93
Уақыт өте, қайықтардың сыйымдылығы арта түскен. Озық түрлері де
қолданысқа шыққан. Себебі, желдің бағытымен жүру тиімсіз болатын.
Тиімділікті арттыру үшін олар көбіне қара күшке иек артты. Қайықтың екі
қапталына отырған білекті жігіттер, яғни фараондар сағатына 12 километрді
еңсеретін болған. Және қайықтар өзен жағасымен жүріп отыратын болған.
Сонымен, сұрағымызға оралайық. "Алып кемені кім ойлап тапқан?" Осы
қиын сұраққа жауапты финикиялықтар берді. Олар алдымен үлкен бөренелер
мен мығым саналатын материалдарды жинастырған. Содан соң кеме жасауға
кіріскен. Бұл уақыт шамамен алғанда су жолы саудасынан 5 мың жыл
бұрынырақ еді.
Алып кемелерді жасау үшін көп уақыттың кететіні белгілі.
Финикиялықтар кеменің құрылымына баса назар аударды. Олар өлген жан-
жануарлардың сүйектеріне қарап отырып, кеменің үстіне қанша салмақ тақтай
төсеуге болатынын анықтау арқылы су жолындағы алғашқы табыстарына
жетті. Сол ойлап тапқан дүниелер әлі күнге дейін кеменің құрылымында негізгі
рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: