39
өтпейді. Ымыраға келу, ортақ тіл табу деген ұғым жастардың санасына жат болып барады.
Имам ән-Нәуәуи былай дейді:
جﻮﻋ ﻠﻋ ﺮﺒﺼﻟاو ﻦﻬﻴﻟإ نﺎﺴﺣﻹاو ءﺎﺴﻨﻟﺎﺑ ﻖﻓﺮﻟا ﻠﻋ ﺚﺤﻟا ﻪﻴﻓ : يوﻮﻨﻟا لﺎﻗ
ﻓ ﻊﻤﻄﻣ ﻻ ﻪﻧأو ، ﺐﺒﺳ ﻼﺑ ﻦﻬﻗﻼﻃ ﺔﻫاﺮﻛو ﻦﻬﻟﻮﻘﻋ ﻒﻌﺿ لﺎﻤﺘﺣاو ﻦﻬﻗﻼﺧأ
ﻦﻬﺘﻣﺎﻘﺘﺳا
«Бұл хадисте әйелдерге жұмсақ болу, жақсы қарау және олардың
жаман мінезіне сабырлық
танытуға үндеу бар. Өйткені, олардың ақылдары әлсіз (таяз) болар, ал, олармен ешбір себепсіз
ажырасу – мәкрух және олардың түзелуіне үміт жоқ».
Әлбетте, мәмілеге келу және шыдамды болу қағидасы дінге қатысы жоқ және күнәға
итермелемейтін мәселелерге байланысты айтылған.
Сондықтан, молда Әли әл-Қари былай деген:
ﻦﻬﺗﺮﺷﺎﻌﻣ ﻓ ﻢﺛإ ﻻ ﺎﻤﻴﻓ ﻦﻬﺟﺎﺟﻮﻋا ﻠﻋ ﺮﺒﺼﻟاو
«Олардың жаман мінезі күнәға әкелмейінше, оған сабырмен қарау».
Демек, әйелдің хиджаб кигісі келмеуі немесе «зайырлы өмір» сүруді
қалауы сияқты
жағдайлардың бұған қатысы жоқ. Өкінішке орай, бүгінде өздері намаз оқып, мешітке барса да,
әйелдері діннен мүлде алыс мұсылмандарды көптеп кездестіруге болады. Мұндай жағдайда
ешқандай «сабырлық» сені ақтап ала алмайды.
© Авторские права на статьи и осуществленные переводы статей из
других источников
принадлежат сайту Azan.kz.
Убедительная
просьба к лицам, производящим копирование и распространение в социальных
сетях и иных сайтах любых материалов ресурса Azan.kz, в обязательном порядке указывать
активную ссылку на источник.