void *calloc(size_t num, size_t size); Функция жады блогын (əрқайсысы
size байттан
num элемент) бөледі
де, нұсқауышты соған қайтарады. Алынған жиымның əрбір элементі нөлдік
мəнмен инициалданады (
mallос функциясына қарағанда). Егер жады блогын
ерекшелеу іске аспаса,
NULL қайтарылады.
ceil Жоғарыға дөңгелектейді
double ceil(double x); Функция
x нақты мəнін одан үлкен ең жақын бүтін санға дейін дөңгелектейді
де, оны нақты сан түрінде қайтарады.
clearerr Ағыммен жұмыс істеу кезінде қателер
жалаушасын тазартады
void clearerr(FILE *f) Функция
f ағымы үшін қателер жалаушасын тазартады (
clearerr ,
fseek ,
fsetpos немесе
rewind функцияларының бірі шақырылмайынша, қателер
жалаушалары түсірілмейді).
clock Программаның атқарылу уақытын
қайтарады
clock_t clock(void); Функция программаның атқарылу уақытын
clock_t типті мəн түрінде
қайтарады (бұл мəн
time.h файлында анықталған
CLOCKS_PER_SEC тұрақтысына бөлу арқылы секундқа өзгертілуі мүмкін).
cos Косинусты есептейді
double cos(double x); Функция
х радианға тең бұрыштың косинусының мəнін қайтарады.
cosh Гиперболалық косинусты есептейді
double cosh(double x); Функция
х радианға тең бұрыштың гиперболалық косинусының мəнін
қайтарады. Егер функцияның мəні көзделген диапазоннан тысқары шығатын
болса, онда функция