7. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау реті
93. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау реті Жоғары оқуорындарындағы білім
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің
типтік ережелерімен (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы №125 бұйрығымен бекітілген) анықталады.
94. Дипломдық жұмыс (жоба) Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының ашық
отырысында, кем дегенде комиссия мүшелерінің жартысының қатысуымен қорғалады.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғалуы көпшілік түрде, студенттер мен кафедра
оқытушыларының қатысуымен өтеді. Сонымен қатар, қорғауға ғылыми жетекші, дипломдық
зерттеу жүргізілген ұйымның өкілдері және тағы да басқа қызығушылық танытқан тұлғалар
шақырылуы мүмкін.
95. Бір студент үшін дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғалуы 30 минуттан аспау
керек.
96. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау үшін студент мемлекеттік аттестациялау
комиссиясының алдында 15 минуттан аспайтын уақытты баяндама жасайды.
97. Дипломдық жұмысты (жобаны) сұрақ қою немесе пікір айту түрінде өткізілетін
талқылауға отырғандардың барлығы қатысуына болады.
98. Талқылаудан соң комиссия хатшысы пікірлерді оқиды. Отырысқа қатысқан
жағдайда ғылыми жетекші өзі сөз сөйлеуіне болады. Пікірлердегі ескертулерге студент
негізделген жауап беру керек.
99. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері бойынша балл-рейтинг әріптік
жүйеге сәйкес баға қойылады. Бағалау кезінде теориялық, ғылыми және практикалық
дайындық деңгейі, ғылыми жетекшінің пікірі мен пікір берушінің бағасы есепке алынады.
100. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау нәтижелері әр студент бойынша
мемлекеттік аттестациялау комиссия отырысының хаттамасымен рәсімделіп, қорғау болған
күні жарияланады.