3
Кітап:
Дәріс:
Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесі
Әдебиеттермен жұмыс істеу
біраз деректерді табуыңыз мүмкін. Кейде бір аса қызықты мәліметті оқып, менің тақырыбыма дәл келетін
екен деген бір деректер есіңізде қалуы мүмкін де, кейін оны қай жерде оқығаныңызды есіңізге түсіре
алмауыңыз мүмкін. Бұл жағдай барлық ізденушілердің басынан өтеді. Ондай жағдайларды мүмкіндігінше
азайту үшін әдебиеттерді жүйелеуді білуіңіз керек. Әйтпесе жұмысыңызды жазуда ең көп уақыт кетіретін
бөлігі әдебиеттерге сілтеме жасау, қолданылған әдебиеттер тізімін жасау бөліктері болуы мүмкін. Өз
басыма келетін болсам, мен студент болған кезімде маған жетекшім кішігірім картотекаларды жасауға
кеңес берген. Ол үшін кішкентай қағаздарға өзіңіз қажет деп тапқан еңбектің авторы, шыққан жылы, бет
саны, жарияланған қаласы мен баспаның атауын және өзіңізге қажет беттерді көрсетіп, сол жерден алатын
цитаталарды көшіріп алу керек. Одан соң сол карточкаларды алфавит ретімен жинақтайсыз. Дәл осындай
тәсілмен бұрындары ізденушілер әдебиет көздерін жинақтайтын. Бірақ біздің бағымызға орай, біз осының
бәрін электронды түрде жинай аламыз. Сондықтан мен жетекшімнің кеңесіндегідей дәл солай қағазға
жазып жүрмесем де, ноутбугіме солай тіземін.
Сол жетекшімнің тағы бір берген кеңесі, егер достан айырылғыңыз келмесе, ешқашан дос-жаранға
қарызға ақша және уақытшаға кітап бермеңіз деген кеңес. Сөздің шынын айту керек, кейін әкеліп беремін
деген кітаптардың көбі қайтарылмайды. Уақыттың өтуімен жетекшімнің айтқаны рас екеніне әбден көз
жеткіздім. Сондықтан зерттеуіңізге пайдалы болатын деген кітаптарды ең жақын танысыңызға да бермеңіз.
Одан кейін сіз тапсыратын жұмыстың сілтемелерін қандай талаптар бойынша жазылу керек екенін
анықтап алыңыз. Қолданылған әдебиеттер тізімі мен сілтемелерді келтірудің өзіндік талаптары мен
ережелері болады. Егер олардан қате жіберсеңіз, тексерушілер соны бірінші болып байқайды. Ол жағынан
сіздің еңбегіңіз мінсіз болуы керек. Егер сіз шет елдік журналдарға мақала даярлап жатқан болсаңыз, олар
көбіне APA, Chicago, MLA деген стильдер бойынша жазылады. Ал өзіміздің елде немесе пост-кеңестік
кеңістікте жарияланатын болса, олардың әдебиеттерді ұйымдастыру тәсілі мүлдем бөлек. Ең дұрысы
сол талаптарды алдын ала біліп, әдебиеттеріңізді басынан сол талаптар бойынша жасағаныңыз дұрыс.
Жұмыстың бұл бөлігіне жеткілікті мән беріңіз.
Сондай-ақ ProCite, Mendeley, EndNote немесе Reference Manager сияқты библиографиялық файлдарды
басқаруға арналған бағдарламалық жасақтамаларды қолдансаңыз болады. Олар тегін әрі сілтемелерді
сізге қажет формат бойынша форматтап береді. Бұл да сіздің біраз уақытыңызды үнемдейді. Осы орайда
сізге беретін тағы бір кеңесім, жазған құжаттарыңызды, электронды әдебиеттеріңізді гугл диск немесе
дропбокс сияқты құжаттық хостингтерді қолданыңыз. Сонда компьютеріңіз істемей қалған жағдайда,
болмаса қолыңызды ноутбугыңыз болмай қалған жағдайда сіз виртуалды дискіңізге кіріп, ары қарай
жұмысыңызды жалғастыра бересіз және ноутбугыңыздан айырылып қалсам, құжаттардың бәрінен
айырылып қаламын деген қәуіп те болмайды. Қазірлері шет елдерге барғандан қонақтарға арналған
әр нөмірде ноутбук те қарастырылған. Өйткені көбіне қазір құжаттрады гугл дискте сақтайтындықтан,
жеке ноутбукты алып жүрудің де қажеттігі болмайды. Гугл дискке енгізген әрбір өзгерісіңіз автоматты
түрде онлайн түрде сақаталып отырады. Жетекшіңізбен, не басқа топ мүшелерімен бөліскіңіз келсе де,
осы гугл диск арқылы олармен оңай бөлісіп, онда бірлесе жұмыс істей аласыз. Бірақ гугл дисктің тегін
қолдануға беретін жадының көлемі 15 гегабайттан аспайтынын естен шығармаңыз. Егер аккаунтыңыздың
жады толып кетсе, басқа аккаунт ашып алуыңызға болады. Дәл сол секілді гугл фото қызметімен де
қолдансаңыз болады. Кейде қалта телефоныңызды қолданып отырғанда бір қызықты сайттарда немесе
әдебиеттерді тауып алуыңыз мүмкін. Оны кейін қарау үшін телефоныңызда скриншот жасап қойсаңыз,
және телефоныңыз гугл фотомен байланыстырылған болса, сол скриншот сізде дереу гугл дискте сақталып
қалады. Кейін сол скриншот бойынша өзіңізге керек деректерді тауып алуыңызға болады.
Тағы бір кеңес ол – аннотацияланған сілтемелер жасау.
Достарыңызбен бөлісу: