«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»
Молекуалық биология және медициналық генетика
кафедрасы
Силлабус
Редакция: 1
64 беттің 40 беті
3. РНҚ молекуласының нуклеотидтік қатары берілген. ДНҚ молекуласының матрицалық және
кодтаушы тізбегін ажыратыңыз. ДНҚ мен РНҚ молекуласының 5'-3' ұшын табыңыз.
а-РНҚ f met- G-AUGUUUCUACACACGGUAGACGCCGGCUGGCGAUAG – (A)
4. Ген 3 бірдей экзоннан және 4 бірдей интроннан тұрады, ал интрондардың әрқайсысы 120
нуклеотидтен, барлық гендегі нуклеотид саны- 1470. пре-аРНҚ, әр экзон, а-РНҚ қанша кодоннан
тұрады?
5. Эукариот жасушасының бір гені 4 интроннан (оның екеуі 24, екеуі 36 нуклеотидтен) және 3
экзоннан (оның екеуі 120, біреуі 96 нуклеотидтен) тұрады. а-РНҚ - ның нуклеотидтері мен кодон
санын анықтаңыз.
7. Инсулин ақуызы 51 аминқышқылынан тұрады. Ақуыз инсулинін кодтайтын гендегі
нуклеотидтер санын анықтаңыз.
8. Полипептидтік тізбектің биосинтезіне т- РНҚ
УУА, ГГЦ, ЦГЦ, ААГ, ЦГУ антикодондарымен
қатысты. Осы полипептидтік тізбектегі ақпаратты тасымалдайтын ДНҚ молекуласы тізбегінің
әрбір нуклеотидтік қатарын анықтаңыз. ДНҚ молекуласы қос тізбегінің А, Г, Т, Ц нуклеотидтер
санын анықтаңыз.
9. Геннің нуклеотидтер қатары мынандай: ААА ГАА ЦАЦ. Егер барлық кодондардағы бірінші
нуклеотидтерді ауыстырса:1-кодондағы А-ді Г-ге, 2-кодондағы Г-ді А-ге, 3- кодондағы Ц-ді-Т-ге .
Полипептидтік тізбектегі аминқышқылдар реті қалай өзгереді?
10. Полипептид тізбегі мына аминқылдардан тұрады: валин - аланин – глицин – лизин –
триптофан – валин – серин – глутамин қышқылы – генетикалық кодты пайдалана
отырып, аминқышқылдар ретін анықтаңыз.
11. ДНҚ молекуласының нуклеотидтерінің ара қашықтығы 34×10
-11
м. 287 аминқышқылынан
тұратын гемоглобин ұзындығын анықтаңыз
12. Инсулиннің бастапқы бөлігі фенилаланин – валин – аспарагин қышқылы– глутамин-гистидин
– лейцин – цистеин – глицин – серин – гистидин аминқышқылдарынан тұрады. Инсулинді
кодтайтын ДНҚ тізбегіндегі А+Т және Г+Ц сандық көрсеткішін анықтаңыз
Достарыңызбен бөлісу: