1-ДӘріс жоспар кіріспе Linux операциялық жүйесімен танысу Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері Linux-тің таралуы Жүйе дистрибутивтері Linux жүйесі Көпқолданбалы операциялық жүйе Көптапсырмалы операциялық жүйедегі басқарылатын объектілер


Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата27.12.2022
өлшемі174,44 Kb.
#59854
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция 1

Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері 


Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше 
жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын 
қолданады. 
Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін виртуалдық 
жады ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда активті процестерді 
сақтайды және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. 
Жүйенің барлық жадысы қолданылады (виртуалдық және операциялық), 
Linux үшін бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады. 
Операциялық жүйенің графиктік ортасы. XWindow – бұл стандартты 
интерфейс, ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды. 
Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен бірге Интернет-
хаттамасы TCP/IP, желілік хаттамалары SMB* және Novell, Nis ақпараттық 
хаттамалары, NFS, WINS және т.б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына 
жәрдемдеседі. 
Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын процедураларды 
сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын береді. Олар қажет 
уақытта бағдарламаларға қосылады. 
SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы. Linux 
көбінесе стандарттарды қолданады. 
Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T* сияқты саудалық 
дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін 
жазуға мүмкіндік алады. 
Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан. 
Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он 
вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре 
алмайды. 
Linux-тің таралуы 
“Linux тегін” – бұл Linux-тің әрбір түрі мен дистрибутивтерін 
таратушылардың негізгі постулаты. Linux GNU GPL лицензиялық 
сәйкестенушілікке байланысты таралады. Бұл мазмұнды және көлемді 
құжатты қысқаша былайша беруге болады: 
Жүйе тегін таралады. 
Операциялық жүйе жиынын және оған кіретін мағлұматтарды сатуға 
дайындалғаны үшін сатушының кез келген баға қоюға құқығы бар. 
Лицензияда көрсетілген сатып алушының құқықтарына сатушының 
қарсы құқысы жоқ. 
Соңғы бөлімше ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Дистрибутив 
құраушысы және сатушы сатып алушыға дистрибутивті пайдалану құқығын 
береді, сатып алушының оны көбейтуге және тегін таратуға мүмкіндігі бар. 
Бірақ Linux тегін деп те айтуға болмайды: сатып алушы сатушыға оның 
компакт-дискіге жазуға, қапталуы мен сатылу орнына әкелінуіне кеткен 
қаражатты төлейді. 
Бұл бойынша Қазақстан Республикасында әрбір Linux дистрибутивінің 
лицензиялық көшірме күнделікті 300-1500 теңге бағасымен сатылады. 


Linux ұсынатын жабдықтардың әр түрлілігін ескере отырып, ол арзан 
тұрмайды деп аңғаруға болады. Дегенмен ол бұлай емес! Linux ядросы мен 
оған жазылған бағдарламалардың көп бөлігін Іnternet арқылы, негізінен 
көшірме жасауға және таратуға ешбір шектеу қойылмаған, олар тегін 
таратылады. 
Ең алдымен, Linux ядросы GNU GPL (General Public 
License жалпы түрдегі қоғамдық лицензия) лицензиясы негізінде 
таралады. Бұл тегін бағдарламалық қамтамалар фондымен (Ғrее Software 
Foundation) құрылған тегін бағдарламалық қамтамаларды таратуға 
негізделген арнайы лицензия. GNU лицензиясы бойынша бағдарламалық 
қамтаманы тегін немесе ақшалай GNU лицензиясының шарттары орындалған 
жағдайда таратуға рұқсат етіледі. 
GNU лицензиясының тағы бір маңызды ерекшелігі барлық 
бағдарламалық қамтамалар бастапқы мәтіндерінің толық жиынымен таралуы 
қажет. Бастапқы мәтіндерге қол жеткізбейтіндіктен өзгертулер енгізуге 
болмайтын саудалық бағдарламалық қамтамалармен салыстырғанда, GNU 
бағдарламаларын модификациялауға рұқсат етілумен қатар толық еркіндік 
беріледі. 
Linux операциялық жүйесін және оған арналған бағдарламаларды 
құрудың осындай тәсілінің сәтті болуы соншалық — оны Netscape 
компаниясы өзінің Communicator бағдарламалар тобы үшін қабылдады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет