А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


Медицина ғылымының берген алақан туралы мәліметтерінің бірі



Pdf көрінісі
бет29/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

3.Медицина ғылымының берген алақан туралы мәліметтерінің бірі 
A) Адам денсаулығына әсері 
B) Бимен айналысқандағы саусақ 


44 
C) Саусақтарыдың атауы 
D) Алақандағы әжімдер туралы 
E) Саусақ аурулары туралы 
4. Күрек тәріздес саусақты адамға тән қасиет 
A) Мықты тұлға 
B) Жүйке сыр бергені 
C) Минералдың жетіспеуі 
D) Күшәнмен улану 
E) Шешім қабылдағыш
5. Жүйке жүйесінің сыр бере бастауының белгісі
A) Тырнақтағы ақтаңдақтар
B) Терінің жыбырлауы
C) Қолдың суықтығы
D) Ыстық қолдар
E) Айшықты тырнақтар
6. Білектің бөлігіндегі әжімдердің адамға қатысы
A) Адамның өмірінің ұзақтығын көрсетеді
B) Адамның қан жүйесінің бұзылуын көрсетеді.
C) Адамның агрмональды қиындығын көрсетеді.
D) Адамның өмірінің қысқалығын көрсетеді.
E) Жүйкенің сыр бере бастауын көрсетеді. 
Мәтін №3 
1.Қазақтың өткен өміріндегі мәдениетінен мол мәлімет беретін арқан, 
құрық, қамшы, найза, оқ сияқты құрал-саймандарды ата-бабаларымыз өздерінің 
күнделікті тұрмыс-тіршілігінде негізгі қызметімен қатар, өлшеу қызметінде де 
кеңінен пайдаланған. Бұл тек қазақ халқы үшін емес, сонымен қатар, түрік 
халқының тілінде де, көрініс тапқан. Осыған орай, қазақ және түрік 
халықтарының тілдерінде арқан бойы, найза бойы сияқты өлшемдік мәнге ие 
болған номинативтік тіркестер қалыптасқан. Мұнымен бірге, халқымыз дене 
мүшелерін де ұзындық өлшемі ретінде қолдана білген. Соның негізінде тұтам, 
қарыс, кере қарыс, сүйем, сере қарыс, қары, құлаш, адым, қадам-қарыс, уыс, 
аяқ, табан, кез, аршын дегендер өлшем құралы ретінде жұмсалған 
2. Қазақ тілінде де ұзындық, биіктік, қалыңдық өлшем атаулары осы дене 
мүше атауларының негізінде дамып қалыптасқан. Олар: қар, қарыс, қарыс 
сүйем, сере қарыс, кере қарыс, жырта қарыс, ат шаптырым, бір шақырым, аспан 
мен жердей, бір құшақ, елі, аршын, шынтақ, табан, бармақ, құлаш, сүйем 
сияқты өлшемдік мағынадағы сөздер бар. 
3. Қарыс – бас бармақ пен ортаңғы саусақтың аралығымен өлшенетін 
ұзындық өлшемі . 
4. Ұзындық өлшемін білдіретін қарыс атауын өлшемнің құрамдас бөлшегі 
ретінде тануымызға болады. Бұған негіз ретінде қарыс атауын құрайтын өлшем 
бірліктері өзара парадигмалық қатынаста жырта қарыс, кере қарыс, сере қарыс, 


45 
қарыс сүйем, қарыс-қарыс, сүйем-сүйем, қарыс жер, аузы алты қарыс, бойы бір 
қарыс, сақалы қырық қарыс сияқты сөздер кездеседі. 
5. Бас бармақ пен ортаңғы саусақтың жай ғана созылуын – қарыс, ал бұл 
екеуінің барынша керіле созылуын кере қарыс дейді. Ал, сере қарыс – бас 
бармақ пен шынашақтың арасы. Мысалы, Қартайғандықтың белгісі болар, 
қарыс жер мұң болып, баламның үйіне жете алмай отырмын. 
6. Қысқасы, қарыс атауы – ежелгі өлшемдік бірліктер ішінен ең кең 
тараған аса танымал өлшем бірлігінің бірі. Қарыс этнос танымында өте 
танымал өлшем бірлігі болуымен қатар, басқа тіл бірліктерімен тіркесу 
қабілетінің ерекшеліктерін және мағына өрісінің дами отырып, сыбайластық 
байланысқа кең көлемде түскені белгілі болды. 
7. Қазақ арасында кең тараған өлшемнің бірі – елі. Бір елі ауызға екі елі 
қақпақ. Тіліміздегі елі атауынан тараған бір елі, екі елі, үш елі, төрт елі, қыл елі, 
шынашақ елі, пышақ сырты, бармақ елі, жарты елі, ала бұлт қазы, табан елі 
сияқты тіл бірліктерінің мазмұнынан ұлт танымындағы өлшем жүйесін ешкімге 
ұқсамайтын тілдік ерекшелігі деп қарай аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет