Оқу құралы I бөлім Қостанай, 2016 2



Pdf көрінісі
бет3/18
Дата03.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#5957
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Ұмай  ананың  құдіреті  –  адам  баласына  құнарлы  топырақ  пен  тұнық  су 
қайнарларын сыйлауы. Бұл екеуі де тіршіліктің көзі. Сондықтан Ұмай ана жер 
бетіндегі  күллі  өнімнің  де  Тәңірі  саналады.  Ол  адам  баласын  алаламайды, 
бәріне бірдей мейірім төгеді.    
Сондай халықтың нанымдағы мереке  – Наурыз. Ұлы ниеттер тоғысқан бұл 
мерекені  бүкіл  халық  тойлаған,  тойлап  та  келеді  /22/.(Наурыз.  Жинақ.  А., 
1991,/255/; Наурызнама. А., 1993,/91/). 
Мерекенің  қандайы  болса  да  сенім  мен  нанымның  жанды  жадыратқан 
қуанышынан туған. Осы қуаныш адам санасында асыл ойлардың өрілуіне арқау 
болған. Рас, қазақтың мейрам-мерекесі наным-сенім қалпымен өтеді. Мезгілдің, 
күн  тізбегінің  есебін  бастауы  да  осы  негізде.  Түріктердің  он  екі  жылға  ат 
қойып,  сол  мүшел  бойынша  есеп  жүргізгені  жайлы  аңызды  Махмұд  Қашғари 
өзінің  «Түрік  тілдері  сөздігі»  кітабында  жазады  /23/.  (Қашғари  Махмұд. 
Аталған еңбек. /449/). Сол жыл есебінің қағидасы басқалардан гөрі қазақта сол 
қалпында сақталған. 
Басқа  түрік  халықтары  секілді  қазақтардың  да  ежелгі  ұғымында  дүниедегі 
барлық  жаратылыс  Оттан,  Ауадан,  Топырақтан  (жерден)    Судан,  жаралған. 
Бүкіл жан иелерінің өмір сүруі Жарық пен Қараңғылыққа байланысты. Ежелгі 
ұғым  бойынша,  Жарық  –  ыстықтық,  күн  сәулесінің,  өмірдің,  жақсылықтың, 
бақыттың нышаны. Мұның керісінше, Қараңғылық – суықтық, түннің, түнектің, 
өлімнің, жамандықтың, апаттың нышаны. Жарық пен қараңғылық – біріне-бірі 
қарама-қарсы  күш.  Ежелгі  нанымда  Адам  ата  –  Жерге,  Хауа  Ана  -  Ауаға 
теңестіріледі.  Тағы  бір  аңызда  Адам  баласы  етегін  кең  жайған  Аспан  аясына 
себілген сәуледен туған екен. Ежелгі ұғым бойынша, Жер – адам баласын, мал 
мен  аңды,  ағаш  пен  бұтаны,  көк  майсаны,  баптап  өсіретін  Анасы.  Аспан  – 
жарық  сәуленің  қалың  бұлт  пен  жауын-шашының  мекені.  Сондықтан  қазақ 
қауымы да Көктегі Тәңірге, өзін асырып отырған Жер анаға тәу еткен. Сөйтіп, 

 
23 
 
аспанды  адам  өміріне  пана  болған  Көк  күмбез  деп  білген.  Сондықтан  басына 
киген  тақиясын,  киіз  үйдің  шаңырағын  қасиет  белгісі  ретінде  ерекше 
қадірлеген.  Ежелгі  ұғым  бойынша,  аспанда  самсап  тұрған  жұлдыз  сол  Көк 
күмбезіне жағылған қасиетті шырақтар. Сол шырақтың әрқайсысы адам баласы 
өмірімен тікелей байланысты саналады. Аспанда әр адамның бір жұлдызы бар. 
Ол  сол  адамның  тағдырын  бағыттайды.  Жұлдызы  жоғары  өрлеген  адамның 
өмір  жасы  ұзақ  болады.  Ал  жұлдызы  оңынан  туғандардың  барлық  ісі  оңға 
басады. Егер жұлдызы ағып, жерге түссе ол адам дүниемен қоштасады. Бейне 
көкке тәу еткен секілді, Жерді қастерлеу де санаға сіңіп, салтқа айналған дағы, 
үзілмей келе жатқан дәстүр. Қазақта да топырақты қасиетті санайтын дағдылы 
дәстүр бар. Мәйітті жер қойнына көму әдеті де топырақты қасиетті деп білген 
ұғым арқылы тұрмысқа сіңген.   
       
Б.ж.б.  176.ж  Қытай  императорына  жазған  хатында  ғұн  қағаны  Мөде  өз 
жеңістерінің тікелей жебеушісі әрі қолдаушысы Көк Тәңірі деп көрсетеді. Және 
өзін таққа отырғызған да Көк Тәңірі деп санайды. (De Grot./76/.) Бiлге қаған мен 
Күлтегiннiң  ескерткiшінде  “ Биiкте көк Тәңiрi, төменде қара жер жаралғанда, 
екеуiнiң  арасынан  адам  баласы  жаратылған...түркі  баласының  басын  
біріктіруге  қолдаушы  болған  Көк Тәңірі  ” деп табынып, оған сыйынған  т.б. 
көп мысалдар келтіруге болады.    
 Қазақ  топырағында  қалыптасқан  философиялық  ойлардың  құрамдас  бөлiгi 
ретiнде,  бұдан  1  мың  жыл  бұрын  Токсарис  Скифтік  (  Тоқарыс  )  грекия 
жерінде  ақылгөйлігімен  қатар,  тәуіптік  қасиетімен  көзге  түскен,  ал  кейін  
осыдан 2,5 мың жыл бұрын грекияда өзiнiң өшпес iзiн қалдырған Анахарсистi 
(Анарыс) айтуға болады.  
Грек  философиясында  Анахарсистi  Скифтік  өздерiнiң  дана  жетi 
бабаларының бiреуi деп санайды. Анахарсис «Ең жаман не?»,- дегенге “Тiл”,- 
деп жауап берiптi.  
Анахарсис:  “Саудагерлер  халықты  ашықтан-ашық  алдап  жатқанда  қалайша 
өтiрiкке тиым салуға болады?” 
Философиялық  ой-пiкiр  бүкiл  дүниежүзiлiк  деңгейде  б.з.д.  VII-V  ғ.ғ.  пайда 
бола  бастаған  кезде,  бiздiң  бабаларымыз  да  аса  кемеңгер  дана  тұлғаны  - 
Анарысты тудырды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
24 
 
Қазақ  ежелгі  дүниетанымы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
1.
 
Заростризм – (Зар) 
                                                                                      2.  Тотемизм – (Тот) 
                                                                                      3.  Анимизим– (Ани) 
                                                                                         4. Шаманизм – (Шам) 
                                                                                       5. Тәңіршілдік – (Тәң) 
                                                                                 6.   Ислам – (Исл) 
 
 
Діни  –  мифологиялық    тұжырымдар,  әдет  –  ғұрып  пен  пікір  –  сайыс  ретінде 
рационалды ойлауға, дүниені танып-білуге тырысады. 
 
 
Шам
 
 
 
 
 
 
лорлорло
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тот
 
 
 
 
 
 
лорлорло
 
 
 
 
 
 
Ани
 
 
 
 
 
 
лорлорло
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тәң
 
 
 
 
 
лорлорло
 
 
 
 
 
 
 
Исл
 
 
 
 
 
 
лорлорло
 
Зар
 
 
 
 
 
лорлорло
 
 

 
25 
 
Ежелгі  Шығыс философиясы 
 
1. Ежелгі  Қытай  философиясы: 
а) Даосизм – натурфилософиялық ағымы ретінде; ондағы гносеологиялық 
(дүниетанымдық)  мәселелер,  даосизмнің  моральдық,  әлеуметтік-саяси 
көзқарастары. 
б) Кон-фу-цзы ілімі 

  моральдық философия ретінде; 
моральдық мәселелер, әлеуметтік көзқарастар, таным мәселелері. 
с) Фа-Цзя мектебі –  әлеуметтік-саяси философия ретінде. 
2.  Ежелгі    Үнді    философиясы:  джайнизм,  буддизм.  Үнді  философиясындағы 
материалистік көзқарастар. 
     Философия    тарихын    оқу  –  ежелгі    Шығыс    философиясынан      басталады. 
Өйткені,  тарихи  алғашқы  өркениеттер  Шығыс  елдерінде  дүниеге  келген 
болатын.  Олардың  ерекшеліктері  –  алғашынан    қауымдастықтың    негізінде  
өмір    сүру    болатын.  Мысалы,    Қытай    елінде    мыңдаған    жылдар    бойы  
халықтың    басын   қосып   алып  каналдарды    қазып   суармалы    егінге    жағдай  
туғызу – негізгі  іске  айналды.  Егер Батыс елдерінде ежелден жеке адамның 
іскерлігі бағаланса (жұмсақ табиғат, судың молдығы), Шығыста – қауымдасып 
өмір сүру ғана мүмкін болды. 
                                    
Даосизм ағымы 
 
Даосизм  бағытының  негізін  қалаушы   

  Лао-Цзы 

VI-Vғ.б.ғ.д.


“Даодецзин”  деген  кітапта  бұл  кісінің  айтқан  ойларын  оның  оқушылары  мен 
ізбасарлары IV-IIIғ.ғ. жинақтаған. 
 
Даосизмнің онтологиялық 

болмыс

 мәселелері 
 
Лао-Цзы  философиясының  негізгі  ұғымы  –  Дао 

  Қытай  тіліндегі  көп 
сөздер сияқты өзінің бойына әр-түрлі мағына сіңірген ұғым. 
Дао 

  бір  жағынан  дүниенің  қайнар  көзі,  алғашқы  негіз  ретінде 
түсіндірілсе, екінші жағынан ол  

 аспан заңдылықтары, бүкіл дүниедегі заттар 
мен құбылыстар оған бағынышты. 
Дүниенің  негізінде  жатқан  Даоны  біз  мәңгілікті,  өзгермейді,  бітімсіз, 
танылмайды  дейміз.  Оған  қаншалықты  мұқият  қарағанмен  ол  көрінбейді,  зер 
қойып  тыңдасақ 

  естілмейді,  оған  ат  қояйық  десек,  қалай  атарымызды 
білмейміз   

  оның  аты  жоқ.  Ол  –  ешнәрсе,  бейболмыс.  Дао 

  бүкіл  өмірге 
келетіннің терең қақпасы. 
Адам жерге бағынады, жер 

 аспанға, аспан 

 Даоға, Дао 

 өз-өзіне ғана 
бағынады. 
Дао 

 мәңгілік және аты жоқты. Солай бола тұра оны ешбір бұл дүниедегі 
нәрсе өзіне бағындыра алмайды. 
 
    

 
26 
 
 
 
Даосизмдегі гносеологиялық (дүниетанымдық) мәселелер 
 
Даоны тану жолында сезімдік, іңкәрлік бізді оған ешқашанда жеткізбейді. 
Адам  сезімдік  жолымен  тек  қана  шектелген  нақты  заттарды  ғана  тани  алады.  
Сондықтан,  адам  іңкәрліктен  арылып,  тыныштық  жағдайға  келгенде  ғана 
дүниеге тереңдей алады. 
 
Даосизмнің моральдық, әлеуметтік-саяси көзқарастары 
 
Даосизмнің  моральдық  ілімі  Кон-фу-Цзы  іліміне  қарама-қарсы.  Кон-фу-
Цзыдің адамдарың бір-біріне жақсылық жасау керектігі қағидасын сынға алып, 
олар оны “мен  – саған, сен – мағанға” теңеп, оның ешқандай моральдық мәні 
жоқ, тек қана пайда табушылыққа итереді деген ойды айтады. 
Даосизмнің этикалық идеалы – жақсылық жасауға ұмтылмау. Сондықтан 
ондай адам – ізгі адам.   Мұндай идеяға оларды итерген өмірде көп кездесетін 
жақсылықтың  жамандық  болып  оралуы  болса  керек.    Сондықтан,  даостардың 
ізгі  адамы  ешнәрсе  жасамай  жеңіске  жетеді.    “Күреспей-ақ  жеңіске  жетеді”  – 
дейді даостар. 
Даосизм ілімі адамдарға білім беруге, оларды ағартуға қарсы, ал білімді 
адамдардың өзін іс-әрекет жасауға жібермеу керек деген пікір айтады.  Өйткені 
әрекет  жасамау  барлық  заттардың  өзінің  мақсатына  лайықты  өзгеруіне,  өзіне-
өзі жеткілікті болуына әкеледі. 
Ал  енді  басқару  мәселесіне  келетін  болсақ,  онда  олардың  пікірінше  “ең 
жақсы ел басын тек оның бар екенін ғана халық біледі.  Ал халық сүйетін және 
көтеретін ел басы – екінші дәрежеде.  Содан кейін халықты қорқытып ұстайтын 
ел басы келеді.  Егер халық ел басынан жиіркенсе – онда ол ең жаманы.” 
Даосизм  ел  әділеттік  арқылы  басқарылады,  соғыс  қулық  арқылы  жүреді 
дейді.    Елді  басқару  дәрежесіне  көтерілу  ешнәрсе  жасамау  арқылы  болмақ. 
(У.Вей – заттың табиғи қалыптасуына тежеу жасамау). 
Егер  елбасы  ешнәрсеге  килікпесе,  онда  қоғам  өмірінде  тыныштық, 
барлығы да өз орнымен келе береді. Егер үкімет тыныш болса, онда халықтың 
көңілі  де  жайлы.    Бірақ  үкімет  неше-түрлі  іс-әрекетте  болса,  онда  халық 
бақытсыздыққа ұшырайды. 
Даостар  үкімет  басындағы  адамдарды  байлыққа,  қымбат  заттарға 
қызықпауға  шақырады.  Әсіресе  тәкәппарлықтың  зияндылығын  аса  көрсетеді. 
“Ең бақытсыздық 

 өз іңкәрінің шегін білмеуде, ең қауіптілік – асқан байлыққа 
жетуге ұмтылуда.” 
    
Кон-фу-цзы ілімі 

 қытайдың моральдық философиясы 
 
Кон-фу-цзы  (551-479  б.ғ.д.),    ’’  Ұлы  ұстаз  ‘  ‘ 

  қытай  халқының  ұлы 
ойшылы,  саяси  қайраткері,  тәрбиешісі,  осы  уақытқа  дейін  өзінің  ықпалын 

 
27 
 
тигізіп  келе  жатқан  философиялық  ағымның  негізін  қалаушы.  Негізігі  еңбегі 
“Лунь-уй” (әңгімелер мен пікірлер). 
Кон-фу-цзы  философиясында  қойылған  онтологиялық  (болмыс) 
мәселелерге  келер  болсақ,  ойшыл  өзінің  болмысқа,  дүниеге  деген  жалпы 
көзқарасында  сол  кездегі  қалыптасқан  ой-өрісінің  шеңберінде  болған. 
Аспандағы  дао  заңдылықтарын  мойындап,  аспанға  табынып,  тағдырға  сенген. 
Егер кімде-кім тағдырды мойындамаса, оны нағыз ерге жатқызуға болмайды, 

 
дейді ұлы ойшыл. 
 
Моральдық мәселелер 
 
Кон-фу-цзыдың  адамзат  тарихында  ұлы  ойшыл  ретінде  осы  күнге  дейін 
сақталуы – оның моральдық-этикалық көзқарастарында. Оның әлеуметтік-саяси 
көзқарастарының өзі осы моральдың тиістілік шеңберінде қаралады. 
Кон-фу-цзы  еңбектерінен  біз  “бес  тұрақтылықты”  (учан)  табамыз.  Олар 
адамгершілік, адамды сүю (жень), әділеттілік (и), әдеттілік (ли), даналық, ақыл-
оймен тоқулық (чжи), сенімділік (сань). Осы бес тұрақтылық арқылы адам дао 
жолына шыға алады. 
Ол “Өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама” деген екен. 
Біздің баса көрсеткіміз келетін “тұрақтылық” – ол ли (әдеттілік). Кон-фу-
цзыдың айтуына қарағанда халық өзінің ғасырлар тарихында қалыптасқан әдет-
ғұрыптарын  сақтап,  сыйлау  керек.  Әдет-ғұрпынан  айырылған  халық  тарап 
кетеді деген ой айтады. 
Кон-фу-цзыдың  айтуына  қарағанда,  адамдарды  екі  түрге  бөлуге  болады. 
Олар “ізгі адам” (цзюн-цзы) және “ұсақ адам” (сяо-жень). 
“Iзгі  адам”  өз  алдына  үлкен  талаптар  қояды,  ал  “ұсақ  адам”  талапты 
басқалардың алдына қояды. 
Үлкен  адамға  үлкен  істерді  тапсыруға  болады,  ұсақ  адамға  сенуге 
болмайды.  Үлкен  адам  басқа  адамдармен  тіл  тауып,  бірақ  өмірде  өз  жолын 
іздейді.  Ұсақ  адам  басқа  адамдармен  бірге  болғанымен  ұрыс  керіс  тудырады. 
Үлкен адам адамгершілік жолында өзінің өмірін қиюға дайын, ұсақ адам өзінің 
өмірін ит сияқты орда бітіреді. 
 
Әлеуметтік-саяси көзқарастар 
 
Кон-фу-цзы  өзінің  әлеуметтік  көзқарастарында  әрбір  топтың  тарихи 
қалыптасуының  өзінің  орны  болуы  керек  және  олардың  арасындағы  қарым-
қатынастары 

 әдет-ғұрыптың негізінде ретке келіп отыруы керектігін көрсетті. 
“Ел басы (әрқашанда) ел басы орнында, қызметші 

  қызметші  орнында,  әке 

 
әке орнында, ұл 

 ұлдың орнында” – дейді ұлы ойшыл. 
Егер  адамдарды  моральдық  талаптарға  сай  тәрбиелесек,  онда  олар 
өздерінің  жаман  қылықтары  мен  пиғылдарынан  ұялып,  шынайы  дұрыс  жолға 
түседі.” 
 

 
28 
 
Таным мәселелері 
 
Кон-фу-Цзыдың  айтуына  қарағанда,  өздерінің  табиғатына  қарағанда 
адамдар  бір-біріне  өте  ұқсас,  бірақ  өмірден  алған  дағды  мен  тәлім-тәрбие 
адамдарды  әртүрлі  қылады.  Тек  қана  ең  биік  даналық  пен  ең  шегіне  жеткен 
ақымақтық тұрақты. 
Кон-фу-цзы білімді әртүрлі дәрежеге бөледі. Ең биік білім – ол туа біткен 
білім.  Одан  төмен  білім 

  игерілген,  келесі 

  қиындықтарды  бастан  кешіп 
алынған  білім.  Бірақ,  оңбаған  адам  басынан  өткізген  қиындықтардың  өзінен 
сабақ алмайды деп өкінеді Кон-фу-Цзы. 
Кон-фу-Цзы  білімнің  адам  өміріне  деген  құндылығын  жете  көрсетті. 
“Барлық  көргенің  мен  естігеніңді  жүрегіңде  сақта.  Қажымай-талмай  оқудан 
тойынба, басқаларға біліміңді жеткізе біл”, 

 деген нақыл сөздерді айтады. Кон-
фу-зы  ойынша,  білім  саласында  ерекше  моральдық  тазалық  керек  “Білгеніңді 
айт.  Білмесең 

  білмеймін  де.  Тек  осындай  білімге  деген  көзқарас  даналықты 
көрсетеді”. 
Ойшылдың  айтуына  қарағанда,  оқу  білудің  өзі  де  өте  қиын  жұмыс,  ол 
адамның дербес өзіндік оймен тоқуын талап етеді. 
“Егер тек қана оқып, оқығанды ой елегінен өткізуге ұмтылмасақ, онда ол 
еш 
нәтиже 
бермейді. 
Ал 
күнбе 

 
күн 
ой 
толғау,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     
шындықты айырмайды (анықтамайды, ашпайды). Аққан су сияқты, оған Батыс 
пен Шығыс бәрібір”, 

  деген  ойына  қарсы  шығып,  Мен-Цзы  “Аққан  су  Батыс 
пен Шығысты расында да айырмайды. Бірақ ол жоғарыға аға алмайды, тек қана 
төменге ағады. Сол сияқты адамдардың бәрі де жақсылыққа ұмтылады”, 

 деп 
жауап береді. 
Оның  ізбасары  айтқан  мына  нақыл  сөзге  көңіл  аударайық.  “Мен  өмірді 
бағалаймын,  бірақ  одан  да  қымбат 

  әділеттілік.  Егер  мен  осы  екеуін  бірдей 
ұстай алмайтын жағдайда болсам онда мен әділеттілікті таңдар едім”. 
Сондықтан,  үкімет  басындағылар  қандай  болса,  халық  та  сондай. 
“Басшылар  жел  сияқты,  ал  қарапайым  халық 

  шөпке  ұқсайды.  Қайда  жел 
үрлесе,  сол  жаққа  шөп  майысады”, 

  дейді  Мен-Цзы.  II  б.ғ.д.  заманда  ресми 
мемлекет  дініне  айналып,  Кон-фу-Цзы  ілімінің  негізгі  құндылықтары  осы 
уақытқа шейін Қытай мемлекетінің идеологиясының негізінде жатыр. 
 
Фа-Цзя мектебі – көне Қытайдың әлеуметтік-саяси философиясы 
 
Көне  Қытай  философиясының  тағы  да  бір  ерекше  ағымы, 

  ол  фа-цзя 
мектебі  (“фа”-заң).  Бұл  ағым  негізінен  алғанда  Кофуциандық  ілімге  қарсы 
бағытталған, (әсіресе, оның адам, мораль мәселелеріне), 

 ілім. 
Фа-Цзя  мектебінің  негізін  қалаушы  Хань-Фэй-Цзы  (280-233  б.ғ.д.)  , 
кейбір деректерде  Шан-Ян. Ол өзінің болмыс ілімінде Даоны бүкіл дүниедегі 
барлық  нәрселердің  табиғи  заңы  ретінде  қарады.  “Әрбір  зат  пен  істің  өзінің 
заңдары  бар.  Аспанның  өз  заңдылықтығы,  ал  адамдарды  алатын  болсақ, 
олардың өздерінің орнатқан заңдары бар”. 

 
29 
 
Дао  –  жалғыз  және  бөлінбейді  деген  пікір  айтып,  Хань-Фэй-Цзы 
сондықтан  елбасы  да  тек  өзіне  ғана  сенуі  керек.  Даоның  өзіне  ұқсас  басқа 
ештеңе  болмағаннан  кейін,  оны  жалғыз  дейміз.  Сондықтан  ақылды  елбасы 
Даоның іске асқанын бағалайды. 
Әрі қарай ел басын Даоның қасиеттерімен салыстыра келе, оның қандай 
болу керектігін көрсетеді. 
“Фа-цзя”  мектебінің  ел  басқару  мәселелеріне  келетін  болсақ,  олар 
адамның  табиғатының өзімшілдігіне негіздеп оны  шешті. Мысалы,  Хань-Фэй-
Цзы,  халық  тек  қана  пайда  мен  жалақыны  жақсы  көреді  де,  жаза  мен  дарға 
асуды  жек  көреді.  Ал  оның  бәрі  ел  басының  қолында.  Сондықтан,  ел  басы 
қоғамда тәртіп орнатуы үшін бәрін заң арқылы ретке келтіруі керек. Заң қысқа, 
әрбір адамға түсінікті болуы ерек. 
Қоғамда жаза көп, құрметтеу аз болуы керек. 
Фа-цзя мектебі заң мен басқару өнерін бір-бірінен айырып қарайды. 
Осы  “фа-цзя”  мектебінің  талаптарын  үкіметтің  саяси  идеолгиясына 
айналдырып, қытай императоры Цинь-Ши-Хуан өз елінде аса қатыгез басқару 
жүйесін орнатқан болатын. 
Соңында  моральдық  тәрбиені 

  заң  жолымен,  қоғамдық  қатынастарды 
ретке келтірумен ұштастырды. 
Фа-цзя  мектебінде  ашылған  саяси  технологиялар  (technе 

  грек  сөзі, 

 
өнер)  мыңдаған  жылдар  өткеннен  кейін  тоталитарлық  диктаторлық  тәртіптер 
орнаған жерлерде кеңінен пайдаланылды. 
Әрине,    Қытай  философиясында  материалистік  ағымдар  да  болды.  
Мысалы,  “ци”  ұғымы  Демокриттің  “атом”  ұғымымен  тең,  олар  көзге 
көрінбейтін,  әртүрлі  салмақты  ұсақ  бөлшектер.  Мысалы,  Сюнь-цзы  (298-238 
б.ғ.д.)  қытайдың  “аспанға”  табынуы  әдетіне  қарсы  шығып  былай  дейді: 
“Аспанға соқыр сенімдіктің негізінде табынғанша, заттарды көбейтіп, аспанды 
неге бағындырмаймыз? Біреу сұрады: Егер рух болмаса, онда Құдайға табынып 
сұрағаннан  кейін  неге  жаңбыр  жауды?  –  Мұнда  ешқандай  таңғалатын  нәрсе 
жоқ, өйткені жаңбыр құдайға табынғанға дейін де, кейін де жауады” т.с.с. 
Дегенмен,  қытай  философиясында  идеалистік  ағымдар  басым  болып, 
негізгі  философиялық  толғаулар  адам  мәселесіне,  қоғамның  әлеуметтік-саяси 
жақтарына, басқару жүйесіне, моральдық сұрақтарға арналды. 
 
Үнді философиясы 
 
Үнді  халқының,  көрші  Қытай  елі  сияқты  4-5  мыңжылдық  өркениеттік 
тарихы  бар  ел.  Олар  негізінен  ежелгі  үнді  мәдениетінің  ескерткіші  -    ведалар  
(веда -білім ) жинағында   берілген. Ондағы  уағыздар  сол  кездегі   қоғамдық  
қатынастарды    реттеп,    өздеріне    ғана    сай    салт  –  дәстүрді    қалыптастырды.  
Олай болса,  оның өзіне тән ерекшеліктері де біршама. 
Үнді  елінің  ғажап  ерекшелігі  –  оның  әлеуметтік  ұйымдастырылуында. 
Ондағы  адамдар  үлкен  жабық  әлеуметтік  топтардан  тұрады.  Оны  –  варна,  ия 
болмаса каста дейді. 
Негізінен алғанда,  Индия қоғамында 4 каста тарихи пайда болды. Олар: 

 
30 
 
1.  Брахмандар  (ақтар)  –  айналысатын  істері  –  ой  еңбегі,  негізінен  діни 
қызметкерлер,  ел  басқарушылар.  2.  Кшатрилер  (қызылдар)  –  айналысатын 
істері  –  жауынгерлік  істер.  3.  Вайшьилер  (сарылар)  –  еңбек  ететін  адамдар, 
негізінен егін егу, мал бағу, қолөнермен айналысу т.с.с. 4. Шудралар (қаралар) 
– ең ауыр, кір жұмыстармен айналысатындар. 
Тарихи  алғы  үш  каста  б.ғ.д.  1500  жылдары  Үнді  еліне  басқа  жақтан 
келген  арий  тайпалары.  Шудралар  –  жергілікті  сол  жерде  пайда  болған 
аборигендер болып есептеледі.(ab orіgіne 

 латын сөзі, 

 басынан бастап). 
Әрбір  кастаның  өзінің  әдет-ғұрыптары  және  басқа  касталармен  қандай 
қатынаста  болу  керек  жөніндегі  ережелері  бар.  Үлкен  касталардың  өзі  іштей 
әртүрлі топтарға бөлінеді. 
Басқа  жақтан  келген  адамдар  бірде-бір  кастаның  ішіне  кіре  алмағаннан 
кейін өзінше дербес каста болып қалыптаса бастайды. 
Касталық  қоғам  қалай  пайда  болғаны,  оған  әкелген  қандай  себептердің 
болғаны  белгісіз  болса  да,  оның  негізінде  жатқан  3  принципті  көрсетуге 
болады. Олар: 
1. Әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы 
мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі. 
2. Касталық қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен төмен 
жатқан топтарға жоғарыдан қарап өзінің қадірлігін сезінуге мүмкіндік алады. 
3.  Реинкарнация,  яғни  адамның  жан-дүниесінің  келесі  өмірде  ауысып 
кету мүмкіндігі. 
Әрбір  адамның  негізгі  құндылығы  сол  өзі  туып-өскен  каста  болғаннан 
кейін, индустар қоғамның саяси өміріне, жерге, билікке онша көп мән бермеген. 
Үнді  еліне  жер  ауып  келген  басқа  халықтар  ерекше  каста  болып  өзінің  әдет-
ғұрыптарын,  тілін  сақтауға  жақсы  мүмкіндік  алып,  сол  қоғамның  ерекше 
құрамдас бөлігі болып жеңіл сіңісіп кетеді. 
Үнді  халқының  тағы  бір  орасан-зор  ерекшелігі  –  оның  өте  бай 
мифологиясында.  Жер-бетіндегі  бірде-бір  халықтың  аңыздарын  үнді 
аңыздарымен салыстыруға болмайды. 
Үнді аңыздарында 3 мыңнан артық Құдай кейіптері суреттелген! Олар да 
адамдар  сияқты  сүйінеді,  күйінеді,  туады,  кәртайады,  соғысады,  бір-біріне 
көмектеседі т.с.с. 
Ригведа  аңызнамасында    Дүниенің    бастамасы    Пуруша    десе,    ал 
Упанишада  кітабында  Дүниені  жаратқан  Брахман  дейді.  “Брахман  ең  бірінші 
Құдай,  бәрін  жаратқан,  бәрін  сақтайды.  Ол  –  дүниенің  ең  басы,  себебі, 
байланыстырушы.”  Оны  қалай  танып-білуге  болады?  Деген  сұраққа,  “нети-
нети”  (ол  емес,  ол  емес)  деген  жауап  береді.  “ол  танылмайды,  бұзылмайды, 
байланбайды, ауыспайды ...” 
Үнді  мифологиясында  адам  –  табиғаттың  өсімдіктер  мен  жануарлары 
сияқты  ажырамас  бөлігі  ретінде  қаралады.  Адам  –  дене  мен  жаннан  тұрады. 
Адам  дүниеге  келгенде  оның  бойына  жан  келіп  кіреді  және  ол  сол  адамның 
кармасын  анықтайды.  Мысалы,  егер  сәбидің  денесіне  қылмыскердің  жан-
дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмысқа баруы мүмкін. Бірақ ол өзін дұрыс 
ұстап,  әрқашанда  өзінің  рухани  тазалығын  сақтаса  мокшаға  (құтылу)  – 

 
31 
 
сансарадан  құтылу  дәрежесіне  көтеріліп,  бұрынғы  кармасынан  айырылып 
аспандағы рухқа қосылып мәңгілікке жетуі мүмкін. 
Мифологиядағы  моральдық  мәселелерге  келер  болсақ,  онда  дүниеге 
байланбау,  кемдерге  көмектесу,  ешнәрсені  зәбірлемеу,  өтірік  айтпау  сияқты 
талаптарға көп көңіл бөлінген. “Адам байлыққа қуанбауы керек: біз байлыққа 
ие бола аламыз ба, егер сені көрсек – Яма?” (Яма - өлім құдайы). 
“Менің  білетінім  –  байлықта  тұрақтылық  жоқ,  өйткені  мәңгілікке 
уақытшамен  жетуге  болмайды”,  деген  дана  сөздерді  үнді  мифологиясында 
табуға болады. 
Үнді  мифологиясының  негізгі  қағидалары  соңынан  пайда  болған 
философиялық көзқарастарға өзінің зор әсерін тигізді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет