Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет389/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

valarray класы
«Бірөлшемді жиымдар» жəне «Екіөлшемді жиымдар» бөлімдеріндегі тап-
сырмаларды (бірінші бөлімге арналған жаттығуларды қараңыз) 
valarray
класын жəне қималарды қолдану арқылы орындау керек.


415
Соңғы сөз
Бұл кітапта С++ тілінің негіздерін сипаттау мəс елесіне үлкен көңіл бөлінген. 
Оларды жеткілікті деңгейде меңгеру программаны жазу үшін қажетті база бо-
лып табылады. Бірақ тілдің мүмкіндіктерінің жүзеге асырылу механизмдерін 
жəне олардың өзара əрекеттесу тəсілдерін білмей, тиімді, жеңіл оқылатын 
жəне кеңейтілетін программаны құру мүмкін емес. Сонымен қатар, Скотт 
Майерстің пайымдауынша, «С++ тілін дұрыс қолдана отырып жұмыс жасау 
адамды рахаттандыра алады». Ал тілдің қызметін толық деңгейде түсінбеу, 
керісінше, қателіктері көп жəне сүйемелдеуге келмейтін программалардың 
құрылуына алып келеді.
Тілдің ісəрекетін оның құрылуы кезінде қойылған мақсаттар анықтайды. 
С++ тілі үшін негізгі мақсаттар тиімділік, программаларды нақты 
тапсырмалардың кең ауқымды бөлігіне қолданылу мүмкіндігі, сонымен қатар 
С тілімен, дəстүрлі құралдармен жəне ортамен үйлесімділігі болып табылады.
Тілдің құрылу тарихы жəне оның қазіргі уақытқа дейін ие болған 
мүмкіндіктерінің енгізілу себептері Б. Страуструптың «С++ тілінің дизайны 
жəне эволюциясы» кітабында [18] толық сипатталған. Осы кітапты оқу ба-
рысында тілдің құралдары басқа жолмен емес, неге дəл осы жолмен жүзеге 
асырылғанын түсінуге болады. Нəтижелі программаларды сауатты жазуға 
арналған пайдалы практикалық кеңестер [17], [13] жəне [9] кітаптарында 
жазылған. Тіл жəне стандартты кітапхана туралы толық анықтамалық ақпарат 
алу үшін, басқасына қарағанда, ISO/IEC 14882:1998 стандартын пайдаланған 
жөн (оның соңғы нұсқасынан аздап өзгешеліктері бар бұрынғы нұсқаларын 
Интернеттен табуға болады). 
Жақын арада «Питер» баспасынан практикумның [12] екінші бөлімі жарық 
көреді, оның құрамындағы мəліметтер ұсынылып отырған кітаптың екінші жəне 
үшінші бөлімдеріне сəйкес келеді, бірақ оның шеңберінен тыс шығады. Нақты 
жобалар бойынша жұмыс жасаған кез келген программалаушы операторлардың 
тек орындалу ережелері мен синтаксисін білу сапалы программа жазуға 
жеткіліксіз екендігін түсінеді. Практикумда қарастырылған сұрақтар – UML 
унификацияланған модельдеу тілінің негіздері, программалық инженерияның 
(software engineering) базалық концепциялары, олардың қатарындағы жобалау 
шаблондары, программаны түзетіп жөндеу технологиясы – программалауға 
жаңа келгендерді кəсіби программалау əлеміне жақындастырады.
Автор барлық оқырмандарға алдағы уақытта С++ тілін үйрену мен 
қолдануда сəттілік тілейді!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   385   386   387   388   389   390   391   392   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет