130
Американдық психолог Р.Стогдилл (1948ж.) әртүрлі тәсілдерге талдау
жасап, лидерлікті топтық үрдістің мәні немесе билік тұрғысынан рөлдерді
саралауда қолдау табу біліктілігі ретінде қарастырылатынын анықтады.
1950 жылы лидер сапалары теориясын лидерлік топтың қызметі
ретіндегі теория (Р.Крачфилд, Д.Креч, Г.Хоманс),
сонымен қатар лидерлік
жағдаяттық қызмет ретіндегі теория (Р.Бейлс, Т.Ньюком, А.Харе)
алмастырды. Топтың қызметі ретіндегі лидерлік теориясы лидерлік
феноменін топтың барлық мүшесі - бұл үрдіске қатысушылар ішкі-топтық
дамуының нәтижесі деп түсіндіреді.
Лидерліктің пайда болуының үш негізгі
теориялық бағыттары
қалыптасқан:
Харизматикалық теория лидерлердің туа біткен қасиеттеріне назар
аударумен ерекшеленеді. Бұл теория бойынша лидер қажетті,
нақты жеке
тұлғалық сапалар мен психологиялық мінез-құлықтардың жиынтығына ие
болған адам ғана көшбасшы бола алады.
Лидердің жағдаяттық теориясы лидерліктің негізінен жағдайлардың
жемісі екендігін сипаттайды. Топта әр түрлі жағдайлардың шешілу
барысында қандайда бір сапасы бойынша ерекшеленетін адам пайда
болды, бұл сапалардың сол жағдайға қажеттілігіне байланысты
ерекшеленген адамды топ көшбасшы жасайды, яғни бұл теорияда лидердің
сапасы салыстырмалы түрде қарастырылады.
Лидердің жүйелілік теориясы лидерлік
топтағы тұлғааралық
қалыптасудың ұйымдастырылу үрдісі, ал лидер – бұл үрдісті басқару
субъектісі. Мұнда лидерлік топтың функциясы ретінде қаралса (яғни, өзара
іс-әрекеттің мақсат - міндеттеріне ерекше назар аударылады), сонымен қатар
лидер тұлғасының құрлымын даралап көрсетеді (өзара әрекетті ұйымдастыру
үшін адамдарға әсер ету қабілеттілігі қалыптасады).
Лидер ( ағыл. «leader» – жетекші, басшы) саяси партияның немесе
қоғамдық ұйымның және т.б. басшысы, жетекшісі; қандай да бір топта ықпал
етуімен үлкен беделге ие тұлға; көш бастаушы; нақты формалды және
формальды емес ұйымдағы бір адамның басқа адамға немесе топқа әсер ету
арқылы басқарудың көрінісі. Көшбасшы
ұйымдағы адамдарға әлеуметтік,
психологиялық, эмоционалдық тірек, қоршаған ортаға білім, моральдық
құндылықтар беруші, қоғамдық өмірде, топта белсенді, авторитет мүшесі.
Педагогикалық тұрғыдан лидер бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруда
және топтағы қолайлы өзара қарым-қатынасты құруда негізгі рөл атқаратын
ең беделді тұлға.
Психологиялық сөздікте «лидер» топтың іс-әрекетінің бағыты мен
сипатын, қызығушылықтарын ескере отырып,
жауапты шешім қабылдау
құқығына ие топтың мүшесі ретінде анықталады.
Педагогика және әлеуметтік психология ғылымдары саласында
(А.С.Макаренко, Б.Д.Барыгин, А.А.Ершов) көшбасшылық түсінігі сан алуан
тұрғыдан қарастырылған.
131
А.С.Макаренко көшбасшы мәселесін арнайы талдаған жоқ, ол оны
ұжымның іс-әрекетімен тығыз байланыста қарастырады. Осындай тұтастық
тұрғысынан ұжымдағы көшбасшыға қатысты теориялық талап-ережелерді,
көбінесе, көшбасшылық қатынастың мәні мен талаптарын анықтады. Ол
іскерлік қатынастардың тиімділігін арттыратын жағдайларды, атап айтқанда,
топтың әрбір мүшесі үшін өзіне жауапкершілікті қабылдаудың нақты
мүмкіндігін ашып көрсетті.
Б.Д.Парыгин көшбасшы феноменін анықтайтын
екі фактор бар деп
есептейді: объективті фактор (топтың нақты жағдаяттағы қызығушылығы,
мақсаты, қажеттіліктері, міндеттері); субъективті фактор (индивидтің топтық
іс-әрекетті ұйымдастырушы және бастаушы (инициатор) ретіндегі тұлғалық
ерекшілігі). Осы екі фактордың ерекшеліктерін тұжырымдайды: топтың
ашық немесе жабық келісімімен көшбасшылық ұстанымға ие болады; оның
тұлғасымен топтың, соның ішінде өзіндік және арнайы нормалары мен
құндылықтарының жиынтығы идентификацияланады;
барлық уақытта
топтың тіршілік жағдайлары үшін маңызды жағдайлармен байланысты
шешім қабыладанады.
Көшбасшы
топтық
құндылықтардың
толық
жиынтығымен
идентификацияланған, әсіресе ықпал етуді меңгерген және өзара
әрекеттестікте алға шығатын топ мүшесі (Р.Л.Кричевский).
Көшбасшы топтың қызығушылығына байланысты топтың басқа
мүшелері үшін жауапты шешім қабылдауға құқылы деп санайтын және
топтың
іс-әрекетінің
бағыттарын
анықтайтын
белсенді
мүшесі
(Л.И.Усманский).
Әлеуметтік-психологиялық мағынада көшбасшы топ мүшелерінің
тұлғааралық қарым-қатынасының құрылымында орынға ие және өзінің
үлгісімен топтың жақсы жағынан мақсатына жетуде топты басқаратын,
қажетті ұйымдастырушылық қабілетті меңгерген топ мүшесі (А.А.Ершов).
Достарыңызбен бөлісу: