Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Динамикалық құрылымдарды жиым көмегімен жүзеге асыру



Pdf көрінісі
бет129/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

Динамикалық құрылымдарды жиым көмегімен жүзеге асыру
Жадыны бөлу жəне босату операциялары – қымбатқа түсетін əрекеттер, 
сондықтан мəліметтің керекті үлкен көлемін оны қолданудан бұрын анықтау 
мүмкін болып, ол жұмыс барысында өзгермейтініні белгілі болса (мыса-
лы, файл құрамын сұрыптауда), онда оған жадының үздіксіз аймағын бөлу 
əлдеқайда тиімді болар еді. Мұндайда элементтер арасындағы байланыстар 
нұсқауыштар арқылы емес, элементтер нөмірлері сақталатын қосалқы айны-
малылар немесе жиымдар арқылы жүзеге асырылады.
Стекті осылайша жүзеге асыру жеңіл болады. Стектің мəліметтер типіне 
сəйкес келетін элементтер жиымына қосымша тек стектің төбесі болып табы-
латын жиым элементінің индексін сақтауға арналған бүтін типті бір айнымалы 
болғаны жеткілікті. Стекке орналастыру кезінде индекс бірге артып отырады 
да, ал таңдау кезінде ол бірге кемиді.
Кезекті жүзеге асыру үшін екі бүтін типті айнымалы – кезектің басы жəне 
соңы болатын жиым элементтерінің индекстерін сақтау үшін қажет. 
Сызықтық тізімді құру үшін қосымша бүтін сандар жиымы жəне бір айны-
малы керек, мысалы:


137
10 25 20 6 21 8 1 30 – мəліметтер жиымы 
1 2 3 4 5 6 7 -1 – қосымша жиым
0 - тізімдегі алғашқы элементтің индексі
Қосымша жиымның 
i
нөмірлі элементінде мəліметтер жиымының əрбір 
i
 
нөмірлі элементі үшін оның келесі элементінің индексі сақталады. Теріс сан 
тізімнің соңының белгісі ретінде қолданылады. Бастапқы жиым сұрыптаудан 
кейін төмендегі түрде болады:
10 25 20 6 21 8 1 30 - мəліметтер жиымы 
2 7 4 5 1 0 3 -1 - қосымша жиым
6 - тізімдегі алғашқы элементтің индексі
Бинарлы бұтақ құру үшін екі қосымша жиымды қолдануға болады (оның оң 
жəне сол жақ ішкі бұтақтары төбелерінің индекстері). Теріс сан бос сілтеменің 
белгісі ретінде қолданылады. Мысалы, 3.3-суретте көрсетілген бұтақты келесі 
түрде бейнелеуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет