Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет222/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

...
}
catch(Vector::Size){
... // Вектор өлшемінің қателігін өңдеу
}
Өңдеуіште қателік жəне қалпына келтіру туралы хабарламалар берудің 
негізгі тəсілдерінің стандартты жиынтығы қолданылуы мүмкін. Аластаманы 
анықтайтын кластың ішінде аластама туралы өңдеуішке берілетін ақпарат 
сақталуы мүмкін. Бұл техниканың мəні – қателік туралы ақпаратты табылған 
нүктесінен қатені өңдеуге қажетті мүмкіндіктері бар жерге дейін жеткізуді 
қамтамасыз ету болып табылады.
Егер объектінің конструкторында аластама генерацияланатын болса, 
онда автоматты түрде осы блокта ағымдағы сəтке дейін толығымен құрылған 
объектілер үшін, сонымен қатар ағымдағы объектінің объектілер болып табы-
латын мəліметтер өрістері үшін жəне оның базалық кластары үшін деструктор-


248
лар шақырылады. Мысалы, егер аластама объектілердің жиымын құру кезінде 
пайда болса, деструкторлар тек сəтті құрылған элементтер үшін шақырылады.
Егер объект динамикалық жадыда 
new
операциясының көмегімен 
құрылып, конструкторда аластама туындаған болса, онда объектіге бөлінген 
жады дұрыс босатылады.
Аластамалардың иерархиялары
Өзіндік аластамалар кластарын қолдану стандартты мəліметтер типтерін 
қолдануға қарағанда басымдыққа ие болады. Кластардың көмегімен аластама 
туралы ақпаратты беруді айтарлықтай икемді ұйымдастыруға, аластамалардың 
өңделуін оңай ажыратуға болады, сонымен қатар кластардың иерархияларын 
қолдануға мүмкіндік туады. 
Аластамаларды басқару механизмі базалық класс үшін өңдеуішті құруға 
мүмкіндік беретін болғандықтан, көбінесе туыстас аластамаларды иерархия 
түрінде көрсетуге болады. Ортақ базалық кластан аластамаларды туындата 
отырып, полиморфизмді қолдану арқылы өңдеуіште базалық класқа сілтемені 
немесе нұсқауышты айқындап атқару (ұстап қалу) мүмкіндігі бар. Мысалы, 
математикалық кітапханада кластарды келесідей түрде ұйымдастыруға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет