Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы



Pdf көрінісі
бет12/21
Дата03.03.2017
өлшемі2,86 Mb.
#5981
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21

Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі 2013,2014 ж 
2. Омарова Р.С. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық 
қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері. Монография.– Ақтӛбе, 2010. 
 
 
ҚҦЗІРЕТТІЛІК – ЗАМАНАУИ БІЛІМ МЕН БІЛІК ТАЛАБЫ 
 
Бекмухамбетова Нургул Рахымовна 
40 мектеп мҧғалімі 
Ақтӛбе қаласы 
Bekmukhambetova.n@mail.ru
 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
Осы  мақалада  педагог  қҧзіреттілігі  мен  мектептегі  оқытудың  белсенді  әдістері 
қарастырылған. 
Тҥйінді  сӛздер:  оқытудың  белсенді  әдістері,  оқыту,  сабақтың  дидактикалық  мақсаты, 
проблеманы шешу, сыни ойлау. 
 
АННОТАЦИЯ 
В  статье  рассматриваются  компетентность  педагога  и  проблемы  использования  активных 
методов обучения в школе 

101 
 
Ключевые слова: активные методы обучения, обучение, дидактическая цель урока, решение 
проблемы, критическое мышление. 
 
Оқытушылардың  кәсіптік  қҧзыреттілігі  мен  педагогикалық  шеберлігінің  деңгейі, 
олардың  кәсібилігін  пәндік  тҧрғыдан,  сондай-ақ  педагогикалық  салада  арттыру  формалары 
мен  әдістері  жоғары  мектепті  модернизациялауды  орталық  проблемасы  ретінде 
қарастырылады.  Инновациялық  стратегияларды  енгізу  мекеменің  тиімділігі  мен  бәсекеге 
қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  қабілетті  қҧзыретті  педагогикалық  ресурстарға  деген 
сҧранысты арттыруға негізделген. 
Педагог білікті маман, ӛз ісінің шебері болуы керек. Яғни педагог шебер болу ҥшін: 
ӛзінің мҥмкіндіктерін жаңа формация мҧғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби 
мамандығына  қажетті  қабілеттерді  меңгеруі  тиіс,  жалпы  мәдениетті,  интеллектуалды  іс-
әрекетті, мінез-қҧлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, ӛтіп жатқан интеграциялық 
процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс [1, 48б].  
Сабақты тартымды, қызықты етіп ӛткізу - мҧғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. 
Егер, мҧғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда студенттерді ойландыруға, ізденуге, тәжірибе 
жасап,  істеген  жҧмысын  қортылындай  білуге,  сӛйлеу  мәдениетін  дамытуға,  ғылыми  тілде 
сӛйлей  білуге  назар  аударса,  келесі  бір  сабақтың  тҧрмыс,  салт-  сана  кӛрінісіне,  кәзіргі 
жеткіншек жете білмейтін ҧғым- тҥсінігін бҥгінгі ӛмір салтына жинастыра кӛңіл аударса, сол 
арқылы  танымдық  мақсат  қояды.  Сӛйте  отырып,  ҧлттық  дәстҥрді  қадірлей  білуге, 
адамгершілікке, ізгіліктілікке, ҧлттық тәлім- тәбие беруге назар аударылады. Сабақ ҥрдісінде 
студенттер ӛзіне- ӛзі баға беруге, әлсіз жақтарын сын кӛзбен қарауға ӛзінің жетістігін жете 
білуге,  ӛзбетімен  іздене  білуге  дағдылары  қалыптасады.  Студенттер  арасында 
ынтымақтастық,  сенім  ахуалы  қалыптасып,  ӛзара  силастық  орнайды.  Міне,  осыларды 
педагогикалық шеберлікті аша тҥсудің тағы бір қыры деп есептейміз. 
Әрбір  мҧғалімнің  басты  міндеті  -  оқушыларға  белгілі  бір  білімдер  жиынтығын  беру 
ғана  емес,  сонымен  қатар  оларда  оқуға  деген  қызығушылықты  дамыту,  оқи  білуге  ҥйрету. 
Жақсы  ойластырылған   оқыту  әдістерінің  кӛмегінсіз  оқу  материалының  игерілуін 
ҧйымдастыру қиын. 
Оқытудың белсенді әдістері - оқу материалын игеру ҥдерісінде оқушыларды белсенді 
ойлау  және  практикалық  әрекетке  итермелейтін  әдістер.  Белсенді  оқыту   мҧғалімнің  дайын 
білімдерді  баяндауына,  оларды  есте  сақтауы  мен  қайта  жаңғыртуына  емес,  оқушылардың 
белсенді  ойлау  және  практикалық  әрекет  ҥдерісінде  ӛз  бетінше  білімдер  мен  біліктерді 
меңгеруіне  бағытталған  әдістер  жҥйесін  пайдалануды  білдіреді  [1,  39б].  Белсенді  оқыту 
әдістерінің ерекшеліктері - олардың негізінде практикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. 
Онсыз  білімдерді  игеруде  алға  жылжушылық  болмайды.  Оқытудың  белсенді  әдістерінің 
пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық 
қызығушылықтар  мен  қабілеттердің,  шығармашылық  ойлаудың,  ӛз  бетінше  ақыл-ой 
еңбегінің  қалыптасуы  мен  дамуын  қамтамасыз  ету  т.б.  жаңа  міндеттер  қойылуымен 
байланысты. 
Мектепте қолданылатын неғҧрлым тиімді белсенді әдістерге: 
1.Дәстҥрлі  сабақтың  дәстҥрлі  емес  басталуы  –  сабаққа  эмоционалдық  бетбҧрыс 
(эпиграф,  костюмделген  кӛрініс,  видеоҥзінді,  ребус,  жҧмбақ,  анаграмма),  мақсаттарды, 
кҥтілетін нәтижелерді, кҥдіктерді айқындау. 
2.
 
Проблемалық  сҧрақтар  қою  және  шешу,  проблемалық  жағдаяттар  қҧру. Сабақта 
қолданылатын  проблемалық  жағдаяттардың  типтері:  кҥтпеген  нәрсе  жағдаяты;  
конфликт жағдаяты; белгісіздік жағдаяты; болжам жағдаяты; таңдау жағдаяты. 
3.
 
Релаксацияны және қорытынды шығаруды ҧйымдастыру. 
4.
 
Оқу  материалының  тҧсаукесері  –  ақпараттық  технологияны,  электронды  оқу 
қҧралдарын, интерактивті тақтаны және т.б. пайдалану. 
5.
 
Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану. 

102 
 
6.
 
Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардың элементтерін пайдалану: «жобалар 
әдісі», «миға шабуыл», «пікірталас», «тҥрлі кейіпкерлерден интервью алу»[1, 51б]. 
Ӛз тәжірибемде оқытудың кӛптеген әдістерін қолданып келемін. Бірақ әдісті таңдау, 
бірінші  кезекте,  сабақтың  дидактикалық  мақсатымен  анықталады.  Сабақта  тӛмендегі 
белсенді оқыту әдістерін пайдалануға болады.  
«Идеялар  кілемі»  -  проблеманы  шешу    әдістерінің    бірі.  Ол  ҥш  кезеңде  ӛтеді. 
Оқушылар 3-4 топқа бӛлінеді.  
Бірінші  кезең  - проблеманы  тҥсіну.  Оқушыларға  «мҧндай  проблема  не  себепті  орын 
алып  отыр?»  деген  сҧраққа  жауап  беру  ҧсынылады.  Әр  топқа  тҥрлі  тҥсті  қағаздар  мен 
кішкентай тҥрлі тҥсті жабысатын парақшалар таратылып  беріледі. Оқушылар проблемалық 
сҧраққа  жауап  береді,  мысалы,  Мектепте  оқу  неге  қиын?  Топ  жауапты    тҥрлі  тҥсті  қағаз 
парақтарына жазады, содан соң «Идеялар кілемі» плакатына іледі.  
Екінші  кезең  –  шешімдерді  іздеу.  Нені  ӛзгертуге  болады?  Әр  топ  ӛз  жауаптарын 
береді және оларды тҥрлі тҥсті қағаздарға жазады. 
Ҥшінші  кезең  –  әрекетті  жеке  даралау.  Орын  алған  жағдаятты  ӛзгерту  ҥшін  мен  не 
істеймін? 
Тӛртінші кезең – идеяларды бағалау. Жеке дара шешім қабылдау: проблеманы шешу 
ҥшін не істей аламын және не  істеуге тырысамын? 
«Шығармашылық  ҥй  тапсырмасы»  -  әдісі.  Қазіргі  кезде  дайын  оқу  тақырыптарына 
сәйкес,  кроссвордтар  мен  кӛптеген  кітаптар  сатып  алуға  болады.  Бірақ  балаларға  ӛз 
қатарластары  дайындаған  материалдармен  жҧмыс  жасаған  қызығырақ.  Информатика 
сабағында кҥнделікті тапсырманың орнына ҥйде ӛтілген тақырыпқа қатысты кроссворд қҧру,  
сурет салу, ӛлең шығару, презентация дайындауды ҧсынуға болады [2, 21б].  
Белсенді  әдістерді  пайдалану  оқу  мотивациясын  бекітеді  және  оқушының  жақсы 
жақтарын  дамытады.  Бҧл  әдістерді  тӛмендегі  сҧраққа  жауап  іздемейінше    қолдануға 
болмайды:  біз  оларды  не  ҥшін  пайдаланамыз  және  оның  нәтижесінде  қандай  салдарлар 
болуы  мҥмкін  (мҧғалім  ҥшін  де,  оқушы  ҥшін  де).  Барлық  әдістерді  бір  сабақта    қолдану 
міндетті емес. 
Сонымен,  шынайы  педагогикалық  ҥдерісте  оқытудың  белсенді,  дамытушы  әдістерін 
тиімді пайдаланған жӛн. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
 
Аницибор М.М.Активные формы и методы обучения.-Тула, 2002.  
2.
 
Лизинский В.М. Приемы и формы учебной деятельности. -М., 2004. 
 
 
ҚҦЗЫРЕТТІЛІК – МҦҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ МАҢЫЗДЫ САПАСЫ РЕТІНДЕ 
 
Колганатов Болатбек Жугинисович 
40 мектеп мҧғалімі 
Ақтӛбе қаласы 
Kbolatbek@mail.ru
 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
       Берілген  мақалада  мектеп    мҧғалімінің  кәсіби  сапасы  –  қҧзіреттілік  мәселелері 
қарастырылған. 
Тҥйінді  сӛздер:  кәсіби  қҧзіреттілік,  педагогикалық  шеберлік,  репродуктивтік  әдіс, 
эвристикалық әдіс, оқыту белсенді әдістері. 
 
АННОТАЦИЯ 
     В  статье  рассматриваются  проблемы  компетентности  –  профессиональное  качество 
учителя.  

103 
 
Ключевые  слова:  профессиональная  компетентность,  педагогическое  мастерство, 
репродуктивный метод, эвристический метод, активные методы обучения. 
 
Қҧзыр  ҧғымы  тҧлғаның  даму  деңгейі  немесе  білім  беру  нәтижесі  ретінде 
қаратырылады.  Ал  қҧзыреттілік  -  қҧзыр ҧғымының  туындысы.  Сондықтан  қҧзырды, 
қҧзыреттілікті білім сапасын бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі деп қарастыруымызға 
болады. Бҧл жағдайда білімдер, іскерліктер, дағдылар сырт қалмайды. Керісінше, олар жаңа 
сапалық мәнде, жаңа жағдайда бақыланады. 
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, 
кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму  ҥрдісінде екі ҧғым: қҧзыреттілік (компетенттілік) 
және  қҧзырет  (компетенция)  ҧғымдары  пайдаланып  келеді.  Яғни,  қҧзыреттілік  ҧғымына 
«Қазақ  Совет  Энциклопедиясының»  орысша  қазақша  сӛздігінде  «хабардар,  жетік, 
тереңбілетін»  деп,  ал  екіншісіне  «хабардарлық,  міндет,  қызмет  бабы»  деп  анықтама 
берілген.  Қҧзыреттілік  тҥсінігі  кӛп  аспектілі  жан-жақты  ҧғымды  білдіреді.  Ӛмірдің 
ӛзгермелі жағдайында қҧзыретті тҧрғы білім берудің практикасы мен теориясының дәстҥрлі 
мақсаты ретінде алға шығады. Қҧзыретті болу мен қҧзыретсіз болудың себептері бірдей, ол 
адамның  жек  тҧлға  ретіндегі  жай-кҥйі.  Мҧның  мағынасы  педагог  мамандар  ӛз  әрекетімен 
орындаған  жҧмысы  кәсіби  іс-әрекеттің  белгіленген  талаптарына  жауап  беретін  және 
орындай  алатын  болса,  кәсіби  қҧзыретті  болып  саналады.  Н.Г.  Милорадованың  айтуынша 
білім  беру  жҥйесінде  қҧзыреттілікті  тудыратын  тӛрт  негіз  бар  (біріншісі-кәсіби-
әдістемелікқҧзыреттілік, 
екіншісі 
–іс-әрекетнегізіндегіқҧзыреттілік, 
ҥшіншісі 

әлеуметтікқарым-қатынасқҧзыреттілігіжәнетӛртіншісі –жекетҧлғанегізіндегіқҧзыреттіліктер) 
сыншылойлауды, 
рефлексияны, 
ӛзпозициясынанықтауқабілеттілігін, 
ӛздігіненбағалайтынойдыңдамуынжәнеӛмірбойыҥйренуқабілеттілігінталапететініанық 
[1, 
27б]. 
Шығармашылықадамсанасыныңжасампаздығынжәнеіс-әрекетініңбиікбелсенділігін  
кӛрсетеді. 
Адамқабілетініңдәрежесі, 
оныңкәсіби  
іскерлік  
шеберлігі, 
жаналық  
ашуытҧлғаныңшығармашылықойлауына  қатыстыанықталады. 
Ю.К.  Бабанский  оқу-танымдық  іс-әрекетті  ынталандыру  әдістерін  топтады.  Ол  іс-
әрекет  3  бӛліктен:  ҧйымдастыру,  ынталандыру,  бақылаудан  тҧратынын  атап  кӛрсетіп, 
әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ҧйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бӛледі 
[2, 65б]. 
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген. Оқыту әдістері: а) 
ақпарат беру әдісі, ә) тҥсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс [2, 55б]. 
Шығармашыл  мҧғалім  білім  беру  барысында  оқытудың  белсенді  әдістерін  оңтайлы, 
жҥйелі пайдалана алады. Осындай әдістердің бірнешеуін ҧсынып отырмыз: 
Репродуктивтік әдіс. Бҧл әдіс арқылы мҧғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын 
қалыптастырып,  тапсырмалар  беріп,  ӛзі  меңгерткен  білімді,  ҥйреткен  іскерлік  дағдыларын 
оқушыларға  қайталатады.  Оқушылар  мҧғалімнің  есебіне  ҧқсас  есептер  шығарып,  тіл 
сабақтарында  ҥлгі  бойынша  жіктейді,  септейді,  жоспар  қҧрып,  мҧғалімнің  нҧсқауымен 
станоктармен 
жҧмыс 
істеп, 
химиядан, 
физикадан 
тәжірибе 
жасайды. 
Репродуктивтік әдіс мҧғалімнен ҧйымдастырушылық қабілетті  талап етеді. Мҧғалім сӛздік, 
кӛрнекілік,  тәжірибелік  әдістер  арқыл  ы  жаңа  оқу  материалын  тҥсіндіреді,  ал  оқушыл  ар 
оларды  тапсырмаларды  орындау  ҥшін  қолданады.  Оқушыларға  берілетін  нҧсқаулар 
жетілдіріліп,  жауаптары  бар  бағдарламаланған  оқулықтар  жасалуда.  Оларға  ауызша 
тҥсіндіру,  қалай  жҧмыс  істеуді  айтумен  қатар,  жҧмыс  істеуге  керек  сызбалар,  кинодан 
ҥзінділер  кӛрсетіледі.Білімнің  кӛлемі  кӛп  болғанда  репродуктивтік  әдіс  тҥсіндірмелі-
иллюстративтік  әдіспен  бірге  қолданылады.Оқушыларға  алгоритм  беріледі.  Алгоритм  - 
оқушыға зат не қҧбылысты толық білуге кӛмектесетін бағыт беретін іс-әрекеттердің жҥйесі. 
Оқушыларға  конспектілеудің,  салыстырудың,  есеп  шығарудың  алгоритмдері  беріледі. 
Алгоритмдер  бірнеше  операциялары  бар  дағдыларды  қалыптастыруға  пайдалы,  себебі 
кҥрделі іс-әрекеттен оның жеке операциялары бӛлінеді. Репродуктивтік әдіс бағдарламалық 

104 
 
оқытумен тығыз байланысты. Ол арқылы тәжірибелік жҧмыстар атқарылады. Оқушылар ӛз 
бетімен меңгере алмайтынын, олар ҥшін мҥлдем жаңа тақырыптарды репродуктивтік әдіспен 
беру  керек.Аталған  әдісті  шектен  тыс  қолдану  жаттандылыққа  әкеліп,  оқушының 
шығармашылығын,  ақыл-ойын  дамытпайды.  Себебі  репродуктивтік  әдісті  қолданғанда 
оқушылар ҥлгі, нҧсқау бойынша жҧмыс істейді. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" 
білімдерді  есінде  сақтап,  кейін  қатесіз  айтып  бергенмен,  оның  ақыл-ой  белсенділігі  тӛмен 
болады [1, 87б]. 
Эвристикалық  әдіс  арқылы  ақыл-ой  жҧмысы  кҥшейеді,  оқушы  білімді  ӛзінің 
танымдық  іс-әрекеті  арқылы  алады.  Бҧл  әдіс  бастауыш  мектептерге  де  таралған.  Бірақ 
сабақты  тҧрақты  тҥрде  мәселелік,  эвристикалық,  зерттеу  әдістерімен  ӛткізу  мҥмкін  бола 
бермейді. 
Оқушының  кітаппен  жҧмысы  оқу  әрекетінің  тәсілі  болып  табылады.  Егерде  оқушы 
мәтінді талдаса, тҥсінгенін ӛз сӛзімен айтса, онда кітаппен жҧмыс оқу әдісі болып табылады. 
Егер  монологтық  баяндау  әдісі  қолданылса,  онда  мҧғалім  әңгімелейді,  ғылымның  дайын 
қорытындыларын,  ережелерін,  фактілерін  хабарлап  оқиғаларды  суреттейді,  іс-әрекеттің 
ҥлгілерін кӛрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда 
мәселелік  деңгей  (оқушылардың  белсенділігі)  едәуір  кӛтеріледі,  эвристикалық  әңгімелерге 
танымдық  (логикалық)  есептер  және  проблемалық  тапсырмалар  қосылады.  Оқушылар 
мҧғалімнің кӛмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар ӛз бетімен жҧмыс істейді. 
Зерттеу  әдісін  қолданғанда  мҧғалім  оқушыларға  тәжірибелік  сипаттағы  тапсырмалар 
(тәжірибе  жҥргізу,  қосымша  ақпарат,  фактілерді  жинап  оларды  ӛз  бетімен  талдау  және 
қортындылау,  ӛз  ойын  дәлелдеуге  керекті  материалдарды  жинау,  т.б)  береді.  Оқушылар 
оларды  ӛз  бетімен  орындайды,  бірақ  бҧдан  мҧғалімнің  басшылығы  керек  емес  деген  сӛз 
тумайды. 
Тҥсіндіру  –  оқыту  әдісі  ретінде  әр  жастағы  балалар  тобымен  жҧмыста  кең 
қолданылады.  Бірақ  орта  және  жоғары  сатыларда  оқу  материалының  кҥрделеніп, 
оқушылардың  ақыл-ой  жҧмысының  мҥмкіндіктері  ӛскенде  бҧл  әдіс  кіші  жастағы 
оқушылармен жҧмысқа қарағанда кӛбірек қолданылады [1, 81б]. 
Оқу  пікірталастары  оқытудың  сӛздік  әдістерінің  ішінде  елеулі  орын  алады.  Оның 
оқыту  процесіндегі  ең  басты  қызметі  -  танымдық  қызығушылықты  ынталандыру, 
оқушыларды  қандай  да  мәселе  бойынша  тҥрлі  ғылыми  кӛзқарастарды  белсенді  тҥрде 
талдауға қатыстыру, басқа жеке тҧлғанық  және ӛзінің кӛзқарастарының негіздерін тҥсінуге 
жағдай  жасау.  Пікір-сайыс  ӛткізу  ҥшін  оқушылардың  дайындығы,  талданатын  мәселе 
бойынша  кем  дегенде  екі  ңарама-қарсы  кӛзқарас  болу  керек.  Білімсіз  ӛткен  пікірсайыс 
жҥйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз ӛтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың ӛз ойларын 
анық және дәл тҧжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді қҧрастыра білуін талап 
етіп,  оларды  ойлауға,  ӛз  пікірінің  дҧрыстығын  дәлелдеуге,  ой  жарыстыруға  ҥйретеді. 
Мҧғалім сӛз мәнерінің ҥлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті тҥрде 
тҥзетулер  енгізіп,  ӛз  пікірінің  ақиқаттығына  таласпай,  соңғы  сӛзді  айтуға  қҧқығы  бар 
екендігін оқушылардың естеріне салуы қажет. 
Кӛрнекілік  әдісі  оқытудың  сӛздік  және  тәжірибелік  әдістерімен  ӛзара  байланыста 
қолданылады  және  қҧбылыстармен,  объектілермен  оқушыларды  таныстырранда  олардың 
сезім  мҥшелеріне  әсер  етіп,  алуан  тҥрлі  сурет,  кӛшірме,  сызба  арқылы  қҧбылыс,  процесс, 
объектілердің  символдық  бейнелерін  немесе  оларды  табиғи  кҥйінде  қабылдайды.  Қазіргі 
мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық қҧралдар кең қолданылады. Кӛрнекілік 
әдістерін шартты тҥрде екі ҥлкен топқа бӛлуге болады: иллюстрация және демонстрация. 
Иллюстрация  әдісі  арқылы  оқушыларға  иллюстрациялық  қҧралдар  –  атап  айтсақ: 
плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, ҥлгілер кӛрсетіледі. 
Демонстрация  әдісі  арқылы  заттар  мен  қҧбылыстар  тәжірибе  жасау  арқылы  немесе 
техникалық 
қҧралдардан, 
кино-фильмдерден, 
диафильмдерден 
кӛрсетіледі. 
Оқу  процесіне  жаңа  техникалық  қҧралдарды  енгізу  (теледидар,  видеомагнитофондар) 
оқытудың  кӛрнекілік  әдісінің  мҥмкіндіктерін  кеңейтеді.  Қазіргі  уақытта  кӛрнекі  қҧралдың 

105 
 
жаңа  тҥрі  –  жеке  тҧлғалар  қолданатын  компьютерлерге  ерекше  кӛңіл  бӛлініп,  мектептерде 
электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін қҧру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі 
бір  жағдаяттарды  және  процестерді  ҥлгілеуге  мҥмкіндік  беретін  компьютерлерді  енгізу 
міндеті  де қолға алынуда. Олар оқушыларға бҧрын оқулық  мәтінінен меңгерілген кӛптеген 
процестерді  қозғалыста,  кӛрнекі  тҥрде  кӛруге  мҥмкіндік  береді.  Компьютерлер,  кӛрнекілік 
әдістерінің оқыту процесіндегі мҥмкіндіктерін елеулі тҥрде кеңейтеді [2, 33б]. 
Мәселелік әдісті қолданғанда оқушылар орындайтын іс-әрекеттен шығармашылық іс-
әрекетке  кӛшеді.  Бастауыш  мектептің  оқушылары  мәселелік  міндеттерді  ӛз  бетімен  шеше 
алмайды, сондықтан мҧғалім оларға мәселені шешу жолдарын кӛрсетеді, мәселені толықтай 
ӛзі  шешеді.  Оқушылар  мәселені  шешпесе  де,  танымдық  қиындықтарды  шешу  жолдарын 
кӛреді. Мәселелік әдістің орта және жоғары сыныптарда пайдасы кӛп. "Токты кҥшейту және 
әлсірету  ҥшін,  температураны  кӛтеру  және  тҥсіру  ҥшін  не  істеу  керек?"  -  деген  сҧрақтар 
мәселелік сҧрақтар. 
     Сонымен,  шынайы  педагогикалық  ҥдерісте  оқытудың  белсенді,  дамытушы  әдістерін 
тиімді пайдаланған жӛн. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Педагогика.  Учебное  пособие  для  студентов  педагогических  вузов  и  педагогических 
колледжей  /  Под.  Ред.  П.И.  Пидкасистого.  -  М:  Педаг.  Общество,  1998.  -  640  с. 
2. Г.Қ.Нҧрғалиева. Педагогикалық логикалық-қҧрылымдық курсы, - Алматы, 1996. 
 
 
ПЕДАГОГ - ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ӚЗІН- ӚЗІ ДАМЫТУШЫ ТҦЛҒА 
 
Черниязова Назира Айсултановна 
40 мектеп мҧғалімі 
Ақтӛбе қаласы 
Nazira15@mail.ru 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
       Осы мақалада оқытудың интербелсенді әдістерін қолдану арқылы педагог шеберлігі мен 
шығармашылық мәселелері қарастырылған. 
Тҥйінді  сӛздер:  интербелсенді  әдістер,  педагог  шеберлігі,  педагог  шығармашылығы,  білім 
беру жҥйесі, оқыту әдістері. 
 
АННОТАЦИЯ 
     В  статье  рассматриваются  мастерство  и  творчество  педагогов  в  использовании 
интерактивных методов обучения.  
Ключевые  слова:  интерактивные  методы,  педагогическое  мастерство,  педагогическое 
творчество, система образования, методы обучения.  
 
Білім  беру  нәтижесін  кӛрсету  деңгейінің  бірі  –  функционалдық  сауаттылық,  ол 
тҧлғаның  білім,  білік  және  дағдылар  негізінде  әлеуметтік  қатынастар  жҥйесінде  қалыпты 
қызметету,  нақты  мәдени  ортаға  барынша  жылдам  бейімделу  қабілеті  ретінде  анықталады. 
Педагог  –  рухани  бай  тҧлға  Оның  рухани  байлығы  балаға  деген  махаббатынан,  жоғары 
адамгершілік  және  ҧят  сезімінен  кӛрінеді.  Ол  ӛзінің  оқушылары  және  әріптестерінің 
пікірімен  санасады.  Тҧлғаның  рухани  байлығы  ӛмірдің  мәнін  және  ӛмір  сҥру  мақсатын, 
ӛзінің  кәсіби  шеберлігін  айқындауына  ҧмтылуында  болып  табылады.  Педагог  адамдардың 
қарым  -  қатынасына,  әлем  сҧлулығына  ерекше  мән  береді.  Онда  эмпатия  мен  рефлексия 
жоғары  дамыған.  Ол  жаңа  ӛсіп  келе  жатқан  баланың  рухани  әлемінің  байлығын  тҥсінуге 
тырысады,  сондықтан  да  ӛзінің  планетарлық,  тіпті  космостық  ойлау  ҥрдісін  дамытады  [1, 
28б]. 

106 
 
Педагог  –  шығармашыл  тҧлға.  Ол  бірсарындылықты  ҧнатпайды,  сондықтан  ҥздіксіз 
ізденіс ҥстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жҥзеге асыру – оның қалыпты кәсіби ҥлгісі. 
Педагог  –  бәсекелестікті  тҧлға.  Жоғары  кәсіби  шеберлікті  меңгеру  ҥшін  рынок 
жағдайында ӛзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сҥйене отырып, 
әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек. Озық педагогикалық тәжірибелерді оқып, танып ӛз 
ой  елегінен  ӛткізе  отырып,  шығармашылықпен  қолдана  білу  керек.  Кәсіби  мәні  бар 
басылымдарды  қадағалап,  ҥздіксіз  білім  жетілдіру  курстарынан  ӛтіп  отырған  жӛн. 
Бәсекелестікті  тҧлға  болу  ҥшін  тек  ӛз  елімізде  емес,  білім  кеңістігінде  болып  жатқан 
жаңалықтардан хабардар болады, жоғары еңбек нәтижесіне жетуге ҧмтылады. 
Педагогтәрбиеші.  Педагогқандайбірбағыттықаламасын,  қандайміндеттердішешпесін, 
негізгіқызметі  –  тәрбиешілік.  Тәрбиеҥрдісітәрбиеленушілердіңалуантҥрлііс  -  әрекеттерін 
(ойын, оқу, еңбек, жеке, ҧжымдық) педагогикалықбасқарунегізіндежҥзегеасады [1, 36б]. 
Білім  беру  мекемелерінің  қазіргі  жаңа  қҧрылымы  мен  оқытудың  жаңа  мазмҧны 
мҧғалімдер  қауымына  жаңаша  іскерлік  пен  жаңа  технологияны  ӛндіру  міндеттерін  шешуді 
талап  етуде.  Жаңа  буын  оқулықтары  ҧстаздардан  шығармашылық  пәнге  ізденушілік, 
жаңашылықты талап етеді. Оқушыларға білім жҥйесін терең әрі тиянақты беру ҥшін оқыту 
әдісін жетілдіру, әр ҧстаздың негізгі міндеті.  
Ойын-балалар  ҥшін  кҥрделі  әрекет.  Балалар  білімді  ойын  арқылы  да  ала  алады. 
Сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой-ӛрісін кеңейте алады. Ал ойынның ӛз мақсаты, 
жоспары тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Баланың жас ерекшелігіне, 
зейініне  сай  ҧйымдастырылған  ойындар  баланың  ақылын,  дҥние  танымын  кеңейтеді,  мінез 
қҧлқын,  ерік-жігерін  қалыптастырады  және  де  сабаққа  деген  қызығушылығын  арттырады. 
Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан 
алуан.  Сондықтан  қандай  да  бір  пән  болмасын  сол  пәнге  оқушының  қызығушылығын, 
белсенділігін  қалыптастыруды  тудыру  жолдары,  шарттары  мен  қолданылатын  жҧмыс 
тҥрлерін жинақтап кӛрсетуге болады [2, 23б].  
Мемлекеттік  Білім  стандарттарының  мақсаттары  мен  міндеттерін  басшылыққа  ала 
отырып  мен  профессор  Ж.Қараевтың  «Деңгейлеп  оқыту  технологиясына»  негіздеп, 
деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  оқушы  білімін  жетілдіремін.  Оқыту  барысында  алдыма 
қойған мақсатым-туған тілімнің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең ӛмірден орын 
таба алатын ӛзіне сенімді, нағыз ҧлтжанды, парасатты ҧрпақ тәрбиелеу. Осы алдыма қойған 
мақсатымды  жҥзеге  асыру  жолында  сан  тҥрлі  тиімді  әдіс-тәсілдерді  қолдану  арқылы 
сабақтың сапасын арттыруға кӛңіл бӛлемін.  
Жаңа технология бойынша, әдістемелік жҥйенің басты бӛлшектерінің бірі-деңгейлеп 
оқыту.  Ӛз  тәжірбием  арқылы  сыныптағы  оқушылардың  білім  дәрежесіне  қарай  топтап 
оқытудың  нәтижелі  болатындығына,  балалардың  сабаққа  деген  ынтасы,  белсенділігі  арта 
тҥсетініне анық кӛзім жетіп келеді. Ол ҥшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай 
3  топқа  бӛлдім.  Яғни,  білімі  толық,  5-ке  оқитындар-бірінші  деңгей,  4-ке  оқитындар-екінші 
деңгей,  3-ке  оқитындар-ҥшінші  деңгей  болды.  Оқушыларға  білімдерінің  қалай 
бағаланатынын  тҥсіндіремін.  «5-тік»  бағаны  алатын  оқушылар  -  ӛз  бетінше  ізденіп, 
оқулықпен  қатар  қосымша  әдебиеттер  мен  жҧмыс  істеуі  керек,  ал  тӛрттіктер  газет-журнал 
материалдарымен ӛз білімін ҧштастыра отырып, оқулықпен сабақтастыруы шарт. Ал оқулық 
материалын  толық  меңгеріп,  ойын  толық  жеткізуге  қабілеті  келмесе,  қосымша  материалды 
ҧштастыра алмаса, онда ол оқушы «ҥштіктер» тобына кіреді.  
Балалардың ойлау  қабілетін дамытуда алты ойшыл қалпақ әдісін кең пайдаланамын. 
Балалардың  ӛзі  ойлау  қабілеттерінің  ерекшеліктерін  жақсырақ  тҥсінуін,  ойлау  бейнелерін 
бақылаудың және мәселенің шешу кезінде ойлау ҥрдісін тиімді пайдалану мақсатында ойда 
қойылған  міндеттермен  нақтырақ  байланыстыруға  ҥйрету.  Алты  ойлау  қалпақтарын 
қарапайым  және  практикалық  әдіс.  Ол  практикалық  ойлаумен  байланысты.  Негізгі  ҥш 
қиындықты жеңуге мҥмкіндік береді: 
1.
 
Эмоциалар; 
2.
 
Шарасыздық; 

107 
 
3.
 
Тҥсінбестік [3, 15б].  
Әдіс ойлауды алты типке немесе тәртіпке бӛлуге жол береді, олардың әрбіреулеріне 
тҥрлі тҥсті қалпақ сәйкес келеді. Бӛлу арқылы әрбір тәртіп тиімдірек пайдаланады, жалпы 
ойлау ҥрдісі бір нҥктеге топталып, тҧрақты болады.  
Алты  қалпақтар  әдісі  –  ойлау  кезінде  белгілі  бір  принципті  пайдалану:  кенеттен 
ойлаудың  тҥрлі  аспектілеріне  бӛлек-бӛлек  назар  аударуды  ҥйрену  талпынысы. 
Нәтижесінде  осы  әр  тҥрлі  аспектілердің  ҥйлесімділігі  толық  кӛлемде  ойлатады.  Алты 
ойлау  қалпақтары  бағалау  және  талдамалық  ойлауды  толықтыра  тҥсетін  шығармашылық 
және қҧрылымдық ойлау ҥшін арналады. 
Қалпақтарды пайдалану ережелері 
1. Ойлау қалпағын киіп, біз сол қалпақ білдіретін рӛлді иеленеміз. 
2. Нақты тҥсті қалпақты шешіп, біз сол ойлау типінен бас тартамыз.  
3.  Қалпақты  басқа  қалпақпен  ауыстыру  кезінде  ойлау  әдісі  ауысады.  Бҧл  әдіс 
адамды  ренжітпей,  ойлау  барысын  ауыстырады.  Біз  айтылған  ойларға  қарсылық 
білдірмейміз, оларды ауыстыруды сҧраймыз. 
4. Ӛзіндік пікірді білдіру ҥшін тек қалпақты атауға болады, солайша қай ойлау әдісі 
пайдаланатындығы кӛрсетіледі. Мысалы, қара қалпақты киетіндігіңізді тек айтсаңыз ғана, сіз 
оны ҧсынған адамға қарсылық білдірмей, идеяны талқылай аласыз. 
Ақ қалпақ 
Ақ  тҥс  таза  қағаз  беті  сияқты  алалықсыз  және  объективті.  Фактілер,  ақпарат, 
сҧрақтарнегіз болады. Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа 
шығаратын  қандай  фактілер  бар?  Қандай  ақпарат  қажет?  Жетіспейтін  ақпаратты  қалай 
аламыз? Қандай сҧрақтар қойып, жауап алуымыз керек? 
Қызыл қалпақ 
Қызыл  тҥс  ашуды,  шиеленісті  білдіреді.  Қызыл  қалпақта  адамды  эмоциялар,  сезу, 
сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды? Сары қалпақ 
Сары  тҥс  –  кҥн  кӛзінің,  тіршілік  тҥсі.  Сары  қалпақтағы  адам  оптимизмге  толы,  ол 
артықшылықтарды  іздестіреді.  Не  себептен  осыны  істеу  керек?  Артықшылықтары  қандай? 
Бҧл кім ҥшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар 
ма? Қандай жағдайларда бҧл пайдалы болады?   
Қара қалпақ 
Қара  тҥс  –  қараңғылық,  қаһарлық,  бір  сӛзбен  айтқанда  –  суық.  Қара  қалпақта  адам 
қауіптілік  танытады.  Бҧл  кӛмектеседі  ме?  Қандай  қателер  бар?  Кемшіліктері  қандай?  Бҧл 
идея жҥзеге аса алады ма?  
Жасыл қалпақ 
Жасыл  қалпақ  –  ӛсімдіктердің,  молшылықтың,  табыстылықтың  тҥсі.  Жаңа  идеялар 
туындап,  шығармашылық  бастауын  алады.  Осы  жағдайда  не  істей  аламыз?  Баламалы 
идеялар бар ма? – деген сҧрақтар туындайды 
Кӛк қалпақ 
Кӛк  қалпақ  –  аспан  тҥсі.  Ол  ҧйымдастыру  және  басқарумен  байланысты.  Неге  қол 
жеткіздік? Болашақта не істеу керек? 
Қорыта  айтқанда,  мҧғалімнің  рухани  интелектуалдық,  шығармашылық  деңгейі 
жоғары болса, ол мҧғалім оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына жол таба біледі.  
Білімді ҧрпақ-ел болашағы. Оқушы кҥш-қуатты да, ҧстаздан алады. Олай болса атамекеніне, 
туған  жеріне,  туған  тіліне  деген  зор  сҥйіспеншілікке  толы  салтымызды  жандандырып,  оны 
келешек  ҧрпақтың  санасына,  білім  деңгейіне  мейлінше  терең  сіңіруіміз  керек.  Осы 
қасиеттерді  сіңіре  отырып,  ҧлтжанды,  білімді,  тәрбиелі  жеке  тҧлғаны  қалыптастыру  басты 
міндетіміз болып табылады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет