасы әл-Фараби 
атындағы  ҚазҰУ  студенттеріне  оқыған  лекциясында  ұлттың  дамуының  негізгі 
мақсаты интеллектуалды ұлтты қалыптастыру болып табылатындығын көрсетті [2].
Қазақстандық  жастардың  шет  елдердің  жетекші  жоғары  оқу  орындарында  жоғары 
білім алып, алған білімі мен тәжірибесін еліміздің игілігіне пайдалану үшін «Болашақ» 
халықаралық  стипендиясы  тағайындағаны  белгілі.  Аталмыш  бағдарлама  бойынша 
қазақстандық студент жастар әлемнің 30 дан астам еліндегі алт жүзден астам жетекші 
жоғары  оқу  орындарында  білім  алуға  мүмкіндік  алды.  Бағдарлама  іске  асырылған 
жылдан бүгінге дейін “Болашақ” стипендиясы арқылы 20 мыңнан астам жас мамандар 
даярланды[3]. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғ.Нығметовтың 
мәлімдеуінше, магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша 2013 жылы 
1 113 адам «Болашақ» стипендиясын иеленсе, 2014 жылы 1 100 берілгендігі айтыла-
ды  [4].  Сонымен  бірге,  соңғы  жылдары  аталмыш  бағдарлама  бойынша  білім  беру 
ұйымдары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыим және педагог қызметкерлері 
тағлымдамадан өткізу бағдарламасы қолға алынуда. Мысалы 2013 жылы «583 адам, ал 
2014 жылы мамандардың тағлымдамадан өтуі үшін 178 мамандық» енгендігі айтыла-
ды [5]. 2010 жылы 7 желтоқсанда Қазақстан Президенті “Назарбаев университетінде” 
оқыған  дәрісінде  бүгінгі  күні  біздің  еліміз  үшін  халықаралық  деңгейдегі  мамандар 
даярлайтын ғылым мен білім индустриясы қажет екенін мәлімдей отырып, «…дарын-
ды балаларға арналған болашақтың 20 Интеллектуалды мектептерін ашу бағдарламасы 
жүзеге асырылуда. ...ЮНЕСКО мәліметтеріне қарағанда, 2009 жылы Қазақстан білім 
беруді дамыту индексі бойынша әлемнің 129 мемлекетінің ішінде 1 орын алды» деп, 
атап көрсетті [6].
«Болашақ»  бағдарламасы  қазіргі  кезде  білім  индустриясындағы  жастардың 
барлық деңгейін қамтуда десек болады. Мәселен осы бағдарлама аясында мектепке 
дейінгі және мектеп жасындағы дарынды балаларға арналған елімізде 20 зияткелік 
мектептер  «Назарбаев  зияткрлік  мектебі»  деген  атаумаен  жұмыс  жасауда.  Бұл 
бағдарламалар әлбетте елімізде интеллектуалды ұлтты қалыптастыру базалық негізі 
болмақ. Мемлекет басшысы өзінің 2012 жылдың 27 қаңтарындағы халыққа Жолдау-
ында: «Бүгін Назарбаев Университет және Зияткерлік мектеп халықаралық стандарт-

Секция 2. Моделирование профконцепта в контексте теории 
компетентностного образования
Секция 2. Құзыретті білім беру теориясының 
мәнмәтіндегі кәсіби концептісін үлгілеу
– 123 –
тар  негізінде  жемісті  жұмыс  істеуде.  ...Олардың  тәжірибесін  бүкіл  қазақстандық 
білім беру жүйесіне тарату керек, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне 
көтеру қажет» [7, 5 б.], -деп атап өтті.
Жоғарыдағылардан туындайтын кезекті мәселе – қазіргі көпдеңгейлі білім беру 
жүйесі, жоғары оқу орындарының халықаралық білім беру жүйесіндегі интеграция-
сы және оларды уақыт талабына сай басқару ісі оқу үдерісіне жаңа әдістерді енгізуді 
талап  етеді.  Бұл  орайда  Ел  Басы  2012  жылғы  халыққа  Жолдауында  Қазақстанда 
адами  капиталдың  сапалы  өсуін  атай  келіп:  «Оқу  жүйесін  модернизациялау 
барысында келесі іс-шараларды жүзеге асыру маңызды. Біріншіден, оқу процесіне 
заманауи әдістер мен технологияларды енгізу» [7, 4 б.], – деп көрсетті. Бүгінгі білім 
беру мекемелерінің қай деңгейін алсақ та негізгі мәселенің бірі – ол білім беру мен 
тәрбиеніңмазмұнын, технологиясын, оқыту мен тәрбиенің әдістері мен құралдарын 
өзгерту,  жаңа  бағдарламаны  игеру  амалдарын,  ойлау  стилін,  оларға  диагности-
ка жасау, білім беру нәтижесін бағалау және оны бақылау, білім беруші мен білім 
алушының қарым-қатынасын жаңашылдық негізде қайта қарау мәселесі. Сондықтан, 
инновациялық  оқытудың  келесі  сипатын  айтуға  болады:  оқыту  іздемпаздық  сипат 
алады;  оқыту  моделінің  студенттердің  шығармашылық,  креативті,  сыни  ойлау 
қабілетін  дамытуға  бағытталуы;  білім  алушылардың  өзін-өзі  тануына,  сезінуіне 
және өзіндік тәрбиесіне жағдай жасау.
Оқытушының  инновациялық  технологиясына,  әдетте  білім  беруші  мен  білім 
алушы арасындағы өзара ықпалдастық ұжымдық технология, оқытудың ұжымдық 
жүйесі, ойын технологиясы (рөлдік, деловых), деңгейлік дифференциациялау техно-
логиясы, ақпаратты-коммуникативтік технология, проблемалық және жобалық оқыту, 
ізденістік міндеттерді шешу технологиясы, модульдік оқыту, дискуссия жасау, сыни 
ойлауды  дамыту  технологиясы,  құрылымдық-логикалық  (оқу  процесін  кезеңдеп 
ұйымдастыру),  интегративті,  тренингтік,  сұхбаттық,  «портфолио»,  интерактивті 
және қашықтан оқыту, жеке білімдік траектория, жаһандық ақпараттық желіде оқыту 
технологиясын жатқызуға болады.
Қорыта  келгенде  білім  индустриясындағы  инновациясындағы  басты  нәрсе  – 
ол оқытудың мазмұнын өзгерту, оны жаңамен толтыру жәнеоқу процесін келешек 
маманның шығармашылдық даралығын қалыптастыруға әрі оны анықтауға жағдай 
жасайтын белсенді-әрекеттік деңгейге көтеру. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет