Программалау оқулық Алматы, 012 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет41/465
Дата09.01.2023
өлшемі3,66 Mb.
#60709
түріПрограмма
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   465
Байланысты:
аибм сплюс

int num, half, div;
 
cout << "\nСан енгізіңіз: "; cin >> num;
 
for (half = num / 2, div = 2; div <= half; div++)
 
if (!(num % div)) cout << div << "\n";
 return 
0;

Соңғы екi мысал алғы шартты циклдер мысалдарындағыдай əрекеттер 
атқарады, бірақ мұнда бұлар ықшам жəне көрнекі түрде жазылған: циклді 
басқаруға байланысты барлық іс-əрекеттер оның тақырыбында орналасқан. 
Кез келген 
while
циклі оған эквивалентті 
for
цикліне жəне кері бағытта 
келесі сұлба бойынша келтiрiлуі мүмкін: 
for(b1; b2; b3) 
оператор b1;
while (b2){
оператор b3;}
Циклдерді программалауда жиi кездесетiн қателер – цикл тұлғасында 
инициалданбаған айнымалыларды қолдану жəне циклден шығу шартының 
дұрыс жазылмауы. 
Қателіктерге жол бермеу үшін төмендегі ережелерді бұлжытпай орындау 
ұсынылады:
□ цикл тұлғасындағы меншіктеу операторларының оң жағында 
тұратын барлық айнымалыларға осыған дейін бастапқы мəн 
берілгендігін (сонымен қатар, басқа операторлардың орындалу 
мүмкiндігін) тексеру;
□ циклден шығу шартына енген айнымалылардың кем дегенде біреуі 
цикл ішінде өзгеретінін немесе өзгермейтінін тексеру;


46
□ итерациялардың белгілі бір санына жеткенде циклден мəжбүрлі түрде 
шығуды қарастыру (келесi бөлiмдегi мысалды қара);
□ цикл тұлғасында бірден артық операторлар санын орындау қажет 
болса, оларды жүйелі жақшаға алып жазу керек екендігін ұмытпау 
қажет.
Цикл операторларын өзара алмастырып та орналастыруға болады, бірақ 
əрбiр нақты жағдайда ең тиімді түрде жұмыс істейтін операторды таңдауды 
қамтамасыз ете алатын бірнеше ұсыныстар келтiруге болады, олар:
do while
операторы, əдетте, цикл кем дегенде бір рет орындалуы тиіс 
болатын жағдайларда қолданылады (мысалы, цикл ішінде мəліметтерді 
енгiзу орындалатын кездерде);
for
операторы өзге жағдайлардың басым бөлігінде қолданылады 
(əсіресе, санауыштар арқылы ұйымдастырылатын циклдер құру үшін);
while
операторын итерациялар саны алдын ала белгiсіз болып, циклдің 
нақты параметрлерi əлі анықталмаған кездерде немесе параметрлер 
мəндерін өзгертуді цикл тұлғасының соңында жазған ыңғайсыз бола-
тын жағдайларда қолданған дұрыс болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   465




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет