185
Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация,
фотосурет,сызба, шартты белгі)
ақпараттарды салыстыра отырып,ортақ идеяны түсіндіреді.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 30 минут
1.
Мәтінді оқып, идеясын анықтаңыз. Фактілер мен көзқарастарды
ажыратып, оның мәтін идеясымен байланысын айтыңыз.
Елбасы Астананы әлемнің 50 «ақылды қаласының» қатарына енгізу жөнінде тапсырма
берді. Осыған байланысты «ақылды қала» бірінші кезекте қала тұрғындары мен
қонақтарынақолайлы жағдай жасауда.Бүгінгі таңда халықтың заманауи өмір сүру үрдісі кез
келген жерде жоғары жылдамдықтағы мобильді интернетті қажет етеді. Осыны ескере
отырып, қала әкімдігі жүйелі түрде қаланың қоғамдық орындарында интернеттің
қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын қолға алып отыр.
Астана күні қарсаңында елордамызда WI-FI Bus Astana жобасы ресми түрде іске
қосылды.Астана үшін бірегей жобаның мақсаты – халық арасында қоғамдық көліктіңбеделін
көтеру, адамдарға оларды қызықтыратын ақпаратқа шұғыл түрде қол жеткізуін қамтамасыз
ету, заманауи коммуникациялық қызметтерді дәріптеу жолы мен қала тұрғындары арасында
IT сауаттылығы деңгейін көтеру болып табылады.
Қазіргі уақытта интернет өмір сүрудің жаңа деңгейі болып отыр.Тегін
интернетті
автобустың кез келген жолаушысы қолдана алады. Тек WI-FI қосылу мүмкіндігі
барсмартфон болса болғаны. Бір сессия 15 минуттан 30 минутқа дейін, өйткені жолаушы
біржерден екінші жерге жетуі үшін шамамен осынша уақытты қажет етеді.
Автобуста орнатылған WI-FI желісінің жылдамдығы секундына екі жарым және 10
мегабайтты құрайды. Ал Билайн компаниясының беріп отырған мәліметіне сенер болсақ,
1сағаттың ішінде 300 адам WI-FI желісіне қосылып үлгерген екен және 2,5 гигабайт трафикті
жүктеген. Бұл тек бір автобустың бір сағаттағы көрсеткіші.
Еліміздің бас қаласы ретінде Астанада желісіз интернетке қосылу ауқымы кеңейе
түспек.
Айта кетейік, WI-FI Bus жобасы 2013 жылы басталған болатын. Сол уақыттан
беріҚостанай, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда,
Петропавл, Түркістан, Орал,
Алматықалаларында желісіз интернетпен қамтамасыз етілген 200-ге жуық автобустар
жүруде.
Дүниежүзілік статистикалық мәліметке сүйенсек, мегаполистердегі жеке көлігі
жоқтұрғындар жылына жиырма тәулікке жуық уақыттарын қоғамдық автобустарда өткізеді
екен.Ал WI-FI Bus автобусы Астана тұрғындарын тегін интернетпен қамтамасыз етуарқылы
уақытты тиімді әрі пайдалы өткізуге жағдай жасап отыр.
2. 2 факт пен 2 көзқарасты анықта
Көзқарас
Факт
1.
1.
2.
2.
3. Жалпыадамзатқа ортақ 1 мәселені анықта.
4. Мәтінге негіз болатын 3 сөйлемді тап.
1)
2)
3)
5. Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыр.
Достарыңызбен бөлісу: