Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Педагогикалық ұжым білім беру сапасын басқарудың объектісі



Pdf көрінісі
бет49/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79
2. Педагогикалық ұжым білім беру сапасын басқарудың объектісі 
ретінде. Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде қазіргі 
педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л.Н.Толстой, 
К.Д.Ушинский, Н.И.Пирогов еңбектеріндегі оқыту мен тәрбиенің өзара 
байланысы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, 
педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеялардың ықпалымен 
қалыптасты.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі 
ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы 
ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, 
топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты, әрі ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты 
қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән. Кез-келген ұжым сияқты мектептің 
педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады.
Педагогикалық 
ұжымның 
басты 
ерекшелігі кәсіптік 
қызметіне байланысты, яғни оның жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу. 
Педагогикалық ұжымның кәсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің 
педагогикалық мәдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, 
ұжымдық және дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, 
ынтымақтастық 
деңгейімен 
анықталады. 
Өзінің 
мәні 
жағынан 
педагогикалық, тәрбиелік болып табылатын оқу орындарының ұжымы 
оқушыларға үлкендердің ұжымы, олардың өзара қатынасы, бірлесе әрекет 
етуі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады. Бұл жағдай 
педагогикалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға, үнемі өздігінен жетілуге 
ынталандырады. Мұғалімдер ұжымының педагогикалық қызметі оқушылар 
ұжымымен өзара тығыз әрекеттестікте дамиды.


101 
Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар ұжымының 
тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде, қаншалықты іске асырылуына тікелей 
тәуелді болып келеді. Басқару ілімінің категориясы ретінде педагогикалық 
ұжым – басқарушы, ал оқушылар ұжымы – басқарылушы болады.
Педагогикалық 
ұжымның 
тағы 
бір 
ерекшелігінің 
бірі 
ретінде мұғалімдік кәсіп қызметінің көп қырлылығын атау керек. Басқаша 
айтқанда, қазіргі мұғалім – бір уақытта пән мұғалімі, үйірме жетекшісі
сынып жетекшісі, тәрбиеші, қоғамдық қызметкер сияқты функцияларын 
орындайды. Мұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымға тән.
Педагогикалық ұжым кәсіби міндеттерді шеше отырып, мектептен тыс 
мәселелерді шешуге қатысады, мысалы ата-аналардың және тұтас қоғамның 
педагогикалық мәдениетін қалыптастырады. Көптеген мұғалімдердің 
педагогикалық әрекетіне зерттеушілік қызметі тән. Қазіргі мұғалім-зерттеуші 
– нормативті қызмет жасымен шектелмейтін, педагогикалық жаңалықтың 
жетістігі мен кемшілігін тез аңғартатын, жаңа технологиялар мен 
құндылықтарға баға беріп, игеріп және практикада қолдануға қабілетті 
педагог.
Педагогикалық ұжымның тағы бір ерекшелігі оның жоғары 
деңгейде өзін-өзі басқара алуында. Педагогикалық ұжымның өмірлік және 
әрекеттік бойынша негізгі сұрақтары басқарудың әр түрлі деңгейінде 
талқыланады. Ұжымдағы мектеп кеңесі, әдістемелік комиссиялар, қоғамдық 
ұйымдар да қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік алуы ұжымда 
дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып, дербестік пен белсенділікті дамытады.
Педагогикалық ұжымның келесі бір ерекшелігі қызметінің ұжымдық 
сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер жекелеген 
мұғалімдердің іс-әрекетін өзге мұғалімдер іс-әрекетімен сәйкестендірмесе, 
оқушылардың білімін бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай 
талап болмаса, онда ол табысқа жеткізбейді.
Педагогикалық 
ұжымға 
тән 
өзіндік 
ерекшеліктерге 
оның 
құрамында әйелдердің басым болуы жатады. Себебі, әйел адамдар 
жаратылысынан тәрбие ісіне бейім, педагогикалық ықпал жасаудың әдістері 
мен тәсілдерін таңдауда барынша икемді болып келеді. 
Педагогикалық ұжым айрықша типтегі еңбек ұжымы, оның тәрбиелік 
мүмкіндігі зор. Педагогикалық ұжым мүшелеріне тән белгілер: мотивтердің, 
мақсаттардың, құндылықтардың, әлеуметтік қондырғылардың ортақтығы; 
субъектілердің бүкіл ұжыммен сәйкестендірілуі, онымен тұтас бірлікте 
қарастырылуы; мұғалімдер ұжымының талаптарды саналы түрде ұғынуы; 
т.б. Педагогикалық ұжымдағы бұл қасиеттердің заманауи көзқарас 
тұрғысынан жоғары дәрежеде дамуы оны ұжым ретінде қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет