Байланысты: аза стан Республикасы Білім ж не ылым Министрлігі Ахмет Байт р (1)
АТА-БАБА ДӘСТҮРІНЕ АДАЛДЫҚ Шаяхмет А. Қ. – ф.ғ.к., профессор, Медиа-орталығының директоры, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Абай мен Ыбырай шығармашылығындағы дін және имандылық тақырыбы,қазақ дәстүрі, қазақ даласындағы араб сөздері және кісі есімдері туралы. Негізгі ұғымдар: Алла, дін, дәстүр, ұлт, есімдер. Абай да, Ыбырай да, олардың ізбасарлары
да Аллаға мінажат қылғанын ғалымдар болмаса,
көпшілік әлі толық біле қоймайды. Абайдың
«Махаббатсыз – дүние дос, хайуанға оны
қосыңдар» деген сөзі барлық басылымдарда
«Махаббатсыз – дүние бос, хайуанға оны
қосыңдар» деп басылып жүр. Абайдың бұл арада
айтып отырғаны әйелге деген махаббат емес,
Аллаға махаббат екені белгілі. Өйткені, Абайдың
өзі осы өлеңнің соңында: «жүрегі жұмсақ білген
құл шын дос таппай тыншымас» – дейді. Құл
дегені – Алланың құлы дегені де түсінікті емес
пе?! Олай болса, адамға дүние дос болса, дүния
бос болмай ма? Дүние мен дүнияның да
мағынасы әртүрлі ғой. Ал біз оларды көбінесе
синоним секілді қабылдаймыз. «Асыл сөзді
іздесең,
Абайды
оқы,
ерінбе»
–
деген
Сұлтанмахмұт ақынның талғамы зор екеніне
ешкім таласа қоймас. Сол Сұлтанмахмұт бір
өлеңінде: «Дүние дос, махаббатсыз мал секілді
деген сөзін Абайдың есіңізге ал», – дейді.
Олай болса Абайдың жыры жарияланып
жүрген көптеген кітаптарда дос деген сөз бос
болып жазылып, өрескел қате кеткен.Осы
қателерден тәуелсіздік жылдарында да арыла
алмай отырмыз. Абайдың «Алланың өзі де рас,
сөзі де рас» деген сөзінен-ақ оның Исламға
көзқарасы айқындалып тұр.
Ұлы ағартушы Ыбырайдың «Атамұра»
баспасынан 2006 жылы жарық көрген «Кел,
балалар, оқылық» атты кітабында әйгілі «Бір
Құдайға сиынып, кел, балалар, оқылық» деп
басталатын
өлеңінде
әуелгі шумақ
дұрыс
жазылғанымен, одан кейінгі қайталанып келіп
отыратын шумақтарда «Бір Құдайға сиынып»
деген жол түсіп қалған. Бір кездері атеист
редакторлар Құдай, Алла деген сөзден ат-тонын
ала қашып, ондай сөздерді қырқып тастап
отырса,
бұл
жолғы
«көзі
ашық»
редакторларымыз қазақ өлеңінің ешқашан да үш
жолдан құралмағанын есінен шығарып алса
керек. Осы өлеңдегі «Істің болар қайыры
бастасаңыз алдалап» деген сөзді үш оқып, дым
түсіне
алмадым.
Түпнұсқадағы
«Оқысаңыз
Аллалап» деген сөзді сауатты жазу кітап
құрастырушыларға соншалықты қиын болды ма
екен?!
Совет
дәуірі
идеологтары
ұлы
ағартушының «Мұсылманшылдық тұтқасын»
жазып,
шәкірттерге
Ислам
қағидаларын
ұғындырғысы келгені туралы жұмған ауыздарын
ашпаған. Сондай-ақ Спандияяр Көбеевті те
кешегі
совет
идеологиясы
тұсында
өмір
сүргеннен кейін тек қана сол идеяны жақтаушы,
насихаттаушы деудің де жөні жоқ. Мысалы,
«Арыстан мен сары масалар» деген мысалында: