Аға оқытушысы Новиков С. А., аға оқытушысы Шулгаубаева Г. С


Тақырып 5. Аппаратты  құралдар.  Компьютер  құрылымы,  негізгі



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.03.2017
өлшемі0,71 Mb.
#5904
1   2   3   4

Тақырып 5. Аппаратты  құралдар.  Компьютер  құрылымы,  негізгі 

құрылғылар. (1 сағат

 

Дәріс жоспары  



1.

 

ДК-дің құрылымдық схемасы 



2.

 

Шиналар 



3.

 

Процессор,  және оның құрамдас бөліктері 



4.

 

Контроллерлер 



5.

 

Порттар  



      

Компьютер қалай құрылған? 

Компьютер  құрылымын  қарастыру  үшін  мысал  ретінде    ең  кең  таралған 

компьютер жүйесі – дербес компьютерді алайық. Дербес компьютер (ДК) деп 

бір  пайдаланушыға  есептлген  салыстырмалы  түрде  қымбат  емес  әмбебап 

микрокомпьютерді  айтады.  Дербес  компьютерлер  әдетте  ашық  архитектура 

принципінің негізінде жобаланады.  

Ашық архитектураның принципі мынада:  

 

13



 

 



Тек  қана  компьютердің  әрекетінің  принципінің  бейнелеуі  мен 

оның  конфигурациясы  (аппаратты  құралдар  мен  олардың 

арасындағы  байланыстардың  жиынтығы)  ғана  регламенттеледі 

және  стандартталады.  Осылайша,  компьютерді  тәуелсіз 

дайындаушы  фирмалар  жасаған  және  дайындаған  бөлек 

түйіндермен бөлшектерден жинауға болады. 

Компьютерге  пайдаланушының  көмегімен  берілген  стандартқа  сай 

келетін  ішкі  әртүрлі  құрылғылар  қою  арқылы  және  машинаға  өзіне  ұнаған 

конфигурацияны 

орнату 


арқылы 

оны 


оңай 

кеңейтуге 

және 

модернизациялауға болады.  



Компьютердің  әртүрлі  құрылғыларын  бір-бірімен  өзара  қосу  үшін 

оларда  бірдей  интерфейс  болуы  қажет  (ағылш. Interface – inter-арасында

және face - бет).  Интерфейс – бұл  екі  құрылғыны  сәйкестіру  құралы,  онда 

барлық физикалық және логикалық өлшемдер бір-бірімен сәйкес келеді.  

Егер  интерфейс  жалпы  қабылданған  болса,  мысалы,  халықаралық 

келісімдер  деңгейінде  бекітілген  болса,  онда  ол  стандартты  деп  аталады. 

Функционалды  элементтердің  әрбіреуі  (жады,  монитор  немесе  басқа 

құрылғы) белгілі бір типтегі шинамен – адрестік, басқарушы немес деректер 

шинасымен байланысты. 

 

Интерфейстер  сәйкес  келуі  үшін  перифериялық  құрылғылар  шинаға 



тікелей  емес,  өздерінің  контроллерлері  арқылы  қосылады,  және  порттар 

мынадай схема бойынша: 

 

 

Контроллер 



немесе адаптер 

Құрылғы 


Порт  

Шина  


   Контроллерлер  мен  адаптерлер  дегеніміз  интерфейстерін  біріктіру 

мақсатында 

компьютер 

құрылғылары 

жабдықталатын 

электронды 

шынжырлар  жинағы.  Сонымен  қатар,  контроллерлер  микропроцессордың 

сұранысы  бойынша  перифериялық  құралдарды  басқаруды  жүзеге  асырады.  

Құрылғылар  порттары  бір  немесе  бірнеше  енгзіу-шығару  регистрлер  және 

компьютердің  перифериялық  құрылғыларын  микропроцессордың  сыртқы 

шинасына  қосылуға  мүмкіндік  беретін  бар  қандай  да  бір  электронды 

схемалар.  

Сонымен қатар, порттар деп стандартты интерфейсті құрылғыларды айтады: 

тізбекті, параллель және ойын порттары (немесе интерфейстер). 

Тізбекті  порт  процессормен  деректерді  байт  бойынша,  ал  сыртқы 

құрылғылармен  ьит  бойынша  алмасады.  Параллельді  порт  деректерді  байт 

бойынша  жібереді  және  алады.  Тізбекті  портқа  әдетте  баяу  әрекет  ететін 

немесе жеткілікті алшақ орналасқан құрылғыларды қосады, мысалы, тышқан 

және  модем.  Параллельді  портқа  неғұрлым  «тез»  құрылғыларды  қосады – 

принтер және сканер. Ойын порты арқылы джойстик қосылады. Пернетақта 

мен  монитор  өздерінің  жай  ғана  айырым  ретінде  көрсетілетін  арнайы 

порттарына қосылады.  

 

14


 

Процессордың архитектурасын анықтайтын негізгі электронды компоненттер 

жүйелік  немесе  аналық (MotherBoard) деп  аталатын  компьютердің  негізгі 

платасына  орналастырылады.  Ал  қосымша  құрылғылардың  контроллерлері 

мен  адаптерлері  немесе  осы  құрылғылардың  өздері  кеңейтілу  платасы 

(DaughterBoard – бағыныңқы  плата)  ретінде  орнатылады  және  шинаға 

кеңейтілу слоты деп аталатын айырым көмегімен қосылады.  

 

Шиналардың  құрылымы  процессордың  разрядтылығымен  анықталады.    



Процессор  екі  негізгі  құрылғыдан  тұрады:  арифметика-логикалық 

құрылғыдан (АЛҚ) және басқару құрылғысынан (БҚ). Екі құрылғы да енгізу 

мен  шығару.  АЛҚ  БҚ-ға  тапсырманы  орындау  үшін  логикалық  шарттарды 

береді, сосын жауапқа микрооперациялар кодтарын алады.  

Ұсынылатын әдебиет [1,2,4] 

СДЖ-на арналған бақылау жұмыстары (5 тақырып) [1,2] 

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз 

1.

 

Басқару құрылғысы арифметика-логикалық құрылғысына не береді? 



2.

 

Арифметика-логикалық құрылғысы басқару құрылғысына не береді? 



3.

 

Контроллердің тағайындалуы? 



 

Тақырып 6. Еске  сақтау,  баспаға  беру,  графикалық  құрылғылар, 

сканерлер, плоттерлер, мониторлар. (2 сағат) 

Дәріс жоспары 

1.

 

Оперативті еске сақтау құрылғылары  



2.

 

Кэш жады 



3.

 

Тұрақты ЕҚ 



4.

 

Сыртқы жады 



5.

 

Принтерлер 



6.

 

Мониторлар 



7.

 

Плоттерлер 



8.

 

Сканерлер 



Оперативті  жады  (ОЖ,  ағылш.RAM, Random Access Memory – ерікті 

қатынауы  бар  жады) – процессормен  тікелей  байланыстағы  және 

орындалатын  бағдарламаны  және  осы  бағдарламалармен  өңделетін 

деректерді  жазуға,  оқуға,  сақтауға  арналған  үлкен  емес  көлемді  еске  сақтау 

құрылғысы.  Оперативті  жады  деректер  мен  бағдарламаларды    тек  уақытша 

сақтау  үшін  қолданылады,  себебі  машина  сөндірілген  кезде  ОЕҚ-да  болған 

деректер  жоғалады.  Оперативті  жадының  элементіне  қатынау  тікелей – бұл 

әрбір битте өзінің жеке адресі бар дегенді білдіреді. 



Кэш (ағылш.cache) немесе өте жоғары оперативті жады – микропроцессор 

мен  оперативті  жадының  арасында  процессор  арқылы  ақпаратты  өңдеу 

жылдамдығы  мен  неғұрлым  жылдам  әрекет  ететін  оперативті  жады 

жылдамдағының  айырмашылығын  қомпенсациялау  үшін  деректер  алмасу 

кезінде  қолданылатын  үлкен  емес  көлемді  өте  жылдам  ЕҚ.  Кэш  жадыны 

орындалатын бағдарламаны тталдай отыра қандай деректер және командалар 

 

15


 

процессорға  жақын  арада  қажет  болатынын  алдын-ала  көруге  ұмтылатын 

арнайы құрылғы басқарады.  

Арнайы 


жады 

құрылғыларына 

тұрақты 

жады (RОM), 

қайта 

бағдарламаланатын  тұрақты  жады (Flash Memory) , батарейкамен 



қоректенетін CMOS RAM жадысы,  видеожады  және  тағы  басқа  жадының 

түрлері жатады. Тұрақты жады (ТЕҚ, ағылш. ROM, Read Only Memory – тек 

оқуға  арналған  жады) – энергияға  тәуелсіз  жады,  ешқашан  өзгерісті  талап 

етпейтін  деректерді  сақтау  үшін  қолданылады.  ТЕҚ-дан  тек  оқуға  ғана 

болады.  Қайта  бағдарламаланатын  тұрақты  жады  (Flash Memory) - 

энергияға тәуелсіз жады, өзінің ішіндегісін дискетадан көп рет қайта жазуға 

мүмкіндік береді.  

Сыртқы  жады  (СЕҚ)  деректер  мен  бағдарламаларды  ұзақ  уақыт  сақтауға 

тғайындалған,  және  оның  бүтіндігі  компьютер  қосылып  не  өшіріліп 

тұрғанына байланысты емес. Оперативті жадыдан ерекшелігі сырты жадыда 

процессормен  тікелей  байланыса  алмайды.  Ақпарат  СЕҚ-дан  процессорға 

және керісінше келесі тізбек бойынша жүреді: 

 

 

Компьютердің сыртқы жадысының құрамына мынадал кіреді: 



СЕҚ 

ОЕҚ 


Кэш 

Процессор 

 

Қатты магнитті дискілердегі жинақтаушылар; 



 

Иілгіш магнитті дискілердегі жинақтаушылар; 



 

Компакт-дискілердегі жинақтаушылар; 



 

Магнитті-оптикалық компакт-дискілердегі жинақтаушылар; 



 

Магнитті лентадағы жинақтаушылар; 



Дисплейдің  негізгі  элементі – электронды-сәулелі  трубка.  Оның  алдыңғы 

көрерменге  қаратылған  бөлігі  ішкі  жағынан  өзіне  тез  электрондар  түскен 

кезде жарықты сәулелендіруге қабілетті люминоформен жабылған.  

Принтер – баспаға  шығаратын  құрылғы.  Кодталған  ақпаратты 

компьютерден мәтінді немесе графиканы баспа көшірмесі түрінде шығаруды 

жүзеге  асырады.  Принтерлердің  мыңдаған  аттары  бар.  Бірақ  принтерлердің 

негізгі түрі үшеу: матрицалық, лазерлі және  бүріккіш. 



Матрицалық  принтерде  кішкентай  тетіктердің  жиынтығын  қолданады, 

себебі олар олар бояушы лентаға ұрған кезде қағазда таңбаның ізі соғылады. 

Принтерде  басылатын  әрбір  таңба 9, 18 немесе 24 иненің  жиынтығынан 

құралады, олар тік бағана түрінде құрылған. Бұл арзан принтердің кемшілігі 

олардың шулы жұмыс істеуінде және баспа сапасы төмен.  

Лазерлі  принтер  ксерокс  сияқты  жұмыс  істейді.  Компьютер  өзінің 

жадысында  мәтін  бетінің  «бейнесін»  жасайды,  сосын  оны  принтерге 

жібереді. Бет туралы ақпарат лазерлі сәуле арқылы жарық сезгіш қабаты бар, 

жарық  түсірілгенге  байланысты  электрлік  қасиеттерді  ауыстыратын 

айналмалы барабанға түсіріледі. Электр кернеуінде тұрған барабанға жарық 

түсірілгеннен  кейін  оған  бояйтын  ұнтақ – тонер  жағылады,  оның 

бөлшектерін барабанның жарық түсірілген бөліктеріне жапсырады. Принтер 

 

16



 

аранйы  ыстық  бояғышпен  қағазды  барабан  астына  тартады,  тонер  қағазға 

көшіріледі,  сонда  жоғары  сапалы  бейне  қалдыра  отырып, «ериді».  Түсті 

лазерлі принтерлер қазір өте қымбат.  



Бүріккіш  принтер  символдарды  қара  нүкте  тізбегінің  түрінде 

генерациялайды.  Принтердің  баспаға  беретін  бастиегінде  бетке  тез  кебетін 

сияны шашатын кішкентай бүріккіш бар. Бұл принтерлер қағаз сапасына көп 

көңіл  бөледі.  Түсті  бүріккіш  принтерлер  төрт  негізгі  түсті  араласытырып 

түстер шығырады: ашық көгілдір, қара қошқыл, сары және қара. 

Плоттер    -  компьютердің  басқаруымен  диаграммалар,  суреттер  және 

графиктер  сызатын  құрылғы.  Плоттер  күрделі  конструкторлық  сызбаларды, 

архитектуралық  жоспарларды,  географиялық  және  метеорологиялық 

карталарды,  іскерлік  сызбаларды  алу  үшін  қолданады.  Плоттер  сызбаларды 

қылқалам көмегімен салады.  

Дөңгелегі  бар  плоттер  қылқалам  астына  қағазды  орайды,  ал  планшетті 

плоттер  қылқаламды  көлденең  жатқан  қағаздың  беті  арқылы  ауыстырады. 

Плоттерге  принтер  сияқты  қосымша  бағдарламаға  қылқаламды  көтеру, 

түсіру,  берілген  қалыңдықта  сызық  жүргізу  сияқты  нұсқау  беретін  арнайы 

бағдарлама – драйвер қажет.  



Сканер – компьютерге  графикалық  бейнелерді  енгізетін  құрылғы. 

Құжаттың  цифрленген  бейнесін  жасайды  да,  оны  компьютер  жадысына 

енгізеді.  

Егер  принтерлер  ақпаратты  компьютерден  шығарса,  сканер  керісінше, 

қағаз  құжаттардан  компьютер  жадысына  ақпаратты  енгізеді.  Тағы  басқа 

құжат  бетімен  қолмен  жүргізетін  қол  сканерлері  және  түрі  бойынша 

көшіруші машиналарды еске түсіретін планшетті сканерлер де бар.  

Егер  сканер  көмегімен  мәтін  енгізілсе,  онда  компьютер  таңбалар  тізбегі 

ретінде  емес,  оны  сурет  сияқты  қабылдайды.  Бұндай  графикалық  мәтінде 

кәдімгі таңбалар түріне ауыстыру үшін бейнелерді оптикалық түрде танитын 

бағдарламалар қолданады.   

 

Модем және факс-модем деген не? 

Модем – телефон  байланысы  арқылы  компьютер  мәліметтерін  өте  алыс 

арақашықтықтарға беруге арналған құрылғы.  

Компьютермен өңделетін цифрлік дыбыстарды телефон желісімен бірден 

жібере  салуға  болмайды,  себебі  ол  адам  сөзін – дыбыс  жиілігінің  үздіксіз 

дыыстарын беруге тағайындалған.  

Модем  компьютердің  цифрлік  дыбыстарын    дыбыс  диапазоны 

жиілігіндегі  айнымалы  токқа  айналдырады – бұл  процесс  модуляция  деп 

аталады,  ал  керісінше  айналдыру – демодуляция  деп  аталады.  Осыдан 

құрылғының аты да шығады: модем – модулятор/демодулятор. 

Манипулятор денген не? 

Манипулятор  (тышқан,  джойстик  және  т.б.) – бұл  меңзерді  басқаруға 

қолданылатын арнайы құрылғылар.  

Тышқан  алақанға  сыйып  кететіндей  қорапша  түрінде  болады.  Тышқан 

компьютермен арнайы блок-адаптерден өтетін кабельмен байланысады, және  

 

17


 

оның  қозғалысы сәйкесінше, экран бойынша меңзердің орын ауыстыруына 

айналады. Құрылғының жоғарғы жағында мәзір таңдауды жүзеге асыратын, 

қозғалыстың  басы  мен  соңын  беретін  басқарушы  батырмалар  орналасқан 

(әдетте олар үшеу). 

Джойстик - әдетте  бұл  стержень-қалам,  тік  қалпыан  ауытқыған  кезде 

сәйкес  бағытта  экран  бойынша  мезердің  қозғлуына  әкеледі.  Көбінесе, 

компьютер  ойындарында  қолданылады.  Кейбір  үлгілерінде  джойстикке 

қысым көрсеткіші қойылады. Бұл жағдайда, пайдаланушы тұтқаны неғұрлым 

қаттырақ  басқанда  соғұрлым  меңзер  дисплей  экраны  бойынша  жылдам 

қозғалады.  

Трекбол – корпустың  жоғарғы  жағында  құрылған  дөңгелегі  бар,  үлкен 

емес  қорап.  Пайдаланушы  қолымен  дөңгелекті  айналдырғанда  және 

ауыстырғанда,  сәйкесінше,  меңзерді  ауыстырады.  Тышқаннан  ерекшелігі, 

трекбол  тышқан  сияқты  үлкен  кеңістік  қажет  етпейді,  оны  машинаның 

корпусының құрамдас бөлігі ретінде ішінде құруға болады.  

Дигитайзер – дайын  суреттерді  (сызба,  карта)  цифрлік  қалыпқа 

айналдыратын құрылғы. Сыртық көрінісі үстелде орналасатын жазық тақта – 

планшет  және  арнайы  құрал – планшеттегі  орнын  көрсетуге  арналған 

қылқалам. 

Қылқаламды 

планшет 


бойынша 

ауыстырғанда 

оның 

координатасы белгіленеді.  



Ұсынылатын әдебиет. [1,2,4] 

 

СДЖ-ге арналған бақылау жұмыстары (3 тақырып) [1,2,7] 



Келесі сұрақтарға жауап беріңіз 

1.

 



С. Принтердің бояйтын сұйықтықты лақтырудың екі принципі. 

2.

 



Модем деген не? 

3.

 



Тік қатынауға қандай есте сақтау құрылғыларын жатқызады? 

4.

 



Ерікті қатынауға қандай есте сақтау құрылғыларын жатқызады? 

5.

 



Тізбекті қатынауға қандай есте сақтау құрылғыларын жатқызады? 

 

 



Тақырып 7. Операционды жүйелер. MS Windows-та жұмыс. (1 сағат) 

Дәріс жоспары 

1.

 

Операционды жүйе деген не? 



2.

 

Операционды жүйелер функциялары 



3.

 

Windows-тың қысқаша сипаттамасы 



4.

 

Файлдармен, бумалармен жұмыс 



5.

 

Жарлықтар 



 

Операционды  жүйелер  барлық  ақпараттық  құралдарды  басқаруды 

қамтамасыз  ететін,  аппаратурамен  тікелей  қатынасатын  бағдарламалар 

жиынтығын  басқа  бағдарламалардан  бөлуге  мүмкіндік  беретін  ДЭЕМ 

бағдарламалар  құралының  ажыратылмас  бөлігі,  сондықтан  да  кез  келген 

компьютердің  бірінші  және  өте  маңызды  бағдарламасы  болып  табылады. 

Операционды жүйелер екі маңызды қызмет атқарады: 

 

18


 

1.

 



Аппаратурамен  қарым-қатынасты  қамтамасыз  ете  отырып, 

барлық жүйелік және қосымша жұмысты қолдайды. 

2.

 

Пайдаланушыға  машинаны  жалпы  басқаруды  жүзеге  асыруға 



мүмкіндік береді. 

Операционды  жүйелердің  басты  міндеті  бағдарламалардың  сыртқы 

құрылғылармен  және  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауды  қамтамасыз  ету 

үшін оперативті жадыны бөлу және жұмыс кезінде пайда болған оқиғаларды 

шығарып  отыру  және  т.б.  Машинаны  жалпы  басқару  үшін  операционды 

жүйелердің  командалық  тілі  қолданылады,  оның  көмегімен  бағдарламаны 

көшіру, диск каталогтарын баспаға беру, кез келген бағдарламаны іске қосу, 

сыртқы  құрылғылар  жұмысының  тәртібін  орнату  сияқты  жұмыстар  іске 

асырылады.  

Осыдан,  операционды  жүйелер – пайдаланушы  мен  ЭЕМ  аппаратты 

құралдарының  арасында  дәнекер  болатын  бағдарлама  немесе    өзара 

байланысқан бағдарламалар жиынтығы.  

Операционды 

жүйелер 


қосымша 

бағдарламаларды 

сыртқы 

құралдармен  қарым-қатынас  жасауына  мүмкіндік  бере  отырып,  ал 



пайдаланушыға - әртүрлі командалар көмегімен машина жұмысын басқаруға 

мүмкіндік  бере  отырып,  кез  келген  ДК-дің  аппаратты  құралдарын 

толықтырады.  Операционды  жүйелердің  қызметтері  негізінде 3 топқа 

бөлінеді: 

1.

 

Мәліметтерді енгізу-шығарудың барлық қалыптарының ұйымы; 



2.

 

ЭЕМ-нің сыртқы әлеммен тіл табысуы 



3.

 

Мәліметтерді өңдеу және сақтау қызметі. 



ДК-дің  әртүрлі  үлгілерінде  әртүрлі  архитектуралы  және  әртүрлі 

мүмкіндіктері  бар  операционды  жүйелер  қолданылады.  Неғұрлым  белгілі 

түрлері: MS-DOS (PC-DOS), Mac OS, CDOS, MSX, UNIX, OS/2 және 

Windows.   

 

Windows жүйесінің негізгі қызметтері 

 

Кез  келген  басқа  да  операционды  жүйелер  сияқты Windows та  келесі 



міндеттерді орындауды қамтамасыз ету керек: 

-

 



компьютердің аппаратты құралдарын басқару; 

-

 



файлдық жүйемен жұмысты қамтамасыз ету; 

-

 



қосымша бағдарламаларды іске қосу. 

Сонымен қатар, Windows 

-

 

бірнеше бағдарламалардың бір уақытта жұмыс істеуін; 



-

 

әртүрлі бағдарламалар арасындағы мәліметтердің ауысуын; 



-

 

үлкейтілетін қаріптерді қолдауды; 



-

 

мультимедианы қолдауды; 



-

 

тұтас анықтамалық жүйені қамтамасыз етеді.  



 

 

 

 

19



 

Windows-тың негізгі түсініктері 

 

Терезе  

Терезе – бірінші базалық түсінік. Сіздің түсінгеніңіздей, жүйенің атауы 

Windows – «терезе» деп аударылады.  

Терезе – экранның тіктөртбұрышты облысы, онда бөлек бағдарламалар 

орындалады, мәліметтер өңделеді, өзгертіледі, жүйені басқаратын қызметтер 

орындалады. Терезе экран бөлігін немесе экранды тұтастай алады. Windows-

та кез келген қосымша (бағдарлама) өз терезесінде ғана жұмыс істейді. Егер 

терезені жапса, онда қосымша (бағдарлама) жұмысы да  тоқтайды. Әрі қарай 

сіз Windows-тағы  терезелердің  әр  түрімен  танысасыз,  бірақ  олардың  бәрі 

ұқсас элементтер мен қасиеттерге ие.  

Шектер 

Шектер – терезе  периметрі  бойынша  жүретін  тік  және  көлденең 

сызықтар.  Жоғарғы  жағында  тақырып  жолы  болады.  Тақырып  жолының 

ортасында берілген терезенің аты көрінеді, оны біз терезенің тақырыбы деп 

атаймыз.  Тақырыптың сол жағында Жүйелік Мәзір батырмасы орналасады, 

ал оң жағында терезенің суреттерін өзгертуге арналған батырма орналасады.  

Тақырып долының астында мәзір жолы орналасқан. Мәзір жолының астында 

терезенің  жұмыс  аймағы  бар,  онда  әртүрлі  ақпарат  орналасуы  мүмкін: 

орындалатын бағдарлама, өңдеуге арналған мәліметтер, басқа да терезелер.  

Кез  келген  терезе  шектелген  өлшемге  ие,  сондықтан  егер  ақпарат  көп 

болса,  ол  терезеде  толық  көрсетілмейді.  Бұл  жағдайда  терезенің  оң  (төмен) 

жағынан  «айналдыру  жолағы»  деп  аталатын  элемент  пайда  болады.бұл 

элементтердің  болуы  терезеде  сыймайтын  үлкен  көлемді  ақпараттың  бар 

екенін білдіреді.  

Қосымшалар мен құжаттар терезелерінің экранда көрінуінің 3 нұсқасы 

бар: 


-

 

толықэкранды – терезе барлық экранды алады; 



-

 

қалыпты – терезе экран бөлігін алады; 



-

 

кішкене белгі – терезе «кішірейіп тұр». 



 

Жұмыс үстелі 

Жұмыс  үстелі  екінші  базалық  түсінік.  Жұмыс  үстелінің  принципі 

қазіргі барлық операционды жүйелердің интерфейстері үшін ең негізгі болу 

болып табылады.  

Оның мәні неде? 

Өзіміздің  кәдімгі  жұмыс  үстелімізді  еске  түсірейік.  Онда  кітаптар, 

құжаттары  бар  бумалар,  құралдар  (қалам,  қарындаш)  болуы  мүмкін. 

Олардың  орналасуы  әртүрлі,  сізге  қалай  ыңғайлы  болса,  солай  орналасқан, 

үстелдің  беті  әдемі  дастарханмен  жабылған,  немесе  мүлдем  ештеңе 

жабылмаған. Сіз үстелде бар заттардың барлығын қолдана аласыз.  

Windows  ортасында  жұмыс  үстелінің  рөлін  дисплей  экраны 

орындайды.  Онда  жұмыс  істейтін  бағдарламалар  терезелері,  құжаттардың 

бөлек  файлдары  бар.  Өзіңіздің  жұмыс  үстеліңізді  тазалықта  ұстаңыз! 

 

20



 

Шашылған  жұмыс  үстелінде  жұмыс  істеу  мүмкін  емес.  Себебі  сіз  өзіңіздің 

қажет құжаттарыңыз бен құжаттарыңызды жоғалтып отырасыз.  

 

Белгілер, таңбашалар, бумалар 



Белгі (Icon) – бұл қысқаша жазуы бар, үлкен емес графикалық бейне, 

ол  дисплей  экранында  қандай  да  бір  бағдарламаны,  терезені,  қызметті, 

файлды  көрсетеді.  Белгі  қандай  да  бір  терезеге  сәйкес  келеді.  Белгілерді 

шартты  түрде 3 негізгі  топқа  бөледі:  қосымшалар  белгісі,  Топтар  белгісі, 

Функциялар  белгісі. Windows жүйесіндегі  жұмысты  қарастырғанда  біз 

бұлардың әрқайсысына тереңірек тоқталамыз.  



Таңбаша(shortcut)  –  бұл  командалық  файл,  бұның  көмегімен  кез 

келген  объектіге  қатынауды  жүзеге  асыруға  болады.  Мысалы,  каталог, 

желілік  диск  мазмұнын  көрсету,  басқа  каталогтағы  бағдарламаны  тез  іске 

қосуға  болады,  файлды  ашу  және  т.б.  сол  кезде  объектілердің  өздері 

орындарында  өзгеріссіз  қалады.  Ал  оларға  қатынау shortcut файлында 

сақталған  ақпарат  көмегімен  қамтамасыз  етіледі.  Мысалы,  егер  жұмыс 

үстелінде  файлдың  өзі  орналасқан  болса,  онда  жою  командасынан  кейін 

дискіден «өшірілген» болады. Егер жұмыс үстелінен shortcut белгісін жоятын 

болсаңыз,  онда  бсатапқы  файлдар  (соларға  қатынау  үшін  қолданылатын) 

тиіспеген  күйінде  қалады. Windows 3.x жүйесінде  таңбашаның  ролін 

бағдарламалық элементтердің белгілері атқарады.  

Бума (folder)  каталогтар  және  бағдарламалар  тобын (Windows 3.1) 

белгілеуге  тағайындалады.  Оның  мағынасы  мынада:  каталог  сияқты  топ  та 

белгілі бір тип объектілерін орналастыруға тағайындалған контейнер болып 

табылады.  Каталог – файлдарға  арналған  контейнер,  бағдарламалар  тобы – 

жеке  бағдарламаларға  арналған  және  т.б.  Әрине,  бұндай  объектілерге 

арналған  контейнерлер  әртүрлі  типті  болуы  әбден  мүмкін.  Бірақ  оларға 

қолданылатын  операциялар  біртипті  болуы  мүмкін  (мысалы,  жою,  көшіру 

және т.б.). 

 

Алмастыру буфері    

Өзінің  жұмыс  істеуі  кезінде Windows  өзінің  арнайы  жады  аймағын – 

алмастыру  буферін  бөледі,  ал  құжаттар  мен  қосымшалар  арасында 

мәліметтерді  алмастыруға  қолданылады.  Мәліметтер  рөлінде  мәтін  бөлігі, 

сурет кесте бола алады. Алмастыру буферін қолдану бағдарламалар арасында 

мәліметтерді алмастырудың ең қарапайым құралы болып табылады.  

 Point-and-Click  (Көрсету  және  басу)  принципі  графикалық 

технологияда көптеген операцияларды орындау үшін біз тышқан көрсеткішін 

экран  элементіне  ауыстырып,  сосын  оң  немесе  сол  батырмасын  басуға 

болатынын көрсетеді. Бұл әдіспен келесіні істеуге болады: 

-

 

қосымша немесе құжат терезесін жасырын қою, қалпына келтіру; 



-

 

көлденең мәзірден пунктті таңдау; 



-

 

төменнен ашылатын мәзірден команда таңдау; 



-

 

құрал-сайман тақтасынан команда таңдау; 



-

 

тізімдегі жолды белгілеу; 



 

21


 

-

 



командалық батырманы басу; 

-

 



ауыстырып қосқыштың мәнін өзгерту; 

-

 



мәтіндік ақпаратты енгізу үшін меңзер орнын өзгерту; 

-

 



таңдау өрісін қосу және тағы басқа. 

Select  принципі  (Белгілеу).  Қосымша  терезесіндегі  құжатпен  жұмыс 

істеген кезде, көбінесе құжат бөлігіне (мәтін бөлігіне, суреттерге, кестелерге) 

қандайда бір операциялар қолдану керек болады. Бұл операциялардың ішінде 

–  көшіру,  орнын  ауыстыру,  қаріпті  өзгерту,  өлшемді  өзгерту  және  т.б.  бар. 

Мұндай операцияларды екі қадаммен орындаймыз: алдымен бөлікті белгілеп 

алуымыз  керек  (яғни,  бағдарламаға  құжаттың  қандай  бөлігі  қажет  екенін 

хабарлауымыз  керек),  сосын  сәйкес  команда  береміз  (мысалы,  бөлікті  жою 

немесе оның қарпін өзгерту). Бөлікті әртүрлі тәсілдермен белгілейді, ол оның 

сипатына  және  бағдарламаның  келісіміне  тәуелді.  Мысалы,  мәтін  бөлігін 

тышқанмен  белгілеуге  болады,  немесе Shift батырмасын  басып  тұрып, 

меңзерді басқаратын жебелермен белгілеуге болады. Графикалық бейнелерді 

белгілеу үшін ереже бойынша «қайшы» қолданылады.  

 

Drag-and-Drop  принципі  (орнын  ауыстыру  және  қалдыру).  Бұл 

принципті  өңделетін  құжаттың  немесе  бағдарламаның  ішіндегі  ақпарат 

бөлігін көшіру немесе орнын ауыстыру  үшін қолданады.  Мысалы,  бейненің 

бөлігі белгіленген болса, онда оған тышқан меңзерін апарып, сол немесе оң 

жақ  батырмасын  басып,  сосын  оны  ұстап  тұрып  бөлікті  жаңа  орынға  апару 

керек. Батырманы босатқаннан кейін бөлік жаңа орында белгіленген болады. 

Егер  апару  кезінде Ctrl батырмасын  басып  тұрса,  онда  бөлік  жаңа  орынға 

көшірілген  болады.  Көбінесе,  көшіру  мен  орын  ауыстыруды  араластыру 

керек  болады.  Мысалы,  егер  сіз  экранда  бірнеше  бірдей  элементтері  бар 

күрделі  схеманы  жасасаңыз,  онда  бір  ғана  элементті  сызып  алған  жөн 

болады,  сосын  Drag-and-Drop тәртібімен  оны  көбейтіп  аласыз.  Сосын,  осы 

әдіспен,  бірақ  ауыстыру  тәртібінде  экранда  элементтерді  реттеуге  болады. 

Drag-and-Drop әдісімен біз келесі операцияларды орындайтын боламыз: 

-

 



терезелерді  көрсетудің  қалыпты  нұсқасында  және  белгілер 

нұсқасында ауыстыру; 

-

 

графикалық  редактор  бағдарламасының  жұмыс  өрісінде  суреттің 



белгіленген бөліктерін көшіру және ауыстыру; 

-

 



Word  құжатын  тексеру  кезінде  мәтін  ақпаратының  белгіленген 

бөлігін көшіру және ауыстыру; 

-

 

суреттер мен кестелерді көшіру және  ауыстыру; 



-

 

еженің  шектерін  көлденең  сызғыштағы  жоғары  және  төмен 



үшбұрыштарды «тасу» көмегімен орнату; 

-

 



дайын  белгілер  құрал-сайманы  жинағынан  пайдаланушы  құрал-

сайман тақтасын жасау. 

 

Файлдармен жұмыс 

Сіздер компьютерде ақпаратты сақтау принциптерімен, файлдық жүйе 

түсінігімен  таныссыздар.  Қазіргі  кезде  файлдық  жүйемен  жұмыс  істемейтін 

 

22



 

бірде бір операционды жүйе жоқ. Пайдаланушыны әрқашан дисктегі әртүрлі 

файлдарға  қатынау  қажеттілігінен  босата  отырып,  Windows бұл  жұмысты 

өзіне  алады.  Мысалы,  белгіні  екі  рет  шерткен  кезде  қосымша  сәйкес 

бағдарламалық  файлды  іске  қосады,  сонда  пайдаланушыға  мүлде  бұл 

файлдың қайда екенін білу міндетті емес. Сонымен, Windows жүйесінің өзі, 

сонымен  қатар  барлық  жүйелер  файлдық  жүйеге  тікелей  қатынай  алады. 

Файлдық  жүйеге  әдетте  дисктен  файлды  оқу  үшін,  дискіге  жазу  үшін, 

сонымен қатар қосымшаларды іске қосу үшін пайдаланады.  

   


Бумаларды, таңбашаларды жасау және жою. 

Windows 95-тегі  барлық  файлдар,  құжаттар  және  бағдарламалар 

бумаларда  сақталады.  Егер  бумада  сурет  бар  болса,  онда  ол    берілген  бума 

қызметтік болып табылатынын және оны жоюға, не басқа бумаға ауыстыруға 

болмайтынын  білдіреді.  Кәдімгі  бумалардың  ішіндегілерге  сіз  кез  келген 

әрекет жасай аласыз: мысалы, жою, көшіру, ауыстыру.  

Жұмыс  істеу  үшін  құжаттарды  сақтауға  өз  бумаларын  жасау 

ұсынылады.  Өздеріңіздің  жасалатын  файлдарыңызды  қосымшалардың 

бумаларында  сақтамаңыз,  себебі  бағдарламаны  қайта  орнату  кезінде  бұл 

ақпарат жойылады.  

Бумаларды  жұмыс  үстелінде  де,  терезеде  де  жасауға  болады.  Бума 

жасау  үшін  жұмыс  үстелінің  кез  келген  бос  жерінде  тышқанның  оң  жақ 

батырмасын  басу  керек,  сол  кезде  контексті  мәзір  пайда  болады,  онда  сіз 

Жасау=Бума  опциясын  таңдауыңыз  керек,  сол  кезде  жұмыс  үстелінде  бума 

бейнесі  пайда  болады,  ал  бума  атын  бірден  енгізуге  болады.  Егер  бума  аты 

бірден  енгізілмесе,  онда  бума  атының  орнында  нүктелер  жолы  тұрады.  Ал 

жаңа буманы терезеде жасау үшін Файл=Жасау=Бума командасын орындау 

керек.  


 Windows 95-тегі жұмыс үстелі де бума болып табылады. Жұмыс үстелі 

бумасы Windows орнатылған  каталогта  орналасқан.  Оны  «Менің 

компьютерім»  бумасын  қарау  арқылы  немесе  Іздеу  командасы  арқылы 

табуға болады.  

Жоғарыда  айтылғандай,  таңбаша–  бұл  командалық  файл,  оның 

көмегімен  бумалар  иерархиясын  қолданбай-ақ,  қандай  да  бір  объектіге 

қатынауды  жүзеге  асыруға  болады.  Таңбашалар  көбінесе  неғұрлым  жиі 

қолданылатын  бағдарламалар  үшін,  құжат  шаблондары  үшін  жасалады. 

Таңбаша  жұмыс  үстелінде,  сонымен  қатар  қызметтік  бумалардан  басқа  кез 

келген бумаларда жасала береді.Таңбашаны жасау келесі түрде өткізіледі: 

-

 

таңбаша орналасатын орын таңдалады; 



-

 

тышқанның  оң  жақ  батырмасын  басамыз,  контексті  мәзір  пайда 



болғаннан кейін Жасау=Таңбаша командасын таңдаймыз; 

-

 



«Таңбаша жасау» терезесі пайда болғаннан кейін командалық жолға 

таңбаша жасалайын деп отырған объектінің атын жазу керек. Сіздер 

оны қалай жасау керек екенін білесіздер.  

 

23



 

Бумалар  мен  таңбашаларды  жою Windows-тағы  барлық  басқа 

объектілерді жою сияқты өткізіледі. Жою кезінде қажет ақпаратты жоғалтып 

алу ықтималдығыны байланысты, жоюдың бірнеше тәсілдері бар:  

-

 

«Себет» арқылы жою; 



-

 

Ақтық жоқ; 



-

 

Жою алдындағы ескерту. 



Егер  «Себет»  арқылы  жоятын  болса,  онда  мәліметтерді  қалпына 

елтіруге болады. Ақтық жою «Себетті» тазалаған кезде өткізіледі.  

Объектілерді  «Себетке»  орналастыру  үшін  оларды  себет  аумағына 

әкелу  керек,  яғни  объектіні  себетке  салған  сияқты. «Себеттің»  көлемі 

шектелген.  Оның  өлшемі  бапату  кезінде  беріледі. «Себеттің»  көлемін 

ұлғайту  дисктегі  бар  кеңістікті  азайтады.  Себеттегі  оюъектілерді  қалпына 

келтіру үшін: 

-

 



«себет» бейнесін екі рет шерту керек; 

-

 



Сіз қалпына келтіргіңіз келетін объектіледі белгілеу керек; 

-

 



Файл=Қалпына  келтіру  командасын  таңдау  керек.  Таңдалынған 

объектілер  себетке  орналастырылмай  тұрған  кездегі  бумаларда 

қалпына келтіріледі.    

 

Ұсынылатын әдебиет. [1,2,4] 



СДЖ-ге арналған бақылау жұмыстары (1,2 тақырыптар) [1,2,4] 

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз 

1.

 

Windows деген не? 



2.

 

Windows-тың қандай жүйелерін білесіз? 



3.

 

Windows жүйесінде қолданылатын негізгі түсініетрді атаңыз. 



4.

 

«Тышқан» манипуляторы деген не? 



5.

 

Windows-тың негізгі технологиялық ерекшеліктері туралы айтыңыз. 



6.

 

Windows-пен жұмыс кезіндегі компьютерді сөндірудің реті қандай? 



 

 

Тақырып 9. Кестелік процессорлар. MS Excel-да жұмыс. (2 сағат) 

Дәріс жоспары 

1.

 



Кестелік процессордың тағайындалуы. 

2.

 



Мәліметтерді енгізу. 

3.

 



Есептеуіш өрнектер, формулалар, функциялар. 

4.

 



Ұяшықтардың адрестелуі. 

5.

 



Таралуы және автотолтырылуы. 

6.

 



Диаграммалар құру. 

Microsoft Excel – Windows ортасындағы  кестелік  процессорлар  немесе 

электронды  кестелер  класына  жататын  ең  белгілі  пакеттердің  бірі  болып 

табылады.  Бірақ Excel – бұл  тек  қана  математикалық  операциялар  мен 

күрделі  есептеулерге  қолданылатын  жай  ғана  бағдарлама  емес.  Ол  кесте 

мәліметерінің  негізінде  әртүрлі  типті  диаграммаларды  құруға,  деректер 

қорын құруға және олармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 

  

 



24

 

Мүмкіндіктердің  көптүрлілігі    Excel-ді  тек  қана  экономикалық  облыста 

ғана  емес,  сонымен  қатар  қызметкерліктің  оқу,  ғылым,  әкімшілік  және 

шаруашылық салаларында қолдануға мүмкінідк береді. 

 

Электронды  кестенің  жұмыс  өрісі  жолдар  мен  бағандардан  тұрады. 



Жолдардың  ең  үлкен  саны 16384-ке,  ал  бағандардың – 256-ға  тең.  Жолдар 

мен  бағандардың  әрбір  қиылысуы  ұяшықты  құрайды,  оған  мәліметтерді 

(мәтін, сан немесе формулалар) енгізуге болады.  

 

 



Excel-де  кестенің  ұяшықтарына  енгізілетін  мәліметтердің 3 типі  бар: 

мәтін,  сан  және  формула.  Мәліметтерді  енгізу  үшінкерек  ұяшыққа  ауысу 

керек, сосын мәліметтерді теру керек (240 символға дейін), содан кейін Enter-

ді  басу  керек  немесе  меңзердің  ауыстыру  пернесін  басу  керек.  Енгізілген 

мәліметтердің  мәтін,  сан  немесе  формула  екенін Excel бірінші  символы 

бойынша  анықтайды.  Егер  бірінші  символ - әріп  немесе «’» таңбасы  болса, 

онда Excel мәтін  енгізіледі  деп  санайды.  Егер  бірінші  символ  цифр  немесе 

«=»  таңбасы  болса,  онда Excel сан  немесе  формула  енгізіледі  деп  санайды. 

Енгізілетін  мәліметтер  ұяшықта  немесе  формула  жолында  көрінеді  және 

Enter-ді  немесе  меңзерді  ауыстырғаш  батырмасын  басқан  кезде  ғана 

ұяшыққа орналасады.  

 

Мәтінді енгізу 



 

Мәтін – бұл кез келген символдар жиынтығы. Егер мәтін саннан басталса, 

онда  енгізуді «’» таңбасынан  бастау  керек,  егер  мәтіннің  ұзындығы 

ұяшықтың  ұзындығынан  үлкен  болып  және  көршілес  ұяшық  бос  болса, 

экрандағы  мәтін  оның  орнын  алады.  Көршілес  ұяшыққа  мәліметті  енгізу 

кезінде  алдындағы  мәтін  экранда  жартылай  ғана  көрініп  тұрады  (бірақ 

жадыда  толығымен  сақталып  тұрады).  Назар  аударыңыз!  Қателерден 

қорықпаңыз!  Барлық  әрекеттер  тоқтатылған  болуы  мүмкін.  Егер  жұмыс 

процесінде жоспарламаған бір нәрсе болып қалса, Мәзірдің Түзету=>Аластау 

командасын  қолданыңыз  немесе  одан  оңаыйрақ,  Стандартты  құрал-сайман 

тақтасындағы Аластау батырмасын қолданыңыз. Аластау батырмасын әрбір 

шерткен сайын бір операциядан тізбекті түрде аластатылып отырады.  

 

Сандарды енгізу 



 

 

25



 

Ұяшыққа  сандарды  =,  +,  -  таңбаларымен  немесе  оларсыз  да  енгізуге 

болады.  Егер  енгізілген  санның  ұзындығы  ұяшықтың  ұзындығынан  үлкен 

болса,  онда Excel оны  экспоненциалды  формада  көрсетеді  немесе  санның 

орнына символдар қояды (бірақ бұл кезде сан жадыда толығымен сақталған 

болады).  Экспоненциалды  форма  өте  үлкен  немес  өте  кішкентай  сандарды 

бейнелеу үшін қолданылады. 501000000 саны 5.01Е+08 болып жазылады, бұл 

5,01х108 дегенді білдіреді. Ал 0,000000005 саны 5Е – 9 болып жазылады, бұл 

5х109  дегенді  білдіреді.  Бөлшек  сандарды  енгізу  үшін  ондық  үтір  немесе 

нүкте (баптауға байланысты) қолданылады.  

 

Формулаларды енгізу 



Формула  түрінде  арифметикалық  өрнек  жазылуы  мүмкін.  Ол  сандар 

тізбегін 

немес 

арифметикалық 



операциялар 

немесе 


функциялар 

таңбаларымен  біріккен  ұяшықтарға  сілтемені  білдіреді.  Формула «=» 

белгісінен  басталуы  керек.  Оған 240 символға  дейін  кіреді  және  ол  бос 

орындардан  тұрмауы  керек.  Ұяшыққа  С/+FJ  формуласын  енгізу  үшін  оны 

=СJ+Ғ5  түрінде  жазу  керек.  Бұл  С  ұяшығының  ішіндегісіне  Ғ5  ұяшығының 

мәні  де  қосылатынын  білдіреді.   Ал  нәтижесі  формула  енгізілген  ұяшықта 

жазылған болады.  

 

Жолдарға, бағандарға блоктарға қолданылатын операциялар 

(бұл  әрекеттер  мәзір  арқылы,  алмастыру  буферінің  көмегімен  (көшіру, 

кесіп алу, қою), сонымен қатар тышқан көмегімен жүзеге асады) 

 

Орнын  ауыстыру.  Мәліметтердің  орнын  ауыстырған  кезде  НЕНІҢ 

ҚАЙДА ауыстырылатынын көрсету керек. Орын ауыстыруды орындау үшін 

ұяшықты  немесе  блокты  (НЕ  ауыстырылады)  белгілеп  алу  керек.  Сосын 

тышқан  көрсеткішін  блок  немесе  ұяшық  шегіне  орналастыру  керек  (ол  ақ 

жебе  қалпына  келу  керек).  Әрі  қарай  мәліметтерді  ҚАЙДА  орналастыру 

керек, сол жерге блокты немесе ұяшықты ауыстыру керек.  

 

Көшіру.  Көшіру  кезінде  түпнұсқа  (НЕ)  өз  орнында  қалады,  ал  басқа 

жерде  (ҚАЙДА)  көшірмесі  пайда  болады.  Көшіру  орын  ауыстыру  сияқты 

орындалады, бірақ Ctrl батырмасын басылып тұрған кезде. 

 

Қосуды толтыру – толтыру маркері деп аталады. Толтыру оңға және солға 



жүруі  мүмкін.  Толтыру  орын  ауыстыру  сияқты  орындалады,  бірақ  меңзер 

ұяшықтың  немесе  блоктың  төменгі  оң  бұрышында  тұру  керек  (қара  жебе 

қалпына енеді). Толтыру кезінде бастапқы ұяшық (НЕ) немесе блок бірнеше 

рет қайталанады.  

 

Жою,  тазалау. Егер тек қана мәліметтерді (сан, мәтін, формула) тазалау 

керек  болса,  белгіленген  ұяшық  немесе  блокта Del батырмасын  басу 

жеткілікті.  

 

 



26

 

Ұяшықты  немесе  блокты  енгізілген  мәліметтерден  тазалау  үшін 

көрсеткішті ұяшыққа орнатуға болады немесе блокты белгілеу керек, сосын 

Түзету=>Тазалау командасын орнату керек. Ішкі мәзірде нақты нені тазалау 

керек  екенін  көрсету  керек:  тазалау,  безендіру,  ескерту  немесе  барлығын 

бірге.  


 

Жолдарды,  бағандарды,  блоктарды  жою  үшін  керек  элементті  белгілеп 

алу  керек,  сосын  мәзірдің  Түзету=>Жою  командсын  қолдану  керек. 

Бағандардың сыбайластығына назар аударыңыз. Бос орынды сақтай отырып, 

мәліметтерді  кестеден  жою  үшін  (ұяшықтарды  жоймай,  мәліметтерді  жою) 

Түзету, Тазалау командасын пайдалану керек.  

 

Барлық жұмыс кестесін жою үшін Файл=>Жабу командасы қолданылады, 



сұраққа Жоқ деп жауап беріңіз.  

 

Excel-де  әртүрлі  типті  тізбектерді  (апта  күндері,  айлар,  жылдар,  т.б.)  тез 



енгізуге мүмкіндік беретін автотолтыру функциясы бар.  

 

Ұяшықтар блоктардың абсолютті, қатыстық және аралас адрестелуі.  



 

Ұяшыққа  қатынасу  үшін  бұрын  бейнеленген  әдістерді:  В3,  А1: G9 және 

т.б. қолдануға болады. Бұндай адрестелуді қатыстық деп атайды, яғни Excel 

формулаларда  қолданылатын  ұяшықтардың  орналасуын  ағымдағы  ұяшыққа 

қатысты  еске  сақтайды.  Мысалы, =В1+В2  формуласын  В4  ұяшығына 

енгізген кезде Excel формуланы «үш қатар жоғары орналасқан ұяшық мәнін 

екі қатар жоғары орналасқан ұяшық мәніне қосу» деп интерпретациялайды. 

Егер В1+В2 формуласын В4 ұяшығынан С4 ұяшығына көшіріп алсаңыз, онда 

Excel  формуланы  тағы  да  «үш  қатар  жоғары  орналасқан  ұяшық  мәнін  екі 

қатар  жоғары  орналасқан  ұяшық  мәніне  қосу»  деп  интерпретациялайды. 

Осылайша,  С4  ұяшығындағы  формула  =С1+С2  түріне  ие  болады.  Егер 

формулаларды көшіру кезінде нақты ұяшық немесе облыс сілтемесін сақтап 

қалғыңыз  келсе,  онда  абсолютті  адрестеуді  қолданған  жөн  болады.    Оны 

беру  үшін  баған  атының  алдына  және  жол  нөмірінің  алдына $ символын 

енгізу керек. Аралас адрестелу. Символ тек қана керек жерде ғана қойылады. 

Мысалы, $В4 немес С$2. сонда көшіру кезінде адрестің бір өлшемі өзгереді 

де, екіншісі-өзгермейді.  

 

Диаграммаларды құру 



 

Excel  мүмкіндіктерінің  ішіндегі  ең  есте  қаларлығы  - абстракциялық 

қатарлар  мен  сандар  бағанын  ақпараттық  графиктар  мен  диаграммаларға 

айналдыруы.  

Диаграммалар – мәліметтерді  графикалық  түрде  көрсетудің  ең  ыңғайлы 

құралы.  Олар  енгізілген  өлшемдерді  жұмыс  бетінің  әрбір  ұяшығын  мұқият 

оқымай-ақ,бағалауға  мүмкіндік  береді.  Диаграмма  қандай  да  бір  ұяшыққа 

 

27



 

жасырынып  қалған  мәліметтердегі  қателерді  табуға  мүмкіндік  береді. Excel 

екі  және  үш  өлшемді  әртүрлі  диаграммалардың 14 типін  қолдайды. 

Диаграммаларды  немесе  графиктерді  Диаграммалар  шебері  көмегімен 

жасаған және түзеткен оңай. 

 

Ұсынылатын әдебиет . [1,2,6] 



СДЖ-ге арналған бақылау жұмыстары (1,2 тақырыптар) [1,2,6] 

Келесі сұрақтарға жауап беріңіз 

1.

 

Ұяшықтардың адрестелуы қалай жүзеге асады? 



2.

 

Функция деген не



3.

 

Аргументтердің  қандай  бөлгіштері  бар  және  олар  қандай  жағдайда 



қолданылады? 

4.

 



Диаграмма деген не? 

5.

 



Есептеу кезіндегі ең негізгі қасиеттердің бірі. 

 

Тақырып 10. Деректер қоры. MS Access-те жұмыс (2 сағат) 



Дәріс жоспары 

1.

 



Деректер қорының типтері 

2.

 



ДҚБЖ 

3.

 



ДҚ-ның құрылуы 

4.

 



Кестелерді құру 

5.

 



Сұраныстар 

6.

 



Есептер 

 

 



 

28


 

 

Терезенің жоғары жағында аттары көрінетін қосымша беттер қажет объектіге 



ауысуға мүмкіндік береді. Қосымша бет алдында орналасқан, белсенді болып 

табылады және осы уақытта қарастырылатын объект типін анықтайды. Басқа 

объектіге ауысу үшін қажет типтің объектісінің аты жазылған қосымша бетті 

шертіңіз.  

Access-тегі объект сіз жұмыс істейтін басты құралдың бірі. Олар – кестелер, 

сұраныстар, есептер, формалар, макростар мен модульдер.  

 

Кесте режимінде кесте құру 

Кесте  режимінде  кесте  құра  отырып,  сіз  кестенің  әрбір  өрісіне  ат 

анықтайсыз.  Сосын,  өрістің  бірінші  жазбасына  енгізетін  мәліметтер 

бойынша Access 97 әрбір  өріске  сол  немесе  басқа  типті  меншіктейді. 

Мысалы, егер сіз өріске «1» деп жазып қойсаңыз, онда Access 97 бұл өріске 

Сандық типін меншіктейді. «А» деп жазып көріңіз, онда Access 97 бұл өріске 

Мәтіндік  типін  меншіктейді.  Кесте  режимінді  кесте  құру  үшін  Кестелер 

қосымша  бетін  таңдаңыз.  Деректер  қоры  терезесінің  оң  жақ  бөлігіндегі  үш 

батырмаға  назар  аударыңыз:  Ашу,  Коструктор  және  Құру.  Қазір  тек  Құру 

батырмасына ғана қатынасуға болады, бірақ біз үшеуін де бейнелейміз. 

 

Ашу. Кесте режиміндегі бар кестені аша отырып, оны қарауға, 



толықтыруға және мәліметтерді түзетуге мүмкіндік береді.  

 



Конструктор.  Конструктор  режиміндегі  бар  кестені  аша 

отырып,  оны  көруге  және  кестенің  құрылымын  өзгертуге 

мүмкіндік береді.  

 



Құру. Әртүрлі әдістермен жаңа кесте құрады. 

Жаңа  кесте  диалогты  терезесін  шақыру  үшін  Құру  батырмасын 

басыңыз.  Жаңа  кесте  диалогты  терезесі  кесте  құрудың  бірнеше  әдістерін 

ұсынады.  

  

Жаңа  кесте  диалогты  терезесінде  Кесте  режимін  таңдаңыз  да,  ОК 



батырмасын  басыңыз.  Сіздердің  алдарыңызда  кесте  режиміндегі  Өріс1, 

Өріс2,  Өріс3  және  т.с.с.  тақырыпталған  бағандары  бар  кесте  пайда  болады. 

Сіз  бағандардың  атын  өзіңіз  анықтай  аласыз,  яғни  сол  арқылы  кестені 

құрайтын өрістердің атын бересіз.     



Кілттік өріс деген не? 

Кілттік  өріс – бұл  кесте  жазбалары  туралы  уникалды  ақпараты  бар 

өрістер.  Байланыстың  басқа  шегінде  орналасқан  өріс  сыртқы  кілт  деп 

аталады.  Сыртқы  кілт – бұл  кестелер  арасындағы  байланыс  үшін 

қолданылатын  өріс. «Біреу-көпке»  және  «көп-көпке»  қатынастары 

орнатылған  кезлде  қай  өрістің  кілттік  екенін  анықтау  мына  фактіден 

шығады:  кілттік  өріс  әрқашан  да  қатынастың 1 цифрымен  белгіленген 

сызығы жағында орналасады.  

Кестелермен жұмыс істеу кезінде жазбалар бір-бірінен ерекше екеніне 

сенгіміз  келеді.  Кілттік  өріс  (немесе  жай  ғана  кілт)  сол  үшін  де  құрылады. 

Байланыстарды анықтау үшін кілттік өрістің болуы міндетті.  

 

 

29



 

Конструктор режимінде жаңа кесте құру 

Конструтор  режимінде  жаңа  кесте  құру  кезінде  сізде  әрбір  өрістің 

қасиетін  анықтауға  мүмкіндігіңіз  көп  болады.  Мұнда  оның  ұзындығы  және 

онда  сақталатын  мәліметтер  типі  кіреді.  Констрктор  режимінде  жаңа  кесте 

құра отырып, сіз Access 97-ге қандай нұсқаулар бергеніңізді біліп отырасыз. 

Ал кесте режимінде сіз барлық қасиеттерді қалай сізге ыңғайлы солай орната 

алмайсыз,  Сізге    оларды  өзгерту  үшін  кестені  конструктор  режимінде  ашу 

керек болады.  

Объект  сипаттамасын  бейнелеу  үшін  Қасиеттерді  қолдана  аласыз, 

айталық,  өрістер,  формалар  немесе  есептер.  Мысалы,  Өріс  аты  өріс  атын 

бейнелейді.  Мәліметтер  типі  өрісте  сақталатын  мәліметтер  форматын 

бейнелейді, мысалы Сандық , Мәтіндік немесе Күні/айы. Деректер қорының 

басты терезесінде келесіні орындаңыз: 

1.

 



Кесте  қосымша  бетін  шертіңіз,  сосын  Құру  командасын 

таңдаңыз. Жаңа кесте диалогты терезесі пайда болады. 

2.

 

Конструкторды  таңдаңыз  және  ОК-ға  басыңыз.  Сіз 



Конструктор режимінде боласыз және кесте конструкторының 

терезесінде жұмыс істейтін боласыз.  

 

Кесте  конструкторының терезесінде жұмыс 

Кесте  конструкторының  терезесі  төрт  негізгі  бөліктен  тұрады:  Өріс 

аты,  Мәліметтер  типі,  Бейнелеу  және  Өріс  қасиеті.  Конструктор  режимі 

ақпарат  сақтау  үшін  кестенің  құрылымын  анықтуға  көмектесетінін  естен 

шығармаңыз.    

Меңзерді Өріс аты бағанының бірінші позициясына қойыңыз да, ОНЫ 

ЕНГІЗІҢІЗ.  Бұдан  кейін  келесі  баған – Мәліметтер  типіне  өту  үшін  

батырмасын  немесе      батырмасын  басыңыз.  Назар  аударыңыз, 

Мәліметтер типі бағанында үнсіздік бойынша – Мәтіндік пайда болды.  

Мәліметтер типіне қысқаша шолу 

Өріс  үшін  анықтайтын  қасиеттердің  жиынтығынан  деректер  типі 

негізгілердің бірі болып табылады. Деректердің нақты типін таңдай отырып, 

сіз  Access 97-ге сәйкес өрісте қандай мәнді сақтайтыныңызды хабарлайсыз 

(мәтіндік, сандық, ақшалық, күн-уақыт, логикалық және т.б.). 

Мынадай жағдай да болады: өрістің ішінде сандар сақталса, Мәтіндік 

типі таңдалады. Мысалы, Индекс және Телефон мәтіндік болып анықталады, 

себебі  сіз  телефонмен,  индекспен  ешқандай  есептеулер  жүргізбейсіз.  Бұл 

жердегі  ереже  мынадай:  егер  сіз  өрісте  сақталатын  сандарға  ешқандай 

арифметкиалық  опреациялар  қолданбасаңыз,  онда  бұл  өріске  Мәтіндік 

деректер типін қолданасыз. Күнді енгізген кезде (күн форматында міндетті) 

Күн деген деректер типі қолданылады.  

Кестелерді өзара байланыстыру үшін Access қатынастарды қолданады. 

Қатынастар  сіздің  кестеңіздегі  деректердің  бүтіндігін  сақтауға  кепілдік 

береді. Деректер бүтіндігі дегеніміз: сіздің дерек қорыңыздағы кесте ішіндегі 

ақпараттың нақтылығын қолдау.  

Кестелер арасындағы қатынастар типі 

 

30



 

Access 97 деректер  қорындағы  кестелер  арасында  келесі  үш  типті 

қатынастардың біреуін орната аламыз: 

 



«Біреу-көпке» 

 



«Біреу-біреуге» 

 



«Көп көпке» 

Байланыстарды құру 

Мәліметтер  схемасын  ашу  үшін  Сервис  мәзірінен  Мәліметтер 

схемасын  таңдаңыз.  Кестені  қосу  диалогты  терезесі  пайда  болады, 

әрқайсысының  атын  екі  рет  шерту  арқылы  Кестені  қосыңыз,  сосын  Жабу 

батырамсын  басыңыз.  Бұл  кестелерді  сіз  Мәліметтер  схемасы  терезесінен 

көресіз.  

Кестеден  өрісті  белгілеңіз,  тышқан  батырамасын  басыңыз,  сосын 

тышқан  көрсеткішін  басқа  кестедегі  сәйкес  өріске  алып  барыңыз, 

Байланыстың жаңа диалогты терезесі пайда болады.   

Құру  батырмасына  баспастан  бұрын,  Деректер  бүтіндігін  қамтамасыз 

ету  өлшемін  орнату  керек.  Деректер  бүтіндігін  қамтамасыз  ету 

опциясындағы  жалаушаға  белгі  қойыңыз,  сосын  қатынас  құру  үшін  Құру 

батырмасын  шертіңіз.  Сіз  Мәліметтер  схемасы  терезесіндегі  кестелер 

арасындағы жаңадан құрылған қатынасты көресіз.  



Жазбаларды қосу 

Жаңа жазбаны қосу үшін өту батырмалардың арасындағы Жаңа жазба 

батырмасын  шертіңіз.  Бұл  сізді  мәліметтері  бар  беттің  ең  төменгі  жағында 

орналасқан  жаңа  жазбаға  ауыстырады.  Жаңа  жазба  батырмасын  шертудің 

орнын сіз мәзірден Файл=>Жаңа Жазбаны таңдай аласыз. 

Жазбаларды түзету 

Өрістерді түзетуге арналған бірнеше ұсыныстар. 

 

өрістің  басы  мен  аяғына  ауысу  үшін  мәтіндік  меңзерді  өріске 



қойыңыз  да,  сәйкесінше 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет