А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет13/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

 
Мәтін №4 
1.Аралардың күнделікті адам пайдаланатын азық-түлікке тікелей әсер 
ететінін білесіз бе? 
2. Жер бетіндегі өсімдіктер мен азық-түліктің 90 пайызын жеуге 
пайдаланады. Ал сол пайдалы өнімің 70 пайызын жарамды етіп, ағзаға жетуге 
жол ашып беретін аралар. Банан, алма, алмұрт сынды жемістер осы қатарға 
кіреді. Егер аралар жойылып кететін болса, аталған азық-түліктің пайдалы түрі 
күрт азайып, аштық орнайды. 
3. Киімсіз қалмайын десеңіз, араларды қорғаңыз. Мақта – жер бетіндегі 
киім өндірісіне ең қажетті және ең құнды материал. Оны бүкіл әлемдік тігін 
өндірістерінің басшылары мойындайды. Мақта өнімдеріне деген сұраныс жыл 
сайын артып отыр. Ең қарапайым жейде мен джинси шалбарлар да осы 
мақтадан алынады. Ал аралар осы мақтаның өсуіне және оның жетілуіне әсер 
етеді. Бір сөзбен айтқанда аралар жойылып кетсе, киімсіз қалуыңыз мүмкін. 
4. Биоотын өндірісі тоқтайды. Биоотын қазіргі кезде кеңінен қолданылып 
келе жатқан, газ түріндегі өндіріс түрі. Оның арамен қандай байланысы бар? 
Тікелей байланысты. Себебі биоотын бөлетін түрлі құрамдағы элементтер 
араның тозаңдануынан келеді. Сондықтан араның тіршілікке пайдасы зор. 
5. Әлемдік нарыққа әсер етеді. Күлкілі болуы да мүмкін, себебі 
аралардың биржаға, қаржыға қандай қатысы бар деген сұрақ туады. Бұл барлық 
елде бірдей болмаса да, Оңтүстік және Шығыс Азия елдеріне, Африка 
құрлығына зор әсер етеді. Себебі аралар жойылып кетсе аталған жердегі 
мемлекеттер сыртқы нарықтан айырылып, экономикалық тұрғыда құлдырайды. 
Себебі оларды асырап отырған жеміс-жидек соның ішінде банан өнімдері. Ал 
бананның дәл сол тәтті және сапалы қалпында өсіп-өнуіне араның үлесі бар. 
6. Адамзаттың өсуі тоқтайды. Аралардан бөлінетін түрлі дәрумендер 
жеміс-жидек пен азық-түлік арқылы адам ағзасына түседі. Адам сол 
дәрумендер арқылы ұрпақ жалғастырып, ауруға төтеп бере алады. Ал аралар 
жойылып кетсе, адамзаттың өсуі тоқтап, өлім көбейеді. Тіпті алдын алмаған 
жағдайда жер шарында ара болмаса адамның да өмір сүруі мүмкін емес. 


20 
1. Мәтінге лайықты тақырып 
A) Бал арасының нарыққа әсері
B) Бал арасының өмірге әсері
C) Бал арасының азыққа әсері
D) Бал арасының адам өсіміне әсері
E) Бал арасының өнімі
2.Араның тозаңдануы әсер ететіні туралы айтылған бөлім
A) 4
B) 2
C) 5
D) 6
E) 3
3.Мәтін мазмұнына алшақ ой
A) Арай жойылса да, адамзат өсуі тоқтамайды.
B) Ара жойылса, биотын өндірісі де тоқтайды.
C) Ең қарапайым жейде мақтадан алынады.
D) Аралар жойылса, аштық орнауы да мүмкін.
E) Аралар сыртқы нарыққа да әсер етеді.
4. Мәтін бойынша араларды қорғауға негіз болатын себептің бірі
A) Биоотын өндірісі көбеймесін десеңіз, араларды қорғаңыз.
B) Банан өсіп-өнуі тоқтасын десеңіз, араларды қорғаңыз.
C) Өсімдіктер жойылмасын десеңіз, араларды қорғаңыз.
D) Киімсіз қалмайын десеңіз, араларды қорғаңыз.
E) Еліміздің экономикасы тоқтамасын десеңіз, араларды қолдаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет