А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова



Pdf көрінісі
бет56/65
Дата29.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#60158
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65
Байланысты:
китап Алимхан. Оқу сауаттылығы

1. Бәйге өткізілетін жер 
A) Жазық дала 
B) Ой мен қыр 
C) Ашық алаңқай 
D) Таулы жер 
E) Кедергісіз жер 
2. Бәйгеге бұрын 30-40 шақырымды белгілемеудің себебі 
A) Аттар зорығып кететіндіктен 
B) Бәйгені тез аяқтау керектігінен 
C) Бәйге аттарының көптігінен 
D) Бәйге өтетін жердің ыңғайынан 
E) Ойынның шарты болмағандықтан 
 
Мәтін №2 
Базаралыдан басқа Жиреншенің достары Оразбай Бейсенбі Абыралы бар. 
Және орталарында өз қолдарымен сайлаған әкімі Шыңғыстың болысы Күнту да 
отыр. Жұрт көңілін көтерер «жаңа пері» Сыбанның жас ақыны Әріп те бар. 
Алтындай сары сақалды кең қызыл жүзді келбетті жігіт Әріп бүгін түстен бергі 
отырыста арғы-бергіден көп өлеңді жосыта айтқан. 
Базаралыны соңғы екі-үш күн бойында қоралай қоршап жүрген осы топ 
бір отырыста Жиреншенің тағы бірде Бейсенбінің немесе Күнтудың ауызымен 
бүгін міне Оразбай аузымен жаңағыдай орағытқан тұспалдарды айта жүрген. 
Базаралы Оразбай сияқтылардың Құнанбаймен алысайық шыдасайық 
жайлықты ұмытпайық дегенді айта жүріп бір жағынан басқа болыстарға шығып 
кеткісі келетінін түсінбейтін. Және анығында ұнатпай да жүрген. Қазір өзінің 
турашыл ашық бетімен сол көңілін дағдылы әзіліне сүйеп айтып та салды.
Бірақ қазір Базаралының сөзі бадырайып кеп басқа соққандай Оразбай 
мен бұның өзін тапқандықтан Күнту жауап айтуға тура келді. Ол да 
Оразбайдың жаңағы айтқан сөзін қатты қостайды. Құнанбайларды ұра беріп 
бұқтыра берсе әсіресе жеңе берсе бұның болыстығының бауы берік боп тұра 
беретіні айқын. Ол жағынан да Оразбайдың ұранын бұдан артық құлшынып 


85 
қостайтын кісі болмасқа тиіс. Тек жаңағы Базаралы айтқандай күдік көпке 
жайылса ол жақсы ат емес. (М. Әуезов) 
3. Мәтін мазмұнынан алшақ сөйлем 
A) Жиреншенің досы Бейсенбі бар. 
B) Базаралы Құнанбаймен алыспаймын дейтін. 
C) Әріп жұрт көңілін көтеретін еді. 
D) Күдік көпке жайылса жақсы емес. 
E) Күнту жауап беруге тура келген сияқты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет