С. Б. Сатымбекова компьютерлік желілер оқулық



Pdf көрінісі
бет56/109
Дата04.01.2023
өлшемі2,3 Mb.
#60360
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   109
Байланысты:
ИС лекция КЖ

СЕГІЗІНШІ ТАҚЫРЫП. 
ETHERNET ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
Дәрістің мән-мәтіні 
Мақсаты: Ethernet технологиясымен танысу, менгеру. 
Дәріс жоспары: 
1. CSMA/CD қатынау әдісі. 
2. Ethernet кадрлары форматтарының сипаттамасы. 
3. 10BASE -5,-2, -T, -F стандарттары.
Негізгі тҥсініктер: Ethernet, CSMA/CD, 10BASE -5, -2, -T, -F 
стандарттары. 
 
Тақырыптың мазмҧны. OSІ моделі әрбір деңгейде қандай хаттамаларды 
пайдалану керектігін анықтайды. Осы модельге сәйкес келетін әртҥрлі ӛндіруші 
ӛнімі бір-бірімен әрекеттеседі. 
ІSO, ІEEE, ANSІ (Amerіcan Natіonal Standarts Іnstіtute), CCІTT (Comіte 
Consultatіf Іnetrnatіonal de Telegrahіe et Teleponіe), қазір ІTU деп аталады 
(Іnternatіonal Telecommunіcatіons Unіon), және басқа да ҧйымдар стандарт 
бойынша OSІ моделінің кейбір деңгейіне сәйкес келетін хаттамалар ӛндіреді. 
ІEEE – физикалық деңгей хаттамасының мынадай тҥрлері болады: 
802.3 (Ethernet) «Логикалық шина» желісі, мәліметтер беру жылдамдығы – 
10 Мбит/с. Мәліметтер кабель арқылы әрбір компьютерге беріледі, бірақ 
оларды тек мекен-жайы анықталған компьютерлер алады. CSMA/CD хаттамасы 
желі трафигін реттейді. 
802.4 (Маркер беру) «Шина» топологиясы маркер берудің ҥлгісін 
пайдаланады. Әрбір компьютер мәліметтерді қабылдайды, бірақ тек мекен-
жайы анықталған компьютер ғана қатынасады. Бір компьютерден екінші 
компьютерге берілетін маркер, мәлімет жіберілген компьютерді анықтайды. 
802.5 (Token Rіng) «Логикалық сақина» желісі, мәлімет беру жылдамдығы 
– 4 немесе 16 МБит/с. Барлық желілік компьютерлер концентраторына 
қосылғандықтан, сақина желі деп аталғанымен жҧлдызшаға ҧқсайды. Дегенмен, 
концентратор ішінде сақина іске асырылады. Сақина арқылы берілетін маркер 
беру рҧқсат етілген компьютерді анықтайды. 
ІEEE – арналы деңгей хаттамасы ортаға қатынауды басқару деңгейімен 
байланысады. Мәліметті логикалық басқару деңгейшесінде ЛЕЖ-нің негізгі 
хаттамаларын қосатын IEEE802–лікті қоса алғанда хаттамалардың кӛбінде 
бірдей. (ЛЕЖ-дің негізгі хаттамаларына: IEEE802.2 – LLC мәліметті логикалық 
жіберу хаттамасы; MAC – желіге қатынау хаттамасы; IEEE 802.3 – Ethernet – 
бҧл хаттамалар ҧқсас; IEEE 802.4 – Token Bus, IEEE802.5 – Token Ring және 
т.б. жатады). LLC HDLC хаттаманың негізінде қҧрылған және OSI жоғарғы 
деңгейлеріне ҥш тҥрлі процедураларды береді: 

LLC1 – байланысты орнатусыз және растаусыз; 


122 

LLC2 – байланысты орнатумен және растаумен; 

LLC3 – байланысты орнатпаусыз және растаумен. 
Желілік технология – желіні қҧруға жеткілікті хаттамалар және оларды 
іске асыратын аппараттық-бағдарламалық компоненттердің келісілген 
жиынтығы. Қазіргі кезде ең белгілі технология (бҧл технологияны қолданатын 
желілер саны – 5млн, ал осы желілердегі компьютерлер санын қоса алғанда – 
50млн) 70 жылдардың соңында қҧрылған және алғашқы тҥрде байланыс желісі 
ретінде коаксиалды кабельді қолданды.
Кейінірек, басқа да коммуникацияларға бағытталған бҧл технологияның 
кӛп модификациялары жобаланған, атап кӛрсетсек: 

10 Base-2 – жіңішке коаксиалды кабель қолданады (диаметрі 0,25 дюйм); 
сегменттегі жҧмыс стансаларының максималды саны – 30 болатын, 185 метрге 
дейін ҧзындығы бар сегменттерді қамтамасыз етеді. 

10 Base-5 – жуан коаксиалды кабель қолданады (диаметрі 0,5 дюйм); 
сегменттегі жҧмыс стансаларының максималды саны – 100 болатын, 500 метрге 
дейін ҧзындығы бар сегменттерді қамтамасыз етеді. 

10 Base-Т – экрандалмаған есулі қос ӛткізгішті қолданады және 
сегменттегі жҧмыс стансаларының максималды саны – 1024 болатын, 1000 
метрге дейін ҧзындығы бар сегменттерді қамтамасыз етеді. 

10 Base-F – талшықтық-оптикалық кабельді қолданады және сегменттегі 
жҧмыс стансаларының максималды саны – 1024 болатын, 2000 метрге дейін 
ҧзындығы бар сегменттерді қамтамасыз етеді. 
Ethernet пен IEEE802.3 технологиялары кӛп жағдайда ҧқсас; соңғысы тек 
―жалпы шина‖ топологиясын ғана емес, сондай-ақ, ―жҧлдыз‖ топологиясын да 
қолдайды. Бҧл технологиялардағы жіберу жылдамдығы 10 мбит/с-ке тең. 
Ethernet технологиясын 1973 жылы бір топ америкалық зерттеушілер Palo 
Alto зерттеу орталығында жасады. Ethernet желілері жҧлдызша тҥрінде де, 
шина тҥрінде де қҧрыла береді. Арна ретінде коаксиаль кабель қолданылғанда, 
Ethernet желісі шина сияқты ҥйлеседі. Егер есілген жҧп қолданылса, Ethernet 
жҧлдыз сияқты ҥйлеседі. Ethernet – жергілікті желі қҧрастыру мақсатында ӛте 
кең тараған технология тҥрі. Ол IEEE802.3 стандартына негізделіп, 
мәліметтерді 10Мбит/с жылдамдықпен тасымалдап отырады. Ethernet 
желісіндегі қҧрылғылар желі арнасында сигналдың бар екендігін (оны тыңдап) 
бақылап отырады. Егер арнаны ешбір қҧрылғы пайдаланбайтын болса, онда 
Ethernet қҧрылғысы мәліметтерді жӛнелте бастайды. Бҧл сегменттегі әрбір 
жҧмыс стансасы жергілікті желідегі мәліметтерді талдап, олардың ӛзіне 
бағытталғанын айқындап теріп алады. Бҧл схема тҧтынушылар саны аз 
болғанда және сегменттегі тасымалданатын мәлімет мӛлшері де тӛмен 
болғанда, тиімді болып саналады. Тҧтынушылар саны ҧлғайған кезде бҧл 
желінің жҧмысы тиімсіз бола бастайды. Мҧндай жағдайда тҧтынушыларды 
шағын топтарға бӛліп, сегменттер санын арттыру ең тиімді (оптималды) тәсіл 
болып табылады. Соңғы кездерде әрбір ҥстелдегі компьютерлік жҥйеге 
10Мбит/с жылдамдықты арнайы бӛлінген арна беру ісі қалыптасып келеді. 
Мҧндай ҥрдіс онша қымбат емес Ethernet коммутаторларының бар болуына 


123 
байланысты қалыптасқан. Ethernet желісінде тасымалданатын пакеттер әртҥрлі 
кӛлемде бола береді.
Ethernet деп айтқан уақытта, бҧл сӛздің астарында кӛбінесе осы 
технологиялардың кез келген нҧсқасын тҥсінеміз. Кӛбіне тар тҥсінікте, Ethernet 
– бҧл Xerox фирмасы 1975 жылы қҧрастырған және жҥзеге асырған Ethernet 
Network сараптау желілерінің технологиясына негізделген желілік стандарт. 
Қатынау әдісі ертеректе кӛрсетілген болатын: 60-шы жылдардың 2-ші 
жартысында Гавай университетінің радиожелісінде Aloha деп аталатын жалпы 
атау алған ортақ радиожеліге кездейсоқ қатынаудың тҥрлі нҧсқалары 
қолданылады. 1980 жылы DEC, Intel және Xerox фирмасы коаксиалды 
кабельдің негізінде қҧрылған желі ҥшін Ethernet II нҧсқасының стандартын 
бірге қҧрастырды және жариялады. Сондықтан Ethernet стандартын кей кездері 
фирма атауларының бас әріптері бойынша DIX стандарты деп атайды.
Ethernet DIX стандартының негізінде ӛзінің замандастарымен кӛбіне ҧқсас 
болып келетін IEEE802.3 стандарты қҧрастырылған, бірақ қандай да бір 
айырмашылықтары болады. IEEE802.3 стандартында MAC және LLC 
деңгейлерінен ерекшеленбейтіндіктен, Ethernet-те осы екі деңгей де бірегей 
арналы 
деңгейге 
бекітілген. 
Ethernet 
IEEE802.3 
болмағандықтан 
конфигурацияны тестілеу хаттамасы анықталады (Ethernet Configuration Test 
Protocol). Осы стандарттарда кадрлардың минималды және максималды 
ӛлшемдері сәйкес келсе де, кадрлардың форматтары ерекшеленеді.
Физикалық орта типінен байланысты IEEE802.3 стандарты тҥрлі 
тҥрлендірулерден (модификациялардан) тҧрады - 10Base-5, 10Base-2, 10Base-T, 
10Base-F.
Кабель бойынша екілік ақпараттардың жіберілуі ҥшін Ethernet 
технологиясының физикалық кезеңдерінің барлық нҧсқалар ҥшін манчестерлік 
нҧсқасы қолданылады. Ethernet стандартының барлық тҥрлері деректерді 
жіберуді беретін ортаның бір әдісін қолданады – ол CSMA/CD әдісі. 
Ethernet желілік технологиясы ҥшін келесі сипаттамалар тән: 

пакеттердің коммутациясы; 

«жалпы шина» топологиясы; 

сандық жолданатын мекен-жай; 

бӛлінетін, жіберілетін орта. 
Ethernet негізіне жатқызылатын басты принцип – деректерді жіберудің 
бӛлінетін ортасына кездейсоқ қатынау әдісі. Жуан немесе жіңішке коаксиалды 
кабель, қос езулі, оптоталшықты немесе радиотолқын осындай орта болып 
табылады. Ethernet желісінде компьютер деректерді желі арқылы желі бос 
болса ғана жібере алады, яғни егер басқа ешқандай компьютер сол уақытта 
деректер алмасумен айналыспаса. Сондықтан Ethernet технологиясының 
маңызды бӛлігі ортаның қатынауын анықтау процедурасы болып табылады. 
Кадр – бҧл Ethernet желісінде компьютерлер алмасатын деректердің бірлігі. 
Кадр нақты форматқа ие және деректер ӛрісімен бірге әртҥрлі қызметтік 
ақпаратты қҧрайды, мысалы, алушының мекен-жайы және жіберушінің мекен-


124 
жайы. Ethernet желісінде деректерді жіберудің бӛлінген ортасына кадрдың 
тҥскен кезінде барлық адаптерлер осы кадрды бір уақытта қабылдайды. 
Ethernet технологиясының басты артықшылықтары: 

тиімділік, яғни, желіні тҧрғызу ҥшін әр компьютерге бір желілік адаптер 
мен қажетті ҧзындықты коаксиалды кабельдің физикалық сегменті керек; 

Ethernet желісінде деректерді беру, жолданатын мекен-жай ортасына 
қатынаудың қарапайым алгоритмдері жҥзеге асырылған. Желінің жҧмыс істеу 
логикасының қарапайымдылығы желілік адаптерлер мен олардың драйверлері 
қҧнының тӛмендеуіне және жеңілденуіне әкеледі; 

Ethernet желілерінің тағы бір жақсы қасиеті олардың жақсы кеңеюлері
яғни жаңа тҥйіндердің қосылу мҥмкіндіктері болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет